Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Колледж ішілік семинар Кәсіби құзыреттілікке жетудің жолы - педагогикалық шеберлік Әдістемелік тақырып Арнайы пәндерде АКТ оқыту технологияларын пайдалану
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Колледж ішілік семинар Кәсіби құзыреттілікке жетудің жолы - педагогикалық шеберлік Әдістемелік тақырып Арнайы пәндерде АКТ оқыту технологияларын пайдалану

библиотека
материалов

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

МКҚК «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ»

ГККП «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТЕХНОЛОГИЙ И ФЛОРИСТИКИ»









Кәсіби құзыреттілікке жетудің жолы

- педагогикалық шеберлік





Әдістемелік тақырып

Арнайы пәндерде АКТ оқыту технологияларын пайдалану









Дайындаған: Уразова Л.Ш









Алматы 2014ж

Кәсіби құзыреттілікке жетудің жолы- педагогикалық шеберлік



Жоспары:


1 Әдістемелік тақырып

2 Әдістемелік тақырыпты күнделікті сабақта қолдануы

3 АКТ- ны қолдануы

4 Әдістемелік тақырып бойынша жұмыс нәтижесі



1 Әдістемелік тақырып: Арнайы пәндерде АКТ оқыту технологияларын пайдалану

Қазіргі заманғы жастар үшін ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері – өмір сүрудің нормасы.

Неге бүгінгі таңда электрондық оқыту – бұл объективтік заңдылық.

Атап айтқанда электрондық оқыту ақпараттық қоғам мұхитында жаңа түрленуді және еркін азаматтың тұлғалығын қалыптастырудың қуатты факторы бола алады. Электрондық оқыту, сондай-ақ, бүтіндей оқыту процесі сияқты білімдік, тәрбиелік және дамытушы міндеттерді жүзеге асыруға бейімделген.

Оқыту процесінің осы міндеттерін бөлу шартты түрде жүргізілген, өйткені білім беру, тәрбиелеу мен тұлғалықты дамыту процестерінің арасындағы қыры салыстырмалы, және олардың кейбір жай-жапсарлары ортақ болып саналады. Осы міндеттер электрондық оқыту жағдайында тек оқушыға ғана емес, мұғалімге де бағытталған.

Электрондық оқытудың білімдік міндеті тұлғалық ғылыми білімдерді меңгеруді, арнайы және жалпы оқу біліктері мен машықтарын, оның ішінде тек пәндік ғана емес, ақпараттық қоғамда өмір сүруге, табысты түрде оқуға немесе жұмыс істеуге көмектесетін әмбебап біліктер мен машықтарды ұйғарады.

Электрондық оқыту кезіндегі оқытудың көрнекілік қағидасының айырмашылығы оның дәстүрлі оқытудағы түсінігінен ерекшеленеді. Біріншіден, АҚТ-дың мүмкіндігі оқу материалын полисенсорлық қабылдауды қамтамасыз етеді, ал әдеттегі кітаппен, плакаттармен, кестелермен және т.б. жұмыс істеу кезінде тек көру қабылдауы пайдаланылады, яғни дәлме-дәл «көрнекілік». АҚТ-дың мүмкіндіктері тек көру ғана емес және де есту түйсігін тудыруға мүмкіндік береді. Оқу ақпаратының бір мезгілде оқушылардың бірнеше сезім органдарына әрекетінің қажеттілігін әлдеқашан Я. А. Каменский атап өткен болатын: «Сезім мүшелерімен қабылдау үшін мүмкін болатынның барлығы ұсынылуы керек, атап айтқанда: көрінетінді – көзбен, естілетінді – есіту сезімімен, иісті – иіс сезімімен, дәмге жататынды – дәммен, сипап сезілетінді – сипау арқылы қабылдау керек. Егерде қандайда-бір заттарды немесе құбылыстарды бірнеше сезім мүшелерімен бірден қабылдауға болса, онда бірнеше сезім мүшелеріне мүмкіндік беру керек»

Екіншіден, АҚТ құралдары көрінерлік ақпараттың сапасын айтарлықтай арттырады, ол өте ашық, бояулы, динамикалық болады. Осы жағдайда ақпаратты үш өлшемді компьютерлік график, бейне, анимация түрінде ұсынатын мультимедиа технологиясы ғаламат мүмкіндіктерге ие болады. Мультимедиа өнімдерін алуан түрлі ақпаратта: компьютерлік мәліметтерде, теле-, бейне ақпаратта, сөз бен әуенде қолданады

Үшіншіден, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде көру ақпаратын қалыптастыру тәсілі түбегейлі түрде өзгеруіне байланысты «көрнекі дерексіздікті» жасау мүмкін болады. Дәстүрлі оқытуда аталған объектілерді мұғалімнің демонстрациялайтын практикасынан өзгешелігі, кезең бойынша қалыптастыру теориясы осы объектілермен оқушылардың меншікті іс-әрекетін: көшірмелеуді, жан-жақты мақсатты қарастыруды, өзгертуді және т.б. ұйымдастыруды талап етеді.

Жеке алғанда, қайталау оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалау арқылы сүйемелденуі тиіс. Электрондық оқыту жағдайларында әлденеше рет қайталауларды ұйымдастыру алуан түрлі іс-әрекет ретінде мүмкін болады, бақыланатын жеке оқу тапсырмаларының көп нұсқалылығы артады.

Оқыту процесінде АҚТ-ды пайдалану келесі мүмкін болатын педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • оқушылардың зейінін басқару;

  • алда тұрған іс-әрекеттің мағынасын түсіндіру;

  • қажетті құлшыныстық көңіл күйді өзекті ету;

  • іс-әрекет мақсаттарын ұсынуға оқушыларды ояту;

  • оқушылардың алдарында тұрған міндеттерді олардың табысты орындауын қамтамасыз ету;

  • өз әрекеттерінде оқушылардың батылдығын қолдайтын жедел ақпаратпен оларды қамтамасыз ету;

  • құлшыныстық ортаны дамыту бойынша педагогикалық іс-әрекет процесі мен нәтижелерін бағалау.

Инновациялық ақпараттық-білімдік орта ретінде АКТ технологиялароын пайдалана отырып оқытудың контенттік жасақтамасы жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, өйткені көрнекілік, жүйелілік, біртұтастық, ұғынымдылық сияқты дидактикалық қағидаларды, тәрбиелейтін оқытуды және басқаларды жаңа деңгейде іске асыру үшін мұғалімге де, оқушыға да жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; танымдық іс-әрекет кезеңдерін, оқытуды дараландыруды, оқушылардың құлшынысын арттыруды, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды, жалпы тестілеуге дайындықты, педагог кадрларды қайта дайындаудың жаңа мүмкіндіктерін, мұғалімнің шығармшылық өсуін қамтамасыз етеді.

2 Сол себепті де , өзім арнайы пән оқытушысы болғандықтан күнделікті сабақтарымда осы АКТ арқылы оқыту технологияларын пайдалануды ұстанамын, жүзеге асыруға тырысамын.

«Киімді құрастыру» пәні бойынша 1 тарау. Киімді жобалау процессінің негізгі мағлұматы . Осы тарауды өту барысында, мен интернет желіліерінен алынатын көптеген әдемі сәнді киім үлгілермен немесе компьютердің көмегімен салынған және де қолмен салынған сәнді киімдер үлгілерін экранға шығарып, сондай ақ Казвқстан фешн апталығының немесе әлемдік сән апталығының бейне жазбаларын, тез арада сәнді киімді дайындауды үйрететін бейне таспаларды көрсетіп, жалпы киім түрлерімен таныстырып оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыруға тырысамын.

Әр оқушыға мамандықтарын жетік түсінуге мотивациялық бағыт бағдар беремін.

hello_html_m21a6a939.jpghello_html_719179a7.jpghello_html_m5c95f0ce.jpg


hello_html_m582fd0ea.jpghello_html_61cd3c38.jpghello_html_5bd2fa35.jpg

Сонымен қатар адам денесінен өлшем алу, әйелдер сәнді көйлектерін дайындау, әр түрлі маталардан дайындалатын киім үлгілерін дайындау, үлбірден дайындалатын бұйымдарды құрастыру мен пішу ерекшеліктері, лекалдарды дайындау, муляжды әдіспен киімдерді дайындау тақырыптары бойынша сабақты бейне таспалардың көмегімен жүргіземін.

Күнделікті сабақта әр түрлі киімдердің сызба конструкциясын жобалауда, сызбаны құрастыруға қажетті өлшемдер мен қажетті есептеулер нұсқау карталары электронды кесте түрінде және сызбаны орындау реттілігі кезең бойынша электронды плакаттар үлгісінде АКТ технологияларын пайдаланамын. Сондай ақ тақта мен бордың орнына интерактивті подиумнің сенсорлы тақтасын пайдаланамын.

hello_html_m3f878fac.png

АКТ технологияларын кунделікті сабақта кең ауқымды түрде қолдануға болады. Өткен сабақты қайталау анимациямен ашылатын сұрақтар көмегімен жүзеге асыруға болады.


hello_html_m47b079ab.png


Немесе слайд арқылы оқушыларға қызықты алма жинау ойыны арқылы, поле чудес ойыны арқылы өткен сабақты қайталауға болады .осындай тәсілдерді көптеп қолдануға болады.

hello_html_m693525d0.pnghello_html_43ab23cc.png

Жаңа сабақты түсіндіру және бекіту слайд жүзінде өткізу өте тиімді

hello_html_594bbc.jpg

hello_html_m4821c50.jpghello_html_m6458b2e4.jpg

Жалпы күнделікті сабақта слайтардың көмегімен , анимациялық слайдтармен немесе электронды оқулықтар мен электронды нұсқау карталардың, электронды сызба плакаттардың немесе интерактивті подиумның «edu pen» және «corel drow» бағдарламаларын әр түрлі киімдердің сызбасын құрастыруды түсіндіру барысында колдануға тырысамын.

АКТ оқыту технологияларын пайдалану өте тиімді. Оқушылардың назарын аулайсын, уақытты үнемдейсін, ең бастысы оқушыларға сабақты түсіндіру жүйелі түрде жеткізіп, түсінікті жеткізуге тиімді және оқушылардың сабаққа , мамандыққа деген қызығушылықтары арта түседі.

АКТ оқыту технологиясы бойынша жиналған жұмыс нәтижесі:

2013-2014 оқу жылы

« Сәндеп пішуші» оқу мерзімі 2 жыл 10 ай 1 бағам 50 сағатқа электронды сабақ жоспары мен электронды оқулық, тәжірибелік жұмыстар мен нұсқау карталар жинақталған.

« Сәндеп пішуші» оқу мерзімі 10 ай 132 сағатқыа электронды сабақ жоспары мен электронды оқулық, тәжірибелік жұмыстар мен нұсқау карталар жинақталған

« Үлгілеуші- құрастырушы» оқу мерзімі 10 ай 102 сағатқа электорнды сабақ жоспары мен электронды оқулық, тәжірибелік жұмыстар мен нұсқау карталар жинақталған және курстық жұмысты орындау тәртібінің әдістемелік дәйектемесі дайындалды.

« Тігінші» оқу мерзімі 1 жыл 10 ай 1 бағам 36 сағатқа және 2 бағам 57 сағатқа электронды сабақ жоспары мен электронды оқулық, тәжірибелік жұмыстар мен нұсқау карталар жинақталған

Тақырыптар бойынша 11 бейне таспа жинақталған, сондай ақ тақырыптар бойынша 23 слайд жасалған.




































Автор
Дата добавления 26.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров95
Номер материала ДБ-099413
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх