Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Компьютер деген не? Бағдарламалық жабдықтар. Ақпаратты компьютерде сақтау.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Компьютер деген не? Бағдарламалық жабдықтар. Ақпаратты компьютерде сақтау.

библиотека
материалов

7сынып

5 сабақ

ДОЖЖО:_______________

Сабақтың тақырыбы: Компьютер деген не? Бағдарламалық жабдықтар. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Сабақтың мақсаты: Компьютердің - әмбебап ақпараттық машина екенін, информатиканың не екенін түсіндіру.

Білімділік: Оқушыларды информатика пәнімен , негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Сигнал дегеніміз не?

  2. Аналогтық сигналды дискреттік сигналға қалай ауыстыруға болады?

  3. Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеген, қай кезде есептемеуге болады?

  4. Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  5. Хабардың ақпараттық көлемі деген не?


Жаңа түсініктер:

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады. Ақпараттық процесті жүзеге асыратын негізгі құрылғы компьютер деп аталады. Ақпаратты автоматты түрде өңдеу – адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде компьютер алдын – ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізіледі.

Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін:

Компьютердің ақпараттық құралдары:
  • Бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;

  • Ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютерлік жадынан;

  • Мәліметтерді өңдеу процесін басқаратын процессордан;

  • Өңдеу нәтижелерін шығаратын – шығару құрылғыларды;

  • Барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.

Бағдарламалық құралдар әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.

Олар:

  • Жүйелік деп, аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;

  • Қолданбалы деп, аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

  • Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Бағдарламалық жасақтамалар

Копьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе )ОЖ) (операционная система – (ОС) негізгі болып табылады.

ОЖ – компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.

ОЖ – лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз – үйде және мектептерде тұрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз – ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ MS DOS тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.

Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) – американың Microsoft фирмасы.

Компьютерде жұмыс істеу - негізінде оның ОЖ – мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және «жақын достықта» екендігі өте маңызды.

Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды. Дербес компьютерлерде қатынасудың – интерфейстің – командалық және терезелік екі тәсілі болады.

Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ – нің командаларының жиынтығының көмегімен қатынас құралады, олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі. Командалық интерфайсі бар ОЖ – ға ОЖ MSDOS жатады, ол компьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болып келді. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін, ОЖ MSDOS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.

Терезелік интерфейстің жөні басқа, ол WINDOWS типті ОЖ – де жүзеге асырылған. Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады. Компьютермен жұмыс істеу үшін, экранда графикалық бейнелер түрінде көрсетілген әрекеттерді маустың көмегімен таңдау жеткілікті. Экранда графикалық формаларды таңдау, жедел көмек жасау (оперативті көмек сөз), анықтама жүйесі адамның компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесінде түсінікті етеді.

Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәселелерді, ал MSDOS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.

Әрине, WINDOWS типті ОЖ – лар тек белгілі жағдай жасалғанда , яғни процессордың жұмысының жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілгенде ғана MSDOS – тың орнын басады.

Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық обьектілер даярлауға, әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздерінің демалыстарыңды ұйымдастырыуға т.б. жасауға болады.

Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі тоқа бөледі.

Арнайы (мамандандырылған) бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын т,б, бағдарламалар.

Әмбебап бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, электронды пошта бағдарламалары, яғни адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады. Бірімен – бірі байланысты бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар да бар, оларды интегралданған бағдарламалар кестесі деп атайды. Мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасын басқару жүйесі.

Жүйелік бағдарламалық жасақтамаларға драйверлер де жатады. Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалар, оларда осы құрылғылар жөнінде барлық ақпарат болады. Операциялық жүйе қосылатын құрылғылармен олардың драйвері арқылы қатынасады. Мысалы, ОЖ винчестерге белгілі бір мәліметтерді оқып алуға команда береді. Ал винчестердің драйвері моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі жеріне әкелуге және оқып шығуға команда береді. ОЖ – нің драйвер арқылы жұмыс істеуі қосылатын құрылғыларды ұдайы ауыстырып және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.

Төртінші тараудан бастап сендерді кейбір қолданбалы: WordPad, Калькулятор, Paint бағдарламаларымен таныстырамыз. Олар Windows – тың құрамына кіреді, сондықтан оларды оның қолданбалары деп атайды. Осыған байланысты Windows’98 – ді біріктірілген жүйе деп атайды, себебі бұған операциялық жүйе бөлігінен басқа да қолданбалы бағдарламалар кіреді.

Бағдарламалау жүйелерінің құрамынабағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар кіреді, олардың көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіліді, түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

Жүйелік бағдарламаларды көбінесе бағдарлама құрушылар (бағдарламалаушылар) пайдаланады.

Бағдарламалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролон, Ассемблер, ПЛ – 1 тағы басқалар. Осы тілдерде бағдарламаушылар бағдарламалар жазады және арнайы жүйемен, бағдарламалардың көмегімен оларды өңдейді, тексереді және қолдануға дайын түрге келтіреді.

Аақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады. Оны көп жағдайда оперативті жад деп атайды. Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерді, магнитті таспаларда, оптикалық және магнитті – оптикалық дискілерде орналастырылады.

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.3.1, 2, 3, 4 тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Компьютер дегеніміз не?

  • Ақпараттық құралдар неден тұрады?

  • Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

  • ОЖ – нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.

  • Интерфайс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?

  • Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай? Олардың классификациясын түсіндіріңдер.

  • Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

  • Драйвердің ролі қандай?

Үйге тапсырма: 1.3 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.3.2 тапсырманы орындау


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров703
Номер материала ДБ-059589
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх