Комплекссіз
өмір сүрудің 8 әдісі
Тым толық, тым арық, тым жіңішке, тым ірі, тым, тым...
Өз келбетіңе риза болмау бойда психологиялық мәселелердің бар екендігінен хабар
береді. Оларды шешуге, кішкентай кемшіліктерді жеңілдетуге немесе олармен өмір
сүре беруге де болады. Тек әрекет ету керек!
1.
Шығармашылықпен айналысу
Өз
қолымен керемет туындыларды дүниеге әкелу арқылы адам өз бағасын көтереді.
Эмоциялардың шығуына жол ашудың бір амалы - шығармашылықпен айналысу. Мысалы:
сурет салу, мүсіндеу...
2.
Өзгелерді ойла
Өз
бойыңнан кемшілік іздей бергенше, шынымен көмекке мұқтаж адамдарға назар аудар:
мүгедек балаларға, жер бетінен жойылуға шақ қалған жануарларға, тіпті үй
жұмысын жасай алмай жүрген ініңе.
3.
Өзіңді құрметте
Мінсіз
сұлу болмау – керемет дос, сенімді жолдас, қызықты жұмыс табуға кедергі
болмайды. Қарабайыр көрінгенімен, адам бойында ең бірінші кезекте адамгершілік
пен мейірімділік жоғары бағаланады. Осы тұрғыда біраз жұмыс атқаруға тырыс.
Ханшайым немесе ханзада болуға ұмтылудың қажеті жоқ, өз-өзіңе қателік
жасауға мүмкіндік бер. Өз артықшылықтарыңды қаперіңде ұста. Өзің туралы
достарыңнан сұрастырсаң, сен жайлы көп жақсы сөз айтарына сен.
4.
Бөлшектерді саралауды доғар
Денеңнің
әр бөлшегіне назар аударып, кемшілік іздеме. Өз-өзіңе тұтас қарап үйрен. Ұтымды
көрінетін кескіндеріңді айқындауға тырыс.
5.
Себебін анықта
Өз
кемшіліктерің мен сәтсіздіктеріңді байланыстырып көр. Көп ұзамай емтиханнан
құлап жүргеніңнің себебі ұсқынсыз бет әлпетіңде емес, өзіңнің сенімсіздігіңде
екеніне көз жеткізесің.
6.
Денеңді сезін
Массаж,
денені уқалау денеңнің әр бөлшегін сезінуге мүмкіндік береді: теріге крем
жаққанда асықпай жағуға тырыс. Биге қатысу арқылы жасқаншақтықтан арылуға
болады. Ұялшақтықтан арылсаң, көп ұзамай комплекстер де жоғалады.
7.
Түзу жүр
Келбет
пен арқаның түзулігі саған деген жақсы көзқарас тудырады және өзіңді еркін,
сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Ал, керісінше бүкірею, қуыстанып, қысылып
жүру адамдарды өзіңнен алыстатады.
8.
Өз-өзіңді күт
Әрдайым
әдемі киініп жүр. Тартымды болған сайын адам өзіне сенімді бола түседі. Шаш
үлгісін өзгертіп, әрдайым жымиып жүр.Сізге күлген жақсы жарасады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.