Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Концертное программа на тему "Отбасы бақыт мекені"

Концертное программа на тему "Отбасы бақыт мекені"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_18d42c1.gifТақырыбы: ОТБАСЫ - АЯЛЫ АЛАҚАН МЕКЕНІ

Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.
Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі, ал
баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  анаға тікелей міндеті.
Жүргізуші:

Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-аялы алақан мекені», атты концертімізді бастаймыз
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиіспіз.

Барлығы бас иеді

Аралбай Құндыз бен Серикова Ділназдың орындауында ән шашуымызды қабыл алыңыздар.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.- Әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға - әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп айтып көрейікші.
Оқушылар өз ойларын айтады

* Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
* Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

*Балалар отбасымыздағы басшы кім?
*Отбасы мүшелерін атап шығыңдаршы.
Оқушылар өз ойларына түсіреді.

Фазыл Гүлімнің Үнді биін қабыл алыңыздар.
Ойын: «Айналайын, толғанайын!
Ойынға 4 - 5 баланы шығарып, көздерін орамалмен байлайды. Ата – аналар да ортаға шығып, әрқайсысы өз балаларын еркелетіп «Ақылдым менің! Жарайсың! Күлімдеген бота көзіңнен айналайын! Қошақаным! Айналайын, құлыным!» деген сөздерді айтады. Сол сөздерді айтқанда оқушылар өз аналарын тауып алу керек.

Келесі би кезегін Арыстанбекова Жансая мен Оталап Мадинаға береміз. «Қазақ» биі.

Жүргізуші:

Сөздерді ең аяулы  «Қүлыншағым» дегенді, 

 Жақсы көріп жаттадым  «Ботақаным» дегенді,

Енді білдім оларды   «Қошақаным» дегенді,

Кімнің ойлап тапқанын «Айналайын» дегенді, 

«Күнім», «жаным» дегенді,   

«Толған айым» дегенді 

Ойлап тапқан аналар.

Ән: Зейнолла Динара

Келесі тамаша бір би кезегін Қайыржанова Жансаяға берсек. «Попури» биімен.

Тағы бір ойын ойнайықшы.

Жүргізуші кезек-кезек балаларға сүрақ қойып, қолындағы допты лақтырады. Балалар сұақтарға жауап береді.

Ойынға төмендегідей сұрақтар қойылады.

Отбасы мүшелерін ата.

Сен отбасында кімді жақсы көресің?

Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

Кішкентай бөпеңе қандай көмек көрсетесің?

Анаңды қалай жақсы көресің?

Отбасында кімге сыйлық сыйлағың келеді?

Атаң мен әжең саған не үйретеді?

Атаң мен әжеңе кандай көмек бере аласың?

Байдильдинова Сымбат пен Тоғызбаева Тананың биін қабыл алыңыздар. «Просто – просто»

Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді

Жүргізуші:

Әке деген - биік шыңы адамның,

Әке деген - тірегі ғой ғаламның,

Әке деген – бойыңда аққан қаны да,

Шыққан тегің, ол негізің, жаның да. 
Ақ жаулығың қымбат маған анашым

Тілегімсің, сүйенішім панамсың,

Шапағатың сәуле болып төгілген,

Ақылы мол мейірімді данамсың.

Ән шашу Төлеубек Аяжанның орындауында «Көңілді күн»

1-жүргізуші:

Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандаға айменен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрғанына

Бишілерге қызығып қарасасын. – дей келе келесі кезекті мың бұралған биші қыздарымызға береміз. 4 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Флешмоб» БИ

Оқушылар тақпақтары
АТА

АТА-үлкен,кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.

              ТӘТЕ

Таудай менің талабым,

Айна мен ақ тарағын.

Алып беріп тартпадан,

Тәте көңілін табамын.

  АПА

Мейірімді апалар,

Балалар кеп бата алар.

Қалтасына кәмпит сап,

Немереге апарар.

  АҒА

Қиындықтан қынбайды,

Атам сөзін тыңдайды.

Жұмсап мені жұмысқа,

Үлкендігін бұлдайды.

          МЕН

Атам не айтса көнетін,

Апам көңілін бөлеиін,

Мен осы үйдің кенжесі,

Бәрі жақсы көретін.

 Жүргізуші: Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санаймыз екеуміз.

Бас бармағым-папам,

Балаң үйрек –мамам,

Ортан түйрек-ағам,

Шылдыр шүмек-мен,

Кішкентай бөбек-сен.

Би Аралбай Сабинаның орындауында

Жүргізуші:

Атамнан басталар, Әжемнен қосталар Отбасым мынылар:

Ең жақын адамдар- Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін,еремін! Осымен бүгінгі іс – шарамыз аяқталды. Отбасымыз, аман болсын. Сау болыңыздар.

Жамбыл бастауыш мектебі




(концерттік бағдарлама)



http://nurotan.kz/sites/default/files/styles/content/public/nurotan-news-1410773238.jpg?itok=yOwTN3Is






Дайындаған: Тастурганова Р.Ж.








2015 – 2016 оқу жылы


Өткізілген іс – шараға сараптама

Тақырыбы: Отбасы – аялы алақан мекені

Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.

Отбасы күніне арналған «Отбасы – аялы алақан мекені» атты тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді. Осы іс – шара басында отбасының қадір – қасиеті дайында айтылып тоқталды. Отбасы мүшелері жайында айтылды. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз екенін. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жететіндігі туралы, Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктелетіндігі туралы, ал баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  анаға тікелей қатысты екендігін айтып түсіндірілді.

Осы концертті әрі қарай оқушылардың дайындаған әндерімен, билерімен, тақпақтарымен жалғастырылды. Мысалы: Аралбай Құндыз бен Серикова Ділназдың орындауында «Ана құдыреті» әні, Фазыл Гүлім «Үнді» биі, Арыстанбекова Жансая мен Оңталап Мадинаның орындауында «Қазақ» биі, 2 сынып оқушысы Қайыржанова Жансаяның орындауында «попури» биі мен акрабатикалық жаттығулар көрсетіп, көрерменді таң қалдырды. Одан әрі Тоғызбаева Тана мен Байдильдинова Сымбаттың орындауында «Просто - просто» биі, Төлеубек Аяжанның орындауындағы «Көңілді күн» әні, және 4 «Б» сынып оқушыларының орындауында флешмоб биін биледі. Іс – шара барысында ата – аналар мен және оқушылармен ойын ойнатылды. Аналармен ойында ортаға 3 – 4 оқушы шығарып көздерін байлап қойып аналары жылы сөздер айтады сол кезде оқушылар өздерінің аналарын тауып алуы керек. Ал оқушылармен ойын кезінде жүргізуші допты кез – келген бір оқушыға лақтырады сол допты қағып алған оқушыға отбасы жайлы сұрақ қояды. Содан кейін оқушылардың жаттап келген тақпақтары айтылып өткізілді. Концерт соңында 4 «А» сынып оқушыларының флешмоб биімен аяқтадық. Бұл іс – шараға ата – аналар, оқушылар қатысты. Аталған іс – шара өте жақсы өтті.





Өткізген: Тастурганова Р.Ж.



Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров161
Номер материала ДВ-128008
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх