Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Концертное програма на тему "Ұстазым - ұлағатым, үлгі - өнегем"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Концертное програма на тему "Ұстазым - ұлағатым, үлгі - өнегем"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!» Мақсаты: Оқушыларды білімге шақыру. «Ұстаз» сөзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым бар екенін оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың ұстаздардан алтын үлгі-өнеге, тәрбиені қадірлеп, ұстаздың әрбір үйреткен тәрбие, біліміне құрметпен қарауға шақыру. Оқушылардың ой-өрісін, білімін дамыту, тақпақ, өлеңдер арқылы олардың білімін жетілдіру. Түрі: мерекелік іс-шара. Көрнекілік: қанатты сөздер, шарлар, суреттер, гүлдер. Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады: Мұғалім –ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың. Өмірде сенің алар орыныңды Бәрі де жеткізе алмас бағалардың. Өткізіп өз алдыңнан талай бала, Бойына құйдың ақыл, ой мен сана. Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға. Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп, Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Жүргізушілер шығады. Армысыздар, Ұстаздарым – әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар 
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би де билеп, әнде бүгін шырқалар. 
1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Күз мезгілінің алтын шуағымен бүкіл елімізде салтанатты түрде Ұст
аз күні аталып өтіледі. Бұл мереке біздер, шәкірттер, үшін ерекше күн. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, төрт жыл бойы бізді білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар – аяулы ұстаздарымыз.
2-жүрг. Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін мектебіміздің директоры Мирамова Жұмабике Жұмабекқызын ортамызға қошеметпен шақырамыз.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың..
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1- жүрг. Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2 жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
1 жүрг: Қажымас қайрат,
2 жүрг: Шығармашылық табыс,
1 жүрг: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
2 жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арнал
ады. Ортада ӘН АДАЙ СЫМБАТ 2-жүргізуші: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де кол созғанын 
Шәкірттерін өзінен де озғанын. 

1-жүргізуші: - Ал енді құрметті ұстаздар 4 «Б» сыныбының сіздерге арнап дайындаған көріністерін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: Екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы».

1-Жүргізуші: Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік. 1-оқушы: Ғұлама, білгіш ғалымнан, Оқушы жас жалыннан, Оқыған жас кәріден, Оқушының бәрінен Ұстаздарға мың сәлем. 2-оқушы Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар. Білім алған сіздердің арқаңызда. 3-оқушы Ұстаздық жол жеңіл емес кімге де, Кім көрінген ілікпейді жүлдеге Мүсіндеуге келешектің келбетін Күн-күн сайын шығады ол мінбеге 4-оқушы Ұстаздық-от, күн барда ол сөнбейді, Шәкіртінен жаңбыр боп та селдейді. Шәкіртінің шәкіртімен жалғасып Ұстаз мәңгі өмір сүрер өлмейді. 5-оқушы: Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын, Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын. Мәнгілікке мақтанып өтеді ұстаз, Шәкіртінің биікке шыққандарын. 6-оқушы: Ұстазда- ұлағатты зиялылар, Сендерде ғалымдардың қиялы бар. Ағайын, тойларыңа тарту етем, Ақынның

2 жүргізуші: Авторлық өлең Ғазиз Аруна, Мұқат Аяулым БИ. АРЫСТАНБЕКОВА ЖАНСАЯ 1 жүргізуші: Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымызда бар. Олай болса құрметті ұстаздарымызға бір ән арнасақ.

ӘН: ТӨЛЕУБЕК АЯЖАН


2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
БИ:
1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төріне ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – қалжың ұстаздар өмірінен.
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы немесе еден сыпырушы болуды армандамайды.
Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
2-жүргізуші: Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
2-Жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыныз 4 «А» сынып оқушыларының дайындаған әзіл-қалжыңдарын қабыл алыңыздар.

БИ. ҚАЙЫРЖАНОВА ЖАНСАЯ
1- Жүргізуші: осы мұғалімдер оқушылардан емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
2- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
1- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
2-Жүргізуші: -ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда- бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан б
ар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /
«Т» әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
7. Жеті қазынаны атаңыздар? /Ержігіт, сұлу әйел, берен мылтық, құмай тазы, қара қазан, жүйрік ат, қыран бүркіт / 8. Күзгі жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады?
/Сабан той./
9. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.
(Әулет).
10. Бір топ аттылар тартыспағын ойынды қазақта қалай атайды?
(Көкпар)
Өте жақсы қатыстыңыздар.
2-жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді 
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
ОЙЫН ОЙНАЙЫҚ: БИ. 4 «Б» ұлдарының көрінісі 2- Жүргізуші: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде а
кылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
ӘН. ЕСІМЖАН ГҮЛДЕН 1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді
2-жүргізуші: Ұстазым – алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін.
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметім бұл менің. Енді соңғы крнцерттік бағдарламамызды мұғалімдер мен флешмоб биімен аяқтасақ











Жамбыл бастауыш мектебі











hello_html_6246eaf1.gif









Орындаған: Тастурганова Р.Ж.





2015 жыл


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров169
Номер материала ДВ-128022
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх