Инфоурок / История / Конспекты / Конференция на тему " Ассамблея - елдіктің өлшемі,тұрақтылықтың тұтқасы"

Конференция на тему " Ассамблея - елдіктің өлшемі,тұрақтылықтың тұтқасы"


библиотека
материалов

«Ассамблея – елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы»

(конференциялық сабақ )

Мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстанда халықтар Ассамблеясы тақырыбына шолу жасау , оның маңыздылығына тоқталу;

  • Елімізде тату-тәтті өмір сүретін халықтардың бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру;

  • Оқушыларды саяси өмірге белсене қатыстырып, олардың философиялық дүниетанымын арттыру.

Конференциялық сабақтың әдісі: ауызша баяндау,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: конференциялық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайдтар,плакаттар, кітап көрмесі т.б.

Сабақтағы түйінді идеялары: «Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес» Н. Назарбаев. 

Сабақтың жүру барысы:

1.Кіріспе сөз.

2.Ассамблея тарихына шолу жасау

3.Қазақстан – көпұлтты қоғам .

4. Қазақстан – көпұлтты халықтар мен ұлыстардың ынтымақтастығы.

5.Ұлттық идеяның қажеттілігі

6. Қорытындылау

Кіріспе сөз.

- Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

Мектебімізде « Ерлік елге мұра , ұрпаққа ұран» атты тарих апталығы өтіп жатыр. Осы тақырыптың аясында біз,тарихшы мұғалімдер биылғы жылдың басты-басты оқиғаларын осы апталықта көрсетуді жоспарладық. Сол шаралардың бірі – ассамблеяға арналады. Еске сала кетейік, 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп бекітілді.Ұлт пен ұлыстар сүттей ұйып , татулық пен келісімнің тұмарына айналған Қазақстан бүгінде көпшілікке үлгі болып отыр.Нақтырақ айтсам, 1 – наурыз Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні.Олай болса, «Ассамблея – елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы» атты конференциялық сабағына қош келдіңіздер!

1-оқушы.Баяндама тақырыбы: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы .

Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құрылған унитарлы мемлекет.Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.

Ассамблеяның басты мақсаты:

Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді

Ассамблеяның қызметі

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.

Ассамблея туралы Заң 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Ассамблеяның парламенттік өкілдігі

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.

Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық , облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретінұйым болып табылады.

Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отырғандығын дәлелдейді.Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік деп білемін.

2-оқушы. Баяндама тақырыбы: Қазақстан – көпұлтты қоғам.

Қазақстан - көпұлтты қоғам.Қазақстан халқын қазақтармен бірге әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері құрайды.Қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт болып табылады.Ол өз жерінде өз мемлекетін құрғанын білдіреді.Бұл идея Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесінде бейнеленген. Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

« Қазіргі уақытта қайсыбір ұлттағы немесе қандай да бір дінді ұстанатын кез келген қазақстандық- бұл өз елінің тең құқықты азаматы, ал қазақ халқы мен мемлекеттік тіл – дамушы қазақстандық азаматтық қауымдастықты біріктіретін қазық ретінде әрекет етеді» ( Қазақстан Республикасы Президенті, ҚХА төрағасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінен ).

Бүгінгі күні мемлекеттік БАҚ-тың 70 пайызы қазақ тілінде жасалады.Қазақ тілінде оқытылатын мектептер 63 пайызын құрайды. Біздің елдің ұлттық саясатының басты міндеті-азаматтық ұстанымдылық пен ұлттық келісімді сақтау.Мұндай келісім этностар арасындағы достықты, теңдікті қамтамасыз етеді.

Ресми статистика. Қазақстан Республикасында 22 республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді, олар 470 облыстық, қалалық және аудандық ұйымдарды біріктіреді ; этноқұрылымдар бар : немістер – 49, қазақтар-40, кәрістер -36, татарлар- 29, слаяндар-27, шешендер мен ингуштер-26, әзірбайжандар-23, ұйғырлар-21, орыстар-20, украиндер-19, еврейлер-18, поляктар-16, түріктер-14, гректер-12, армяндар-11, белорустар-10, дүнгендер-10 күрдтер мен өзбектер-8-ден, казактар-6, түрікмендер, болгарлар, дағыстандықтар-4-тен, қырғыздар,чуваштар, қарақалпақтар-2-ден, ассириялықтар мен чехтар -1-ден. Елде 100-ден астам ұлттық мектептер,170 жексенбілік мектептер жұмыс істейді, онда 23-і ана тілінде оқытылады.Ұлттық Қайта өрлеудің үш мектебінде 12 ана тілін зерделеу бойынша 29 бөлімше жұмыс істейді.Қазақстанда 4 республикалық және 15 өңірлік ұлттық газеттер басылып шығады, 6 ұлттық театр ( қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, корей және өзбек) жұмыс істейді.

Жыл сайын этникалық топтардың тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді.Жыл сайынғы Наурыз, Масленица, Рождество және басқа бұқаралық халықтық мерекелер дәстүрлі мерекелерге айналды.

  • 2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағының дерегі бойынша:

  • Қазақтар 63,6%,

  • Орыстар - 23,3%,

  • Өзбектер - 2,9%,

  • Украиндықтар - 2,0%,

  • Ұйғырлар - 1,4%,

  • Татарлар - 1,2%,

  • Немістер - 1,1%,

  • өзге де этностар - 4,5%


Осынау қадамдар арқылы еліміз ең басты нәтижеге – қоғамды демократияландыруды тереңдетуге, қоғамдық келісім мен татулық, түсіністікке, ішкі саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік жаңғыртуға, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету негізінде мемлекеттік тәуелсіздігіміз бен Ел бірлігін одан әрі нығайта түсетін кемел болашаққа қол жеткізуі тиіс.

Қазақ халқының тұтас ұлтты ұйыстырушы рөлі. Еуразия құрлығының қақ жүрегінен орын алып, Батыс пен Шығысты, Еуропа мен Азияны жалғайтын алтын көпір болып отырған, берекесі тасып, бірлігі беки түскен елдің иесі ретінде қазақ жерін мекен еткен барша ұлыстарды біріктіру құдіреті халқымыздың маңдайына жазылған бақ, әрі салмағы зор жауапкершілік.

3-оқушы.Баяндама тақырыбы: Қазақстан – көпұлтты халықтар мен ұлыстардың ынтымақтастығы.

Қазақстан аумағына ХХ ғасырда әртүрлі ұлт өкілдерінің көп бөлігі мәжбүрлеу түрінде немесе өз еріктерімен саяси қуғын-сүргіндерге байланысты, революциялар, азамат және Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейінгі тоқырау тұсында, индустрияландыру мен тың жерлерді игеру кезінде қоныс аударды. Қазақ халқы мен Қазақстан халқының бірегей рухани-өнегелік әлеуеті қалыптасты.Біздің халыққа бейбітшілік сүйгіштік, құрметтеушілік, төзімділік, әртүрлі мәдениеттер мен құндылықтарды қабылдау қабілеті, ашықтық тән.

Қазақстанда « Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.Аталған мемлекеттік бағдарлама этностық иммигранттарды;Қазақстан Республикасы аумағына еңбек ету,табыс табу үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматттарын ұтымды қоныстандыру мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазақстан - көпұлтты қоғам.Қазақстан халқын қазақтармен бірге әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері құрайды.Қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт болып табылады.Ол өз жерінде өз мемлекетін құрғанын білдіреді.Бұл идея Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесінде бейнеленген. Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

« Қазіргі уақытта қайсыбір ұлттағы немесе қандай да бір дінді ұстанатын кез келген қазақстандық- бұл өз елінің тең құқықты азаматы, ал қазақ халқы мен мемлекеттік тіл – дамушы қазақстандық азаматтық қауымдастықты біріктіретін қазық ретінде әрекет етеді» ( Қазақстан Республикасы Президенті, ҚХА төрағасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінен ).

Бүгінгі күні мемлекеттік БАҚ-тың 70 пайызы қазақ тілінде жасалады.Қазақ тілінде оқытылатын мектептер 63 пайызын құрайды. Біздің елдің ұлттық саясатының басты міндеті-азаматтық ұстанымдылық пен ұлттық келісімді сақтау.Мұндай келісім этностар арасындағы достықты, теңдікті қамтамасыз етеді.

4-оқушы.Баяндама тақырыбы: Ұлттық идеяның қажеттілігі

Қазақстанның көпұлтты халқы өмір құрылысының ортақ идеясымен біріккен бірыңғай ұлт болып табылады.Біздің елде адамдар өзара еркін қарым-қатынаста.Ұлттық мәдениеттер мен тілдердің айырмашылығы, бір жағынан-әрбір мәдениеттің өзара рухани баюының және бүкіл ұлттың өсу құралы болса, екінші жағынан –басқа мемлекеттердің халықтарымен өзара әрекеттестік құралы болып табылады.

Бүгінгі күні ұлттық идеяның қажеттігі туралы мәселе қойылуда.Қазақстандағы өмір құрылысының бұл идеясын нарықтық экономика, құқықтық мемлекет және демократиялық реформалар сияқты құралдарды қолдану жолымен жүзеге асыру қажет.Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. қазақтар да әлемнiң саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнiнде айтқандары бүгiнгi күнге жетiп отыр. 
ХХ ғасыр этностарды мидай араластырып жiбердi. Отарлаудың зорлық-зомбылығынан жоғалып кеткен ұлттар аз емес. Бiр ғана КСРО-ның өзiнде 1926-1939 жылдар iшiнде 194 ұлттан 100-ге жетпейтiн ұлт қалған екен. Осылайша ұлттану өзектi мәселеге айналды Бiздiң ойымызша, ұлт дегенiмiз – өзiнiң қазақ (орыс, немiс, жапон...) екенiн тарих тереңiнен бастау алған төл санасымен ұғатын және басқалардан тiлдiк, рухани, геосаяси, т.б. өзгешелiгiн айыра алатын адамдардың үлкен қауымдастығы. 
Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi. Ұлттық идеяның мән-мағынасын дәл қазiргi таңда "Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк" деген ұғым-түсiнiктер аша алады. 
қазақ - Қазақстан Республикасына атауын берген этнос, осы мемлекеттiң, жердiң иесi де, киесi де қазақтар. Ел – байырғы түркiлер заманында қалыптасқан атау-термин, мемлекеттiктi бiлдiредi. Орхон мұраларында "Түркi елi", "Мәңгi ел" деген сөз тiркестерi бiрнеше рет қайталанған. Ұлттық идеяның "Қазақ елi" ұғымымен басталуы өзектi екi мiндеттi шешуге мүмкiндiк бередi. Бiрi – барша қазақстандықтардың отансүйгiштiк сезiмiн тарихи-этникалық тамырмен байланыста қалыптастырып, тұрақтандыруға, екiншiсi – алыс шетелдiктерге Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң мәнi қазақ елiне саятынын ұғындыру қажет.




6. Қорытындылау.
















Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-297339

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG