Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / КОМПЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ БАЛА ПСИХОЛГИЯСЫНА ӘСЕРІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

КОМПЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ БАЛА ПСИХОЛГИЯСЫНА ӘСЕРІ

библиотека
материалов

ӘОЖ 174.6 КОМПЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ БАЛА ПСИХОЛГИЯСЫНА ӘСЕРІ


Есембекова Кундуз Жуанышевна, www.kundyz.kz1@mail.ru, Қарағанды «Болашақ» Университетінің студенті, Қарағанды, Қазақстан Ғылыми жетекші- Дандыбаева А.С


Қазіргі таңда біз қаласақ та, қаламасақ та, баланы компьютерден, МР-3, MP-4, i-Pod пен ұялы телефондардан тыс елестету қиын. Басқасын былай қойғанда, мектеп қабырғасында жүргізілетін біраз пәндердің тапсырмалары компьютерсіз орындалмайды. Себебі «Интернеттен біраз қосымша ақпараттар жинап барып, үй тапсырмасын ойдағыдай орындауға болады», – дейді мамандар. Байқап отырсаңыз, компьютер, интернет жөніндегі біздің алғашқы сөзіміздің өзі оның пайдасын айтудан басталып кеткен екен.

Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.

Ғаламтордың тек пайдалы жағын ғана емес, бір уақыт зиянды жағын да айта отырған абзал. «Әнім де сен – агент, сәнім де сен – агент» деген әуен күн сайын салмақтанып, өзекті мәселелердің біріне айналып барады. Тек, біз ғана емес, компьютер ойынын жастарына насихаттаған басқа елдер де бұған бүгінгі таңда алаңдаулы. Оған біраз мысалдарымыз да дайын: 2002 жылы наурыз айында 21 жастағы американдық Шон Вили виртуалды EverQuest онлайн ойынында жеңіліске ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсаған болатын. Ол ол ма, шетелде 17-18 жастағы жеткіншектер арасында айлап далаға шықпайтыны көп кездеседі. Тіпті, кейбіреулері онлайн ойыннан бір сәтке де қол үзбес үшін агорафобиямен (ашық кеңістіктен қорқу) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысқан екен. Психологтардың зерттеуінше, компьютерде ойнағанда адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жақсы жұмыс істейтін көрінеді. Ал, көгілдір экран бетіне үңіліп, ойынға берілген адам бүкіл дүниені ұмытып, ессіз күйге түседі.

Ол аз десеңіз, балалар соңғы кезде етек алған тендонит деп аталатын дертке ұшырауда. Психологтардың зерттеуінше, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жұмыс істейді екен. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде іс-қимыл траекториясы мен қашықтықты есептеуде қателіктерге бой алдырады. Себебі 3D – бейнелер кеңістігі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды.

Компьютердегі атыс-шабыс, төбелес сияқты ойындардың зияны талай айтылып жүр. Футбол ойнағанда алдымен адам көз жанары құрып, жүйкесі нашарлап, жан дүниесі құлдырай бастайды екен. Бұл өзгеріс көзге көрінбейді, тіпті, сезілмейді де.

Алайда тек 2002 жылы наурыз айында 21 жасар америкалық Шон Вили виртуалды ЕverQuest онлайн ойынында жеңіліске ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсағаннан кейін ғана әлем дәрігерлері дабыл қақты. Қазіргі кезде ғаламторға еркін ену мүмкіндігі бар 17-18 жас шамасындағы жеткіншектердің арасында дәл осы компьютерлік ойындар үшін айлап далаға шықпайтындары да кездеседі. Тіпті, кейбіреулері он-лайн ойынынан бір сәтке де қол үзбес үшін агорафобиямен (ашық кеңістіктен қорқу) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысқан екен.

Психологтардың зерттеуінше, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жұмыс істейді екен. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде іс-қимыл траекториясы мен қашықтықты есептеуде қателіктерге бой алдырады. Себебі, 3D-бейнелер кеңістігі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды.

Осының кесірінен физикалық іс-әрекетке тек адам саусақтары түсіп, тендонит — қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде пайда болатын дертке ұшырайды. Әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір екінші адам осы аурумен ауыратын көрінеді.

Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді. Ол ас ішу уақытын өткізіп, ұйқы тәртібін бұзып, сыртқы келбеті мен жеке гигиенасына аз уақытын бөледі. Сөйтіп, саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап, бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің мазмұны өзгеріп, арқасы да сыр бере бастайды. Компьютерлік ойындарды көп ойнайтын адамдар көп жағдайда мойын остехондрозы, геморрой және простатит ауруларына ұшырайды.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.

Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы.

Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша, бүкіләлемдік шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жазғы демалыста жеткіншектердің ғаламторды пайдалануын зерттегендер айтады: «Биыл жасөспірімдердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 19 пайызы парносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды тамашалаған, 16 пайызы нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген» - деп. Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің өзіне-өзінің қол жұмсауының бір сыры осында жатқан тәрізді.

Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда есте болатын бір жағдай, он жасқа дейінгі балалар ата-анасы рұхсат берген сайттарға ғана енуге тиіс. Бұл ақпараттық технологиялар мамандарының, дәрігерлердің талабы. Ең бастысы, кәмелетке жасы толмаған балалардың электронды поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші, сол баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Әсіресе, балалар он төрт жасқа толғанында өз-өзімен болып, оқшаулана бастағанында, ата-анасы олардың беймәлім адамдармен ғаламтор арқылы танысуына жол бермеуге міндетті. Мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ ассақ, ғаламтор балаларға қауіпсіз болсын десек, оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, спамфильтр орнатуымыз, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыруымыз керек. Баламыздың ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыруымыз да – ата-аналық парызымыз.

Сонымен бірге компьютерді пайдалану үдерісінде жиі-жиі үзіліс жасап, оған балама іс-әрекеттермен бала уақытын толтырған жөн екен.

Мысалы, «Ана мен бала» сайтында мынандай кеңес берілген: «3-4 жастағы дені сау балалар үшін күнделікті компьютерді пайдалану уақыты 10-15 минуттан аспауы керек. Ал 5-6 жастағы балалар үшін 20-30 минут, 7-8 ж. балалар үшін 40-60 минут, 9-12 ж. балалар үшін 1-1,5 сағат мөлшерінде монитор алдында отыруға болады. Жеті жасқа дейінгі балаларды аптасына 3-4 реттен артық отырғызбауға тырысыңыз. Балаңыздың ұйқысы тыныш болуы үшін кешке немесе ұйықтар алдында оны компьютерге жақындатпау керек». Бұл ақыл дұрыс-ақ делік. Ал іс жүзінде ата-аналар сол компьютер алдында отыратын уақытты шектеуде балаларына әлдері келмей жатқаны шындық.

Енді негізінен компьютерлік ойынға тәуелді болып қалатын адамдардың мінез-құлқы мен әдеттеріне тоқтала кетейік. Әдетте компьютерлік ойындардан арқандаулы бұзаудай шыр айналып шыға алмай қалатындар өзіне сенімсіз, жалтақ, жуас, жеке жүретін бұйығы балалар. Ол айналасындағы адамдардан дос таппай, іштей өзін жалғыз, қорғансыз, керексіз сезінетіндіктен ол қоғамнан оқшауланып, өзініңәлемін – виртуалды әлемді ашады. Виртуалды әлем шын мәнінде жоқ, иллюзиялық дүние болғанымен, ол сол ғажайып ғаламда «өмір сүреді». Сондай-ақ компьютерлік ойындарға тәуелділік бойында құмарпаздық, еліктегіштік, өз еркін билеу дәрежесі төмен мінез-құлқы тән адамдарды тез меңдейді. Бұл кесел, әсіресе балалардыңөтпелі кезеңінде тез жабысады. Өйткені бұл кезеңде ол ата-анасының кейбір шектеулерімен келіспей, ер жеткендігін мойындатқысы келіп, өзінше әрекет етуге ұмтылатын уақыты. Сөйтіп, ол ата-анасы қол сұға бермейтін әлгі жұмбақәлемге кіріп алып, содан шыққысы келмейді. Компьютерлік ойындардағы бәрін қиратып, түп орнымен жоққылып жібере алатын, бәрі қолынан келетін ғажап күші бар, ержүрек батырдың кейпіне еніп алған ойыншы өзін кек алушы, билеуші, билік айтушы, не істесе де өзі білетін еркін адам ретінде сезінеді. Ойыншы компьютерлік ойында «бас батыр» ретінде қиратып, өртеп, ұрып жығып жеңіске жеткен сайын адреналині көтеріле -көтеріле ол көтерілмей қалса, өзін жаман сезінетін ауруға тап болады. Сондықтан ол енді күнделікті осы ойыннан адреналинніңқанындағы өзгерістері болып тұруы үшін әлгіндей ойынға құмарланып, іздеп тұратын болады. Кейде компьютерлік ойыннан апталап, айлап бас көтермейтін жастар шынайы өмір мен компьютердегі қиял әлеміндегі өмір екеуінің ара жігін ажырата алмайтын да жағдайға тап болып, сүйікті ойындарында басты кейіпкер кісі өлтірушілер, басқыншылар, басқа планеталықтар, жындар, шайтандар болса, ойындағы қатыгездікті өмірде де жасағысы келеді. Бұл – жастарды кісі өлтіріп, тонап, өртеп жіберуге итермелейтін тағы бір психологиялық фактор.

Мұның бәрі дұрыс-ау. Дегенмен баланың тұтас ғұмырына алтын арқау боп тартылар оның рухани, имани әлемін Мәңгілік құндылықтармен толтырмайынша, жоғарыдағы шаралар уақытша тірлік, мардымсыз іс-әрекет боп қала ма деген ой мазалауда.

Компьютерлік ойынға тәуелділікпен ауыратын адамдарды қандай белгілері арқылы ажыратуға болады:

компьютерді қосқан кезде керемет ләззат алып, виртуалды әлеммен байланысқа түскенше байыз таппай кететін адамдар;

ойынға отырса дүниені ұмытып, қанша уақыт өтіп кеткенін білмей қалатындар;

әр сәт сайын ойынды одан ары қарай ұзартып, тоқтай алмай ойнай бергісі келетіндер;

ойнау мүмкіндігі болмай қалған кезде өзінен-өзі ашуланып, өзін жайсыз сезініп, құлазып жүретіндер;

компьютермен ғана сырласып, адамдармен сиыспай, жолдас-жораларымен, ата-анасымен керісіп қала беретіндер.

Міне, бұл ойынқұмарлардың мінез-құлқына тән белгілер. Ал олардың сырқаттығын білдіретін сыртқы белгілер мынандай:

1. Көздіңқұрғауы;

2. Тәбеттің болмауы;

3. Марғаулық;

4. Ұйқының бұзылуы.

Заманауи жетік технологияларды шамадан тыс пайдалану оны тұтынушылардың, әсіресе, жасөспірімдердің жүрегін қатайтып, айналасындағы адамдар мен тіршілік атаулыға деген олардың мейірімдерін азайтатынын ескертіп өттік. Ал жүрек шіркін адам болмысының генераторы екені – анатомиялық жағынан баяғыда-ақ анықталған жайт. Баса айтатын нәрсе: рух, иман деңгейінде жүректің атқаратын қызметін ағзамыздағы өзге бірде-бір мүше атқара алмақ емес. Бұл орайда ұлы Тұжырымдарға жүгініп көрсек… Пайғамбарымыз Мұхаммед салла Аллаһу әлейһи уәссалам: «…Адам денесінде бір кесек ет бар. Егер ол жақсы болса, онда күллі дене – жақсы. Егер жаман болса, онда күллі дене бұзылады. Шындығында ол – жүрек», – деген екен.

Қорытындылай келетік болсақ, өзіміздің тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын зиянды құбылыстар мен заттардан аулақ ұстап ұлтық нақышта, яғни ұлтық ойындарымызды мысалға; қыз қуу, асық, көкпар, алтыбақан, алдарыспан, ақ сүйек т.б ойындарымызға неге үйретпеске.




Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қопаева К “Компьютерлік ойындардың зияны қандай?” мақала 01.04.2010 ж, Мақаланың сілтемесі: http://www.aktobegazeti.kz

2. Смағұлова Ш, Байтугелова Н, Наурызбаева Т. «Балалардың дене және психикалық денсаулығына қатыгездікті және зорлық-зомбылықты, порнографияны насихаттайтын аудио-бейне өнімдердің, компьютерлік және ақпараттық тасымалдағыштардың әсер етуі. Олардың адамгершілігін қорғау» Астана-2010

3. Әбдірайымова Г. «Интернет бізге керек пе?» Мақала, Білім әлемі 2006-№11

4. Әбділда А. «Ғаламтор кітап орнын баса алама?» Мақала, Казақстан- Zaman, 2007-№36

5. Үркімбай Н. «Компьютер баланың қасы ма, досы ма?» Мақала, «Ана тілі» газеті, 01.08.2011 жыл


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Қазіргі таңда біз қаласақ та, қаламасақ та, баланы компьютерден, МР-3, MP-4, i-Pod пен ұялы телефондардан тыс елестету қиын. Басқасын былай қойғанда, мектеп қабырғасында жүргізілетін біраз пәндердің тапсырмалары компьютерсіз орындалмайды. Себебі «Интернеттен біраз қосымша ақпараттар жинап барып, үй тапсырмасын ойдағыдай орындауға болады», – дейді мамандар. Байқап отырсаңыз, компьютер, интернет жөніндегі біздің алғашқы сөзіміздің өзі оның пайдасын айтудан басталып кеткен екен.

 

Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.

Автор
Дата добавления 31.03.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров982
Номер материала 467882
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх