Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Компьютерлік вирустар" (8 класс)

"Компьютерлік вирустар" (8 класс)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар.


1. Білімділік: Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды осы тақырып бойынша информатикалық терминдерді

дұрыс айта білуге үйрету.

3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Мультимедиялық техникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Көрнекілігі: Оқулық, инетрактивті тақта, филипчать, электронды оқулық, үлестірмелі

карточкалар.

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

ІІІ. Материалды түсіндіру кезеңі


ІV. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.

  1. Бекіту кезеңі.

  2. Қорытындылау.

  1. Үйге тапсырма беру, бағалау



І. а) Оқушылармен амандасу

ә) Түгендеу

б) Назарларын сабаққа аудару. (1 мин)


ІІ. а) Компьютерлік вирус

ә) Компьютерлік вирустан емдеу жолдары таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ. (15 мин) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыптың мақсатын анықтау.

  • Балалар, адамдар ауырған сияқты компьютерлер де ауырады, олар көбінесе жұқпалы аурулар сияқты. Бұл ауруларды компьютерлік вирустар деп атайды.

Қазіргі заманда ел аузынан «Компьютеріме вирус түсті», «компьютерім вирустан ұшып кетті» т,с,с сөздерді естуге болады. Бұл не деген сөз? Компьютерге вирус қайдан түседі? Вирус түссе не істеміз? /проблемалық ситуация/

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған «көбейуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, шағын көлемді (200 ден 5000 байтқа дейін) компьютерлік программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Адамдарға жұқпалы аурулар бөгде ауырған адамдардан жұғады. Ал компьютерге «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файл арқылы түседі. Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" білінбейді.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады.

Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жүғатын" вирустар жиі кездеседі. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды.

Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда.

Кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол түрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін ВОЗ программаларына жабысады.

Қазіргі кезде 50-мыңнан астам вирус бар. Олар үш бөлікке бөлінеді:

  1. Мекендеу ортасы бойынша: Желілік, файлдық, жүктейтін.

  1. Зақымдау әдісі бойынша: Резиденттік, резиденттік емес.

  1. Зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті болып бөлінеді

Ә) Кез-келген әрекеттің қарсы әрекеті болады.

  • Адамдар ауырған кезде организмде қандай өзгерістер болады?

  • Ал, компьютерлік вирусқа қарсы әрекет бола ма? / жауап/

  • Вирустың пайда болуынан компьютерде мынандай өзгерістер болады:

Біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

  • кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

  • экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар;

  1. компьютердің баяу жұмыс істеуі.

  2. жұмыстың тоқталуы

  3. файлдар мен қапшықтардың жоғалуы.

  4. файлдардың өлшемдерінің өзгеруі.

  5. дискіде файлдардың санының кенеттен өзгеруі.

  6. ОЖ бос орынының өлшемінің кішіреюі

  7. компьютер жұмысының жаңылысуы.

  • Вирусты кім жасайды, олар қайдан пайда болады?

1 жолы. Оларды білікті бағдарламашылар қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін

2 жолы Антивирустық бағдарламаларды сатудан ақша табу мақсатынан жазады.

  • Адамдардың жұқпалы аурулары әр түрлі болады. Сондықтан әсер ету дәрежесіне байланысты компьютерлік вирустар әр түрлі болады.

  • қауіпсіз

  • қауіпті

  • өте қауіпті

  • Адамдар жұқпалы аурулардан қалай емделеді? (жауаптары)

Компьютерде дәрі-дәрмектердің ролін вирустық бағдарламалар атқарады. Олардың бірнеше типтері болады:

  • детектор-бағдарламалар

  • фактор немесе доктар-бағдарламалар

  • вакцина-бағдарламалар

  • ревизор-бағдарламалар.

  • фильтр-бағдарламалар.

Ескерту! Компьютерде вирус пайда болмау үшін адам өте ұқып-

ты, жауапты болу керек. Комплекстік профилактикалық

қорғау шараларын қолдану қажет.

"Ауырған" дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы

антивирустік программалар қажет

Компьютерлік вирустан емдеу жолдары.

Олармен күресу үшін вирусқа қарсы программалар жазатын мамандар бар, Д.Лозинский, Д.Мостовой, А.Данилов және т.б.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Бұл программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де оны зақымдалған уақытына дейінгі қалпына келтіреді. Ең көп тараған Aids test, Skan6 Norton AntiVirus, Doctor Wep және Касперски программалары.

/Вирус жұққан флэшка немесе дискетті антивируспен «емдеп» көрсету/


ІV. Сынып жұмысы. (4 мин) Балалар біз енді 2 -топқа бөлініп Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз осы бүлінген хатты қалпына келтіру.

1хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текістік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік матрицалық, сия бүріккіш.

V. Сабақты бекіту (5 мин)

Дебат өткізу. " Компьютерлік вирустар"

Сыныпты екі топқа бөлеміз. І топ (жақтаушы),

2 топ (даттаушы)

Осындай сұрақтар қоямыз:

  1. Компьютерлік вирустар керек пе, жоқ па?

  2. Компьютерлік вирустардың пайдасы, зияны?

ҮІ. Қорытынды. (5мин)


VІ. Үйге тапсырма, бағалау (5 мин)

Үйден вирусттың таралу жолдары мен шығу тарихы жайлы

Реферат жазып қорғау.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-018264

Похожие материалы