Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / «Компьютерлік технология» пәнінен 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенттеріне арналған ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

«Компьютерлік технология» пәнінен 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенттеріне арналған ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Гуманитарлық- педагогикалық колледжі







БЕКІТЕМІН

Директордың оқу - әдістеме

істері жөніндегі орынбасары

_________________________

«____» __________ 2014ж.






«Компьютерлік технология» пәнінен 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 4, 5

__________________________________________________________________



Жұмыс оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.08.2002 жылғы № 4 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрылған.










Ақсукент – 2014 ж.

Жұмыс оқу бағдарламасы «Копьютерлік технология» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес жасалған


Колледждің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды. Хаттама №____ «____» ____________2014ж.


Директор оқу - әдістеме ісі жөніндегі

орынбасары ______________________



Колледждің әдістемелік кеңес хатшысы ________________________



«Математика және есептеу техникасын қамтамасыз ету» пән бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді. Хаттама № ____ «____» ________ 2014 ж.



Пән бірлестігінің төрағасы: ______________________________



Құрастырған оқытушы ___________ Ж.М. Мирзаметов
























Түсініктеме

Жұмыс оқу бағдарлама -------- мамандығы ----- саласы бойынша Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті түрде орындалуға тиіс Мемлекеттік стандартына сәйкес жасалынған.

Жұмыс оқу бағдарлама «Компьютерлің технология» пәнінің дайындық деңгейі мен оның мазмұнының минимумына міндетті түрдегі қойылатын Мемлекеттік талаптарды іске асыруға және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы оқыту жұмыс жоспарын жасауға арналған негізі бағдарлама болып табылады.

Жалпы көлемі - 84 сағат;

оның ішінде:

теориялық сабақтар - 40 сағат;

тәжірибелік сабақтар - 44 сағат;

Сынақ

Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім берудің Мемлекеттік стандартына сәйкес 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы осы нағыз Типтік бағдарламаны іске асыру барысында 1 – емтихан,

Бақылау және сынақ жұмыстары пәнге берілген жалпы бюджет уақыты есебінен, ал емтихандарсеместр аралығындағы аттестацияға берілетін уақыт есебінен өткізіледі.

Резервтік уақыт пәннің оқытылуына берілген жалпы сағаттың 5-7% пайызын құрайды да, ол ортақ мөлшерінен 6 сағат болады.

Бөлімдер мен тақырыптар және (немесе) кеңейтіліп оқыту үшін өзгертуі мүмкін (соның ішінде резервтік уақыт есебінен).

Тану және білу өрекеттері үшін ұйымдастырылған оқу формаларының тақырыптары мен оған бөлінген сағаттар саны кеңес ретінде берілген және оны білімдендіру мазмұнының минимумын сақтай отырып өзгертуге болады. Жұмыс оқу бағдарлама 356 «Кәсіптік оқыту» мамандығы 12688 «Есептеу техникаларынын бағдарламамен қамтамасыз етудегі техник - программист» саласының 2 – курсының төртінші семестрінде «Компьютерлік технология» пәнің оқытуға арнап жасалған.

Курсты оқытуда дербес компьютердің (ДК) құрылысы мен құрылымы, ЭЕМ-ның логикалық негізі, санау жүйесі, объектілік – бағыттық технология, интерфейс, меню түрлері, Windows-тың негізгі технологиялық мехенизмі, Windows қосымшаларымен бірлесіп жұмыс істеу, офистік программалар, деректер қоймасын басқару жүйесі және тораптық технология тақырыптары болып табылады.

Бұл пәнді оқытқанда оқушыларды есептеу және коммуникациялық техникалар көмегімен ақпараттарды алу мен пайдалану әдістері және жабдықтары жиыны, сонымен қатар математикалық әдістері қолдану тәсілдерімен таныстыруды қарастырады.

Пәнді оқыту мақсаты – жоғарыда аталған тақырыптар бойынша теориялық (дәріс) білім беру және операциялық жабдықтар мен қолданбалы программалар пакеттерін пайдалану ортасында тәжірибе жүзінде жұмыс істеуге машықтандыру болып табылады.

Осыған байланысты, теориялық сабақтар, сол сияқты тәжірибелік жұмыстар міндетті түрде қәзіргі кездегі техникалық құрал – жабдықтарды (ДЭЕМ) пайдаланылып өткізілуі керек.

Пәннің мазмұны ЭЕТ жедел қорқында дамуы нәтижесінде оқыту технологиясының өзгеруіне, сонымен бірге ОӘБ-тің сәйкес мамандық бойынша бекіткен қолданбалы программалар пакетерінің одан да жаңарақ пакетпен ауысуы мүмкіндігіне байланысты кеңес ретінде ұсынылады.

Жұмыс оқу бағдарлама оқушының «Жоғары математика», «Информатика» пәндері бойынша алған біліміне, үйренген ісіне және дағдыланған машынына негізделген.

«Компьютерлік технология» пәнін оқытуды осы мамандық бойынша оқу жоспарында қарастырылған «Программалық қамтамасыздандыруды құру технологиясы», «Операциялық жүйелер», «Программалау» пәндерімен байланыстырып (интеграциялап) өткізу қажет.

Пәнді оқытқанда ЭЕМ-ның құрылысын оқытуға, компьютер технологиясының жалпы схемасында офистік технологияның алатын орнына, қолданбалы программалар түрлерін білуге, деректер қоймасын құруға, есептеу торабында жұмыс істеуді оқытуға қойылатын талаптарды сақтай отырып оқыту керек.

Жұмыс оқу бағдарлама іске асыру кезінде келесідей дидактикалық материалдар және көрнекі құралдар: плакаттар, ЭЕМ-ның жалпы құрылымдық сызбалары, осы кездегі ақпараттық технологияны оқытуға арналған әдеттегі және электрондық оқулықтар, ДЭЕМ-ның программалық жабдықтарының жұмыс істеу.

Жұмыс оқу бағдарлама оқытылатын курстың жоспарындағы лабораториялық – тәжірибелік сабақтарды өткізу қазірігі уақыт талабына сай келетін қолданбалы программалар пакеті мен программалық ортаны қамтамасыз ететін қазіргі уақыттағы ДЭЕМ жүргізілуі қарастырады. «Компьютерлік технология» пәнінің аймағында оқушылар:

  • ЭЕМ-ның жұмыс істеуінің жалпы приниптерін, негізгі логикалық элементтерін, санау жүйелерін, офистік қосымшаларын, программалық қамтамасыздандырудың негізгі түрлерінің басты міндеттерін, ақпараттық жүйелерді, деректер қоймасын, деректер қоймасын басқару жүйелерін (ДҚБЖ), есеп шығару әдістерін, Word мәтіндік процессорды, Excel электронды кестені, Access деректер қоймасын басқару жүйесін, стандартты программалар пакетін, ақпараттарды қамтамасыздандыру түрлерін, жергілікті және ауқымды есептеу торабын білуі;

MS Offices -нің негізгі қолданбалы программаларымен жұмыс істеуді, сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне аударуды, логикалық өрнектердің шындық кестесін құруды, кодттар кестелерін пайдалануды, деректер қоймасын құруды және оны редакциялауды, ақпараттарды қорғау мен резерв жасауды атқаруды, Word, Excel, Access, Biomet, Stadia және т.б. қолданбалы программалар пакеттерімен жұмыс істеуді, деректер қоймасын жіктеуді, жергілікті және ауқымды есептеу торабында жұмыс жасауды үйренуі;

  • Ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуе, қажетті ақпараттарды іздеп – табуға, жергілікті және ауқымды тораптарда жұмыс жасауға машықтанған болуы;

  • Қазіргі кездегі есептеу жүйелерін құру және оның қызыметінің негізгі принциптреі, формалдау және модельдеу, объекттік – бағытталған технолгиялр туралы түсінігі болуы керек.





































2. Пәннің тақырыптық, жоспары және бағдарлама мазмұны

2.1 Тақырыптық жоспар

р.с


Бөлімдер мен тақыры


Күндізгі бөлімдегі оқу сағатының көлемі

Барлығы

Теориялық сабақтар

Тәжірибелік сабақтар

Компьютерлік технология пәніне кіріспе.

2

2


1 бөлім. Ақпараттандыруды қмтамасыздандыру бөлімі.


1.1 тақырып. ЭЕМ-нің жұмыс істеудің жалпы принципі.

2

2


1.2 тақырып. Дербес компьютердің (ДК) негізгі құрлымы.

2


2

1.3 тақырып. Ақпараттарды ДК-да көрсету.

2

2


1.4 тақырып. Санау жүйесі, символдық ақпараттарды көрсету.

2


2

1.5 тақырып. Ақпараттарды қорғау және резервтеу.

2

2


1.6 тақырып. Мұрағаттық программалар

2

2


1.7 тақырып. Мұрағатты әзірлеу

2


2

1.8 тақырып. WINDOWS-мезанизімнің негізгі технологиясы.

2

2


1.9 тақырып. Операциялық жүйе

2

2


1.10 тақырып. Файлдық жүйелермен жұмыс істеу.

2


2

1.11 тақырып. WINDOWS-тің анықтамалқ жүйесі, анықтама түрлері.

2


2

1.12 тақырып. Терезе элементтері

2


2

1.13 тақырып. Дискілермен жұмыс амалдары.

2

2


1.4 тақырып. Жұмыс үстелінің объектілері

2

2


1.5 тақырып. Стандарттық бағдарламаларды

2

2


Бақылау жұмысы

2


2


Бөлім бойынша барлық уақыт саны

34

20

14

2 бөлім. Ақпараттандырудың функционалдық бөлімі.


2.1 тақырып. Офистік қосмшалар. MS Office-нің құрамы. MS Word мәтіндік процессоры.

2

2


2.2 тақырып. MS Word-пен жұмыс істеу.

2


2

2.3 тақырып. Емле ережелерін тексеру.

2

2


2.4 тақырып. Кестемен жұмыс атқару

2


2

2.5 тақырып. Ұяшықтарды форматтау

2

2


2.6 тақырып. Құжатты форматтау

2


2

2.7 тақырып. Сурет салу аспаптар тақтасы

2

2


2.8 тақырып. MS Word редакторында мәліметті баспаға шығару

2


2

2.9 тақырып. MS Excel электронды кестесі.

2

2


2.10 тақырып. Excel-де жұмыс істеу.

2


2

2.11 тақырып. MS Excel-де жұмыс істеу.

2

2


2.12 тақырып. Есептеулер және диаграмманы құру

2


2

2.13 тақырып. Диаграммамен жұмыс атқару

2


2

2.14 тақырып. MS PowerPoint бағдарламасы.

2

2


2.15 тақырып. Презентация жасау.

2


2

2.16 тақырып. Презентация мастермен жұмыс істеу.

2


2

2.17 тақырып. Анимацияны баптау

2

2


2.18 тақырып. Деректер қоймасы және ақпараттық жүйелер.

2


2

2.19 тақырып. MS Access. Деректер қоймасын басқару жүйесі.

2


2

2.20 тақырып. ДҚБЖ-мен жұмыс істеу.

2

2


2.21 тақырып. Телекоммуникация құрал – жабдықтары. Торап топологиясы.

2

2


2.22 тақырып. Жергілікті компьютерлер торабы.

2


2

2.23 тақырып. Компьютердің атауы және жұмыс тобы

2


2

2.24 тақырып. Ауқымды компьютерлер торабы.

2


2

2.25 тақырып. Internet–те жұмыс істеу.

2


2


Бөлім бойынша барлық уақыт саны

50

20

30


БАРЛЫҒЫ

84

84




2.2 Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

Кіріспе: Компьютерлік технология пәніне кіріспе.

2 – сағат теориялық сабақ

Ең алғаш есептеуіш техникасының шығуы. Негізін салушылар. ЭЕМ-нің жіктелуі. Есептеу техникасының дамуы. Дербес ЭЕМ – нің сипаттамалары Есептеу техникаларының түрлері. Жұмыс істеу принциптері. ДЭЕМ–нің құрылғылар мен қолданбалы программалар. Программалардың жұмыс істеу принциптері. Программалау орталарын. Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе Білім қоғамы тудырғын.

1 бөлім. Ақпараттандыруды қмтамасыздандыру бөлімі.

1.1 тақырып. ЭЕМ-нің жұмыс істеудің жалпы принципі.

2 – сағат теориялық сабақ

Жалпы қауіпсіздік ережелеріне қойылатын талаптар. Дербес компьютердің жұмыс жасау алдындағы және аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережесінің талаптары. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар. Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Шаршаған кезде қолданылатын жаттығулар. ЭЕМ-нің жұмыс істеудің жалпы принципі. Есептеу техникасының дамуы. Жүйелі және қолданбалы программалық қамтамасыздандыру.

1.2 тақырып. Дербес компьютердің (ДК) негізгі құрлымы.

2 – сағат теориялық сабақ

ДЭЕМ туралы мағлұмат. ДЭЕМ–нің негізгі және қосымша құрылғылары. Программалық құралдар. Программа. Операциялық жүйелер. Қолданбалы программалық жасақтама. Белгілі бір мақсатта пайдаланатын программалық жасақтама. Мәтіндік редакторлар. WordPad. Microsoft Word. PageMaker. Графиктік редакторлар. Paint. PhotoShop. CorelDraw. Электрон кестелер жүйесі. SuperCals. Excel. Программалық жабдықтар.

1.3 тақырып. Ақпараттарды ДК-да көрсету. 2 – сағат теориялық сабақ

Мониторлардың көпшілігінде регенерацияның жиілігі, сонымен қатар тік үйірудің жиілігі деп аталады, көптеген режімде шамамен 85 Гц-ке тең, яғни кескін экранда секундына 85 рет жаңарады. Регенерация жиілігінің төмендеуі көзді өте қажытатын кескіннің жыпылықтауын тудырады. Олай болса, регенерация жиілігі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым пайдаланушы өзін жайлы сезінеді.

1.4 тақырып. Санау жүйесі, символдық ақпараттарды көрсету.

2 – сағат теориялық сабақ

Санау жүйесі – бұл сандардың түрлендіру тәсілі мен оған қолданылатын амалдар ережесі. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып бөлінеді.

1.5 тақырып. Ақпараттарды қорғау және резервтеу.

2 – сағат теориялық сабақ

Бағдарлама-қаттаушы ақпаратты қаттаудың арнайы әдісін қолдану есебінен дискілерде ақпаратты қысуға, яғни мөлшері кіші файлдардың көшірмесін әзірлеуге, сондай-ақ бірнеше файлдың көшірмесін бір мұрағаттық файлға біріктіруге мүмкіндік береді. Әдеттегідей, қаттауға (мұрағаттауға) арналған бағдарлама файлдардың көшірмесін сығылған түрде дискідегі мұрағаттық файлға орналастыруға, мұрағаттан файлдарды шығарып алуға, мұрағаттың тақырыбын қарап шығуға және т.б. мүмкіндік береді.

1.6 тақырып. Мұрағаттық программалар 2 – сағат теориялық сабақ

Мұрағатқа үстемелеп қосуға болатын файлдардың саны қатынауға болатын жадтың көлеміне және файлдардың атауының ұзындығына тәуелді болады. WinRAR 10 миллионнан артық файлдармен жұмыс істеуде тестіден өтті. RAR форматының барлық мұрағатының барынша мөлшері, мұрағаттағы кез келген жеке файлдың мөлшері қандай болса сондай, іс жүзінде шектелмеген — ол 8 Эбайтты құрады. Ал ZIP форматы мұрағатының мөлшері осы мұрағаттағы кез келген жеке файлдың мөлшері қандай болса сондай, 4 Гбайттан артық бола алмайды.

1.7 тақырып. Мұрағатты әзірлеу 2 – сағат теориялық сабақ

Жаңа мұрағаттық файлды әзірлеу алдында ең лайықты формат пен мұрағаттау әдісін таңдап алып, оны әзірлеуге дайындалу ұсынылады.

Мұрағатты әзірлеуге дайындықтың реті:

WinRAR мұрағаттаушыны іске қосыңдар.

1.8 тақырып. WINDOWS-мезанизімнің негізгі технологиясы. WINDOWS-қосымшаларының бірлескен жұмысы.

2 – сағат теориялық сабақ

Windows операциялық жүйесінде дисплейдің барлық экраны ақпаратты өңдеуге қажетті жағдай жасалған, «жұмыс үстелінің беті» іспеттес, жұмыс істеуге арналған кейбір құжаттар мен әр түрлі құралдар «орналастырылатын» маманның жұмыс орнының моделі ретінде қарастырылады. Windows операциялық жүйесінің пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтері келесі объектілер болып саналады: Жұмыс үстелі, терезе, таңбашалар, жарлықтар, батырмалар, меню, қапшықтар, қосымша бағдарламалар мен құжаттар.

1.9 тақырып. Операциялық жүйе 2 – сағат теориялық сабақ

Операциялық жүйе немесе басқа бағдарламалар файлға қатынай алу үшін файлдардардың белгілері бар болуы тиіс. Бұл белгіні әдетте файлдың атауы деп атайды. Операциялық жұйесінде файлдарды белгілеу екі бөліктен тұрады: атау мен кеңеюден. Жиірек атауы мен кеңеюді бірге файлдың атауы деп атайды. Бұл ешқандай шатастыруды тудырмайды.

1.10 тақырып. Файлдық жүйелермен жұмыс істеу.

2 – сағат теориялық сабақ

Дискілердегі (қатқыл дискілердегі, дискеттердегі, магниттік оптикалық дискілердегі, компьютерлік жинақы дискілердегі және т.б.) ақпарат файлдарда сақталады. Файл – бұл дискідегі немесе басқа ақпарат тасуыштағы атау берілген аймақ. Файлдарда бағдарламалардың мәтіні, бағдарламаны орындауға дайын құжаттар және кез келген басқа мәліметтер сақталады. Бағдарлама сияқты сондай атау берілген мәліметтер жинағы, бағдарлама пайдаланатын мәліметтер жинағы немесе пайдаланушы дайындаған құжат. Файл мәліметтердің бір жинағын екіншісінен ажыратуға компьютерге мүмкіндік беретін сақтаудың негізгі бірлігі болып саналады.

1.11 тақырып. WINDOWS-тің анықтамалқ жүйесі, анықтама түрлері.

2 – сағат теориялық сабақ

Windows-тағы анықтамалық жүйе операциялық жүйенің жұмысымен байланысты сұрақтардың көпшілігі бойынша пайдаланушыға анықтама берудің жақсы құрылымдалған, өте қолайлы қызмет интерфейсі болып табылады.Windows-тің анықтамалық жүйесі гипермәтін қағидасы бойынша құрылғын. Сондықтан әрқашанда анықтама мәтінінде кездескен таныс емес терминнің түсініктемесін тез алуға болады. Анықтамалық жүйені шақыру.

1.12 тақырып. Терезе элементтері 2 – сағат теориялық сабақ

Windows-тың әрбір терезесі экранның тік бұрышты аумағы болып саналады. Әдеттегідей, терезенің жоғарғы бөлігінде терезе тақырыбының (title bar) жолы тұрады. Тақырып жолының ортасында терезенің атауы бейнеленеді, тақырып жолының оң жақ және сол жақ бөлігінде жүйелік В менюдің батырмалары (бірақ міндетті емес)., сондай-ақ терезелерді орау мен жазу (немесе терезе мөлшерін қалпына келтіру) орналасады

1.13 тақырып. Дискілермен жұмыс амалдары. 2 – сағат теориялық сабақ

Дискіні форматтау үшіні мына әрекеттер орындалады: Дискетаға ақпараттарды сақта у үшіні келесі әрекеттер орындалады: Дискі құрылғысына дискетаны қой, Мой компьютер папкасын ашыңыз.

1.4 тақырып. Жұмыс үстелінің объектілері 2 – сағат теориялық сабақ

Windows операциялық жүйесінде дисплейдің барлық экраны ақпаратты өңдеуге қажетті жағдай жасалған, «жұмыс үстелінің беті» іспеттес, жұмыс істеуге арналған кейбір құжаттар мен әр түрлі құралдар «орналастырылатын» маманның жұмыс орнының моделі ретінде қарастырылады.

1.5 тақырып. Стандарттық бағдарламаларды 2 – сағат теориялық сабақ

Бағдарламаны іске қосу кез келген операциялық жүйенің, оның ішінде Windows жүйесінің де, негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Бұрындары Windows жұмыстың құжаттық межеленген мәнерін қолдайды деп бағаланған. Бұл жұмысты бағдарламаны іске қосудан бастамай, бірден құжатты ашудан бастайды дегенді білдіреді.

Бақылау жұмысы 2 – сағат тәжірибелік сабақ

2 бөлім. Ақпараттандырудың функционалдық бөлімі.

2.1 тақырып. Офистік қосмшалар. MS Office-нің құрамы. MS Word мәтіндік процессоры. 2 – сағат теориялық сабақ

Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтінді енгізуге, түзетуге, форматтауға және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор. Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web – беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады.

2.2 тақырып. MS Word-пен жұмыс істеу. 2 – сағат теориялық сабақ

Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтінді енгізуге, түзетуге, форматтауға және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор. Сонымен бірге бұл бағдарлама құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді, сондай-ақ емлелік пен грамматикалық қателерді және т.б. түзетуге мүмкіндік береді.

2.3 тақырып. Емле ережелерін тексеру. 2 – сағат теориялық сабақ

Microsoft Word-тың жаңа құжатын әзірлеу үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек: Мына «Стандарттық тақтада» hello_html_3f8727a3.png Әзірлеу (Создать) батырмасы бойынша шерту; Пернетақтада Ctrl- N пернелер үйлесімін басу; Файл→Создать меню қомандасын орындау; «Жұмыс істеуге кірісе отырып»; міндеттер аймағындағы Құжат Әзірлеу сілтемесі бойынша шерту.

2.4 тақырып. Кестемен жұмыс атқару 2 – сағат теориялық сабақ

Кесте мәтіндері мен суреттері бар жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан тұрады. Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте (Таблица) менюі пайдаланылады. Кесте бойынша орын ауыстыру үшін ←, ↑, →, ↓ пернелері пайдаланылады. Кестені құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

2.5 тақырып. Ұяшықтарды форматтау 2 – сағат теориялық сабақ

Ұяшықтарды форматтау – бұл олардың сыртқы безендірілуі, сонымен қатар олардың ішіндегі бар мәліметтердің форматын түзету. Ұяшықтарды форматтау үшін: Керекті ұяшықты ерекшелеу; Форматтау аспаптар тақтасының батырмаларын пайдалану немесе Формат→Ұяшықтар (Формат → Ячейки) менюі командасын іске қосу.

2.6 тақырып. Құжатты форматтау. 2 – сағат теориялық сабақ

Қолмен тексеруді іске қосу үшін Емле ережесі (Правописание) сұқбаттық терезесі пайдаланылады. Оны іске қосу үшін «Стандарттық» hello_html_m2485b14f.png (Стандартная) аспаптар тақтасында Емле ережесі (Правописание) батырмасын басу керек немесе Қызмет→Емле ережесі (Сервис→ Правописание) меню командасын орындау керек.

2.7 тақырып. Сурет салу аспаптар тақтасы 2 – сағат теориялық сабақ

Құжатты сәнді безендіру үшін оған графикалық элементтерді (суреттерді, диаграммаларды, стандарттық каптинкаларды) өте жиі кірістіруге тура келеді. Барлық осы элементтерді құжатқа кірістіру үшін Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы (7.1 сурет) немесе Кірістіру→Сурет (Вставка → Рисунок) (7.2 сурет) пайдаланылады.

2.8 тақырып. MS Word редакторында мәліметті баспаға шығару

2 – сағат теориялық сабақ

Белсенді құжатты баспаға шығару үшін Стандарттық (Стандартная) аспаптар тақтасындағы Басу (Печать) hello_html_m5c1b555f.png батырмасын басыңдар. Word-та құжатты баспаға шығару алдында қарап шығу мүмкіндігі бар. Ол үшін Стандарттық (Стандартная) аспаптар тақтасында Алдынала қарап шығу (Предварительный просмотр) hello_html_m531f7e8.pngбатырмасын басыңдар. Қарап шығу режімінен шығу үшін Жабу (Закрыть) батырмасын басыңдар

2.9 тақырып. MS Excel электронды кестесі. 2 – сағат теориялық сабақ

Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web – беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдарв, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.

2.10 тақырып. Excel-де жұмыс істеу. 2 – сағат теориялық сабақ

Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web – беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдарв, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады. Excel терезесінің негізгі элементтері: Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді. Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.

2.11 тақырып. MS Excel-де жұмыс істеу. 2 – сағат теориялық сабақ

Электрондық кестелерде ақпарат ұяшықтарға енгізіледі. Ұяшық – бұл баған мен жолдың қиылысы. Әрбір ұяшықтың бірегей адресі немесе сілтемесі бар. Адрес бағанның атауы мен жолдың нөмірінен құралады. Сонымен, ұяшық В6 баған В мен 6-жолдың қиылысы болады. Ағымдағы ұяшықтың ішіндегі бары мен адресі Формула жолында бейнеленеді. Қатар – бұл логикалық тізбелер құратын ұяшықтардың тізбегі. Автотолтыру қызметінің көмегімен Excel-де сандар, күндер, даталар, тоқсандар тізімін дайындауға болады.

2.12 тақырып. Есептеулер және диаграмманы құру

2 – сағат теориялық сабақ

Excel пайдаланушы ұяшыққа енгізетін формулалар негізінде есептеулерді орындайды. Формуланы енгізу аяқталғанда, ол өзі емес, формула бойынша есептеу нәтижесі бейнеленеді. Барлық формулалалар «=» таңбасынан басталады. Диаграмма – бұл мәліметтердің графикалық түрде ұсынылуы. Диаграмманы парақтарға кірістіруге немесе жеке параққа орналастыруға болады. Диаграмманы дайындау үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) пайдаланылады. Пайдаланушы диаграмма шеберінің әрбір қадамында диаграмма қалай көрініс табатынын көреді.

2.13 тақырып. Диаграммамен жұмыс атқару 2 – сағат теориялық сабақ

Диаграмманы дайындау үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) пайдаланылады. Пайдаланушы диаграмма шеберінің әрбір қадамында диаграмма қалай көрініс табатынын көреді. Кез келген кезеңде кері қайтуға немесе таңдалған әрекеттерді өзгертуге болады. Процестің аяқталуы бойынша экранда диаграмма пайда болады. Оның түрін көптеген батырмалардың және форматтау командаларының көмегімен өзгертуге болады.

2.14 тақырып. MS PowerPoint бағдарламасы. 2 – сағат теориялық сабақ

Microsoft PowerPoint-та таныстырылымдарды әзірлеу процесі слайдтардың ентаңбаларын таңдау, қажеттілік туындаған кезде слайдтардың безендірілуін өзгерту, схемалардың түсін өзгерту, безендірудің әр түрлі үлгілерін қолдану сияқты әрекеттерден және слайдтарды демонстрациялау кезінде анимация сияқты әсерлерден тұрады.

2.15 тақырып. Презентация жасау. 2 – сағат теориялық сабақ

Төменде келтірілген мағлұматтар осы процестің бастапқы кезінде қол жететін құралдарға жатады. Microsoft PowerPoint-та Таныстырылымды әзірлеу тапсырмаларының аймағы жаңа таныстырылымды әзірлеу үшін келесі бірқатар нұсқаларды ұсынады.

2.16 тақырып. Презентация мастермен жұмыс істеу.

2 – сағат теориялық сабақ

Слайдты безендіру үшін дайын түс схемаларын пайдалануға болады. Түс схемасы фонды, мәтінді немесе жеке жолдарды, көлеңкені, мәтін тақырыптарын, құюларды, екпіндер мен гиперсілтемелерді түстерпен ерекшелеу кезінде пайдаланылатын сегіз түстен тұрады. Таныстырылымның түс схемасы безендірудің қолданылған үлгісінде беріледі.

2.17 тақырып. Анимацияны баптау 2 – сағат теориялық сабақ

Мәтіннің, графиктің, диаграмманың және басқа объектілердің слайдтардағы анимациясы мазмұнның әр түрлі аспектілерін айрықша атап көрсетеді, материалдардың баяндалу барысын басқарады және таныстырылымды аса қызықты етеді. Таныстырылым уақытында Анимацияны баптау (Настройка анимации) тапсырмалар аймағы.

2.18 тақырып. Деректер қоймасы және ақпараттық жүйелер.

2 – сағат теориялық сабақ

Мәліметтер қорын басқару жүйесіне сипаттама. Microsoft Access праграммасын іске қосу. Microsoft Access программасымен танысу. Microsoft Access программасы терезесінің стардартты элементтері. Мәліметтер қорын кестеге енгізу, шығару өңдеу. Мастер көмегімен таблицалар құру.

2.19 тақырып. MS Access. Деректер қоймасын басқару жүйесі.

2 – сағат теориялық сабақ

Конструктор көмегімен мәліметтер қорына форма, запрос, отчет құру. Оларды безендіру. Пайдалану тәсілдері. Іздеу шартымен іріктеу жолы Пайдаланушымен қарым қатынас жасау, диалог арқылы деманстрациялау.

2.20 тақырып. ДҚБЖ-мен жұмыс істеу. 2 – сағат теориялық сабақ

Microsoft Access программасы терезесінің стардартты элементтері. Мәліметтер қорын кестеге енгізу, шығару өңдеу. Мастер көмегімен таблицалар құру.

2.21 тақырып. Телекоммуникация құрал – жабдықтары. Торап топологиясы.

2 – сағат теориялық сабақ

2 – сағат теориялық сабақ

Қазіргі уақытта көптеген компьютерлерді бір бірінен оқшау түрде пайдаланбай, қандайда бір ақпарат алу, хабарларды жөнелту мен алу және т.б. үшін тұрақты түрде немесе әлсін-әлсін жергілікті немесе ауқымды компьютерлік желіге қосады.

2.22 тақырып. Жергілікті компьютерлер торабы. 2 – сағат теориялық сабақ

Жергілікті желі (кейде «жергілікті есептеу желісі» термині, қысқаша ЖЕЖ термині пайдаланылады) — бұл компьютерлердің арасында ақпараттар жеткізу үшін кәбілдер (кейде телефондық желілер немесе радиоарналар) арқылы өзара жалғастырылған бірнеше компьютердің тобы.

2.23 тақырып. Компьютердің атауы және жұмыс тобы

2 – сағат теориялық сабақ

Компьютерлерді жергілікті желіге жалғастыру үшін желілік жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама қажет. Жергілікті желінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін көбінесе арнайы компьютер – сервер немесе осындай бірнеше компьютер бөлінеді. Серверлердің дискісінде бірге пайдаланылатын бағдарламалар, мәліметтер базасы және т.б. орналасады. Желгілікті желінің басқа компьютерлері жұмыс бекеттері деп аталады.

2.24 тақырып. Ауқымды компьютерлер торабы. 2 – сағат теориялық сабақ

Ауқымды тораптың құрлымы мен жұмыс істеу принциптері. Internet-ке қосу тәсілдері. Электронды почта. Файлдарды тасымалдау. Web парақша. Ақпараттарды іздеу. Құжаттарды өңдеу. Бүкіләлемдік Өрмек: әдетте WWW (World Wide Web-тен) немесе веб деп аталатын, веб-браузерде қарап шығуға арналған көптеген арнайы құрамдас беттер болып табылады.

2.25 тақырып. Internet–те жұмыс істеу. 2 – сағат теориялық сабақ

Интернет ақпаратқа шектеусіз қатынас құруды және әр түрлі тәсілдермен қатынау мүмкіндігін береді. Сендердің желілерің қалай жаңылсусыз жұмыс істей бастаса, Интернетке жалғастыруды баптауға кірісуге болады. Интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі. Интернет сөзі халықаралық желі (INTERnational NETwork) дегенді білдіреді, бұл оның ең нақты анықтамасы.






















Бақылау тапсырмалары

Бақылау жұмысы

1 Нұсқа

  1. ЭЕМ-ның жұмыс істеуінің жалпы принциптері

  2. ДК-де ақпараттарды бейнелеу

  3. Файлдарды резервтеу және қайта қалпына келтіру

  4. 10010102 санын екілік санақ жүйесінен ондық санақ жүйесіне аудар


2 Нұсқа

  1. Есептеу техникасының дамуы

  2. Санақ жүйесі. Символдық ақпараттарды бейнелеу

  3. Файлдарды архивтеу

  4. 12510 санын ондық санақ жүйесінен екілік санақ жүйесіне аудар


3 Нұсқа

  1. Жүйелер программалық қамтамасыздандыр

  2. Кодтық кестелер AS ІІ-коды

  3. Кhello_html_mc2c0c83.gifомпьютерлік вирусы және антивирустық программалар

  4. (hello_html_m5634ee1.gifА В) С шындығының кестесін құр


4 Нұсқа

  1. ДК-ның архитектурасы

  2. Негізгі логикалық операциялар

  3. Ақпараттарға өзбетінше кіру шектеу

  4. 36810 санын ондық санақ жүйесіне аудар


5 Нұсқа

  1. ДК-дің негізгі конфигурациясы

  2. Объектілік – бағытталған технология

  3. Қатаң және иілгіш табақшаларды (диск) тексеру және оптималдау

  4. (hello_html_mc2c0c83.gifwВ) (АuС)) шындығының кестесін құр


6 Нұсқа

  1. Қолданбалы программалық қамтамасыздандыру

  2. WINDOWS-тың негізгі техологиялық механизмі

  3. Интерфейс және оның түрлері

  4. 11010112 санын екілік санақ жүйесінен ондық санақ жүйесіне аудар









Әдебиеттер және оқыту құралдары.


Негізгі

  1. Шафрин Ю.А. Информационные технология в 2 ч., М. «Лаборатория базовых знаний», 2000г.

  2. Как работать с MS Office, Примеры решения повседневных задач, Корпорация MS, 1999г. Руководство пользователя.

  3. Информатика под редакцей Н.В. Макаровой (учебеик и практикум по технологии работы на компьютере), М. «Финансы и статистика», 2000г

  4. В.Э. Фигурнов, ІВМ РС для пользователя Краткий курс. М., 1997г.

  5. Богумирский Б. Эффективная работа на ІВМ РС в среде Windows 95. СПб. Питер Пресс, 1997г.

  6. С. Шатт Мир компьютерных сетей Киев ВНШ 1996

  7. INTERNET в Казахстан

  8. Компьютер пресс

  9. Дейт К.Дж. Введение в системы БД Шестое издание, 1998

  10. Пономарева К.В., Кузымин Л.Г. Информационное обеспечение АСУ. М., Высшая школа, 1991

  11. Стрыгин В.В., Щарев Л.С. Основы вычислительной микропроцессорной техники и программирования. – М.: Высшая школа, 1989.


Қосымша

  1. И.И. Попов, Т.Л. Партыка. Операционные системы, среды и оболочки:

Учебное пособие. М: Форум: Инфра-М: 2003.

  1. СВ. Симонов идр. Информатика: / Базовый курс – СПб. Литер: 2003.

  2. И.И. Попов, Т.Л. Партыка. Операционные системы, среды и оболочки: Учебное пособие. М: Форум: Инфра-М: 2003.

  3. И.И. Попов, Т.Л. Партыка. Операционные системы, среды и оболочки: Учебное пособие. М: Форум: Инфра-М: 2003.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Түсініктеме

Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті түрде орындалуға тиіс Мемлекеттік стандартына сәйкес жасалынған.

Жұмыс оқу бағдарлама «Компьютерлің технология» пәнінің дайындық деңгейі мен оның мазмұнының минимумына міндетті түрдегі қойылатын Мемлекеттік талаптарды іске асыруға және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы оқыту жұмыс жоспарын жасауға арналған негізі бағдарлама болып табылады.

Жалпы көлемі - 84 сағат;

оның ішінде:

теориялық сабақтар - 40 сағат;

тәжірибелік сабақтар - 44 сағат;

Сынақ

Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім берудің Мемлекеттік стандартына сәйкес 0101000 - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы осы нағыз Типтік бағдарламаны іске асыру барысында 1 – емтихан,

Бақылау және сынақ жұмыстары пәнге берілген жалпы бюджет уақыты есебінен, ал емтихандарсеместр аралығындағы аттестацияға берілетін уақыт есебінен өткізіледі.

Резервтік уақыт пәннің оқытылуына берілген жалпы сағаттың 5-7% пайызын құрайды да, ол ортақ мөлшерінен 6 сағат болады.

Бөлімдер мен тақырыптар және (немесе) кеңейтіліп оқыту үшін өзгертуі мүмкін (соның ішінде резервтік уақыт есебінен).

Автор
Дата добавления 09.12.2014
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров515
Номер материала 180947
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх