Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Рабочие программы / Күнтізбелік жоспар 10-11 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Күнтізбелік жоспар 10-11 сынып

библиотека
материалов

Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Н.М.Нугиманов




«___» _______________


«Келісемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Н.Мейрамова




«___» _______________

Пән бірлестігінде

тексерілді:

А.Құлжанова




«___» ________________





Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

Пәні: Тарих

Пән мұғалімі: Кожиков Жанатбек Тургинбекович

Сыныптар: 5 «А,Б», 10 «А», 11 «А»







2016-2017 оқу жылы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ











ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ



Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы















Астана







Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы
14 шілдеде № 11659
тіркелген.

Қазақстан тарихы тілі: Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 21 б.



















© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы « 18 » маусымдағы

393 бұйрығына 5-қосымша



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 03 сәуірдегі

115 бұйрығына 64-қосымша



Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін «Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

  1. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.

  2. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

  2. оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

  3. тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;

  4. жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

  5. еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

  6. қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.

  1. Қазақстан тарихын оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

  1. «Дүние жүзі тарихымен», Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, біртұтас тарихи үдеріс ретіндегі адамзат тарихы туралы білу;

  2. «Географиямен», қазіргі Қазақстан Республикасы территориясы мен шекарасының анықталуы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық реформалардың жүргізілуі, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы.

  3. «Қазақ әдебиетімен», Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларының тарихы, қазақстандық әдебиетшілер, ақындар және драматургтердің шығармалары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы білім.

5. Оқу жүктемесінің көлемі

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.



2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

  1. Кiрiспе (1 сағат).

  2. Қазақстан тас ғасырында (4 сағат):

тас ғасырын дәуiрлерге бөлу, адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы, төменгi, орта және кейiнгi палеолит, алғашқы адамдардың еңбек құралдары, әлеуметтiк ұйым;

мезолит дәуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде, неолиттік төңкеріс, тоқымашылық, қыш ыдыс жасау өнері, энеолит, ботай мәдениеті, тас дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.

  1. Қазақстан қола дәуiрiнде (3 сағат):

Андронов мәдениеті (жалпы сипаттамасы және оның кезеңдер), қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан аумағы, Орталық Қазақстан – ертедегi металлургия орталығы, қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, Солтүстік және Батыс Қазақстан қола дәуірінде, қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу, кейiнгi қола дәуiрiндегi Беғазы-Дәндiбай мәдениетi;

өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк, қола дәуіріндегі қоныстар, обалар және жерлеу дәстүрi, қола дәуіріндегі әлеуметтiк жіктелу.

  1. Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы (3 сағат):

тайпа одақтары мен ежелгi мемлекеттiк бiрлестiктер туралы негізгі тарихи деректер, археологиялық деректер;

сақ тайпалары туралы антикалық деректер, Геродоттың «Тарихы». ертедегi парсы (ирандық), қытай деректерi.

  1. Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары (4 сағат):

Қазақстан ерте темір дәуірінде, сақ тайпалары (хаомаварга, тиграхауда, парадарайя, аримаспылар және т.б.), сармат тайпалары, ежелгі Қазақстанның металлургиялық орталықтары, шаруашылық түрлері, ертедегі металл өндірісі, зергерлік өнер, қыш өндірісі, әлеуметтік құрылымы;

сақтардың мәдениеті, скиф үштағаны (триадасы), «Аң стилінің» таралуы, қоғамдық ұйымдасуы мен идеологиясы, археологиялық ескерткiштері.

  1. Қазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер (4 сағат):

үйсiн мемлекетi, шаруашылығы, әлеуметтiк-саяси ұйымдасуы, үйсiндердiң басқа елдермен қарым-қатынасы, мәдениеті;

қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, Сырдария бойындағы археологиялық ескерткіштер;

ғұндар, б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндар мемлекеті, көршiлермен қарым-қатынасы, ғұндардың Мөде тұсында өрлеуi, ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы, көшпелi мал шаруашылығы, егiншілік, әлеуметтiк құрылысы, материалдық мәдениетi;

ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила.

  1. Қайталау (1 сағат).

  2. Көшпелiлер немесе дала өркениетi (3 сағат):

көшпелілер және номадизм, көшпелi қоғамның өзiне тән шаруашылық жүргiзу әдiстерi, әскери өнерi, әскери-демократиялық басқару жүйесi;

көшпелi және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс, қалалар –көшпелi және отырықшы өркениеттердi жалғастыратын, жақындастыратын көпiр;

Ұлы Жібек жолы.

14. Қазақстан жеріндегі VI – XV ғасырлардағы мемлекеттер: этникалық және саяси тарихы (9 сағат):

түркi халықтарының түп төркiнi, көне түркiлер, түрік қағанаты (құрылуы, дамуы, ыдырауы), Қазақстан аумағындағы батыс-түрiк, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ мемлекеттерi, қыпшақтардың шығу тегi және ежелгі тарихы, Дештi-Қыпшақтағы Қыпшақ мемлекеті;

Моңғол шапқыншылығы, Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырлардағы жеке хандықтардың дамуының ерекшелiгi, аумағы және рулық құрамы, ұлыстық жүйе, Алтын Орда және Ақ Орда, Ноғай Ордасы (Маңғыт жұрты), Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы).

15. Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7 сағат):

«Этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны, қазақ халқының этногенезінің негізгі кезеңдері (қазақ халқының қалыптасу үдерістері), қазақ халқының қалыптасуының басталуы, қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы, «қазақ» этнонимi туралы, қазақ халқының антропологиялық типi және тiлдiк сипаты;

қазақ хандығының құрылуы, Жәнібек пен Керей рөлі, XV-XVII ғ.ғ. қазақ хандығының саяси тарихы, қазақ хандары, хандықтағы басқару жүйесi, әлеуметтiк құрылымы, «ақсүйек» және «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер, әдеп құқығы және «Жетi Жарғы».

16. Қайталау (1 сағат).

17. Көшпелiлердiң рухани мәдениетi. Қазақ даласының даналары (12 сағат):

рухани мәдениеттiң даму ерекшелiгi, дін (тәңірлік және т.б.) және наным-сенімдер, Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы;

тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi (түрiк, соғда, араб), ғылым мен әдебиет (әл-Фараби, Жүсiп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри);

халық ауыз әдебиеті, ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы, Қазтуған, Сыпыра, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар жыраулар), эпостар;

музыка өнерi, қолданбалы өнер, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар. ұлттық ойындар;

қайталау.

18. Қазақстан Ресей империясының құрамында (14 сағат):

Ресейдің XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыстағы саясаты, XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы, 1731 жылғы жарлық және А.И.Тевкелев елшiлiгi, Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы, Әбiлқайыр хан саясаты және оның жүзеге асуы, кiшi жүз бен Орта жүздiң Ресейге қосылуы, қазақ жерлерiн бiрiктiру мақсатындағы Абылай хан саясаты, Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, қосылудың салдары;

XVIII-ХІХ ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары, 1822 және 1824 жылдардағы Жарғылар, Қазақстанда хандық жүйенің жойылуы, 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер», 1886, 1891 жылдардағы «Басқару туралы Ережелер», Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты және реформалардың салдары;

Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясатының негізгі кезеңдері, казак әскерi мен орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс аударуы, Столыпиннің аграрлық реформасы және қоныстандырудың жаңа кезеңі, қазақтардың шұрайлы жерлерiн тартып алу, қоныстандыру саясатының зардаптары;

Қазақстанға ХІХ ғасырдың екінші жартысында ресейлік және ХХ ғасырдың басында шетелдік капиталдың ене бастауы, Қазақстанның бүкілресейлік нарыққа ықпалдасуы, сауданың дамуы, жәрмеңкелер, темір жолдардың салынуы.

19. Қорытынды қайталау (2 сағат).

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

95. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:

  1. Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін;

  2. Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шеңберін;

  3. Қазақстан тарихының негiзгi тарихи мәселелерiнiң зерттелу жайы, ондағы түрлi көзқарастар туралы;

  4. көшпелiлер өркениетiнiң тарихтағы орнын, дүниежүзiлiк өркениетке қосқан үлесiн;

  5. қазақтың көшпелi өркениетi туралы;

  6. Қазақстан аумағындағы мемлекеттiлiктiң пайда болуы, қалыптасуы және дамуын;

  7. қазақ қоғамының материалдық, рухани жетiстiктерi, оның өзiндiк ерекшелiктерi туралы;

  8. қазақ халқының салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның қазақ қоғамындағы рөлін;

  9. Қазақстан тарихындағы Ұлы Жiбек жолының тарихи маңызын білуі тиіс.



96. 10-сыныптың соңында оқушылар:

1) Қазақстан тарихы әлем тарихының құрамдас бөлігі екендігін дәлелдей білуді;

2) тарихи оқиғалар мен фактілердің хронологиялық және синхрондық таблицаларын жасауды;

3) қазақ халқының шығу тегiн, этникалық тарихын, даму, қалыптасу үдерiсiн ашып көрсете алуды;

4) Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің құрылымын дүниежүзі тарихындағы басқа мемлекеттермен салыстыра алуды;

5) сәулет өнер ескерткiштерiнiң тарихына және мәдениетке сипаттама бере алуды;

6) мәдениет қайраткерлерiнің (ғалымдар, ойшылдар, ақын-жыраулар, сазгерлер) қызметiне сипаттама бере алуды;

7) Қазақстанның Ресей империясына қосылу үдерісі, жаулап алуы, отаршылдық саясатының салдарын ашып көрсетуді;

8) ХVШ-ХIХ ғасырлардағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттай алуды меңгеруі тиіс.

Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

  1. Қазақ халқының ХVII-ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi (3 сағат):

жоңғар хандығының құрылуы және XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне басып кiруi;

«Ақтабан шұбырынды...», жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкiлхалықтық Отан соғысы, Бұланты, Аңырақай шайқастары, отан соғысының жеңiсiн ұйымдастырушылар (Тәуке, Әбiлқайыр, Абылай хандар, батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай; билер – Төле Әлiбекұлы, Қазыбек Келдiбекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы және Бұқар жырау);

қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.

  1. Қазақ халқының ХVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдiң отаршылдық үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы (2 сағат):

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар (жалпы сипаттамасы, ерекшелiктерi;

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Сырым Датұлы көрнектi қайраткер, көтерiлiс басшысы, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, көтерiлiстiң негiзгi кезеңдері және оқиғалары, жеңiлу себептерi және қорытындылары, тарихи маңызы.

  1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3 сағат):

Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, қорытындылары;

Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтеріліс, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, көтерiлiстiң басталуы, кезеңдері және барысы, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, тарихи маңызы.

  1. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыс (2 сағат):

халық-азаттық қозғалыстың алғышарттары және себептерi, Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс, азаттық қозғалысының мақсаты, сипаты және қозғаушы күштерi, Кенесары Қасымұлы, көтерiлiстiң кезеңдері, басталуы, етек алуы, Кенесары хандығы, көтерiлiстiң негiзгi оқиғалары, патша өкiметiнiң көтерiлiстi басып-жаншуға жасаған әрекетi, азаттық жолындағы қозғалыстың жеңiлу себептерi, Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық қозғалысының тарихи маңызы.

  1. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (2 сағат):

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерiлiсi;

1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерiлiстер, 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерiлiс.

  1. ХХ ғасыр басындағы халықтық-демократиялық қозғалыс (2 сағат):

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы ұлттық зиялылар тобы және ұлттық-демократиялық қозғалыстар, зиялылар қауымының саяси қызметінің негізгі түрлері және мазмұны.

  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (2 сағат):

1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi, көтерiлiстiң қозғаушы күштерi, сипаты, кезеңдері;

көтерiлiстiң көрнектi басшылары (Әбдiғафар Жанбосынов, Амангелдi Иманов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Кейкi Көкiмбайұлы және т.б.);

көтерiлiстiң барысы, оның негiзгi ошақтары, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, жеңiлiстiң зардаптары, патша өкiметiнiң жазалаушы әскерiнiң бейбiт халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары, көтерiлiстiң тарихи маңызы;

  1. Қайталау (1 сағат).

  2. Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы саяси партиялар мен ағымдар. Ұлттық автономиялардың құрылуы (5 сағат):

Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы филиалдары, Қазақстандағы РСДЖП-ның социал-демократиялық ұйымдары, мұсылман партиялары, «Алаш» партиясының құрылуы, «Алаш» партиясының саяси бағдарламасы;

Ресей мен Қазақстандағы 1917 жылғы қазан социалистік революциясы, Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы («Үш жүз» партиясының құрылуы және оның тарихы);

Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және «Түркестани мухтариат» үкіметі;

«Алаш» партиясы жетекшілерінің Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезін шақыруы (1917 жылғы желтоқсан), Алаш үкіметінің құрылуы, «Алаш» автономиясы және «Алаш Орда Халық Кеңесі.

  1. 1918-1920 жылдардағы Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты (3 сағат):

Қазақстан (1918-1920) азамат соғысы және шетел интервенциясы жылдарында «әскери коммунизм» саясатының Қазақстанда жүзеге асырылуы; жер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік меншікке алу, «әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921 жылғы жұт пен аштық;

«Жаңа экономикалық саясат» және оның Қазақстанда жүзеге асырылу тәжірибесі, ЖЭС-ты тоқтату және оның қорытындылары.

  1. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркәсiбi (3 сағат):

1920 жылдың басындағы өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары;

Қазақстан өнеркәсiбiн дамытудың жаңа кезеңi, Қазақстандағы индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен мәселелер, жетістіктер мен қателіктері, негізгі қорытындылары, Қазақстан жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркәсiп саласының озаттары мен жаңашылдары.

  1. Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (2 сағат):

ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы;

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (іс-шаралардың жаппай және күш қолдану сипаты), көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру (седентаризация);

1931-1933 жылдардағы ашаршылық;

Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

  1. 1920-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі (2 сағат):

1921-1922 жылдардағы шаруалар толқулары;

1929-1931 жж. шаруалар толқуларының себептері, қозғалыстың сипаты, негізгі ошақтары;

Кеңес өкiметiнiң жазалаушы әскерлерiнiң 1929-1931 жылдардағы азаттық жолындағы халық-азаттық қозғалысты қатыгездiкпен басып-жаншуы, қарапайым халықтың көрші республикаларға және шетелдерге қоныс аударуы.

  1. Қайталау (1 сағат).

  2. 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi (4 сағат):

1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмiрдiң сипаты, республиканың партиялық және мемлекеттік басшылары, Ф.И.Голощекин және «Кіші Қазан», алдыңғы қатарлы қазақ зиялы қауымының «Кіші Қазан» саясатына қарсы күресі, Л.Мирзоян және оның Қазақстандағы қызметі;

Қырғыз (Қазақ)АКСР-ның құрылуы және Қазақ КСР-сы болып өзгеруі.

  1. 1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы (3 сағат):

сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары, ғылымның қалыптаса бастауы, Қазақстандық алғашқы ғылыми мекемелер;

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы әдебиет пен өнер; Қазақ кеңес әдебиеттің қалыптасуы;

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы өнер, бейнелеу өнері, музыка өнері, театр, кинематография.

  1. Қазақстан Коммунистiк партиясы мен комсомолы (1 сағат):

Коммунистiк партияның құрылуы, оның мақсаты мен мiндеттерi. Қазақстан Коммунистiк партиясының басқару жүйесiндегi тоқыраудың көріністері, Қазақстан Коммунистiк Жастар Одағы ұйымының құрылуы, оның мақсаты мен мiндеттерi, атқарған қызметi, Қазақстандағы пионер ұйымы және оның қызметi.

  1. Саяси қуғын-сүргiн және халықтар депортациясы (3 сағат):

қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері, 1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін;

ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан, Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б.), Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері;

1940-1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, «Хрущев кезеңіндегі» және тоқырау жылдарындағы ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қудалау.

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (2 сағат):

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», Қазақстандық Ұлы Отан соғысы қаһармандарының естеліктеріндегі отты жылдар жаңғырығы;

Қазақстан - соғыс арсеналы: қазақстандықтар – тыл қаһармандары.

  1. Қайталау (1 сағат).

  2. «1940-1970 ж.ж. Қазақстан» (3 сағат):

Қазақстандағы әскери-өндірістік кешен: атом полигонының құрылысы және Семей жеріндегі ядролық сынақтар, Байқоңыр» ғарыш айлағы.

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары.

1950-1970 жылдарындағы толқулар, қозғалыстар және көтерiлiстер, 1959 жылғы Темiртау қаласында болған оқиғалар, 1979 жылы Ақмола және тағы басқа қалаларда болған ереуiлдер мен толқулар.

  1. «1980 жылдардағы толқулар, қозғалыстар және көтерiлiстер» (2 сағат):

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, Алматы қаласындағы басталған Желтоқсан оқиғаларының себептерi, басталуға түрткi болған сылтау, оқиғалардың сипаты, қозғаушы күштерi, 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғалар, олардың басқа қалаларға әсерi, жастардың бейбiт шеруiн қарудың күшiмен басып-жаншуы, желтоқсан оқиғаларының салдары, желтоқсан оқиғаларының жас батырлары (Қайрат Рысқұлбеков және тағы басқалар), 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы, 1989 жылғы шахтерлердің бас көтеруі және Жаңаөзен қаласындағы наразылық.

  1. Тәуелсiз Қазақстан Республикасы: әлеуметтік-саяси үдерістер, мәдениет (5 сағат):

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы, тәуелсiз Қазақстанның саяси жүйесi, Мемлекеттiк рәміздері, мемлекеттік егемендік пен президент институтының нығаюы, Қазақстан Республикасының басқару формасы және билік тармақтары, елдегі саяси тұрақтылықтың негіздері;

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңы – болашақ кепілі, 1990 жылдардың екінші жартысындағы және 2007 жылғы конституциялық реформалар, қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар;

ҚР Ұлттық саясат, Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы; «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы. Қазақстан Республикасының мәдениеті, ғылым, білім, өнер, спорт және т.б.

  1. Тәуелсiз Қазақстанның экономикасы (2 сағат):

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері;

ғасырлар тоғысында (1998-2001жж.) экономиканың тұрақталуы, инвестициялық саясат және Қазақстандағы шетелдік инвестициялар, кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес;

қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, экономикалық дамудың қорытындылары (жетістіктер мен мәселелер);

Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы, әлемдік қаржы дағдарысы және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары.

  1. Қазақ диаспорасы (2 сағат):

диаспора, ирредент, оралман ұғымдары, қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы, 1920-1930 жылдардағы қазақ диаспорасының ұлғаюы;

ТМД елдерiндегi қазақтар, олардың Тәуелсiз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы, дүние жүзi қазақтарының құрылтайлары, шетелдегi қазақтардың өз Отанына оралу мәселесі.

  1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы (2 сағат):

Қазақстан және әлемнің жетекші мемлекеттері, Қазақстанның сыртқы саясаттың негiзгi сипатты белгiлерi, көпвекторлы сыртқы саясат;

Қазақстан – дүниежүзiлiк беделдi ұйымдардың мүшесi, Қазақстан – бүкіл әлемдік қоғамдастық төрағасы (ЕЫҚҰ), (ИКҰ).

  1. «Қазақстан – 2030» – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасы және «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2 сағат):

«Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» бағдарламалық стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттар және жүзеге асыру стратегиялары;

  1. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1 сағат),

Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшыс», Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі, Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы.

  1. «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы» (1 сағат): астананы ауыстырудың тарихи маңызы, жаңа Астананың дамуы –Қазақстанның өрлеуінің нышаны, Астана – менің бас қалам.

  2. Қорытынды қайталау (1 сағат).

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

11 сыныптың соңында оқушылар:

1) ұлт-азаттық күрес басшыларының қызметiне баға бере білуді;

2) қазақтың ұлттық интеллигенциялары мен оның көрнектi қайраткерлерiнiң қызметiне сипаттама бере алуды;

3) «Алаш» партиясының қызметiне, оның саяси бағдарламасына баға бере білуді;

4) 1920-1930 жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайын, бай қожалықтарын тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күштеп отырықшыландыру, кулактар мен байларды тап ретінде жою саясатының мәнін ашып көрсетуді;

5) 1931-1933 жылдары болған ашаршылықтың және халық көтерілістерінің себептерiн түсiндiрiп бере алуды, олардың зардаптарын анықтай білуді;

6) 1930-жылдардағы болған жаппай қуғын-сүргiннiң мақсатын, оның зардаптарын ашып көрсете алуды, оларға өз көзқарасын бiлдiруді;

7) мәдениет саласындағы пiкiрталастарда өз көзқарасын бiлдiре алуды;

8) Қазақстандағы көпұлттылықтың себептерiн, түрлi тарихи кезеңдердегi ұлтаралық қатынас саясатының және демографиялық жағдайлардың мәнiн ашып көрсете алуды;

9) тәуелсiз Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық, мәдени өмірдегі, сыртқы саясаттағы негізгі өзгерiстерге талдау жасай білуді; -қазіргі Қазақстандағы орын алған қиындықтар мен проблемаларға өз пiкiрiн бiлдiруді;

-мұрағаттағы тарихи құжаттар, кiтапханалардағы қажетті материалдар, каталог-карточкалар, мұражайлардағы мұрағаттар бойынша өз бетімен жұмыс iстеп, оның нәтижесiн күнделiктi сабақтарда пайдалана алуды;

-мерзiмдi баспасөз материалдарын күнделiктi оқу үдерiсiнде пайдалана білуді меңгеруі тиіс.

Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;

  2. азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;

  3. мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;

  4. туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;

  5. салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;

  6. өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;

  7. үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;

  8. әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.

100. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер. Оқушылар:

ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;

  1. ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы;

  2. танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін;

  3. қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;

  4. жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.

Қазақстан тарихы

Авторы: Ә. Төлеубаев, Ж.Қасымбаева, М.Қойгелдиев, Е.Қалиева, Т.Далаева

Алматы «Мектеп» 2014 жыл. Өңделіп, толықтырылған үшінші басылымы

10 «А» сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат) (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Тақырыбы

Сағаты

Күні

Көрнекілігі

Пәнаралық байланыс

Үй тапсырмасы

1

Кіріспе. Курстың міндеті, мазмұны жəне құрылымы.

1


Суреттер


Оқу

I. «Қазақстан тас ғасырында» (4 сағат)

2

«Тас ғасырын дəуiрлерге бөлу» - адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы;

1



Дүние жүзі тарихы

§1

3

«Төменгi, орта жəне кейiнгi палеолит» - алғашқы адамдардың еңбек құралдары, әлеуметтiк ұйым;

1


Суреттер


§2

4

«Мезолит дәуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде» - неолиттік төңкеріс,

1




§3

5

«Энеолит, ботай мәдениеті» - тас дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.

1




§4

II. «Қазақстан қола дәуiрiнде» (3 сағат)

6

«Қола дәуірінің сипаттамасы» - Андронов мəдениеті (жалпы сипаттамасы жəне оның кезеңдері),

1


таблица


§5

7

Кейiнгi қола дəуiрiндегi Беғазы-Дəндiбай мəдениетi- Орталық Қазақстан – ертедегi металлургия орталығы, қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, Солтүстік және Батыс Қазақстан қола дәуірінде, қола дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу;

1


Карта

География

§6

8

«Өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк» - мал шаруашылығы мен егiншiлiк, қола дәуіріндегі қоныстар, обалар және жерлеу дәстүрi, қола дәуіріндегі әлеуметтiк жіктелу

1




§7

ІІІ. «Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы» (3 сағат)

9

«Тайпа одақтары мен ежелгi мемлекеттiк бiрлестiктер туралы негізгі тарихи деректер» - археологиялық деректер;

1


Схема


§8

10

«Сақ тайпалары туралы антикалық деректер»- Геродоттың «Тарихы»;

1



Дүние жүзі тарихы

§9

11

«Ертедегi парсы (ирандық), қытай деректерi»

1




§10

ІV. «Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары» (4 сағат)

12

«Қазақстан ерте темір дəуірінде» - сақ тайпалары (хаомаварга, тиграхауда, парадарайя, аримаспылар және т.б.),

1


Схема


§11

13

«Қазақстанның металлургиялық орталықтары, шаруашылық түрлері» - ертедегі металл өндірісі, зергерлік өнер, қыш өндірісі, әлеуметтік құрылымы.

1




§12

14

«Сақтардың мəдениеті»- скиф үштағаны (триадасы)

1


Кесте


§13

15

«Аң стилінің» таралуы, қоғамдық ұйымдар жəне идеология» - археологиялық ескерткiштері.

1




§14

VҚазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер» (4 сағат):

16

«Үйсiн мемлекетi» - шаруашылығы, әлеуметтiк-саяси ұйымдасуы, үйсiндердiң басқа елдермен қарым-қатынасы, мәдениеті;

1


Карта


§15

17

«Қаңлылар» - саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, Сырдария бойындағы археологиялық ескерткіштер;

1




§16

18

«Ғұндар» - б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндар мемлекеті, көршiлермен қарым-қатынасы, ғұндардың Мөде тұсында өрлеуi, ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы, көшпелi мал шаруашылығы, егiншілік, әлеуметтiк құрылысы, материалдық мәдениетi;

1


Карта

Дүние жүзі тарихы

§17

19

«Ғұндар жəне халықтардың ұлы қоныс аударуы»- ғұндар Еуропада, Аттила

1



Дүние жүзі тарихы

§18

20

Қайталау

1





VІ. «Көшпелiлер немесе дала өркениетi» (3 сағат):

21

«Көшпелілер және номадизм»- көшпелi қоғамның өзiне тəн шаруашылық жүргiзу əдiстерi, əскери өнерi, əскери-демократиялық басқару жүйесi;

1




§19

22

Көшпелi жəне отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс» - қалалар – көшпелi жəне отырықшы өркениеттердi жалғастыратын, жақындастыратын көпiр;

1


Кесте


§20

23

«Ұлы Жібек жолы»

1


Карта


§21

VІІ. «Қазақстан жеріндегі VI – XV ғасырлардағы мемлекеттер: этникалық және саяси тарихы» (9 сағат)

24

«Көне түркiлер, түрік қағанаты» - құрылуы, дамуы, ыдырауы

1



Әдебиет

§22

25

«Қазақстан аумағындағыбатыс түрік, түркеш, мемлекеттері» - шығу тегi және ежелгі тарихы

1




§23

26

«Қазақстан аумағындағы қарлұқ, оғыз мелекеттері» шығу тегi және ежелгі тарихы

1


Кесте


§24

27

«Қазақстан аумағындағы қимақ,қыпшақ мемлекеттерi» - қыпшақтардың шығу тегi және ежелгі тарихы, Дештi-Қыпшақтағы Қыпшақ мемлекеті;

1



Дүние жүзі тарихы

§25

28

«Моңғол шапқыншылығы»

1


Схемалар


§26

29

«Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырлардағы жеке хандықтардың дамуының ерекшелiгi»- аумағы және рулық құрамы, ұлыстық жүйе

1




§27

30

«Алтын Орда және Ақ Орда» -аумағы және рулық құрамы

1


Карта


§28

31

Ноғай Ордасы» (Маңғыт жұрты)

1




§29

32

«Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті» (Әбілхайыр хандығы)

1


Таблица


§30

VІІІ.Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7 сағат):

33

«Этнос», «этногенез», «этноним» -ұғымдарының мазмұны

1



Дүние жүзі тарихы

§31

34

«Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері» -қазақ халқының қалыптасуының басталуы, қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы

1


Схема


§32

35

«Қазақ» этнонимi туралы»- қазақ халқының антропологиялық типi және тiлдiк сипаты;

1



Әдебиет

§33

36

«Қазақ хандығының құрылуы» - қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы, , саяси тарихы

1


Кесте


§34

37

«Қазақ хандары саясатының негiзгi бағыттары» - хандық мемлекеттегi басқару жүйесi

1




§35-36

38

«Хандық билiк, əлеуметтiк құрылымы» - «ақсүйек» жəне «қарасүйек» институттары, Салықтар мен мiндеткерлiктер түрлерi, əдеп құқығы жəне «Жетi Жарғы».

1


Кесте


§37

39

Қайталау

1




Тест алу

ІХ. «Көшпелiлердiң рухани мәдениетi. Қазақ даласының даналары» (12 сағат):

40

«Көшпелiлердiң рухани мәдениетi» - рухани мәдениеттiң даму ерекшелiгi

1



Әдебиет

§38

41

«Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы»- дін (тәңірлік және т.б.) және наным-сенімдер,

1




§38

42

«Тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi»- (түрiк, соғда, араб);

1


Кесте

Қазақ тілі

§39

43

«Ғылым мен әдебиет»- (әл-Фараби, Жүсiп Баласағұн,

1




§40

44

«Ғылым мен әдебиет»- Махмұд Қашғари, Мұхамед Хайдар Дулати,

1



Әдебиет

§41

45

«Ғылым мен әдебиет»- Қадырғали Жалайыри;

1




§42-43

46

«Халық ауыз əдебиеті» - ақындар мен жыраулар Асан-қайғы, Қазтуған

1


Кесте


§44

47

«Халық ауыз əдебиеті» - ақындар мен жыраулар Сыпыра, Доспамбет , эпикалық жырлар;

1



Әдебиет

§45

48

«Халық ауыз əдебиеті» -ақындар мен жыраулар (Бұқар жыраулар), эпикалық жырлар;

1



Әдебиет

§46

49

«Музыка өнерi»

1



Музыка

§47

50

«Қолданбалы өнер»- ұлттық салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар, дiн, наным-сенiмдер,

1




§48

51

«Ұлы Жiбек жолының мəдениеттің дамуындағы алатын орны»

1


Карта


§49

52

Қайталау

1





Х. «Қазақстан Ресей империясының құрамында» (14 сағат):

53


«Ресейдің XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыстағы саясаты»

1



Дүние жүзі тарихы

§50

54

«XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы»

1




§51

55

«1731 жылғы жарлық жəне А.И.Тевкелев елшiлiгi» Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы,

1



Дүние жүзі тарихы

§51

56

«Әбiлқайыр хан саясаты және оның жүзеге асуы»- кiшi жүз бен Орта жүздiң Ресейге қосылуы

1




§52

57

«Абылай хан саясаты» -Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, қосылудың салдары

1


Хронологиялық кесте


§53-54

58

«XVIII-ХІХ ғасырлардағы Ресейдің Қазақстандағы əкімшілік реформалары» -1822, 1824 жылдардағы «Жарғылар»,

1


Схема


§55-56

59

1867-68 жылдардағы «Уақытша ережелер»-1886, 1891 жылдардағы «Басқару туралы Ережелер»

1




§57

60

«Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты және реформалардың салдары»

1




§58

61

«Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясатының негізгі кезеңдері»

1


Схема


§59

62

«Казак əскерi мен орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс аударуы»

1




§60

63

«Столыпиннің аграрлық реформасы» - жаппай қоныстандырудың жаңа кезеңі»

1



Дүние жүзі тарихы

§61

64

«Қазақтардың шұрайлы жерлерiн тартып алу» -қоныстандыру саясатының зардаптары

1




§62

65

«ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ресейлік жəне ХХ ғасырдың басында шетелдік капиталдың ене бастауы»

1


Кесте


§63

66

Қазақстанның бүкілресейлік нарыққа ықпалдасуы- сауданың дамуы, жəрмеңкелер, темір жолдардың салынуы

1




§63

67

Қайталау, тест алу

1




Тест жаттау

68

Қорытынды қайталау

1




Жылдық қайталау























Қазақстан тарихы

Авторлары: Т.Тұрлығұл, Л. Қожакеева, Г.Жусанбаева

Алматы «Мектеп» 2015 жыл. Өңделіп, толықтырылған үшінші басылымы

11 «А» сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат), (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Тақырыбы

Сағаты

Күні

Көрнекілігі

Пәнаралық байланыс

Үй тапсырмасы

Қазақ халқының ХVII–ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресi (3 сағат):

1

Жоңғар хандығының құрылуы жəне XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне басып кiруi

1




§1

2

«Ақтабан шұбырынды...», жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкiлхалықтық Отан соғысы, Бұланты, Аңырақай шайқастары,

1


Суреттер

Әдебиет

§2

3

Жоңғар шапқыншылығын жеңiспен аяқтаудың тарихи маңызы.

1




§3

«Қазақ халқының ХVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдiң отаршылдық үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы»

(2 сағат):

4

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар (жалпы сипаттамасы, ерекшелiктерi; Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс,

1




§4

5

Сырым Датұлы көтерiлiстiң себептерi жəне əлеуметтік негізі, көтерiлiстiң негiзгi кезеңдері жəне оқиғалары, жеңiлу себептерi жəне қорытындылары, тарихи маңызы.

1


Схема


§5

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар(3 сағат):



6

Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс, көтерiлiстiң себептерi жəне əлеуметтік негізі, қорытындылары;

1




§6

7

Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтеріліс, көтерiлiстiң себептерi жəне əлеуметтік негізі

1



Әдебиет

§7

8

Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерiлiстiң басталуы, кезеңдері жəне барысы, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, тарихи маңызы

1




§8

«Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыс» (2 сағат):

9

Халық-азаттық қозғалыстың алғышарттары жəне себептерi, Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс, азаттық қозғалысының мақсаты, сипаты жəне қозғаушы күштерi

1




§9

10

Кенесары Қасымұлы, көтерiлiстiң кезеңдері, басталуы, етек алуы, Кенесары хандығы, көтерiлiстiң негiзгi оқиғалары, патша өкiметiнiң көтерiлiстi басып-жаншуға жасаған əрекетi, азаттық жолындағы қозғалыстың жеңiлу себептерi, Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық қозғалысының тарихи маңызы.

1


Кесте


§10

ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (2 сағат):


11

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерiлiсi;

1




§11

12

1867-1868 жылдардағы Орал жəне Торғай облыстарындағы көтерiлiстер, 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерiлiс.

1


Схема


§12

«ХХ ғасыр басындағы халықтық -демократиялық қозғалыс» (2 сағат):


13

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар,

1




§13

14

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы ұлттық зиялылар тобы жəне ұлттық-демократиялық қозғалыстар, зиялылар қауымының саяси қызметінің негізгі түрлері жəне мазмұны

1



Әдебиет

§14

«1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс» (2 сағат):


15

1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi, көтерiлiстiң қозғаушы күштерi, сипаты, кезеңдері;

1




§15

16

Көтерiлiстiң көрнектi басшылары (Əбдiғафар Жанбосынов, Амангелдi Иманов, Бекболат Əшекеев, Жəмеңке Мəмбетов, Ұзақ Саурықов, Кейкi Көкiмбайұлы жəне т.б.);

1


Суреттер


§16

17

Қайталау

1


Тест алу


Оқып келу


«Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы саяси партиялар мен ағымдар. Ұлттық автономиялардың құрылуы» (5 сағат):

18

Ресейде əртүрлі партиялардың құрылуы жəне олардың Қазақстандағы филиалдары, мұсылман партиялары, «Алаш» партиясының құрылуы, «Алаш» партиясының саяси бағдарламасы;

1




§18

19

Ресей мен Қазақстандағы 1917 жылғы қазан социалистік революциясы, Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы («Үш жүз» партиясының құрылуы жəне оның тарихы);

1


Схема


§19

20

Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы жəне «Түркестани мухтариат» үкіметі;

1




§19

21

«Алаш» партиясы жетекшілерінің Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезі

1



Әдебиет

Қосымша материалдар

22

Алаш үкіметінің құрылуы, «Алаш» автономиясы жəне «Алашорда Халық кеңесі».

1




§20 Реферат жазу

«1918-1920 жылдардағы Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты» (3 сағат):

23

Қазақстан (1918-1920) азамат соғысы жəне шетел интервенциясы жылдарында «əскери коммунизм» саясатының Қазақстанда жүзеге асырылуы;

1




§21

24

Жер мен өнеркəсіп кəсіпорындарын мемлекеттік меншікке алу, «əскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921 жылғы жұт пен аштық;

1


Кесте


§22

25

«Жаңа экономикалық саясат» жəне оның Қазақстанда жүзеге асырылу тəжірибесі, ЖЭС-ты тоқтату жəне оның қорытындылары.

1




§23

«1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркәсiбi» (3 сағат):


26

1920 жылдың басындағы өнеркəсіпті қалпына келтіру шаралары;

1




§24

27

Қазақстан өнеркəсiбiн дамытудың жаңа кезеңi, Қазақстандағы индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен мəселелер, жетістіктер мен қателіктері, негізгі қорытындылары

1




§25

28

Қазақстан жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркəсiп саласының озаттары мен жаңашылдары.

1




§26

«Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» ( 2 сағат):

29

Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы; Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (іс-шаралардың жаппай жəне күш қолдану сипаты), көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру (седентаризация);

1




§27,§28

30

1931-1933 жылдардағы ашаршылық

1




§29-30

«1920-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі» (2 сағат):

31

1921-1922 жылдардағы шаруалар толқулары;

1




§31

32

1929-1931 жж. шаруалар толқуларының себептері, қозғалыстың сипаты, негізгі ошақтары; Кеңес өкiметiнiң жазалаушы əскерлерiнiң 1929-1931 жылдардағы азаттық жолындағы халық-азаттық қозғалысты қатыгездiкпен басып-жаншуы, қарапайым халықтың көрші республикаларға жəне шетелдерге қоныс аударуы.

1


Схема


§32

33

Қайталау

1




Тест алу

«1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi» (4 сағат):

34

1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмiрдiң сипаты, республиканың партиялық жəне мемлекеттік басшылары, Ф.И.Голощекин жəне «Кіші Қазан»,

1



Дүние жүзі тарихы

§34-35

35

Алдыңғы қатарлы қазақ зиялы қауымының «Кіші Қазан» саясатына қарсы күресі,

1




§36

36

Л.Мирзоян жəне оның Қазақстандағы қызметі;

1



Дүние жүзі тарихы

§36

37

Қырғыз (Қазақ)АКСР-ның құрылуы жəне Қазақ КСР-сы болып өзгеруі.

1




§37

«1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы» (3 сағат)

38

Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жəне саяси ағарту жүйесінің дамуы, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары, ғылымның қалыптаса бастауы, Қазақстандық алғашқы ғылыми мекемелер;

1




§38

39

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы əдебиет пен өнер;

1



Әдебиет

§39

40

Кеңестік əдебиеттің қалыптасуы, бейнелеу өнері, музыка өнері, театр, кинематография, «Қазақстан Коммунистiк партиясы мен Комсомол тарихынан»

1




§39

41

Қазақстан Комунистік партиясы мен комсомолы

1





«Саяси қуғын-сүргiн және халықтар депортациясы» (3 сағат):

42

Қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері, 1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін;

1


Схема


§40-41

43

ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан, Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР жəне т.б.), Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері;

1



Дүние жүзі тарихы

§42

44

1940-1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, «Хрущев кезеңіндегі» жəне тоқырау жылдарындағы ғылым жəне шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қудалау

1




§42

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан ( 2 сағат)

45

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері

1




§43

46

Қазақстан соғыс арсеналы: Қазақстандықтар – тыл қаһармандары

1




§44

47

Қайталау

1





«1940-1970 ж.ж. Қазақстан» (3 сағат):


48

Қазақстандағы әскери-өндірістік кешен: атом полигонының құрылысы және Семей жеріндегі ядролық сынақтар, Байқоңыр ғарыш айлағы

1




§46-47

49

Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру; Тың игерудің экономикалық, экологиялық жəне демографиялық зардаптары

1


Схема

Дүние жүзі тарихы

§48-49

50

1950 -1970 ж толқулар, қозғалыстар және көтерілістер, 1959 жылғы Темiртау қаласында болған оқиғалар, 1979 жылы Ақмола жəне тағы басқа қалаларда болған ереуiлдер мен толқулар;

1




§50-51

Реферат жазу

«1980 жылдарындағы толқулар, қозғалыстар және көтерiлiстер» (2 сағат):

51

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, Алматы қаласындағы басталған Желтоқсан оқиғаларының себептерi, басталуға түрткi болған сылтау, оқиғалардың сипаты, қозғаушы күштерi, желтоқсан оқиғаларының салдары, Желтоқсан оқиғаларының жас батырлары, тарихи маңызы

1




§52

52

1989 жылғы шахтерлердің бас көтеруі және Жаңаөзен қаласындағы наразылық

1


Схема


§51

Тәуелсiз Қазақстан Республикасы: саяси үдерістер, мәдениет» (5 сағат):

53

Қазақстан Коммунистік партиясының өзін-өзі таратуы, Тəуелсiз Қазақстанның саяси жүйесi, Мемлекеттiк рəміздері, мемлекеттік егемендік пен президент институтының нығаюы, ҚР басқару формасы жəне билік тармақтары, елдегі саяси тұрақтылықтың негіздері;

1



Дүние жүзі тарихы

§52

54

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңы, 1990 жылдардың екінші жартысындағы жəне 2007 жылғы конституциялық реформалар, қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар

1


Схема


§53

55

Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы

1




§54

56

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы

1




§55

57

Қазақстан Республикасының мәдениеті, ғылым, білім, өнер және спорт

1





«Тәуелсiз Қазақстанның экономикасы» (2 сағат):

58

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері; Ғасырлар тоғысында (1998-2001жж.) экономиканың тұрақталуы, инвестициялық саясат жəне Қазақстандағы шетелдік инвестициялар, кəсіпкерліктің дамуы, шағын жəне орта бизнес

1




§56, Реферат жазу

59

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы, экон-қ дамудың қорытындылары (жетістіктер мен мəселелер); Қазақстанның əлемдік экономикаға ықпалдасуы, əлемдік қаржы дағдарысы жəне Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары

1



Дүние жүзі тарихы

§56

Қазақ диаспорасы (2 сағат):

60

Диаспора, ирредент, оралман ұғымдары, қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы, 1920-1930 жылдардағы қазақ диаспорасының ұлғаюы;

1




§57

61

ТМД елдерiндегi қазақтар, олардың Тəуелсiз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы, дүние жүзi қазақтарының құрылтайлары, шетелдегi қазақтардың өз Отанына оралу мəселесі

1



Дүние жүзі тарихы

§58

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы(2 сағат):

62

Қазақстан жəне əлемнің жетекші мемлекеттері, Қазақстанның сыртқы саясаттың негiзгi сипатты белгiлерi, көпвекторлы сыртқы саясат;

1




§59

63

Қазақстан – дүниежүзiлiк беделдi ұйымдардың мүшесi, Қазақстан – бүкіл əлемдік қоғамдастық төрағасы (ЕЫҚҰ), (ИКҰ).

1



Дүние жүзі тарихы

§60

«Қазақстан – 2030» – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасы және

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2 сағат):

64

«Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы.

1




§61

65

«Қазақстан – 2030» жəне «Қазақстан – 2050» бағдарламалық стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттар жəне жүзеге асыру стратегиялары;

1




§62

«Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» (1 сағат)

66

Н.Ə.Назарбаев – Ұлт көшбасшыс», Тəуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі, Н.Ə. Назарбаев жəне Еуразия идеясы

1




§63

«Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы» (1 сағат)

67

Астананы ауыстырудың тарихи маңызы, жаңа Астананың дамуы –Қазақстанның өрлеуінің нышаны, Астана – менің бас қалам.

1



Әдебиет

§64, Эссе жазу

68

Қорытынды қайталау

1




Жылдық қайталау




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.11.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров374
Номер материала ДБ-343472
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх