Инфоурок Начальные классы КонспектыКомплексті қорытынды сабақ « Күз кереметі»

Комплексті қорытынды сабақ « Күз кереметі»

Скачать материал

Білім беру саласы: Қатынас, таным, шығармашылық.

Бөлімдері: Тіл дамыту, сурет салу.

Сабақ түрі: Комплексті.

Тақырыбы: Күз кереметі.

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз бояулары туралы ұғымдарды бекіту. Күзгі ағаштың әдемілігін бере білуді үйрету.  Эстетикалық талғамды, аңғарымпаздықты қалыптастыру. Ыждамдылық пен сурет  салуға ынталыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күздің суреті, жапырақтар, әсем әуен таспасы, әр үстелге  екі түсті (сары және қызыл) гуашь, екі  істік (қарындашқа байланған губка) дымқыл мата сулық, үлгі және түсті парақ.

Шаттақ шеңбері:

-          Балалар бүгінгі күнімізді бір-бірімізге  жақсы тілек айтуымен бастайық:

Қасыңдағы досыңа гүлді бере отырып, жақсы  сөз айтыңдар. Мысалы: Әсель сен сүйкімдісің. Ал  Әсель сен қасыңдағы Алдиярға жақсы сөз айт «Алдияр сен өте  адал доссың»т.б.

- Балалар, қараңдаршы, біздің топ бүгін ерекше әдемі ( топ ағаштар мен жапырақтармен безендендірілген). Балалар, қараңдаршы, мен бір себет тауып алдым. Бірақ мен білмеймін кім оны тастап кетті екен? Ішінде не бар екенін көрейік пе?  Ішінде таспа бар екен, оны тыңап көрейік пе?

Әуен ойналады да, Күз  кіреді.

Күз:

-          Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер  мені танымай тұрған сияқтысыңдар ғой ! Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, сонда мен кім екенімді табасыңдар :

Астық  пісіп,

           Орақ  түсіп.

           Қырмандарға  түседі,

                  Бөбектерім  айтыңдаршы

Бұл  қай  кезде  болады?

-          Дұрыс  айтасыңдар.Мен  Күз  мезгілімін

Тәрбиеші:

-          Балалар, Күзге қараңдаршы, өзі  қандай әдемі, қандай әдемі түстерді бізге алып келді. Бірақ күздің  көңіл күйі болмай  тұрған  сияқты, Күз саған  не болды?

Күз:

-          Балалар, менің көңіл күйім жоқ, өйткені  сендермен  қоштасайын деп  келдім. Мен кетемін ал, сендерге суық, аязды  қыс мезгілі   келеді.

Тәрбиеші:

-Ештеңе  етпейді Күз, балаларды ойлап уайымдама,әр  жыл мезгілінің өз  кереметі  болады ғой, ал сен бізді  ұмытпай  келіп  тұр, жарай ма?

-          Таптым, балалар, Күздің көңіл күйін көтеру үшін, оны қуантайық. Біз Күз туралы  көп нәрсе білеміз ғой иә?  Оған өлең,  тақпақтар сыйлайық.

Өлең « Күз  келіпті»

Балалар Күз туралы тақпақтар оқиды:

Айзере:

Қызыл,сары, жасыл көк

Алуан –алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады  жалтырап.

Фариза:

Қыстың  жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен  ұшып  барады,

Жерге қонып  үлгермей.

Назерке:

Көк майсалы  көрікті,

Алқаптағы  көп  егін,

Бұл күндері  киіпті,

Сары  жібек көйлегін

-          Балалар, сендер білесіңдер ме қазір жылдың қай мезгілі ( Күз мезгілі)

-           Күзде қандай өзгерістер мен құбылыстар болады? ( ағаштардың  жапырақтары  сарғайып  жерге  түседі, жиі  жаңбыр  жауады, құстар  жылы жаққа  ұшып  кетеді)

-          Айтыңдаршы күзде қандай  жапырақтарды кездестіруге  болады? (Сары, қызыл,қоңыр және де өз түсін өзгерте алмаған  жасыл түсті жапырақтар). Дұрыс айтасыңдар Күзде жапырақтардың түсі  өзгереді, өйткені күн  суыта  бастайды. Қалай  ойлайсыңдар, қатты жел  соққанда жапырақтар не  істейді? (Жерге  қарай  ұшады). Дұрыс айтасыңдар  балалар, ондай құбылысты  орыс тілінде – «Листопад», ал Күз мезгілін – «Осень» деп  атайды

-          Балалар, жаңбыр  қалай  жауады? ( Кап,кап,кап)

-          Ал жел қалай соғады? ( Гу, гу, гу)

-          Балалар, сендер қалай  ойлайсындар,  құстар неліктен жылы жаққа  ұшып  кетеді? (өйткені, қыста  олардың  жейтін  азығы  болмайды), Дұрыс  айтасыңдар балалар, өйткені олар жейтін құрт-құмырсқалар тығылып, қысқы  ұйқыға кетті, келесі көктемге дейін.

-          Балалар, естеріңде  ме, біз сендермен серуенге  шыққанда  жапырақтардың  ұшуын бақылағанбыз. Қане  жерден  әр қолға  бір-бір жапырақтан  алайық  та, жапырақтар  болып  ұшайық.

Біз жапырақпыз,

Біз  жапырақпыз.

                   Жел  тұрса  шамалы,2

                   Жан-жаққа біз  ұшамыз

-          Жақсы балалар , енді жапырақтарымызды орындарына қояйық та, орындықтарына отырыңдар ( Балалар орындықтарына  барып, отырады).

-          Балалар, қараңдаршы, Күздің  көңіл  күйі көтерілген  сияқты. Ол әрқашанда осылай  күліп  бізге  келіп  тұруы үшін,  оған ағаштағы  жапырақтардың  түсіп  жатқанын  салып оған  сыйлайық.Тақтаға қараңдаршы ненің  суретін  көріп  тұрсыңдар? ( ағаштың суретін)

-          Ал, ағаштың  жапырақтарының  түсі  қандай? ( қызыл және  сары)

-          Бүгін  біз  сендермен  ағаштардағы  және  ағаштан  жерге  қарай  түсіп  жатқан жапырақтардың  суретін  саламыз.

-          Суретті  салмас  бұрын,  алдарындағы кішкентай  доптармен жаттығу жасаймыз, оны алақанымызға  аламыз да, домалақтаймыз. Алдымен оңға  қарай,  содан  соң солға  қарай,  енді  саусақтарға қарай,  ең қызығы  оны  мұжып  көрейікші, жұмсақ  па, қатты ма, қалай?

Жұмысты орындау  тәсілін  көрсету:

1.       Менде сиқырлы таяқша – істік  бар. Істікке сары  түсті бояуды іліп аламын  да, онымен  барлық  бұтақтарды  «піскілеймін» , әрбір бұтақта сары  түсті  жапырақтар  болуы  үшін  солай  етемін. Орнына қоямын.

2.       Сонан соң  екінші істікті аламын  да, қызыл  бояуды  іліп  аламын  да, қызыл  түсті  іліп  аламын, сөйтіп барлық  бұтақтарға  тағы  да  жапырақтар  саламын, және де  жерге  ұшып  жатқан  жапырақтар  бейнелеймін. Ағаш  ажарланып ,сәнді  боп  шығады.

     Жұмысты  орындау  тәсілін  бекіту:

Маған қызыл  және сары  бояуларды көрсетіңдер. Істікті қалай ұстау  керек?  Сиқырлы таяқшаны сынып  қалмауы үшін  жеңіл  ғана  басамыз.

  Қимыл  ауада  қайталанады.

    Балалардың  өз бетінше  жұмыс  істеуі

Балаларға бояуларды  қабаттастырып жағуға  рұқсат етіледі.

    Балалардың жұмыстарын  талдау  және көрмеге қою

Қандай әдемі ағаштар  пайда  болды. Қараңдаршы қандай  көп ағаштар, әдемі орман  бағы сияқты.  Күз  саған  біздің  ағаштарымыз ұнады ма?  Ендеше оны  саған  силаймыз,  осы  суреттерге  қарап, балаларды есіңе түсіретін боласың.

Күз:

-          Балалар, енді  менің көңіл күйім көтеріліп  қалды,  рахмет сыйлықтарың  үшін,  мен де  сендерге  сыйлық  алып  келдім. Қане, тауып  айтыңдаршы,  бұл  не?  ( балалар Күздің себетіндегі алмаларды  көріп «Алма»- дейді.

-          Иә , Бұл  алмаларды сендерге  алып  келдім. Ас болсын!  Жей  қойыңдар. Ал  енді мен  жүрейін,  сау  болыңдар! ( Балалар Күзбен  қоштасады).

Тәрбиеші:

-          Жарайсыңдар балалар, біз  сендермен  бүгін үлкен  жұмыс  атқардық, жыл  мезгілі Күздің  көңіл  күйін көтеріп, шығарып салдық.

   Сурет  салу  кезіндегі  пайдаланылған түстердің  аттары  есте  бекітіледі.

                                          КМҚК  «Дәншік»  балабақшасы

                 «Ботақан»  екінші  сәбилер  тобы

                                            ( І- тоқсан)

   Комплексті қорытынды сабақ 

Білім беру саласы : Қатынас,таным,шығармашылық.

Бөлімі: Тіл  дамыту,сурет  салу

  Тақырыбы:

                  « Күз кереметі»

                                                 Өткізген: Нурпиисова М.С.

                            Самар ауылы 2014ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Комплексті қорытынды сабақ « Күз кереметі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 870 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2015 906
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аликулова Макпал Комекбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аликулова Макпал Комекбаевна
    Аликулова Макпал Комекбаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17870
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе