Инфоурок / Информатика / Презентации / Компьютерлік желілер .ppt (11 сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Компьютерлік желілер .ppt (11 сынып)

библиотека
материалов
Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер; Компьютерлік желілердің жікте...
1. Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер Компьютерлік желілер (Compu...
Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар, олардың 80 %-дан артығы әр т...
Компьютерлерді желіге біріктіру себептері: 1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіг...
3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуни...
Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты: Әрбір тұтынушыға желідег...
Желіге қойылатын талаптар Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы; Қауіпсіз және сен...
2. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы) Желілер мынадай қасиетт...
Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді: Жергіл...
Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер: бөлімдер желісі...
ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:
Әр топологияның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар: Толық байланысты топ...
Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, жел...
Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта...
Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі: БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН...
БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады: Кл...
Бір жергілікті желіде бірнеше ерекшеленген (выделенный) сервер болуы мүмкін....
Бір орталықтан басқарылатын жергілікті компьютер желісі (шиналық топология) :...
қызмет саласына қарай: банк желісі, ғылыми мекемелер желісі, университет жел...
атқаратын қызметіне байланысты: есептеу желісі - берілген мәліметті өңдеу тә...
3. Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері Желі құрамындағ...
А) Компьютердегі стандартты аппараттық жабдықтамалар – желі тұтынушысының шет...
Ә) Коммуникациялық жабдықтар. Желідегі мәлімет өңдейтін негізгі элемент компь...
Оларға модемдер, кабель жүйелері, көпірлер (мосты), коммутаторлар, маршрутиз...
Б) Желінің программалық жабдықтамалары - бұлар операциялық жүйелер немесе си...
В) Ең соңғы сатыға желідегі қолданбалы программалар жатады. Олар: желілік мәл...
4. Желілік технологиялар Желілік технология – компьютерлік желі құруға қажетт...
Желілік технологиялардың кең тараған түрлері: Arcnet (Attached ResourceComput...
Бұл технология бойынша мәлімет тасымалдау жылдамдығы – 2,44 Мегабит/сек, тасы...
Ethernet технологиясында шиналық топология-ны қолданып, мәліметті бірден барл...
Token Ring технологиясын IBM фирмасы ұсынған. Мәлімет тасу орталығы – есілген...
Ethernet және Token Ring технологияларының салыстырмалы сипаттамалары Сипатта...
Желідегі компьютерлерді байланыстыру проблемалары Байланыс арналарындағы сигн...
5. Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар Байланыс арналары мен интерфейстер...
Байланыс арналары
Интерфейстер RJ-45 интерфейсі BNC интерфейсі
Желілік карта Желілік карта желі операциялық жүйесі арқылы келген командалар...
Коаксиальды кабельмен қосылған желі схемасынан мысал Технологиясы: Ethernet 1...
Трансивер Трансивер тікелей кабельге жалғанып орнала-сады да, компьютердің же...
Қайталауыш Қайталауыштар бірдей немесе әртүрлі құрылғыларды пайдаланатын сегм...
Концентратор MicroHub TP1008C Концентратор деп физикалық түрде бірнеше байлан...
Үш портты концентратор схемасы
Концентраторлы желі мысалы
Көпір Көпір желінің жалпы мәлімет тасу ортасын бөліктерге бөліп тұрады да, ол...
Көпірді пайдалану мысалы
Коммутатор Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ мұның жұмыс өнімділігі жоғ...
Коммутаторды пайдалану мысалы
Маршрутизатор Cisco 2500 Маршрутизатор көпір мен коммутаторға қарағанда желін...
Маршрутизаторды пайдалану мысалы
Бір мәлімет бөлігінің (пакетінің) желі бойынша жеткізілу процесі
Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар инсти...
Халықаралық стандарттау институтының ISO ұсынысы бойынша компьютерлердің өзар...
Байланысу моделінің деңгейлері
Байланысу моделінің деңгейлері
ISO/OSI моделінде әртүрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың...
3.   Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды ж...
7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. М...
Әрбір деңгей жоғарыдағы модельмен анықталған өз қызметтерін (функцияларын) а...
Протокол (хаттама) – бір деңгей аймағындағы жүйелер арасында мәлімет алмасу ә...
Сонымен протокол (хаттама) деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олар...
Желі құрылғылары протоколдар бекіткен ережелерді мүлтіксіз орындау арқылы мә...
63 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Описание слайда:

Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер

№ слайда 2 Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер; Компьютерлік желілердің жікте
Описание слайда:

Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер; Компьютерлік желілердің жіктелуі; Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері; Компьютерлердің өзара қатынасу деңгейлері мен желінің мәлімет алмасу хаттамалары (протоколдары)

№ слайда 3 1. Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер Компьютерлік желілер (Compu
Описание слайда:

1. Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) – берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

№ слайда 4 Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар, олардың 80 %-дан артығы әр т
Описание слайда:

Бүгінде әлемде 130 млн-нан аса компьютерлер бар, олардың 80 %-дан артығы әр түрлі ақпа-раттық-есептеу желілеріне біріктірілген. Мәліметтерді тасымалдаудың компьютерлік желілері болашақта коммуникацияның негізгі құралы болады.Желілерде ақпаратты тасымал-дау жылдамдығы жоғары, жұмыс орнында отырып-ақ хабарлама алу/жөнелту, жер шары-ның кез келген нүктесінен керекті ақпаратты жылдам алу мүмкіндігі, әр түрлі компьютерлер арасында және әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу, т.с.с. әрекеттер орындала береді

№ слайда 5 Компьютерлерді желіге біріктіру себептері: 1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіг
Описание слайда:

Компьютерлерді желіге біріктіру себептері: 1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM-ға немесе стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану, - бір принтерге, плоттерге нәтижелер шығару, - ортақ сканерді қолданып, информация көшірмелерін кезекпен алып отыру. Бұлар әр тұтынушының сол құрылғыларға жіберетін шығындарын азайтады. 2) қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т.б.) ортақ дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға болады.

№ слайда 6 3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуни
Описание слайда:

3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуника-циялық қызметтер түрі, мәліметтер, бейне суреттер және дыбыстық құжаттармен алмасу, т.б.) пайдалануға жол ашылады. Мәліметтерді жекелеп кезектесіп өңдеу ісін ұйымдастырудың маңызы артады. Информацияны бөлмей бір орында сақтап отыру оны тұтас көшіріп алу немесе сол толық қалпында ұстау мүмкіндіктерін жеңілдетеді.

№ слайда 7 Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты: Әрбір тұтынушыға желідег
Описание слайда:

Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты: Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру. Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.

№ слайда 8 Желіге қойылатын талаптар Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы; Қауіпсіз және сен
Описание слайда:

Желіге қойылатын талаптар Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы; Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы; Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы; Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы; Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.

№ слайда 9 2. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы) Желілер мынадай қасиетт
Описание слайда:

2. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы) Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі: географиялық қамтылу аймағына қарай; өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты; топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай; басқарылуына байланысты.

№ слайда 10 Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді: Жергіл
Описание слайда:

Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді: Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін). Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) – бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі. Аймақтық, интранет(региональный -Metropolitan Area Network MAN) – бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

№ слайда 11 Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер: бөлімдер желісі
Описание слайда:

Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер: бөлімдер желісі; кампустар желісі; корпоративтік желілер тәрізді топтарға бөлінеді

№ слайда 12 ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:
Описание слайда:

ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14 Әр топологияның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар: Толық байланысты топ
Описание слайда:

Әр топологияның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар: Толық байланысты топология ең қымбаты, бірақ ең сенімді жұмыс істейтін топология, оның бір байланыс арнасы істен шыққанмен, мәлімет басқа арналық жолдармен жеткізіле береді.

№ слайда 15 Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, жел
Описание слайда:

Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.

№ слайда 16 Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта
Описание слайда:

Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айна-лыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады.

№ слайда 17 Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі: БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН
Описание слайда:

Басқарылу тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі: БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІ, МҰНДА БІР КОМПЬЮТЕР-СЕРВЕР ЖЕЛІ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРАДЫ. Сервер – арнайы программалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады. БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) – МҰНДА ЖЕЛІНІ БАСҚАРУДА БАРЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛЕР ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ. Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.

№ слайда 18 БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады: Кл
Описание слайда:

БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады: Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа). Сервер – басқаға қызмет көрсе-тетін объект.

№ слайда 19 Бір жергілікті желіде бірнеше ерекшеленген (выделенный) сервер болуы мүмкін.
Описание слайда:

Бір жергілікті желіде бірнеше ерекшеленген (выделенный) сервер болуы мүмкін. Оларда мәліметтерді таралған түрде өңдеу (распреде-ленная обработка) жүзеге асырылады. Атқара-тын қызметіне қарай серверлердің бірнеше типтері болады: Файлдық сервер; Баспа сервері; Қолданбалы программалар сервері; Мәліметтер базасы сервері; Коммуникациялық сервер, т.с.с.

№ слайда 20 Бір орталықтан басқарылатын жергілікті компьютер желісі (шиналық топология) :
Описание слайда:

Бір орталықтан басқарылатын жергілікті компьютер желісі (шиналық топология) : Мұнан әрбір компьютердің (жұмыс станцияларының) тек сервер арқылы ортақ принтерді пайдаланып, ортақ дискідегі мәліметтерге қол жеткізіп, басқа желілермен байланыса алатынын көреміз.

№ слайда 21 қызмет саласына қарай: банк желісі, ғылыми мекемелер желісі, университет жел
Описание слайда:

қызмет саласына қарай: банк желісі, ғылыми мекемелер желісі, университет желісі, т.б.; жұмыс түріне байланысты: коммерциялық немесе тегін желі, корпоративті және жалпы мақсаттағы желілер; Желілерді жіктеудің басқа да түрлері бар, мысалы:

№ слайда 22 атқаратын қызметіне байланысты: есептеу желісі - берілген мәліметті өңдеу тә
Описание слайда:

атқаратын қызметіне байланысты: есептеу желісі - берілген мәліметті өңдеу тәсіліне қарай басқару есептерін шығаруға арналған; информациялық желі - тұтынушылардың сұранысы бойынша әр түрлі мәлімет алуға арналған; аралас желі – есептеу және информациялық функциялар қатар орындалатын желілер, т.б.

№ слайда 23 3. Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері Желі құрамындағ
Описание слайда:

3. Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері Желі құрамындағы негізгі элементтер: Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер). Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары). Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix). Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы).

№ слайда 24 А) Компьютердегі стандартты аппараттық жабдықтамалар – желі тұтынушысының шет
Описание слайда:

А) Компьютердегі стандартты аппараттық жабдықтамалар – желі тұтынушысының шеткі жүйесі болып табылатын компьютер немесе терминалдық құрылғы (кез келген мәлімет енгізу-шығару немесе информация бейнелеу құрылғысы). Олар хост-машина-мен байланысады. Хост-машина деп желі тораптарында (түйіндерінде) орналасатын негізгі компьютерлерді айтады. Желінің программалық-аппараттық құралдарын бірнеше сатыға бөлінген модельмен беруге болады, олар:

№ слайда 25 Ә) Коммуникациялық жабдықтар. Желідегі мәлімет өңдейтін негізгі элемент компь
Описание слайда:

Ә) Коммуникациялық жабдықтар. Желідегі мәлімет өңдейтін негізгі элемент компьютер мен оның программалары болғанмен, соңғы кездерде коммуникациялық құрылғылар да компьютер тәрізді маңызды рөл атқара бастады.

№ слайда 26 Оларға модемдер, кабель жүйелері, көпірлер (мосты), коммутаторлар, маршрутиз
Описание слайда:

Оларға модемдер, кабель жүйелері, көпірлер (мосты), коммутаторлар, маршрутизаторлар, модульдік концентраторлар, т.б. жатады. Қазіргі кезде коммуникациялық құрылғылар арнайы күрделі мультипроцессор түрінде де кездеседі, сондықтан оларға конфигурациялау, оптимиза-циялау және администрациялау істерін жүргізу керек.

№ слайда 27 Б) Желінің программалық жабдықтамалары - бұлар операциялық жүйелер немесе си
Описание слайда:

Б) Желінің программалық жабдықтамалары - бұлар операциялық жүйелер немесе системалар (ОС). Жергілікті немесе аймақтық желі ресурстарын басқару негізіне алынған ОС типіне қарай жалпы желінің жұмыс тиімділігі де өзгеріске ұшырайды Желіні жобалау кезінде таңдап алынған ОС-тің басқа ОС-термен қалай дұрыс байланыса алатындығы, оның мәліметтерді сақтау, қорғау мүмкіндігі, қай деңгейге дейін тұтынушылар санын көбейте алатындығы, ОС-тің басқа компьютерге жеңіл көшірілетіні және т.б. қасиеттері есепке алынады.

№ слайда 28 В) Ең соңғы сатыға желідегі қолданбалы программалар жатады. Олар: желілік мәл
Описание слайда:

В) Ең соңғы сатыға желідегі қолданбалы программалар жатады. Олар: желілік мәліметтер базасы, пошта жүйесі, мәліметтерді сығу (архивтеу) программалары, ұжымдық жұмысты автоматтандыру жүйелері, т.б.

№ слайда 29 4. Желілік технологиялар Желілік технология – компьютерлік желі құруға қажетт
Описание слайда:

4. Желілік технологиялар Желілік технология – компьютерлік желі құруға қажетті стандартты протоколдар мен солардың жұмысын жүзеге асыратын программалық-аппараттық құралдар жиыны. Протоколдар (хаттамалар) – мәлімет тасымал-даудың алдын ала бекітілген заңдылықтары мен ережелері жиыны, яғни мәлімет беру/алу кезінде екі компьютер арасында тағайындалған келісімдер жиыны.

№ слайда 30 Желілік технологиялардың кең тараған түрлері: Arcnet (Attached ResourceComput
Описание слайда:

Желілік технологиялардың кең тараған түрлері: Arcnet (Attached ResourceComputer NETWork); Ethernet; Token Ring. Arcnet – арзан, қарапайым сенімді жұмыс істей-тін технология. Мұнда “шина” және “жұлдыз” топологиялары қолданылады. Мұнда маркерлік шина (Token bus) арқылы басқару тәсілі қолда-нылады, яғни бір компьютер маркер жібереді. Сол маркер алынған соң, желідегі құрылғылар-дың тек біреуі ғана мәлімет жібере алады. Ол маркерге өз мәліметін және адрестерін қосып ары қарай жөнелтеді.

№ слайда 31 Бұл технология бойынша мәлімет тасымалдау жылдамдығы – 2,44 Мегабит/сек, тасы
Описание слайда:

Бұл технология бойынша мәлімет тасымалдау жылдамдығы – 2,44 Мегабит/сек, тасымалдау үшін коаксиальды кабель, есілген қоссым, оптоталшықты кабельдердің бірі пайдаланыла береді. Бұл технологияның өз желілік адаптері болады. Адаптердің кабель қосылатын разъемы – ажыра-тып/қосқышы бар. Әрбір адаптердің осы желіге арналған өзіндік нөмірі (0-255) болады.Адаптер орнатылғанда сол нөмірді де сәйкестендіріп қою керек. Мәлімет беру қашықтығы 6 км, бірақ жылдамдығы төмен (2,44 мбит/с).

№ слайда 32 Ethernet технологиясында шиналық топология-ны қолданып, мәліметті бірден барл
Описание слайда:

Ethernet технологиясында шиналық топология-ны қолданып, мәліметті бірден барлық желі компьютерлеріне (станцияларына) береді. Бірақ оны адресіне сәйкес тек біреуі ғана қабылдайды. Бұл технология желіге компьютерлерді біріктіріп тұратын концентраторларды және интерфейстік желі тақшасын керек етеді, олар бірігіп орнала-сады. Көбінесе арнайы кабельдер және телефон арналары қолданылады. Мәлімет тасу жылдам-дығы 10 мегабит/c, бірақ жаңа мүмкіншіліктер пайда болуына байланысты (оптоталшық) жыл-дамдығын өсіруге болады.

№ слайда 33 Token Ring технологиясын IBM фирмасы ұсынған. Мәлімет тасу орталығы – есілген
Описание слайда:

Token Ring технологиясын IBM фирмасы ұсынған. Мәлімет тасу орталығы – есілген қоссым және оптоталшықты кабель. Мәлімет тасу жылдамдығы – 4 Мбит/с және 16 Мбит/с. Мәлімет тасымалдауда маркерлі сақина қолданылады. Топологиясы - сақиналы не жұлдыз. Мәлімет тасу қашықтығы - 120 м (бір ғимаратта).

№ слайда 34 Ethernet және Token Ring технологияларының салыстырмалы сипаттамалары Сипатта
Описание слайда:

Ethernet және Token Ring технологияларының салыстырмалы сипаттамалары Сипаттамалары Ethernet Token Ring Мәлімет тасу жылдамдығы 10 Мбит/сек 16 Мбит/сек Топология Шина/Жұлдыз Жұлдыз/Сақина Қатынасу тәсілі Кездейсоқ Маркерлі Мәлімет тасу ортасы Коаксиал, есілген қоссым,оптоталшық Есілген қоссым, оптоталшық Желінің максималды ұзындығы 2500 м 4000 м Желі тораптарының ең үлкен ара қашықтығы 2500 м 100 м Желі тораптарының ең үлкен саны 1024 260

№ слайда 35 Желідегі компьютерлерді байланыстыру проблемалары Байланыс арналарындағы сигн
Описание слайда:

Желідегі компьютерлерді байланыстыру проблемалары Байланыс арналарындағы сигналдарды сәйкестендіру Тасымалдау ортасымен қатынас құру ережелерін анықтау Информацияны тасымалдау сенімділігін арттыру Информацияны тасымалдау маршрутын және адрестеу тәсілдерін анықтау

№ слайда 36 5. Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар Байланыс арналары мен интерфейстер
Описание слайда:

5. Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар Байланыс арналары мен интерфейстер Желілік карта (Сетевая карта) Трансивер (transceiver) Қайталауыш (Repeater) Концентратор (Hub) Көпір (Мост-Bridge) Коммутатор (Switch) Маршрутизатор (Router)

№ слайда 37 Байланыс арналары
Описание слайда:

Байланыс арналары

№ слайда 38 Интерфейстер RJ-45 интерфейсі BNC интерфейсі
Описание слайда:

Интерфейстер RJ-45 интерфейсі BNC интерфейсі

№ слайда 39 Желілік карта Желілік карта желі операциялық жүйесі арқылы келген командалар
Описание слайда:

Желілік карта Желілік карта желі операциялық жүйесі арқылы келген командалар мен мәліметтерді қабылдап, оларды бір стандартты форматқа түрлендіріп, оны картаға жалғанған кабель арқылы ары қарай жібереді. Әрбір картаның айрықша өз нөмірі болады.

№ слайда 40 Коаксиальды кабельмен қосылған желі схемасынан мысал Технологиясы: Ethernet 1
Описание слайда:

Коаксиальды кабельмен қосылған желі схемасынан мысал Технологиясы: Ethernet 10 Мбит/с Байланыстыру арнасы: Коаксиалды кабель

№ слайда 41 Трансивер Трансивер тікелей кабельге жалғанып орнала-сады да, компьютердің же
Описание слайда:

Трансивер Трансивер тікелей кабельге жалғанып орнала-сады да, компьютердің желілік картасы арқы-лы қоректенеді. Трансивер желілік картаға AUI (Attachment Unit Interface) типті интер-фейстік кабельмен қосылып тұрады.

№ слайда 42 Қайталауыш Қайталауыштар бірдей немесе әртүрлі құрылғыларды пайдаланатын сегм
Описание слайда:

Қайталауыш Қайталауыштар бірдей немесе әртүрлі құрылғыларды пайдаланатын сегменттерді байланыстырады, сигналдарды алғашқы қалпына келтіріп, мәліметті тасымалдау қашықтығын арттырады, информацияны екі бағытта да өткізеді. Қайталауыштар коаксиалды кабельді пайдаланатын желілерді кеңейтіп. олардың мүмкіндігін арттырады. ER-200

№ слайда 43 Концентратор MicroHub TP1008C Концентратор деп физикалық түрде бірнеше байлан
Описание слайда:

Концентратор MicroHub TP1008C Концентратор деп физикалық түрде бірнеше байланыс арналарын біріктіріп тұратын бірнеше порттары бар қайталауышты айтады. Концентратор желінің физикалық топологиясын өзгертеді, бірақ оның логикалық топологиясы өз-гермейді. Егер оның бір портына мәлімет келіп түссе, ол оны көбейтіп барлық басқа порттар арқылы жөнелтеді.

№ слайда 44 Үш портты концентратор схемасы
Описание слайда:

Үш портты концентратор схемасы

№ слайда 45 Концентраторлы желі мысалы
Описание слайда:

Концентраторлы желі мысалы

№ слайда 46 Көпір Көпір желінің жалпы мәлімет тасу ортасын бөліктерге бөліп тұрады да, ол
Описание слайда:

Көпір Көпір желінің жалпы мәлімет тасу ортасын бөліктерге бөліп тұрады да, ол келіп түскен мәліметті басқа сегментке тек адресіне байланысты жөнелтіп отырады.

№ слайда 47 Көпірді пайдалану мысалы
Описание слайда:

Көпірді пайдалану мысалы

№ слайда 48 Коммутатор Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ мұның жұмыс өнімділігі жоғ
Описание слайда:

Коммутатор Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ мұның жұмыс өнімділігі жоғары, өйткені көпір бір мезетте тек екі порт арасын ғана байланыстырады. Ал коммутатор өзіндегі барлық порттар арасын бірден байланыстыра алады.

№ слайда 49 Коммутаторды пайдалану мысалы
Описание слайда:

Коммутаторды пайдалану мысалы

№ слайда 50 Маршрутизатор Cisco 2500 Маршрутизатор көпір мен коммутаторға қарағанда желін
Описание слайда:

Маршрутизатор Cisco 2500 Маршрутизатор көпір мен коммутаторға қарағанда желінің мәлімет тасу ортасын өте тиімді бөліктерге бөледі. Ол келесі желі торабын адреске қарап тауып, әрбір мәліметтің ең ыңғайлы маршрутын таңдап алады, т.с.с. Желі күрделі болған сайын маршрутизатордың жұмыс тиімділігі де арта түседі.

№ слайда 51 Маршрутизаторды пайдалану мысалы
Описание слайда:

Маршрутизаторды пайдалану мысалы

№ слайда 52 Бір мәлімет бөлігінің (пакетінің) желі бойынша жеткізілу процесі
Описание слайда:

Бір мәлімет бөлігінің (пакетінің) желі бойынша жеткізілу процесі

№ слайда 53 Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар инсти
Описание слайда:

Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар институ-тының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсыныстарына байланысты жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісі OSI (ашық жүйелердің әрекеттесу моделі — Model of Open System Interconnections) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSI моделіне сәйкес мәлімет алмасу схемасы 7 сатыға бөлініп қарастырылады. Олардың жоғарғысы қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі–физикалық деңгей болып саналады. 5. Компьютерлердің байланысу деңгейлері мен желідегі мәлімет тасу протоколдары

№ слайда 54 Халықаралық стандарттау институтының ISO ұсынысы бойынша компьютерлердің өзар
Описание слайда:

Халықаралық стандарттау институтының ISO ұсынысы бойынша компьютерлердің өзара байланысуы 7 деңгейден тұратыны айтылған болатын, олар: 1-физикалық, 2-каналдық, 3-желілік, 4- транспорттық, 5-сеанстық, 6-мәліметтерді ұсыну деңгейі, 7-қолданбалы деңгей қолданбалы —тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы деңгей. физикалық— құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі деңгей.

№ слайда 55 Байланысу моделінің деңгейлері
Описание слайда:

Байланысу моделінің деңгейлері

№ слайда 56 Байланысу моделінің деңгейлері
Описание слайда:

Байланысу моделінің деңгейлері

№ слайда 57 ISO/OSI моделінде әртүрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың
Описание слайда:

ISO/OSI моделінде әртүрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы мәлімет тасымалданады. 1.   Тұтынушы алғашқы қолданбалы деңгейде өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды. 2.   Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұр-ғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.

№ слайда 58 3.   Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды ж
Описание слайда:

3.   Келесі сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады. 4.     Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамала-ры талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы фор-матқа (пакеттерге) түрлендіріледі. 5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану марш-руты анықталып, пакеттер адреспен толықтырыла-ды. Енді олар бір-бірінен тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді.

№ слайда 59 7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. М
Описание слайда:

7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерін-де осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқы-лы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жо-лымен атқарылады. 6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.

№ слайда 60 Әрбір деңгей жоғарыдағы модельмен анықталған өз қызметтерін (функцияларын) а
Описание слайда:

Әрбір деңгей жоғарыдағы модельмен анықталған өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, мәліметті келесі деңгейге беріп отырады.Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір деңгейінің өзіне ғана тән протоколы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады.

№ слайда 61 Протокол (хаттама) – бір деңгей аймағындағы жүйелер арасында мәлімет алмасу ә
Описание слайда:

Протокол (хаттама) – бір деңгей аймағындағы жүйелер арасында мәлімет алмасу әрекеттерін анықтау ережелері. Интерфейс – төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялары жиыны. Протоколдар стегі (тізімі) – бұл жүйе-лерді байланыстыруды ұйымдастыруға керекті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.

№ слайда 62 Сонымен протокол (хаттама) деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олар
Описание слайда:

Сонымен протокол (хаттама) деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олармен орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын ережелер жиынын айтады. Ол байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналардағы кедергілерді азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасында қатесіз мәлімет тасымалдау ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген протоколдан немесе солардың жиынынан тұрады.

№ слайда 63 Желі құрылғылары протоколдар бекіткен ережелерді мүлтіксіз орындау арқылы мә
Описание слайда:

Желі құрылғылары протоколдар бекіткен ережелерді мүлтіксіз орындау арқылы мәлімет қабылдау және жөнелту істерін орындайды.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-269142

Похожие материалы