Инфоурок Другое Рабочие программыКонцертная программа «Бейбіт елдің ұландары»

Концертная программа «Бейбіт елдің ұландары»

Скачать материал

Тақырыбы: «Бейбіт елдің ұландары»

Талюкенова Қ.Ә.,

Қарағанды қ. №68 МИББ кешені

 

Мақсаты: Қарулы күштер күніне байланысты оқушыларға «Қазақстанның қарулы күштері» туралы мәлімет беру,,оқушыларды Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға тәрбиелеу, ер балаларды мерекелерімен құттықтау.

Өткізілу түрі: концерттік бағдарлама.

 

І жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті тәрбиеші апайлар, оқушылар

ІІ жүргізуші: Ендеше, Ұландар сіздерге арнап дайындаған «Балауса» тобының шағын концерттік бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер!

І жүргізуші: 7 мамыр «Қазақстан қарулы күштерінің туған күні» Жас жігіттерді, сарбаздарды,әскери шәкірттерді ұландар дейміз. Ұландар – ел қорғаны, жастық символы.

Іңкәр:

Ақыл – жас ұланнан,

Жүйрік – тай құланнан.

Би: « Гүлдер»

ІІ жүргізуші: Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Ұландар күні ертең сендер де Отан алдындағы азаматтық борыштарыңды өтеуге барасыңдар, ол үшін шынығу,шыңдалу қажет.

Ақбота:

Ел қорғайтын, ұландар –

Ардағымыз, арымыз.

Ұлдар тойын,елдің тойын

Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!

І жүргізуші: Балалар, қазір біздің шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған, кешегі Жеңіс солдаттарының немерелері.

ІІ жүргізуші: Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Біз осыған қуанамыз.

Ән: «Қазағым менің»

Айдана:

Тапталмайтын түнгі ізі,

Сақшысы бол, Отанның.

Жарқырап жанған жұлдызы,

Боларсың ұлан ертең сен.

Жансая:

Туған жердің әр тасы,

Бізге ыстық кашаннан.

Бұйраланған аршасын,

Қорғайтын – ер боларсың.

Айтолқын:

Тапталмайтын түнгі ізі,

Ұланы бол Отанның!

Жарқырап жанған жұлдызы,

Жалғайтын жолын Ағаның!

Мөлдір:

Буырқанып тұрса да барша маңым,

Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын.

Қиындықты алмастай қиып өтіп,

Бәрі: «Жаса бейбітшілік!»- деп жар саламын.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жадыра:

Оқушысың бүгін сен,

Кіп-кішкентай баласың.

Ертең сенде өскенде

Ел қорғауға барасың.

Балжан:

«Ұландар, тізіл, сапқа тұр!

Бастайық енді ойынды

Болу үшін нақ батыр,

Жаттығу аса қажетті.

( Бірнеше ер баланы ортаға шақырып жаттығулар көрсету)

Жанель:

Жауға басын имеген,

Жауыздықты сүймеген.

Ісіңе, Аға, еліктеп,

Ерлігіңді үйренем.

Ару:

Жүресің даңқты жолдармен,

Қырандар бірге самғаған.

Әзірге бала болғанмен,

Ертеңгі ел қорғаны – сен боласың!

Инабат:

Жер бетінде тыныштық!

Жер бетінде туыстық!

Баянды бақыт Адамға!

Орнатуға далаға!

Сәбилік таза көңілмен

Бәрі: Ант етеміз!

Ант етеміз!

Ант етеміз!

І жүргізуші: Кең байтақ қазақ елін, жерін, халқын қорғауға дайын болыңдар, Жас ұландар!

·        Әрқашанда дайынбыз!

Ән: «Сарбаздар»

Ирина:

Көп іскерде, шебер де

Оқу, еңбек, өнер де

Болып мектеп озаты,

Біздің ұлдар озады.

Әйгерім:

Интернаттың ұлдары

Көрсе бөтен баланы,

Шікірейіп тұрған кім?

Деп өшіге қалады.

Арайлым:

Танысудың орнына

Қағыспақ болып әлгімен

Түседі қыр соңына

Анталаған «жау» кілең.

Аида:

Алса егер «қоршауға»

Бірі қағып, бірі атып

Қанша қайсар болса да

Жібереді жылатып.

Нәкіжан:

Ұлдар біздің – досымыз,

Ұлдармен біздің сәніміз.

І жүргізуші: 2 класс қыздарын «Аққу» биімен ортаға шақырайық.

ІІ жүргізуші: Рахмет қыздар. Өнерлерің өрге жүзсін.

І жүргізуші:  Ендігі кезекте интернат өмірінен алынған қысқа қойылым: «Күдік».Автор - Аяулым, Қыз – Жанель, Ұл – Айдана.

Автор:

Мына бастар түйіскен,

Болып отыр бір іспен

Темірдің басы қауғадай

Жанелдің басы алмадай

Келте ғана кекілді

Темір қаңқа секілді

Тоқаш дерсің кәдімгі

Қыз:

Тартқансың ба текеге

Сүзгілейсің шекеме

Ұл:

Басың тиіп кетті деп

Жыларсың жер тепкілеп

Қыз:

Білеміз ғой ұлдарды

Бір жылатпай тынбайды.

Ұл:

Ал қыздармен ойнасаң

Дау шығады әрқашан.

Қыз:

Ендеше сен ойнама,

Жалынбаспын саған мен

Ұл:

Сен домалақ шардайсың,

Жөндеп ойнай алмайсың

Қыз:

Кішкентаймын мен әлі

Арықтауға болмайды

Ұл:

Шыға келем бұралып

Деп ойлама қуанып

Қыз:

Ендеше,сен шидейсің

Қамыр илей білмейсің

Ұл:

Таксист болған кезімде

Жалынарсың өзің де

Қыз:

Бойжеткенде кейін мен

Билемеймін сенімен

Автор:

Өстіп, Жанель салды айғай

Жақтан тартып қалғандай

Аузы қатты бұртиып

Қалды дереу ұл тынып

Шырмап алған дәу басты

Күдік еді алғашқы

Тұрса Жанель шын айтып

Жалғыз билер бұл қайтіп?

 

І жүргізуші: Рахмет қыздар.

Сабина гимнастымыз өнерін көрсетеді, қарсы алыңыздар!

 

ІІ жүргізуші: Рахмет,Сабина. Құрметті Ұлдар! Ата-аналарыңның, апайларыңның сендерге деген ізгі тілектерін Аяулым мына өлең жолдарымен былай жеткізеді.Қабыл алыңыздар.

 

Ұлыма

Ұлым менің,

Өшпейтін атым менің

Қуантады есейіп, жетілгенің

Мен бара алмаған жерлерге сен бара алсаң

Мүмкін емес өмірде өкінбегім

Мен қонбаған шыңдарға қонар ма едің

Үміт – арман кеудемде толар менің

Мен шықпаған биіктен қол бұлғасаң

Өміріме неге өкпем болар менің

Ұлым менің,

Өшпейтін отым менің

Бақыт бізге есейіп жетілгенің

Мен шықпаған биікке сен шыға алсаң

Мүмкін емес өмірде өкінбегім.

Хор: «Атамекен»

Тәрбиеші:   Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ» деген даналығын ұстаным тұтатын сіздердей патриот азаматтардың арқасында еліміздің әлемдегі еңсесі биік, іргесі берік дамыған мемлекеттердің қатарына еңселей енетініне нық сенімдіміз.

ІІ – жүргізуші:  Сіздерді тағы да 7 – ші мамыр ұландар күнімен құттықтаймыз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

І жүргізуші:  Осымен сіздерге дайындаған шағын тәрбие сағатымыз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет.

Қыздар хормен:  «Ер балалар! Бүгінгі мерекелерің құтты болсын!»

Қыздар арнайы дайындаған сыйлықтарын ұлдарға табыс етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Концертная программа «Бейбіт елдің ұландары»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 324 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 604
    • DOCX 47 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Талюкенова Карлыга Адильбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 8330
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой