Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Компьютерные вышивальные машины 9 класс

Компьютерные вышивальные машины 9 класс

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 9 сыныптар. Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Кестелеуге арналған компьютер. Кесте тігу құралдарымен жұмыс істеу кезіндег і қауіпсіздік ережесі

Сабақтың мақсаты:

1 Білімділік Теориялық білімдерін сарамандық жұмыспен ұштастыра отырып, логикалық, фантазиялық қабілеттерін дамыту,техникалық мәлімет беру.

2. Дамытушылық.Эстетикалық талғамы мен ойлау қабілеттерін дамыту, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік.Оқушыларды әсемдікке,сәндікке ,шыдамдылыққа,үнемділікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс : Бейнелеу, сызу

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі:Баяндау, топпен,жекелей,сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері : «Кестелеу өнері» Алматы баспасы ,кесте түрлері,сызбалар,интерактивті тақта,сән журналдары

Қажетті құрал-жабдықтар:Кергіш,инелер, мулине жіптері,оймақ,қайшы,көшірме қағаз

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушылармен сәлемдесу,сыныптың сабаққа дайындығын байқап , арнайы киімдері мен көрнекі құралдарын тексеру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, оқушыларды бағалау: Топ оқушыларының ізденіп келген тақырыптарын талқылау

1 сұрақ.Кесте түрлеріне сипаттама беріңдер ?

2 сұрақ Кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтардың ерекшеліктері неде?

3 сұрақ .Көркем кестелеу өнерін дамытуға зор үлесін қосып жүрген қазақ кестешілері кімдер ?

4 сұрақ .Тамбурлы тігістің айқас тігістен айырмашылығы неде?

Сұрақ-жауап арқылы қайталау,ізденіп келген тақырыптары бойынша рефераттарын қорғау

Жаңа сабақ : Кестелеуге арналған компьютер . Кесте тігу құралдарымен жұмыс істеу кезіндег і қауіпсіздік ережесі

Бүгінгі сабақта кестелеуге арналған арнайы компьютерленген машина түрлерімен танысамыз.

Қазақ халқының кестелеу өнерің негізгі техникасы-ине арқылы орындалатын тамбурлы тігіс(біз кесте) .Тамбурлы тігіс бастырма және шыралжын әдісімен үйлесіп қолданылады.Қазақтар арасында түрлі түспен безендірілген сәндік кестенің рөлі зор.Қазіргі техниканың қарыштап дамыған заманында кестелеу өнері де арнайы бағдарламалар арқылы компьютерге енгізіліп кестеленуде.Киімдерге,тұрмыстық бұйымдарға және қазіргі заманғы тұрғын жай интерьерінде тиімді пайдалануда(тұрғын үй интерьері және үй керек жарақтары жайлы пайдалы кеңестер беру).Қазақ халқының негізгі баспанасы –киіз үй болған.Киіз үй көшіп қонуға өте ыңғайлы,тез жиналып бір түйеге артып кете беретін болғандықтан ең тиімді тұрғын жай болып табылады.Тұрмыстық заттарды тиімді пайдалану арқылы киіз үйдің ішкі бөлігін тиімді орналастырған.Киіз үй,қазіргі заманғы интерьер сияқты жоғары талғамментігіліп,әрленіп,әшекейленіп,тұрмыстық бұйымдарды өз орнымен орналастыру арқылы бір бөлме ішінде тату-тәтті өмір сүрген.Соның ішінде кестелеу өнері нің алар орны ерекше.

Кесте тігу қолмен атқарылатын болса, қазіргі кездерде арнайы кестелейтін,компьютермен жұмыс жасайтын тігін машиналары бар.Мысалы : Немістің «ZSK»компаниясының кәсіби тігін машинасы матаға немесе дайын бұйымға күрделілігі кез-келген тігіс жүргізуге мүмкіндік береді. Немістерді «PFAFF»фирмасының,сондай-ақ жапондықтардың «JUKI» және «BROTHER» фирмаларының өндіргіштігі өте жоғары.Америкалық «Gammill quijting machine Co» фирмасының көлемді жамылғыларды,көрпелерді,тыстарды сырып тігетін,зигзаг тәрізді сәнді тігіс салатын жылдамдығы жоғары арнайы машиналары бар.(Слайттар арқылы машинала түрлерімен таныстыру.Дәптерге кестелеу машиналары жайлы мағлұматтар жаздыру.)

ІІІ . Сарамандық жұмыс . «Отбасы бақыты» картинасы.

Жұмыстың орындалу реттіліг:

1.Матаға көшірме қағазы арқылы сурет эскизін көшіру,

2. Матаны кергішке керу.

3.Сурет контурымен тамбурлы тігіс жасау.

4.Жұмыс барысында ТҚЕ : 1.Инені ұшы түйілген жібімен арнайы ине салғышта сақта.

2.Жұмыс істегенде қайшының сабын өзіңе қаратып,қайшы ұстауға ыңғайлы қолға жақын қояды.

3.Жұмыс алдында үтіктің бауын тексер,жұмыстан кейін үтік желіден ажыратылып,үтікқойғышға қойылады.

4.Кестелеу кезінде көз бен кергіштің ара қашықтығы 30-40 см болуы керек,әр 20 минут сайын көзді демалдырып отыру қажет.

Жаңа сабақты жүйелеу қорытындылау кезеңі : Біз бүгін кестелеу өнерінің әдіс-тәсілдерімен таныстық.Бүгінгі сабақта компьютерленген кестелеу машиналары жайлы толық ақпараттармен таныстық деп ойлаймын .Сабағымызды сұрақтар қою арқылды бекітелік:

1. Компьютерленген кестелеу машиналарына сипаттама беріңдер.

2.Қандай өзгешеліктері бар?

3.Қолмен кестелеу мен машинада кестелеудің айырмашылықтары неде?

Оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма : Кестені жалғастыру.Кесте тігу құралдарын алып келу




Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров238
Номер материала ДВ-101070
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх