Инфоурок Информатика Другие методич. материалыКомпьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі. Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері. 8 сынып

Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі. Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері. 8 сынып

Скачать материал

 

Күні: 23-29.03.16

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Джалмағанбетова Р

8 «а, ә, б, в, г, д»

Оқу-ісінің меңгерушісі   

               ________ Е.Дайнашов

Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі. Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері.

Жалпы мақсаты

Компьютерлік байланыс және компьютерлік желі ұғымы,  оның түрлері  туралы, интернет ресурстарын, интернет қызметтерін үйрету

Күтілетін нәтижелер

«Компьютерлік желі» ұғымдарымен, желілердің түрлері және желілердің атқаратын қызметтері туралы біледі.

Желіге қосылған компьютер атауларын анықтау және желілік қорға қатынау жолдарын, компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдарын түсінеді.

Күнделікті өмірде компьютерлік желілердің түрлерін ажыратып, оларды қолдана алады.

Тапсырмалар,

әдіс-тәсілдер:

Жеке, топтық жұмыс, АКТ.

Керекті жабдықтар

Информатика оқулығы, интерактивті тақта, компьютер.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

ІІ.Үй тапсырмасы

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Microsoft Excel программасы деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?
2. Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
3. Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар?
4. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.
5. Бағандық диаграмманың басқаша атауы.
6. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді.
7. Excel - де формула қандай белгі арқылы басталады?
8. Формулаларда ұяшық мекенжайына арналған қандай сілтемелер қолданылады?
9. Функция шеберін қалай шақырамыз?
10. Диаграмма элементтерін атаңдар.

Жаңа сабақ:

Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екні немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.
Компьютерлік желі дегеніміз
  ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.
Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем 
(МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.
Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық  кеңістіктіИнтернет деп атайды.
Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон джелісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды.Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:телефон, радио, релелік байланыс, талшықты – оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.
Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты.
Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды.
Жергілікті желілер
Жергілікті желі
 – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет.
Желілік адаптер
 – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Коммутатор  мен концентратор
 ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.
Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі),  яғни тең дәрежелі желі.
Сервер – 
ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:
1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.
3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.
Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:
– ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдалнушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу;
– бірнеше пайдалнушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;
– электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;
– желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;
 – Интернетке қосылу мүмкіндігі.
Ортақ  деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады.
Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.

Қорытынды

Жинақтау

 

1.Компьютерлік желі дегеніміз не?
2.Жергілікті желінің қызметі қандай?
3.
Корпоративті және аймақтық желлер деген не?
4.Шлюз деп нені атайды?
5.Желілік құрылғыға не жатады?
6.Желілік адаптердің қызметі қандай?
7.Интернетке қандай анықтама беруге болады?

Бағалау

Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалайды  оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. Бірін –бірі бағалайды  Формативті бағалау

Үйге тапсырма

Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі. Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері. 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 836 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2016 2491
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джалмаганбетова Раушан Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 182726
    • Всего материалов: 61

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 714 человек

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 583 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 939 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе