Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Конференция на тему "Оқытуда АКТ арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру"

Конференция на тему "Оқытуда АКТ арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру"


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқытуда АКТ арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

94 жалпы орта мектебі

Омарбекова Зауре Асанқызы

Ағылшын тілі пән мұғалімі



Кіріспе

Менің  бүгінгі ғылыми  конференцияға дайындап әкелген тақырыбым: «Оқытуда АКТ арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру». Мақсатым, міндетімді айтып кету. Бұл жұмысымды «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген ұлы ақын Абай атамыз.
Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру.


Еліміз баланың болашағы үшін қаншама қаржы бөліп барлық жағдайды жасауда. Мұнда әлемнің бірнеше елдерінен сынақтан өткен Кембридж университетінің әдіс тәсілдерін меңгеруге және терең білім Қазақстанның дамуы үшін елбасымыз жағдай жасап курсқа жіберуде. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда әдістемелік жұмыстардың атқаратын ролі зор болмақ.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарлмасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігі үйреніп, соның нәтижесінде еркін , өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық бесінші бет)

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей үйренген әдіс-тәсілдердің барлығын қолданып, оқушыларға үйретуіміз керек. Атам қазақ былай «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» дегендей барлық әдіс-тәсілдердің тиімді жағын пайдалансақ үлкен нәтижеге қол жеткіземіз. Қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Мен сабағымда шақтарды өткенде интерактивті тақтадан суреттерді қолданып, аудио және видео көрсету кезінде көбірек пайдаландым. Мұнда оқушылар интерактивті тақтадан суреттерге әнгіме құрап, сұрақтарға жауап беріп естіген етістіктерін орын орнына қойып оқушылардың қызығушылықтары артып отырды. Менің өткен сабақтарым көбінесе ақпараттық коммуникациялық технологиямен байланысты болды.

Қазіргі уақытта жаңа педагогика ғылымдағы проблема оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технлогоияның әдіс тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, олардың үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі.

Әлеуметтік сындарлылық тұрғыдан білім беруді түсіну (Vygotsky, 1978: Wood, 1998 Мұғалімге арналған нұсқаулық) осы бағдарламада айтылған «Білім берумен білім алудың жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Білім беру жүйесі жаңаша көзқараспен, ақпараттарды қабылдау мен өңдеу қабілеттілігін дамытуды, білім беру мәселелерін шығармашылықпен шешуді, білім бағдарламаларын дербес өзгешіліктермен толықтыруды ұсынады.

Педагогикалық дамуда оқытушы мен оқушының қарым қатынасының барысы ең басты негіз болып табылуда. Қалыптасқан дәстүрлі әдістері, компьютерлік оқу құралдарымен алмасуда.

Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында: ХХІ ғазыр ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті; Компютерлік техниканы, интернет, телекомуникациялық желі, электрондық және телекомуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси экономикалық білімді және ақпараттық -коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. (Шетел тілін оқыту әдістемесі Алматы 2010ж)

Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Жаңа ақпараттық технологияны еңгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы. АКТ ны ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларын арттыру: Тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, лингвистикалық, грамматикалық, фонетикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдениетін тануы.

АҚТ –ны грамматика,фонетика, лексика сабағында кез келген тақырыпта өткенде қолдануға болады. Мультимедиялық мүмкіндіктер үйретіліп отырған тілідің өзінің қабылдау деңгейіне сай бейімдей отырып тындауға қолайлы, сөз дыбысталуы мен жазылуын қатар қоя салыстыруға мүмкіндік береді. Өзіндік ойлауды, рефлексиялық қабілеттерді (ойлау, өзін өзі бақылау, өзін өзі бағалау) қалыптастыру үшін тек қана оқулықпен мұғалімнің болуы аздық етеді. Бір мәселеге қатысты түрлі көзқарастарды көрсететін, оқушыларға ойлану үшін, сыни тұрғыдан талдау, жинақтау, өзіндік қорытындылау және шешімін шығару үшін азық берер ақпараттың мол қоры қажет. (Шетел тілін оқыту әдістемесі Алматы 2010ж)



Жаңа тақырыпты меңгеру. Дәстүрлі технологиялар мен қатар АҚТ мүмкіндіктерін қолдану мұғалімнің қызғылықты, әр алуан материалды іріктеп алуына көмектеседі. Қорытынды сабақ. АҚТ тестіні сабақта ұтымды пайдалануға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдейді. Оқушылар нәтижені бірден біле алады. АҚТ қолдану бағаның дұрыс қойылуын бірден біле алады. АҚТ қолдану бағаның дұрыс қойылуын сақтайды. Сабағымда АКТ ны пайдаланғанда өте зор көмегін тигізіп отырды. (Шетел тілін оқыту әдістемесі Алматы 2010ж)

Бұл технологиялар өз кәсіби міндеттерінің шешімін іздеу үстінде жүрген мұғалімдер үшін кең мүмкіндіктер туғызады. Жаңашыл технологиялар алдыңғы қатарлы үздік мұғалімдерді тартуға, оқушылар аудиториясын кеңейтуге жағдай туғызады. (Шетел тілін оқыту әдістемесі Алматы 2010ж)

Сонымен, оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:

Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы, білім сапасы көтеріледі.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.Зерттеу дағдылары дамиды. Ақпараттық мәдениеті дамиды.Әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады. Сабақта уақыт үнемделеді. Аудио, бейне, мультимедиа материалдарын қолданып үйренеді.Оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды.

Сабағымда АКТ ны пайдаланғанда өте зор көмегін тигізіп отырды. Мен сабағымда видеороликті қойғанымда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып , сабақта электрондық оқулықтарды пайдаланып тиімді жақтарын қарастырып олармен сабақ өтуіме өте зор көмегі тиіп отырды.

АҚТ-ны ағылшын тілі сабақтарда қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның уйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

Мен алдағы уақытта білімімді жетілдіре отырып оқушылардың компьютерді меңгеруіне үлкен үлесімімді қосамын. Елбасы Н.Назарбаев XXI-ғасыр ғылым мен техниканың даму ғасыры деп тегін айтпаған. Келешек ұрпағымыздың саналы, тәрбиелі, білімді ұрпақ болып өсу үшін мен ұстаз ретінде бар күш жігерімді жұмсаймын.













Қолданылған әдебиеттер:

  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі Алматы 2010ж

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық бесінші бет

  3. Vygotsky, 1978: Wood, 1998 Мұғалімге арналған нұсқаулық









































Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

94 жалпы орта мектебі





Баяндама

Тақырыбы:

Оқытуда АКТ арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

Омарбекова Зауре Асанқызы

Ағылшын тілі пән мұғалімі





















2015-2016ж


Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров45
Номер материала ДБ-378465
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх