Инфоурок / Информатика / Презентации / "Комьютерлік графика түрлері" 8-сынып ашық сабақ

"Комьютерлік графика түрлері" 8-сынып ашық сабақ


библиотека
материалов

«№7 орта мектеп» МКМ. Іле ауданы, Өтеген–батыр кенті



«Бекітемін»

Мектеп директоры

З.Т.Туреходжаева

____________________




















Пән мұғалімі: Абдибекова К.С.









2015-2016 оқу жылы

Сыныбы: 8 «а»; Күні: 6.0216;

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютерлік графикамен танысу, түрлерін білу, компьютерлік графиканың өмірдегі маңыздылығын түсіну.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақату, шапшаң ойлау қабілетін дамыту, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өз ойын айта білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ауыз бірлікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация.


Сабақ барысы:


САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ



МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ


ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ

I.ҰЙЫМДАСТЫРУ

(2 минут)

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Топқа бөлу.

  • Бағалау парағын таныстыру.


  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну


II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ

(3 минут)

1.Графикалық ақпараттарды енгізу үшін қандай құрылғыны пайдаланамыз? (Сканер)

2.Borland International фирмасы қандай арнайы программалар кітапханасын жасап шығарды? (СRAPH)
3. Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен қандай модулін іске қосу керек. (GRT)
4. Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз не? (- бұл экранға шығарылатын бейненің дәлдігі).
5. Closegraph қандай процедура?

(Графиктік режимнен шығу үшін)
6. Графикалық режимді алғаш рет іске қосу үшін қандай процедурасы қолданылады? ( INITCRAPH)

  • Оқушылар сұраққа жауап береді.

ІІІ. БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ

(5 минут)

  1. «Есеп сандық» блиц-сұрақтар арқылы тексеру.


  • Әр топтан бір оқушы кезекпен шығып, сұраққа жауап береді.

IV. МАҚСАТ ҚОЮ

(3 минут)


Жаңа тақырыпқа байланысты «Бейне-ролик» көреміз.

1.Бейне-ролик қандай тақырыпта болды?

2. Осы тақырып бойыша не білесіңдер?

3. Не білгілерің келеді?

Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы сабақ мақсатын айқындайды.



Оқушылар зейін қойып тыңдайды

Оқушылар сұраққа жауап береді.



V.ЖАҢА САБАҚ

(10 минут)












Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

Растрлік кескіндер Pаint, Adobe Photoshop, Corel Photo Pint секілді растірлік график редакторда жасалады.


Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Inkscape секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.


Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, программалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.  

Фракталды кескіндер Ultra Fractal, Chaoscope секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

VІ. ЖАҢА САБАҚТА ТҮСІНГЕНІН ТЕКСЕРУ

7 минут

«Мен саған – сен маған» бұл айдарда осы тақырып бойынша, топ бір-біріне 5 сұрақ дайындап қойяды. Жауап берген оқушы ұпай алады.

  • Оқушылар осы тақырып бойынша 5 сұрақ дайындап, сұраққа жауап беру арқылы ұпай алады.

  1. тапсырмаhello_html_3a8d6757.jpg



  • Алғашқы үш суретті 1-ші топ оқушылары белгілейді, соңғы үш суретті 2-ші топ оқушылары белгілейді.














2. тапсырма

hello_html_m279cb77d.jpg



  • Оқушылар тақтаға шығып кестені толтырады.

СЕРГІТУ СӘТІ

(2 минут)

Сергіту сәті бар бейне-ролик қосу.

Оқушылар бейне-роликтен көрген іс-әрекетін қайталайды.

VІІ. БЕКІТУ

(7 минут)

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҰМЫС

Жарнамалық тақта жасау

мысалы «Жау жүрек мың бала» киносына


Paint бағдарламасында өз тақырыптарына жарнама тақтасын жасап, қорғайды.

ҚОРТЫНДЫЛАУ

(2 минут)

Оқушылардан бүгінгі сабақтан не білгендерін, не үйренгендерін сұрайды.




Оқушылар өз ойларын айтады.

БАҒАЛАУ

(2 минут)

Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалайды.






  • Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

VІІІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

(2 минут)

Графика түрі. Графиканың шығу тарихы бойынша реферат жазу

  • Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.



Бағалау парағы
І - топ

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Есеп сандық

«Мен саған – сен маған»

1.тапсырма

2.тапсырма

Компьютермен

жұмыс

Ұпай саны


1









2









3









4









5









6









7









8

















Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-074004

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG