Инфоурок Информатика ПрезентацииКомпьютер – әмбебап есептеуіш машина 5 сынып

Компьютер – әмбебап есептеуіш машина 5 сынып

Скачать материал

Сабақ №5

Күні____________________                                                    

Сыныбы: 5

 

Сабақтың тақырыбы: Компьютер – әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы: «компьютердің» анықтамасын, компьютердің түрлерін, пайдалану саласын анықтау білімін дамыту
Тәрбиелігі: адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін, оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасына шолу:
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы- ол компьютер.бұл тарауда сендер: компьютердің неден тұратынын, компьютердің әрбір құрылғысыныңне үшін керек екенін, компьютер пернетақтасының қандай пернелерден тұратынын білетін боласыңдар.
Компьютер – күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады. Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б. болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі.компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетінатқарады.
Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.
Компьютерлерді қолдану
Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.
Есептеулер – Ақпаратты сақтау – Құрылғыларды басқару
Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық (қағаздық емес) түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде – дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажетболады.
Компьютерді қолданудың келесі қадамы – әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрліесепайыру құрылғылары.
Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізугеболмайтын салалардамодельдер құру үшін қолданылады. Мысалы, тірі ағзаларда немесе ғарыштық денелерде жүретін үдерістерді зерттеуде.
Компьютердің түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді суретте көрсетілгендей, өнімділігі мен мөлшеріне қарай әртүрге бөлуге болады.
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютертұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.
Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауғаарналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерліноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан (қалта) компьютері.
Қызықты ақпарат
Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары
Компьютерді жұмыста қолдану
Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады.
Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және де көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады.
Компьютер көмегімен сауда жасау
Көптеген тауарларды Интернет арқылы сатып алу өте қолайлы. Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ. Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.
Түйін
Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы – басқару.
Компьютердің түрлері: суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер, серверлер, дербес компьютерлер.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Дербес компьютер – ол бір адам жеке қолдана алатын компьютер.
Дербес компьютерлер: үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
4. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер.
В деңгейі
Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютер қолдану», «Компьютердің түрлері»).
С деңгейі
Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.
5. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

Компьютер деген не?
Компьютер қандай функцияларды орындайды?
Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма?
Қандай компьютерлікпрограммаларды білесіңдер?
Компьютер қайда және қалай қолданылады?
Компьютердің қандай түрлері болады?
Компьютер неге дербес деп аталады?
Дербес компьютердің түрлерін атаңдар.
Ноутбуктер мен алақан компьютерлері не үшін пайдаланылады?
Компьютердің түрлерін атаңдар (ең кішкентайынан ең үлкеніне дейін).
Компьютерлік желінің жұмысын қолдайтын компьютер қалай аталады?
Үлкен компьютерге басқа атау беріңдер.
Ребусты шешіңдер:
Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
Өзіңді тексер!
1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу                  В) Басқару                      С) Ақпаратты іздеу                     Д) құжат құру
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет         В) Операциялық жүйе    С) Операциялық қабыршық         Д) Windows
3. Артығын көрсет:
А) суперкомпьютер    В) үлкен компьютер       С) дербес компьютер       Д) кіші компьютер
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) үйде         В) офисте          С) өндірісте      Д) ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер             В) дербес компьютер      С) суперкомпьютер           Д) сервер
6. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
А) суперкомпьютер           В) Үлкен компьютер       С) дербес компьютер            Д) сервер
7. Нетбук деген не?

·         А) шағын мөлшерлі ноутбук                               В) алақан компьютері

С)Интернетке қосылған дербес компьютер     Д) оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі

8. Сервер – ол:

А) компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер

В) суперкомпьютер     С) Үлкен компьютер        Д) ақпарат сақтауға арналған компьютер

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

В

В

Д

Д

Д

С

А

А

 

6. Үйге тапсырма:

§5 сұрақтарына жауап беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ №6

Күні____________________                                                    

Сыныбы: 5

 

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылымы

Сабақтың мақсаты: Аппараттық құрылғымен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен

таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары - процессормен, ЖЖҚ-мен, ТЖҚ-мен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамыпгушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар; компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,

электронды оқулықтар 

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру .

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

• Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?.

• "Марк-1" машинасы қандай элементтерден жасалды?

•  Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім

 жасады?

• ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

• Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Жаңа түсініктер:

"Компьютер" сөзі "есептеуіш" дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер — деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т.б.) акпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Информатика сабағында ІВМ РС типті ДК-лерді оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашкы шығарған американдық компанияның атымен аталған (ІВМ фирмасының ДК-лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-нің басқа типтері де бар. мысалы, Аррlе фирмасының Масіntosһ ДК-сі. Бірақ ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-катынас жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлақкалқа, микрофон, модем, сканер, мани-пуляторлар: "маус", трекбол, терте (джойстик) жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессор мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қаткыл дискідегі| жинактауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.

ДК (дербес компьютер деп аталынуы - бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.

►► Монитор, жүйелік блок, пернетақта , мультимедиа колонкасы, модем, маус. 

Бұл   құрылғылардың   ең   негізгісі   Монитор,   жүйелік   блок,   пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сырткы кұрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немес адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Жүйелік блок - мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын СD-RОМ орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық тақша, процесор, СD-RОМ, бейнетақташа, дыбыс такташасы мен т.б. бар.

Процессор - компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің "миы". Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған "пентиум" процессоры. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад - бул компьютердіү ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын кұрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ПЗУ) - бұл компьютердің ішкі жады, компьютерді іске қосқанда алдымен ТЖҚ-дан алынады. Жедел жадтайтын құрылғы ЖЖҚ (ОЗУ) - ақпаратты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус, джойстик, өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы - принтер, дисплей, графопроектор.

Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық-сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая трубка ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті, монохромды болады.

Тапсырмалар: Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Тренажермен жұмыс жасау

Сабақты бекіту сұрақтары:

• Компьютердің негізгі құрығыларын ата.

• Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?

• Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

• Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.

• Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.

• Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 2.2 тақырыпты оқу, компьютер құрылғыларына байланысты сөзжұмбақ, ребус құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Компьютер – әмбебап есептеуіш машина 5 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 981 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 2402
    • DOCX 28.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нсанова Салтанат Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нсанова Салтанат Куанышевна
    Нсанова Салтанат Куанышевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5477
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 575 человек

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 411 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 696 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 303 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе