Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Компьютерлік графика түрлері.Сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Компьютерлік графика түрлері.Сабақ жоспары

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Сабақ № 19

Пән аты: Информатика

Сыныптар: 7

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға компьютерлік графика ұғымы, түрлері, қолдану саласы туралы түсінік беру, графикалыө редакторлар туралы айту.

Дамытушылық:  компьютерлік графика туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу. Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, мақсаттылыққа, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, есеп шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі: оқулық, компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Мағынаны тану

  6. Үй тапсырмасын беру

  7. Ой-толғау

  8. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. (2-3 минут)

2. Үй тапсырмасын сұрау. (10 минут)

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Модель қасиеттері қандай?

  3. Модельді қолдану қалай жүзеге асады?

  4. Компьютерде есепке модель құру дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ (15-20 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютерлік графика деп– графикалық ақпаратты дайындау, түрдендіру, сақтау және қолдану процесстерін автоматтандыру де түсініледі.

Құрылу тәсіліне қарай компьютерлік графика мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Растрлық

  • Векторлық

  • Үш өлшемді

  • Фрактальды

 Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.

Фотосуреттерде  де растрлық кескін сияқты сақталады.Егер машиналарыңа сканер қосылған болса,онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып,оларды дискіде растрлық кескін түрінде сақтауға болады. Сканер суретті «суретке түсіреді»де,оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.

Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да,кемшіліктері де бар.

Артықшылығы:растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуне, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді,  қажет болмаған жағдайда ішінара алып тастауға немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі:растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгертекен де,кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысылы,  кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде-кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерді жоғалтқандықтан)

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі-файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, соғұрлым үлкен болады.)

Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есепетеулерге негізделген.

Компьютерлік  графиканың қолданылу салалары.

Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.

Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.

Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жасалады. Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды. Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.

Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-обьектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика. Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде,есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу, экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және  т.с.с түрінде қолданылады. Білім беруде-мультимедиалық программалық құралдарда.

Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді-міне, осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегемен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график,диаграмма )жасалады.

Көркемдік және жарнамалық графика.Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін,мысалы,баспа өнімдерін,жарнама безендіру,фотосуреттерді бояу және өңдеу,мультфильмдер,бейнесабақтар,компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады.Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.

4. Жаңа сабақты бекіту. (5минут)

Бекіту сұрақтары:

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. Компьютерлік графиканың түрлері қандай?

  3. Графикалық файлдардың форматтары қандай?

  4. Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?

5. Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертулер айту.

6. Үй тапсырмасын беру: компьютерлік графика түрлері

7. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды біліміне, біліктілігіне байланысты бағалау.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров414
Номер материала ДБ-060569
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх