Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Презентации / Конференция "Аңызға айналған ұшқыш қыз-Хиуаз Доспанова"

Конференция "Аңызға айналған ұшқыш қыз-Хиуаз Доспанова"



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Директору, завучу
АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫЗ ҚЫЗ ХИУАЗ ДОСПАНОВА Соғыста дұшпанмен арпалыста ерекше...
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Аты...
Қанатты қыз Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасы...
Ұлы Отан соғысы кезінде СССР-да тек әйелдерден тұратын, тұңғыш, бірден-бір ав...
Мектеп бітіргеннен кейін, Хиуаз Мәскеуге оқуға кетті. Бірінші ол, Жуковский а...
Хиуаз мерген-штурман және Юлия Пашковамен бірге ұшатын. Бірінші жарақатты Дос...
Емнен кейін Хиуаз полкке қайтып оралды, бірақ ұшаққа өзі отыра алмады, тек құ...
Оның мансабы жақсы қалыптасты: Қазақстанның ОК ЖЛКО хатшысы, Қазақ ССР-ы жоға...
Бұл жерде әлі күнге дейін оның жолдасы (суретте), ұлы және немересі тұрады. Х...
60-жылдары Хиуаз Доспанова "Соғыс туралы естелік" кітабын жазды. Кітап екі ті...
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ХИУАЗ ДОСПАНОВА ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР, МАҚАЛАЛАР, ОЧЕРКТЕР, СҰХБАТ...
Қайсар қыздың қаһармандығы Әзілхан нұршайықов Ұлы Отан соғысының ардагері, Қа...
ҚАҺАРМАН ҚЫЗ ХИУАЗ 1. Атыраудай қасиетті мекеннен, Талай ұл-қыз биіктерден кө...
ӨЛЕҢ-ЖЫРМЕН ӨРІЛГЕН ЕРЛІК Ә.Еділбай (Ә.Сәрсенбаев). Кіршіксіз махаббат (летчи...
«Тұңғыш ұшқыш-қазақ қызы өз борышын өтеді. Ол 1941-42 жылдары 300-ден астам...
1 из 19

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫЗ ҚЫЗ ХИУАЗ ДОСПАНОВА Соғыста дұшпанмен арпалыста ерекше
Описание слайда:

АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫЗ ҚЫЗ ХИУАЗ ДОСПАНОВА Соғыста дұшпанмен арпалыста ерекше көзге түскен тағы бір қазақ қызы бар еді. Ол - әскери ұшқыз Хиуаз Доспанова болатын. Хиуаздың да ерлік істері батыр атағын беруге әбден лайық еді. Өкінішке орай, соғыс уақытында бұл атақ бұйырмады. Соғыс біткеннен кейін, арада алпыс жылға жуық уақыт өткенде ғана өз Отаны - Қазақстан ұшқыш қыздың ерлігін асқақтатып, “Халық Қаһарманы” атағын берді. Кеш болса да ерліктің мойындалып, тиісті бағасын алып жатқаны - бұл да болса зор қуаныш, үлкен жақсылық.

№ слайда 2 Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Аты
Описание слайда:

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесі  Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалім болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен “Халық қаһарманы” атағы берілген болатын. 2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

№ слайда 3 Қанатты қыз Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасы
Описание слайда:

Қанатты қыз Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай. ...Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е.Пескова мен Х.Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанғанды. Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі.

№ слайда 4 Ұлы Отан соғысы кезінде СССР-да тек әйелдерден тұратын, тұңғыш, бірден-бір ав
Описание слайда:

Ұлы Отан соғысы кезінде СССР-да тек әйелдерден тұратын, тұңғыш, бірден-бір авиация полкі құралды. Оның толық аталымы: 46-гвардиялық Таман Қызылтулы Суворов ордені 3-дәрежелі түнгі бомбалайтын авиациялық полкі. Немістер қыздарды қысқаша: «Түнгі мыстандар» - деп атайтын. Аңызға айналған ұшқыш әйелдердің бірі - Қазақстандық Хиуаз Доспанова. Бірінші қазақ ұшқыш әйелі ретінде тарихта орын алды. Хиуаз Доспанова 1922ж.15-мамырда Гурьев облысының Ганюшкино аулында дүниеге келді. Оның әкесі партиялық қызметкер болғандықтан, олар отбасымен бір орыннан екінші орынға көшіп тұратын. Хиуаз 1940жылы, Орал қаласындағы № 1 - мектепті алтын медальмен үздік бітіріп шықты. Ол мектеп кезінен-ақ аэроклубта жаттықтырылып, аттестатпен бірге ұшқыш қоры куәлігін алып шықты.

№ слайда 5 Мектеп бітіргеннен кейін, Хиуаз Мәскеуге оқуға кетті. Бірінші ол, Жуковский а
Описание слайда:

Мектеп бітіргеннен кейін, Хиуаз Мәскеуге оқуға кетті. Бірінші ол, Жуковский атындағы Әскери-әуелік академиясына құжат тапсырды, бірақ, оны қабылдамағандықтан, Хиуаз Бірінші Мәскеулік медицина институтына түсті. Бірінші курс бітірген соң, 1941жылдың жаз айында Хиуаз демалысқа Қазақтанға кетіп бара жатқан кезінде соғыс басталды. Мәскеуде қалуға тура келді. Көп ұзамай, Хиуаз әйелдерге арналған жаңа полк ашылғанын білді. Әйел авиабөлiмшесiнiң құрастыруына рұқсат алған даңқты ұшқыш - Марина Раскова. Хиуаз Доспанова собеседованиеге барып, одан өтті! Оның қызметтестері Катяны, Хиуазды осылай атаған, өте көңілді, аңқау, романтикалық қыз, қыпша белді, аяғының 33-өлшемімен болғандығын еске алатын. Полк шынымен де тек әйелдерге арналған болатын, олар пилот әрі штурман болып қана қоймай,механика және техника мамандары да болды.Авиаполктегі адам саны - 115 адам,қыздардың жасы бар болғаны 17-ден 22 жас аралығында еді. Бірінші Энгельстегі оқу,сосын 1942ж. алғаш жауынгерлік ұшу және бірінші жоғалтулар болды. Ұшақта екі қыздан ұшатын. Бұл екі ашық кабиналы ағаш биплан. Максималдық жылдамдық - 120 км/сағ. Пулеметтар бортта 1944жылы пайда болды,оған дейін қарулардан тек тапанша ғана.Тек түнгі мезгілде ұшатын, күндіз осындай ұшақ қарсылыстарға оңай нысана. Әр түнде қыздар 10-15реттен ұшуға баратын. Мақсаттарына жетіп, бомбаларды лақтырып және кері - жаңа снаряд үлестеріне оралатын. Немістер "түнгі мыстандар" десе, әскери азаматтар қалжыңмен "Дунькинның полкі" деп атайтын(Евдокия Бершанская командирының атымен). Бұл туралы бірден-бір адам білетін, бірақ,«Шайқасқа өңкей қарттар барады» киносында, махаббат сезімінің негізі осы полктің ұшқышы Надежда Попова мен 821-истребитель полктің ұшқышы Семен Харламовтың арасындағы шынайы болған сезімі баяндалады.

№ слайда 6 Хиуаз мерген-штурман және Юлия Пашковамен бірге ұшатын. Бірінші жарақатты Дос
Описание слайда:

Хиуаз мерген-штурман және Юлия Пашковамен бірге ұшатын. Бірінші жарақатты Доспанова Кавказдағы шайқаста алса,екінші ауыр жарақатын 1943 жылдың 1 сәуірінде алды. Ұшқыш Раиса Аронова өзінің "Түнгі мыстандар" кітабында еске алатыны: "Сол кездерде жау ұшақтары бiздiң аэродромның үстiнде жиі түнделетiп өте бастаған. Мүмкін,олар бір нәрсенің иісін сезгені болар. Жасырылу мақсатында полк командирі ескертпе дабылдарының жарығын минимумға тусіруін бұйырып, аэронавигациялық оттармен пайдалануға тыйым салды. Тапсырмадан оралып,екі ұшақ бір мезгілде қонатын кезінде, әуеде қақтығысып қалды. Біреуінде Катя Доспанова мен Юля Пашкова болса, басқасында - Лида Свистунова мен Полина Макогон болды. Катяның есінде тек кенеттен сатыр шығып,ұшақтың құлағаны... жерде,сынықтардың астында есін жинады. Айнала тым-тырыс. Катя көмекке айқайлап шақырайын десе, кеудеден тек ыңқылдаған дыбыс шықты. Санасы кайтадан мүнартты. Бірақ, әлдебір миының бір шетінде ой жиналды: өзім жөнінде хабар беруім керек! Ерлігі мен күшінің арқасында Катя тапаншаны қорабынан алып, бірнеше әрекет жасамақ болып еді, қайтадан есінен айырылды. Өлімсіреп, қансырап жатқан Юля Пашкова да әрекет жасап, атқаны сәтті болды.Көп ұзамай, апат болған жерге жедел-жәрдем де келіп жетті. Макогон мен Свистунова мерт болды. Доспанова мен Пашкова дала әскери ауруханасына жеткізілді. Юля операциялық столда көз жұмды. Катяның да тiрлiк белгiлерi болмады, оны құрбысының жанына жіберді. Сосын кездейсоқ оның жансыз бозарыңқылықпен жамылмағанын байқап,жедел құтқаруға барлық шара қолданып және міне -ғажап! - оның кiрпiктерi селк еттi, ол көзiн сәл ашты. Бiрнеше күн мен түн дәрiгерлер оның өмiрімен белдестi. Катяның денесінің жансыздануы басталғандай, аяқтарының ампутациясы туралы мәселе көтерiлдi, дегенмен, бас оташы: - Жоқ, мен бұл қыздың аяғынан айыра алмаймын! Егер ол есін жинаса, оған аяқтары керек болады! -деп мәлімдеді. Катя тірі қалды. Ессентукиға оны гипске кісендеулі күйінде алып келді. Шамалы уақыттан соң, рентген көрсеткендей оның жетiлуі терiс жүрдi. Гипсты сындырып, сүйектерін түзеді. Байғұс Катюша! Оның еншісіне сонша ауыртпашылық түсті... Хиуаздың өзі еске алатын: "Оянсам, ауруханада,қол-аяғым сынған екен. Арқам гипсте. Юля қайда? - деп сұрадым. "Уайымдама, ол жақын жерде". Кейін бұл жұбату үшін айтылған өтірік сөздер екенін білдім. Хиуаз нұсқауларға керiсiнше, қауіпсіз белдігін тақпағанының себебінен, қақтығыс кезінде кабинадан лақтырылып жіберілді. Ал белдеу қосарланғандардың барлығы қаза болды.

№ слайда 7 Емнен кейін Хиуаз полкке қайтып оралды, бірақ ұшаққа өзі отыра алмады, тек құ
Описание слайда:

Емнен кейін Хиуаз полкке қайтып оралды, бірақ ұшаққа өзі отыра алмады, тек құрбыларының көмегімен кабинаға отыратын. Ұшып болған соң, өз бетімен ұшақтан шыға алмайтын болғандығынан, жауынгерлік көлікте түнейтін. Қыздың қиналғанын көрген командир, Хиуазды штабқа ауыстырды - Хиуаз байланыс штабының басшысы болды. Хиуаз Доспанова небәрі 300 рет жауынгерлікпен ұшып шықты. Өзінің полкімен бірге ол Германияға да ұшты."Түнгі мыстандар" Кубань, Тамань, Новороссийск, Қырым, Белоруссия, Польша егемендіктеріне қатысты. Тек Германия төңірегінің өзінде,қыздардың ұшқан саны 2000-нан асты. Соғыс жылдары ұшқыш қыздар 2 902 980кг бомба, 26 000 жалынды снаряд пайдаланған болатын. Соғыста 32 қыз мәңгілікке көз жұмды... Хиуаз көптеген марапаттар алғанымен, "Совет Одағының ҚаҺарманы" атағын алмады. Мүмкін тірі қалғандықтан болар... Хиуаз Оралға 1945 ж, 23 жасында екінші топтағы мүгедек болып оралды. Ол енді ұшпады - авиация,соғыс сияқты артта қалды. Оқуын медицина саласында жалғастырғысы келді, бірақ, оған партиялық қызмет ұсынды. Хиуаз Алматыдағы Жоғарғы партиялық оқу орнына түсіп, өзінің болашақ жолдасы Шаку Амировпен танысты. Екі ұл бала сүйді. Бірақ, кіші баласы екі жасында қайтыс болды.

№ слайда 8 Оның мансабы жақсы қалыптасты: Қазақстанның ОК ЖЛКО хатшысы, Қазақ ССР-ы жоға
Описание слайда:

Оның мансабы жақсы қалыптасты: Қазақстанның ОК ЖЛКО хатшысы, Қазақ ССР-ы жоғарғы кеңестiң депутаты және бірінші сессияда — Төралқаның хатшысы болды. Алматы горком партиясының хатшы қызметін атқарды. Бірақ, 37 жасында Хиуаз Доспанова зейнетке кетуіне тура келді. Денсаулығының салдарынан деп айтатын. Меніңше, анам партиялық жұмысқа келіспеуі керек еді, - дейді ұлы, Сатпаев атындағы ҚазҰТУ мұғалімі Ерболат Амиров. - Ол аңқау, нәзік болатын...мүмкін мұндай жұмыс оған сай болмайтын. Не болғанын білмеймін, анам айтпайтын, бірақ, оған КазМемҚызПу басқаруға шақырғанда ол бас тартты, жәй үй шаруасындағы әйел болып қалды. 50 жастан асқан шағында, екi жарақаттың зардабы бiлiне бастады. Оның серiк-ұшқыштары жұмыс iстедi, сергегiрек, iскер болды. Бірақ, анамның зақымынан көңіл-күйі болмайтындығынан, сұхбат алуға келетін тілшілер анамның мінезі ауыр деп ойлайтын.

№ слайда 9 Бұл жерде әлі күнге дейін оның жолдасы (суретте), ұлы және немересі тұрады. Х
Описание слайда:

Бұл жерде әлі күнге дейін оның жолдасы (суретте), ұлы және немересі тұрады. Хиуаз Доспанова соңғы жылдары далаға шықпай, 2008жылда басжамбасын сындырып, көп ұзамай қайтыс болды. - Апам, соғысты еске алуды ұнатпайтын,- дейді немересі Қанат Шаку. 2010жылы Атырауда ұшқышқа ескерткіш ашылды, Алматыда оның атымен аталған көше пайда болды. Атыраудағы спорт сарайы да Хиуаз Доспанованың есімін алды. Ол жайлы "Хиуаз Доспанова. Рахмет айтып үлгеру" атты деректі фильмі түсірілді.

№ слайда 10 60-жылдары Хиуаз Доспанова "Соғыс туралы естелік" кітабын жазды. Кітап екі ті
Описание слайда:

60-жылдары Хиуаз Доспанова "Соғыс туралы естелік" кітабын жазды. Кітап екі тілде шықты - қазақша және орысша. Әлі күнге дейін ол кітап қайта басылып шықпады. "Эйр Астана" авиакомпаниясы Хиуаз Доспанованың атын Embraer 190 ұшағына иеленді.

№ слайда 11 ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ХИУАЗ ДОСПАНОВА ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР, МАҚАЛАЛАР, ОЧЕРКТЕР, СҰХБАТ
Описание слайда:

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ХИУАЗ ДОСПАНОВА ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР, МАҚАЛАЛАР, ОЧЕРКТЕР, СҰХБАТТАР, ӨЛЕҢДЕР

№ слайда 12 Қайсар қыздың қаһармандығы Әзілхан нұршайықов Ұлы Отан соғысының ардагері, Қа
Описание слайда:

Қайсар қыздың қаһармандығы Әзілхан нұршайықов Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Хиуаз Қанапия Ахметов Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматы энергетикалық байланыс Институтының профессоры Қанатты қыз Айтқали нәріков

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 ҚАҺАРМАН ҚЫЗ ХИУАЗ 1. Атыраудай қасиетті мекеннен, Талай ұл-қыз биіктерден кө
Описание слайда:

ҚАҺАРМАН ҚЫЗ ХИУАЗ 1. Атыраудай қасиетті мекеннен, Талай ұл-қыз биіктерден көрінген. Хиуаздай аяулы қыз, батыл қыз, Ганюшкинде өсіп-өніп жетілген. Қ-сы Хиуаздай батыр қыз ұшқыш болған, Талай ұрпақ үлгі алып жолын қуған, Қаһарман қыз мәңгі есте қалады, Еңбегімен елі үшін жасаған. 2.Биік-биік мақсаттарды көздеген, Сабақты да үздік оқып үзбеген. Ұшқыш болам деген әркез сөзінен, Қаһарман қыз ешбір айнып көрмеген. Қ-сы 3.Қиыншылық күндерді көптеп көрді, Жас кезінде құлпырған соғысқа енді. Елі үшін сіңірген еңбектері, Еленіп “қызыл жұлдыз” төске ілінді.

№ слайда 18 ӨЛЕҢ-ЖЫРМЕН ӨРІЛГЕН ЕРЛІК Ә.Еділбай (Ә.Сәрсенбаев). Кіршіксіз махаббат (летчи
Описание слайда:

ӨЛЕҢ-ЖЫРМЕН ӨРІЛГЕН ЕРЛІК Ә.Еділбай (Ә.Сәрсенбаев). Кіршіксіз махаббат (летчица лейтенант Хиуаз Доспановаға Сағынғали Сейітов Оқыс оқиға (майдангер-ұшқыш Хиуаз Доспанованың аузынан) Нұрперзент Домбай Қайсар қыз (дастан) АСПАН-АҢСАР КЕЗЕКТІ ҰШУ “ТУҒАН ЕЛДЕ КЕЗДЕСКЕНШЕ!” БҰЛТПЕН БЕТПЕ-БЕТ ОЛ-ҚАҺАРМАН АЗАТТЫҚ ШАПАҒАТЫ

№ слайда 19 «Тұңғыш ұшқыш-қазақ қызы өз борышын өтеді. Ол 1941-42 жылдары 300-ден астам
Описание слайда:

«Тұңғыш ұшқыш-қазақ қызы өз борышын өтеді. Ол 1941-42 жылдары 300-ден астам әуе қақтығыстарына белсенді түрде қатысқан болатын. Ерлігі үшін Кеңес үкіметі орденімен, Қызыл жұлдызбен, Отан үшін ордендерімен және басқа да бірнеше медальдермен марапатталған. Соғыстан кейін де Доспанова түрлі қызметтерді басқарып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосты. 2004 жылы оған Мемлекет басшысының жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Майданнан Хиуаз Доспанова ІІ-ші топтағы мүгедек болып оралды. Хиуаз туған Батыс Қазақстан облысында партияның аудандық комитетінің нұсқаушысынан Қазақстан ЛКЖО орталық комитетінің хатшысы қызметіне дейін жетті. Ол Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украина мен Беларусьта әскери тапсырмалар орындаған. Соғыстағы ерліктері үшін батыр қыз «Қызыл жұлдыз», «II дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Кавказды азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарын иеленіп, әскери атағы аға лейтенант шеніне дейін өскен. Алғашқы ұшақ Хиуаз Доспанованың атымен аталатын болды.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Презентации
Просмотров410
Номер материала ДВ-336242
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх