Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Компьютерлік техниканың даму үрдісі


библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Мақсаты:

Білімділік: Компьютерлік техниканың даму туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуге баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрi: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, дәлелдеу, сұрақ - жауап, талдау.

Сабақтың көрнекiлiктері: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: тарих, дене

Сабақ жоспары:


І. Оқушыларды ұйымдастыру /2 мин/

- Сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:

- «Кім мықты», /5 мин/

- «Адасқан «әріптер» /3мин/

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру /20 мин/

ІV. Жаңа сабақты қорытындылау:

- «Ақиқатты ақпарат», /5 мин/

- Сергіту сәті /1 мин/

- «Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар» /6 мин/

- «Кім білімді» / 2 мин/


V. Үйге тапсырма беру.

- Бағалау /1 мин/


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу

Бүгін біз информатикадан айлық апталығымыздың ашық сабағын бастаймыз. Сабақты бастамас бұрын мен сендерді екі топқа бөлемін. 1 топтың атын «Ақпарат», ал 2 топтың атын «Компьютер» деп қоямын.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

Алғашқы айдарымызды бастайық «Кім мықты» деп аталады.

Бұл айдарымызда үй тапсырмасы беріледі онда келесі слайдтағы сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауап берген оқушыға 4 ұпайдан беріліп отырады. /5 мин/


1. Компьютер дегеніміз не?

2. Ақпаратты қалай қорғауға болады?

3. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

4. Ақпарат дегеніміз не?

5. Қандай архиватор программасын білесің?

6. Ақпараттың қасиеттерін ата?

7. Адам ақпаратты қалай қабылдайды?

8. Вирустан қорғайтын программаларды не деп айтамыз?


Келесі айдарымыз «Адасқан әріптер» деп аталады, мұнда адасқан әріптерді табу арқылы сөз құрастыру керек. /3 мин/

Бұл бөлімде екі топқада тапсырма беріледі. Ойынның шарты бойынша мұнда қай оқушы тапсырмаларды дұрыс орындаса 5 ұпай беріледі.


1. Вирустан қорғау программасының түрі.

еврироз, дорокт, детторке


2. Қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда.

рақатап


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

І. Компьютерлік техниканың даму үрдісі /20 мин/

Компьютерлік техниканың дамуы оның ішкі құрылымдарының дамуына сәйкес өтуде. Өткен ғасырдағы жетпісінші жылдарды мини - компьютерлердің дамуы деп атасақ, одан кейін дербес компьютерлердің пайда болуы басталды да, жалпылай интернеттендірумен ғасыр аяқталды. Соңғы уақыттарда компьютерлік техниканың дамуының басты үрдісі ЭЕМ - нің экономикаға, саясатқа, ғылымға, білімге, денсаулық саласына, әскери мақсаттарға және күнделікті өмірге кеңінен енгізілуі болып табылады. Компьютер өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Оның қолданылу саласы ұлғая түсуде. Тіпті оқушылардың өзі үй тапсырмасын компьютердің көмегімен орындау үйреншікті жағдайға айналды.

Компьютердің дамуының бесінші ең күрделі буыны – виртуалды әлемде көріністің, қимылдың, дауыстың көмегімен адамға сезіну арқылы берілетін компьютерлер. Бүгінде мұндай компьютерлерді қолдану адамзаттың іс - әрекетінде кеңінен пайдаланып келеді, мысалы: жобалау мен дизайнда, пайдалы қазбаларды іздестіруде және өндіруде, әскери технологияларда, құрылыста, маркетинг пен жарнамада және т. б.

Компьютерлердің, байланыс құралдары мен тұрмыстық техникалардың үдемелі дамуы бір - бірін толықтырып, біріңғай кешенге айналуда. Әмбебап компьютерлердің орнын жаңа құрылғылар – смартфондар алмастыруда. Қалта компьютерлері көбеюде. Жаңа ЭЕМ - ді жасауда әсіресе қуатты компьютерлерге, оның ішінде, ықшам дербес компьютерлерге көп көңіл бөлінуде.

Қазіргі уақытта нейрокомпьютерлер базасына бөлінген ЭЕМ - нің алтыншы буынын жасауда ізденіс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шамамен 2020 - 2025 жылдары молекуларлық компьютерлік, кванттық компьютерлер, био компьютерлер және оптикалық компьютерлер шығарылуы әбден мүмкін.


Келесі айдарымыз «Ақиқатты ақпарат» деп аталады, яғни біз бүгін жаңа сабақты қорытындылаймыз. Сондықтан келесі сұрақтарға жауап беру қажет. Слайдқа назар аударыңыздар. Слайдтағы 5 сұрақтың біреуіне толық жауап беріп оны WordPad бағдарламасына енгізетін болса онда ол оқушыға 4 ұпай беріледі. /5 мин/

1. Компьютерлік үрдістің дамуы қай салада қолданылуда?

2. Компьютердің дамуының бесінші буыны қандай?

3. ЭЕМ негізгі буыны нешеге бөлінеді?

4. Қазіргі шығып жатқан компьютердің жаңа түрлерін атаңыздар

5. Болашақтағы компьютерлер қандай болмақ?


Осыдан кейін «Сергіту сәті» айдарында біз орнымыздан тұрып келесі жаттығуымызды бастаймыз. /1 мин/


Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.


Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.


Келесі айдарымыз “Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар”

Әр оқушыға мәтін теру бойынша жеке тапсырма беріледі. Сол тапсырманы жылдам жазып 5 минуттың ішінде аяқтау керек. Ойын шарты бойынша жылдам аяқтаған оқушыға 5 ұпай беріледі. /6 мин/

Соңғы айдарымыз «Кім білімді!» деп аталады. Мұнда слайдта суреттер беріледі. Сол суреттерді анықтап дұрыс атауларын айту керек. Әр жауапқа 5 ұпайдан беріледі.


V. Үйге тапсырма:

Компьютерлік техниканың үрдісі


Бағалау

Топ «Кім мықты» «Адасқан сөздер» «Ақиқатты ақпарат» «Кім білімді» Жалпы ұпай

«Ақпарат»

«Компьютер»

Топтағы белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.








































5 орта мектеп











«Компьютерлік техниканың даму үрдісі»

(Ашық сабақ)









Өткізген: Ж.Қ.Бегімбетова

Сынып: 6 «Б»

Мерзімі: 17.10.2014














2014-2015 оқу жылы

Шалқар қаласы



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Мақсаты:

Білімділік: Компьютерлік техниканың даму туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуге баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрi: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, дәлелдеу, сұрақ - жауап, талдау.

Сабақтың көрнекiлiктері: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: тарих, дене

Общая информация

Номер материала: 272462

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG