Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Компьютерлік графика" тақырыбындағы ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

"Компьютерлік графика" тақырыбындағы ашық сабақ

библиотека
материалов

Тақырыбы: Компьютерлік графика

Мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға компьютерлік графика ұғымын түсіндіріп, визуальды бағдарламалау технологиясын меңгерту;

ә) тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түр:Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, топшамалар, тест.

Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, ағылшын, биология, бейнелеу сабақтары.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыр.(Амандасу, журнал толтыру, топқа бөлу)

2. Үй тапсырмасын тексеру. (Сыңарымды тап. Топпен жұмыс)

3. Өткен сабақты қайталау арқылы жаңа сабаққа көшу.

4. Жаңа сабақ.

5. Жаңа сабақты бекіту. (Жоба қорғау. Ұжымдық жұмыс)

6. Тест жұмысы.

7. Бағалау. Баллмен бағаланады.

8. Үйге тапсырма. Қайталау.

1.Ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен амандасу, топқа бөлу. 2 минут


2. Үй тапсырмасын тексеру. (Сыңарымды тап. Топпен жұмыс) 5 минут

Сұрақ-Жауап. 1 топқа:

IDE- Visual Basic-ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарланады

Қасиет- Объектінің сипаттамаларын (өлшемі, түсі, экрандағы жағдайы) немесе объектінің күйін белгіленетін объект атрибуты.

Оқиға- Объектімен танылатын әрекет (мысалы, тышқанмен визуальды шерту немесе пернені басу) болып табылады, ол үшін үн қосуды бағдарламалауға болады.

Пішін- Әр түрлі басқару элементтері орналасатын қолданбанының болашақ терезесі.

Name- Пайдаланушы пішіннің атын қайтарады немесе орнатады.

Caption- Пішін тақырыбы жолында бейнеленетін мәтінді қайтарады немесе орнатады.

Сұрақ-Жауап. 2 топқа:

FillColor- Line немесе Circle әдістерімен жасалған графикалық кескіннің толтырылу түсін қайтарады немесе орнатады.

New, Existing, Recent- Үш қосымша бет: жаңа жобалар, қолданыстағы жобалар, жақында пайдаланылған жобалар

Font- Қаріпті қайтарады немесе орнатады

Run- Менюі командалары қолданбаны іске қосады және тоқтатады, бағдарламаның орындалуын үзіп жібереді және қайтадан бастайды.

Объект- Пішін, батырма, енгізу өрісі, жазу, т.б. іспеттегі барлық визуальды объектілерді .............. атауға болады.

Picture- Пішіннің фоны ретінде бейнеленетін суретті белгілейді.


3. Өткен сабақты қайталау арқылы жаңа сабаққа көшу. 2 минут

hello_html_m3d403bda.gif

Қазіргі заманғы компьютерде экрандағы кескін растр түрінде көрінеді. Растр деп (латынның rasturm сөзінен алынған) белгілі бір тәсіл бойынша салынған кескін элементтерінің жиынтығын айтады. Бейнені құрайтын ең элементар нүкте пиксель деп аталады. Сурет пиксель жиынтықтарынан тұрады. Пиксель неғұрлым ұсақ, көп болған сайын, біздің суретіміз анық болады. Біз оны біртұтас кескін түрінде көреміз.


4. Жаңа сабақ. 9 минут

Р

hello_html_m527e64b0.gif

астрлық құрылғыда кез-кез келген кескін немесе фигура нүкте-пиксельдердің жиынтығынан тұрады. Кескіннің әр нүктесінің орны Х және У координата арқылы анықталады. Координата – растрлық жол және баған нөмірін белгілейтін бүтін сандар.







Монитор экранындағы түрлі-түсті кескін 3 түстің (қызыл, жасыл, көк) араласуынан пайда болады. Түсті өрнектеудің бұл моделі RGB (red- green-blue) моделі деп аталады.

Монитор компьютерге тікелей емес, графикалық плата (видеокарта) арқылы қосылады. Экранға шығаруды жүзеге асыратын кез-келген программа графикалық платамен жұмыс істейді.

Программа арқылы экранға шыққан кескін экранда ұзақ сақталуы үшін бейнежады қолданылады.

Бейне монитор 2 құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Бейнеадаптер – кескін құраушы символдарды, график және түрлі түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интегралдық микросхема. Монитордың өзінде тек электрондық –сәулелік түтікше бар. Экранда кескіннің көріну сапасы графиктік адаптердің типіне байланысты. Кең тараған адаптерлер: EGA, VGA, SVGA.

Драйвер (driver-жүргізуші) – компьютердің белгілі бір құрылғысын басқаруды жүзеге асыратын арнайы программа.


Бейне адаптер түрлерінің кестесі

Бейне адаптер үлгілері

Экран сыйымдылығы

Мәтіндік режим

Графиктік режим

CGA

80x25, 16 түс

320х200, 4 түс

EGA

80х25, 16 түс

640х200, 16 түс

VGA

80х25, 16 түс

640х480, 16 түс

SVGA

80х25, 256 түс

800х600, 256 түс



Түстер модельдері:

  • RGB (қызыл+жасыл+көк). Бұл түс бейнелерді экранға шығару үшін қолданылады.

  • CMYK (көгілдір+сұрғұлт+сары+қара). Мұнда қосымшаға негізгі түстерден ақ түстерге дейін енгізіледі. Ол полиграфиялық баспалардың материалдары үшін қолданылады. Мысалы: көгілдір=ақ-қызыл, сұрғұлт=ақ-жасыл, сары=ақ-көк.

  • HSB (тон+насыщенность+яркость). Онда түрлі құралдар, атап айтқанда, акварель, гуашь, картон, тущь, уголь, пастель және т.б.

  • Ч-б – палитраның қара-ақ түстері.


Графикалық файлдар форматтары:

.BMP – суреттер мен фотографияларды сақтауға негізделген файлдың форматы.

.JPGтүрлі түсті фотографиялардың форматы. Бұл формат қара-ақ түсті бейнелер үшін тиімсіз.

.GIFаз түсті бейнелер үшін ең тығыз графиктік формат (сурет иллюстрациялар үшін)

.TIFполиграфиялық сығылған формат. Ол қосымша ақпараттарда көрінбейтін қосымша слой-каналдардағы бейнелерді файлға сақтауға мүмкіндік береді.

.PSDPhotoshop10ақталған және өңделген бейне.


Түстердің тұрақтылары:

Коды

Түсі

Коды

Түсі

0

Black (қара)

8

Darkgray (күңгірт сұр)

1

Blue (көк)

9

Lightblue (ашық қоңыр)

2

Green (жасыл)

10

Lightgreen (ашық жасыл)

3

Cyan (циан)

11

Lightcyan (ашық циан)

4

Red (қызыл)

12

Lightred (ашық қызыл)

5

Magenta (күлгін көк)

13

Lightmagenta (ашық күлгін)

6

Brown (қоңыр)

14

Yellow (сары)

7

Lightgray (ашық қоңыр)

15

White (ақ)


Адамның визуальды жүйесі (көздің құрылысы және оптикасы)


hello_html_a2645bb.gif

hello_html_1f6a206.gif


Түстердің берілуі RGB (Red – Green – Blue)

hello_html_m57dceee3.gif

hello_html_m39401d4c.gif



hello_html_m3d9044b9.gif

Палитра












5. Жаңа сабақты бекіту. (Жоба қорғау. Ұжымдық жұмыс) 12 минут

Оқушыларға плакат, маркер, қиынды қағаздар беріледі. Осыларды пайдаланып оқушылар жоба құрады.

6. Тест жұмысы. Excel программасында жазылған 10 сұрақтан тұратын тест жұмысы экранда көрсетіледі. Оқушылар жеке жұмыстанады. Оқушыларға 4 түстен тұратын қол қиындылары және 10 сұрақтың орны беріледі. Оқушылар А,В,С,D жауаптарын түспен белгілейді. Соңынан жауабы тақтаға ілінеді. Оқушылар өз білімдерін өздері тексереді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай. 7 минут

Тест

Сұрақтар

Жауап нұсқалары

A

B

C

D

1

Visual Basic 6.0 -

программа

ойын

қолданба

кесте

2

IDE -

анимациялар дайындау

мәтіндік құжаттар дайындау

қолданбалылардың құрауыштары құрастырылады

жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру

3

Visual Basic программасын іске қосу -

Пуск→Программы→Visual Basic 6.0.

Пуск→Visual Basic 6.0.

Пуск→стандартные→Visual Basic 6.0.

Мои документы→Visual Basic 6.0.

4

Жаңа пішінді жобаға қалай қосамыз

View→Toolbars→Standard

Caption→Add Form

Project→Add Form

ViewStandard

5

Visual Basic пограммасы қандай қосымша беттерден тұрады

New,Project,View

Project,Existing,Recent

New,Existing,View

New,Existing,Recent

6

Қасиет дегеніміз -

обьект

тышқанмен визуальды шерту

өлшемі, түсі, экрандағы жағдай

құрауыштар ортасы

7

Оқиға дегеніміз -

құрауыштар ортасы

жобаның жүргеі

өлшемі, түсі, экрандағы жағдай

обьектімен танылатын әрекет

8

IDE -дегі жұмыс

бағдарламаны орындау

Оқиға

құрастыру режимі

Обьект

9

Font

қаріпті қайтарады, орнатады

қаріп өлшемі

шрифт

мәтін аймағы

10

Пішін дегеніміз -

VB-тің негізгі обьектісі

жобаның пішіні

автофигура

фигуралар


Тест жауаптары:

  1. A

  2. C

  3. B

  4. C

  5. D

  6. B

  7. D

  8. C

  9. A

  10. A



7. Бағалау. Баллмен бағаланады. Үй тапсырмасына 1 дұрыс жауапқа 1 ұпай, жалпы 6 топқа 6 ұпай (Оқушыларға жеке есептелінеді). Жоба қорғауға 5 ұпайдан төмен. Тест жұмысына 10 сұраққа 10 ұпай. Соңында оқушылар максимум 6+5+10=21 балл жинау керек. Бағалау шкаласы: 19-21 балл «5», 16-18 балл «4», 16 дан төмен «3» деген бағалармен бағаланады. 2 минут

Бағалау парағы

Оқушы аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жоба

Тест










8. Үйге тапсырма. Қайталау. 1 минут


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров337
Номер материала ДA-051959
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх