Инфоурок Всеобщая история Научные работыКонференция сабақ" Отпан тау"

Конференция сабақ" Отпан тау"

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Тамырлы тарих-ордалы Отпан» танымдық-өлке тану конференциясы

Мақсаты:

  1. Отпан тарихи кешені туралы түсінік-ұғым қалыптастыру.

  2. Тарихи кешеннің өзіндік орыны мен киелілігін нақты мәліметтерге сүйене отырып, ой-өрісін дамыту.

  3. Жас өрендердің туған жер құндылықтарын, қазыналарын, жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтауға және оны құрмет тұтуға, сүюге тәрбиелеу.

Жүргізуші: 

Отпан –тау биігі; Батыс Қаратаудың ең биік нүктесі (биіктігі- 532 м).

Ақтау –Таушық – Шетпе тас жолы бойындағы Жыңғылды ауылы менен Тұщыбек санаторийінің орта жерінде, жолдан 5-6 км сол жақ қапталында орналасқан. Қашаған ақынның жырында айтқан ( «Отпан таудың басында, «Дегелек» деген бір құс бар, аспанда жүріп ысқырса, мың орда жылан басылған...) киелі қыран құсты да көре аласың. Батыста алыстан ап-анық Каспий теңізінің құрлыққа еніп жатқан жері- Үш ауыз тау көрінеді. Бұл таудың арасында адайлардың көтерлісін басам деп теңіз арқылы келген патша әскерлерін Иса- Досан сарбаздарының соғысып, шапқыншы орыс әскерлерін қырып тастаған, ұрпағымызды ерлікке, бірлікке, елдікке жетелейтін тарихи орын айналасы қоршалып, ауқымды жерді алып жатқан мола-төбе жатыр.

Түнде басына шықсаң оңтүстік батыстан Ақтау қаласының, оңтүстік шығыстан мұнайлы Жетібай кентінің, терістіктен Қаражанбас кенішінің самсаған оттарын көресің. Бейне бір көкжиекке шашып тастаған отты моншақтар сияқты. Бұлар Отпан таудың басынан 150, 100, 80 шақырым қашықтықта орналасқан.

Еліміз тарих толқынында шыңдалып, байтақ жеріміз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғалып, сарабдал хандардың саясаты мен ержүрек батырлардың ерлігінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді.  Осынау ұлан-ғайыр даламыздың алып сахарасында Қазақ хандығы ХV-ХІХ ғасырларда кеңінен қанат жайып, байтақ өңірді мекен еткен қазақ тайпаларының басын қосқан елдігіміздің бастауы болды.Елбасымыз 2015жылды өткенімізді зерделеп,ұлықтайтын жыл деп атаған еді. Тәуелсіз елдің ұрпақтарының халқымыздың өткен тарихын білуі ата баба алдындағы парызы деп білеміз. 6ә сынып ұжымымен бірлесіп өткізгелі отырған конференциямыздың негізгі тақырыбы- Отпан тау туралы болмақ.

Конференцияның ашылуы. Пән мұғалімі Тулеубаева Санибаш. Еліміздің өткен тарихын білмей, болашаққа ұмтылу мүмкін емес. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізуіміз ұлтарақтай жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ата бабаларымыздың арқасында деп білуіміз керек. Егемендік алған қазақ елі бірнеше ғасырлар бойы қиын қыстау кезеңдерді басынан кешіріп, мың өліп, мың тірілді. Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып отырған кезеңде еліміз Елбасымен бірге «Мәңгілік елге» айналуы үшін нық қадаммен алға жылжуда.

Ал Маңқыстау құтты қоныс, қазыналы түбек, бүкіл адамзаттың көзін қызықтырған алтын сақа - оңайлықпен тұрақтап қалған жоқ.Біздің ата-бабамыз бұл жер үшін бергі тарихтың өзінде 3 ғасырдам астам табандылықпен күресті. Маңғыстаудың қазынасына қызығу, Маңғыстаудың байтақ жазирасына қызығу, оған оңнан-солдан көз аларту күні кешеге дейін жалғасты.Күні кешегі Маңғыстаудың мұнайы мен газы ашылған кезде, Маңғыстау түбегі қайсы республикаға қарау керек деген дау, қайта құру дәуіріне дейін жеткенін өздеріңіз білесіздер. Мінеки, осының барлығына үлкен төзімділікпен, жасампаздық жігермен, күрескерлікпен,тарихи санамен, ата-бабаның әруағының алдындағы адалдықпен бүгінде жеткізген біздің аға ұрпақтарымыз, баба ұрпақтарымыз екені мәлім. Ата-баба рухына қашанда ұрпақтары тағзым етеді.

Жүргізуші:

Отпан тадың тарихи кезеңдерін өткен өмір жолдарымен байланыстыруда тарих, қазақ әдебиеті пәндерінің атқаратын рөлі зор болмақ. Олай болса біздің бүгінгі конференциямызға шет мемлекеттер, соның ішінде Ұлыбритания елі қызығушылық танытып, «Times» журналының тілшісі Мақсатова Ақнұр қатысып отыр. Ендігі сөз кезегі журналист қонағымызға беріледі.

Журналист:Good afternoon teachers and pupils.I want to know about Otpan tau.I have more questions about it.

Қайырлы күн ұстаздар және оқушылар.Сіздерге Ангилядан жалынды сәлем. Мен Маңғыстау елі туралы оқып білдім,ал енді осы елдің тарихи

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1399.JPG

жерлерімен танысқым келеді.Мен сіздердің Отпан тауға барғандарыңды естідім,сол туралы маған толық мәлімет қажет.Сол туралы айтсаңыздар.

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1384.JPG

1 оқушы Қарасай Елтай:

Кіші жүз жерінің ең биік жері Отпан тау.Отпан таудың басына Үш Жүздің жайсандары жиналса,ата-баба аруағына садақа беріліп ,құран оқылса,елдің елдігі ,бірлігі,болашақ тағдыры туралы Ақсарайда кеңес құрып ақылдасып,тірліктің,бірліктің,тәуелсіздік пен бостандықтың,ірілік пен ұлылықтың Ұран отын жағып,көкіректеріне жігер мен қайрат,елдік пен ерлікке деген ұмтылыс сезімін орнатып,өз туған жерлеріне қайтса,аталар рухынан алған әсерді қазақтың кең байтақ еліне таратса деген ұлы мақсатта осы Отпан таудың басына Қазақтың бір туар « атпал азаматтары»Сабыр Адай,Светқали Нұржан,Ермұхан Медағұл,Ырза Оңғарбайлар бастаған бір топ Адай ата ұрпақтарының ұсынысымен және бүкіл Маңғыстау халқының қолдауымен Адай атаға арнап «Адай Ата-Отпан тау» этнографиялық рухани-мәдени ескерткіш - кешені салынды.Кешеннің авторы - белгілі қоғам қайраткері,көрнекті ақын,Сабыр Шеркешбайұлы Адай.

C:\Users\user4\Desktop\C T\IMG_1221.PNG

Отпан тау ескерткіш кешенін идеясы кімдікі?

2 оқушы Ақбота Аманқос

Құрылыс 2005 жылы 10-қазанда басталып, 2007 жылы қазан айының 24-жұлдызы күні ашылу рәсімі ұйымдастырылды.Рухани тарихи-мәдени кешеннің ашылу салтанатына 500 ағаш үй тігіліп,Қазақстан және басқа да тәуелсіз республикалардан 50 мыңдай адам қатысты.Бәйге, ұлттық түрлі спорттық жарыстар және ақындар айтысы,жазба-ақындар мүшәйрасы басқа да өнер сайыстары ұйымдастырылады.Отпан таудың басында,Адай Ата кесенесі жанында ашылған салтанатты жиынға республикаға белгілі қоғам қайраткерлері қатысып,халық алдында халық жазушысы Әбіш Кекілбай,облыс әкімі Қырымбек Көшербаев,ақын Сабыр Адай сөз сөйледі.Ұран отын жағу рәсімі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен көрнекті ақын,қоғам қайраткері Сабыр Адайға берілді.

Тарихи мұражай туралы не айтасыңдар?

3 оқушы Альбина Серікқызы

Ақсарай. Адай атамыздың Ақордасы. Ақсарай Адай атаның сегіз немересінің құрметіне арналған сегіз бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелерде елдің елдігін ұлықтайтын ас-жиын, елдің елдік, ұлтық мүдделеріне байланысты салиқалы кеңестер өткізіледі және бұл сарайда өлкенің өткен өмір тіршілігін бейнелейтін тарихи мұражай бар.

C:\Users\user4\Desktop\C T\IMG_0946.JPG

Орналық залда Қазақстан мемлекетінің даму тарихина арналған тұрақты көрме (қазақ хандықтары, хандар шежіресі, ұлт қаһармандары, қазіргі заман бейнелері, ұлттық рәміздер, тәуелсіздік көіністері, тұңғыш президент- Ел басы туралы деректі көріністер) Ұлттық мәнермен безендірілген.

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1368.JPG

4 оқушы Аманжол Аманқос

«Маңғыстау және жеті жұрт» тақырыбындағы көрме залы Маңғыстау тарихына арналып, ол жердің археологиялық сараптамасы, картасы, макеттер, артефакттер аңыз-әңгімелермен айқындалып, тас дәуірінен осы күнге дейін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы мәдениеті бойынша жинақталған мәліметтер жүйеленіп жасақталған. Мысалы: Қазақстан жеріндегі тайпалық одақтастар картасы, және біздің эрамызға дейінгі Ү-ІІІ ғасырдағы ежелгі сақ тайпалары жауынгерлері суреттері ілінген . 552-744 жылдары билік құрған Түрік қағанаты туралы деректер (Түрік империясы картасы, Ноғай ордасы картасы, «Қырымның қырық батыры» кітабы) көрсетілген .

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1370.JPG

5 оқушы Исмаил Мүсіркеп

«Маңғыстау және Маңғыстаулықтар» көрмесі Маңғыстаудан әртүрлі себептермен шет асып кеткен Маңғыстаудың байырғы тұрғындарына және Маңғыстау зиялыларына арналып жасақталды. Бұл көрмеде өткен және жаңа тарихтағы өнегелі істермен өлкеге, республикаға белгілі маңғыстаулықтардың өмір тарихы айқындалады.

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1379.JPG

6 сынып оқушысы Ұлықпан Самешов

«Қол өнер көрме залы»: Бұл зал қазақ қолөнерінің соңғы ғасырдағы даму сатылары мен бүгінгі күнге арналған. Бұл залдағы витринада өлке жерінде өте ертеде салынып, күні бүгінге дейін сақталған көне тарихи –архитектуралық естертіштер салған есімі елге кеңінен мәлім маңғыстаулық деректер көрсетілген .

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1380.JPG

7оқушы Бексұлтан Мырзабеков

Өлке жеріндегі ислам көрме залы тамшы шеберлер туралы. Маңғыстау здегі тарихи ескеркіштердің 70 пайызы орналасқан Қазақстан Республикасына белгілі әулиелі – киелі мекен. Бұл жерде әсіресе жер асты мешіттері көптен кездеседі. Бұл көрме залы Маңғыстаудағы ислам дінінің таралу тарихына арналған. Осыған байланысты бұл көрмеде дін тарату орталығы болған жер асты мешіттер картасы, артефакттар, діни қайраткерлер туралы мәіметтер және соңғы ғылыми-зерттеу жұмыстар нәтижелеріне негізделген тарихи тұжырымдар орын алды.

Отпан тауда аналаға арналған естелік барма?

8 оқушы Аружан Бөрібай

«Ана келбет» ескерткіші. Адай Атаның жұбайы барлық аналардың образы. Жүзінде айдың, жүрегінде күннің суреті өрнектелген. Бұл ананың жүзі айдай жарқын, жүрегі күндей ыстық деген мағынаны білдіреді. Көкірегінің тұсында ұшып бара жатқан екі қыран құстың суреті бйнеленген. Бұл ананың құрсағынан шыққан екі баласы Құдайке мен Келімберді. Аналар үйдің иесі.Сол себепті «Ана келбеті» ескеркіші Адай атамыздың Ақордасы-Ақсарайдың жанына орналасқан. Биіктігі 15 метр шоқысы (Балтық теңізі деңгейінен 532 метр биік) Отпан тауда орналасқан. Кесененің биіктігі күмбез найзасының ұшына дейін 37 метр. Ресей республикасында жасалған күмбездер арқауы алтынмен шайылған. Адай Атаның екі қапталындағы-екі баласы Құдайке мен Келімберді атамыздың құрметіне арналған кесенесі.

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1381.JPG

362 әулиелі мекен туралы не айтасыңыздар?

9 оқушы Нұрай Құрбаназар

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1387.JPG

362 баспалдақ. Киелі Маңғыстауда мекен еткен еткен 362 әулиенің рухына арналған әулиенің рухына арналған 362 баспалдақ Аксарай мен Адай ата кесенесін жалғастырады. Жер-Ананың қойнауына тән жерленген әулиелердің рухы Отпан таудың басына келіп, осы баспалдақпен жүріп өткен жанға шапағаты тиеді деген тілекпен ырымдап салынған.«Адай ата-Отпан тау» рухани тарихи-мөдени кешені-кең байтақ Қазақ жеріндегі ұлттық иделогиямызды қалыптастыпу және оны дамыту мақсатында салынған киелі орындардың бірі және оның 362 әулиелі Маңғыстау жеріндегі темірқазығы іспетті.

Қаратау жотасының ең биік шоқысында не орналасқан?

10 оқушы Мырзабеков Бексұлтан

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1389.JPG

Адай ата кесенесі. Адай Ата кесенесі Қаратау жоталарының ең биік шоқысы Отпан тауда орналасқан.Кесененің биіктігі күмбез найзасының ұшына дейін 37 метр.Ресей республикасында жасалған күмбездер арқауы алтынмен шайылған.Адай атаның екі қапталындағы екі баласы Құдайке мен Келімберді атамыздың құрметіне арналған кесенесі.

11 оқушы Асылбек Мылтық

Адай Ата елінің Ел таңбасы. Қалқанның фонында айқастырылып салынған. Найза мен қылыш, ортасында бүкіл ел бетін атауы «Жебе» делінетін Адай таңба. Бұл таңба ұштары біріккен үш сызықшалардан тұрады және ол садақ оғының ұшын бейнелейді.

C:\Users\user4\Desktop\C T\IMG_0988.JPG

Бұл Ерліктің, Елдіктің,Бірліктің белгісі. Адай таңба үш жүздің басының біріккен күшімен, көк найзаның ұшымен ғана жауыңды жеңіп, жерінді қорғай аласың, «үш жүздің басы біріксе алынбайтын қамал жоқ, тәуелсіздіктің терегі-үш жүздің басының бірлігі» деген мағынаны білдіреді.

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1364.JPGC:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1396.JPG

12 оқушы Мәлік Қайрымқұлұлы

Көкбөрі. Түркі халықтарының символы. Ерте заманда аталармыз көкжал қасқырды пір тұтқан. Себебі ол қандай қиыншылыққа да төзімді, өзінің жауларынан да, табиғаттың дүлей күшінен де қорғана алатын күшті, қолға үйретуге көнбейтін, туған жеінен басы ауған жаққа кетпейтін және өз ұяластарын сытқы жауға бермейтін, қызыл кітапқа енбеген, саны көбеймесе, азаймаған, ержүрек ақылды да айлакер, киелі аң. Аталарымыз Көкбөрінің бойындағы осы қасиеттерін өз ұрпағының болмысында болуын қалап, балаларына үлгі тұтқан. Сол себепті ол бүгін де халқымызға символ бола алады. Күні кеше тәуелсіздік алған халқымыз батысымызға Ресей, шығысы мызда Қытай , басқа да алпауыт елдердің ықпалында кетпей, ғасырдан ғасырға сақталған тілін, ұлтттық ата салт-дәстүрін, өз бомысын, намысын, мәдениетін сақтай білуі үшін аталарымыз пір тұтқан осы Көкбөрінің рухынан нәр алсын деген мақсатта салынған.

13 оқушы Ақырыс Танаш

«1. Шыңғыс қағанның тегі.Тәңірі бақытты етіп жаратқан Бөрте Бөрі зайыбыМарал сұлумен бірге талай теңіp-дарияны көшіп келіп, Онын өзені бас алған Бұхан-қалдұн тауын тұрақ еткен кезде, Батшаған деген бір ұл туады»(«Мұңалдың құпия шежіресі» 26 бет). Содан Бөрте Бөрі дегеніміз, Алшын-Көкбөрінің ұрпағы Бөрте деген мағына да қолданылған. Бөрте өз аты, Бөрі тегі болып табылады. Ал, «талай теңіз-дарияны кешіп келіп» дегеннен, олардың ол жерге Каспий-Арал өңірінен қоныс аударып барғанын да бағамдауға болады. Барлық тарихшылардың қаперлеріне берерім, егер кімде-кім өзін шын тарихшымын деп есептер болса бұл жағдайға әділ бағасын беріп мойындауға тиіс.

Ұран оты туралы не білесіңдер?

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1366.JPG

14 оқушы Альбина Серікқызы

Ұран оты. Егер заманға елге жау шапқанда, кең байтақ Маңғыстауды ру-ру болып жайлап жатқан халықтың басын жинау үшін Отпан таудың басында Ұран отын жаққан. Сүйтіп Адай халқы бірігіп елін, жерін жаудан қорғап қалған. Отпан таудың басынан жаққан алау от сонау Үстіртің үстінен көрінеді екен. Қазір бұл жерде жыл сайын Маңғыстау халқының ежелден келе жатқан жыл басы 14наурыз-Амал күні садақа беріліп, наурыздың 13-нен 14-іне қалған түні бірліктің, достықтың, тіргігіміз бен намысымыздың, ұлттық тәуелсіздігіміз жолындағы әр жылғы жеңісіміздің мәңгілік оты жағылады. От жағу рәсіміне өлкеде еңбек етіп өмір сүріп жатқан он екі ата Байұлының (Кіші жүз)өкілдері, Ұлы Жүз бен Орта Жүздің де өлкемізге белгілі зиялы ақсакалдары қатысады. Cолардың қолынан өткен факел ең соңында Адай Атаның сегіз немересінің ұрпақтарының қолымен жағылады. 2008 Құдайке атаның үлкен ұлы Жылы Тәзіке ата ұрпақтарының ақсақалына Ұран отын жағу рәсімі берілсе, 2010 жылы Келімберді атаның үлкен баласы Құнанорыс атаның, 2011 жылы Ақпан атаның ұрпақтарына жүктелді.

15 оқушы Гүлзада Бақытова

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1386.JPG

Батырлар алаңы. Көкбөрі, Батырлар алаңы, Баһадур батыр ескерткіші, Ту төбе аралығына салынған арнайы баспалдақ жолдың екі жағына Маңғыстау жерін қорғаған Адай тайпасы батырларының, Кіші жүз, Ұлы жүз бен Орта жүз тарихта қалған атақты халық батырларының ескеркіш мүсіні немесе аты-жөні өмір сүрген уақыты көрсетілген ескеркіш тақталары орнатылады деп жоспарланған. Мақсат Каспийден Алтайға, Орал тауынан Аралға дейін созылған ұлан байтақ қазақ жерін қорғаған батыр аталарымыздың аспан астындағы мұражайын ашып, жастарымызды паттриотық сезімге, ұлтжандылыққа , имандылыққа, батырлыққа, ерлікке тәрбиелеу.

16 оқушы Аружан Бөрібай

C:\Users\user4\Desktop\C T\IMG_1037.JPG

Ту төбе. Тәуелсіздігіміздің көрінісі.Ресми саяси-мәдени шаралар ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының туы ілінетін арнайы орын.Ту тұғырдың биіктігі 20 метр шамасында.Сонымен қатар болашақта Баһадур батыр ескерткішін орнату жоспарланған.Бұл- қазақтың жерін қорғаған, Алатауға дейін барып, Сайрамды үш айналған Адай ата ұрпағы батырларына арналған ескерткіш статуя.

17 оқушы Амандық Жазира

Әр адамның ең жақын пір тұтары- өзінің әкесі мен шешесі. Тал бесікте жатқан сәбидің алғаш рет анасының, кейде әкесінің тербете отырып, баласын тыныштандыру үшін айтқан сырлы әні мен жырынан әке- шешесіне,болашақ өмірге деген құштарлығы оянса, өсе келе ол ата-анасын,өз шаңырағын, туған-туысқанын құрмет тұту,сүю арқылы қандас халқына, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігі туындайды.Өзінің руын, ата-бабасын біліп,зерттеу арқылы,өзге қандастарының тарихын біліп,түп тамыры Қазақ деген киелі атадан тарағанын сезінеді.Ал,Адай Ата,Адай ол ұрпағының атасы.Отпан тау,ол-ата-бабаларымыздың аяғы,тұлпарларының тұяғы тиген жер.Батырларымыз бен билеріміздің басын қосып,ақылдасып ,елдің тағдырын щещетін шешімдер қабылдаған жер.Аталарымыздың осы жерде елдің амандығына садақа беріп,Алладан ұрпақтарына саулық тілеп,алыс жолға аттандырып отырған жер.Ел шетіне жау шапқанда,туған жерін қорғау үшін атой салып,Ұран отын жаққан жер.Міне,осы тарихи киелі жерді,қазақелінің батыс өңіріндегі ең биік жері болып саналатын Отпан тауды өзіміздің Пір тұтатын киелі жерге айналдыру.

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1363.JPG

18 оқушы Қайрымқұлұлы Мәлік

Қарашаңырақ Қазақта,оның ішінде осы өлкеде бүгінгі күнге дейін сақталған киелі салт-дәстүр,олкенже бала әке шешесінің қолында қалып,оларды өле өлгенше бағып қағады.Бұл сонау ықылым заманнан бері мүлтіксіз орындалып келе жатқан ата заң.Ағалары ата анасының ризашылығымен еншісін алып,отау шығып өз алдына үй болды.Ал кенже бала «қара шаңырақта» қалады.Бірақ үлкен аға,апалары «қара шаңыраққа» келіп көмектесіп,болашақ туысқандық бірлескен өмір туралы ақылдасып шешім қабылдап отырған.Егер бұл салт дәстүрді бүкіл қазақ еліне таңатын болсақ,онда Адай ата ұрпағы жайлаған 362 әулиелі киелі Маңқыстау өлкесі қазақтың қара шаңырағы болып шығады.Себебі Үш Жүздің кішісі Кіші Жүз.Кіші Жүз-Алшынның кенжесі он екі ата Байұлы, Байұлының үлкені Алаша,кенжесі-Адай

19 оқушы Ақбота Нәбиқызы

Тілек ағашы Қараман атаның басынан әкелген осы жерге келген адамдар өз тілектерін айтып ата бабаларының жандарының жаннатта болуын тілеп келеді.Ол жерде таң намазын оқып жіберіп,өздерінің ішкі тілегін айтып орамал байлап кетіп жатқан адамдар өте көп.Тек қана байлап кетпейді екен.Оны таққан адамның ауыратын жері сап тиылады.Себебі бұл құр жерде тұрған жақ киелі Отпан тауының басында тұр.Отпан таудың әнінде сәнінде келтіріп тұрған тілек ағашы.Адайдың ұрпақтары осы жерде кездескен.Бұл жерде тіпті басқа елден келген адамдар таңырқап,тілектерін айтып кетеді.

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1395.JPG

20 оқушы Төлеп Даниял

Шопықұлы Қалнияз

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1361.JPGC:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1358.JPG

Журналист: Маған көптеген мәліметтер бердіңіздер ,сіздерге көп рахмет.Алдағы уақытта тағы келіп тұрамын.

Жүргізуші: Мектепішілік ғылыми тәжірибелік конференцияны ұйымдастырушы, тарих пәні мұғалімі Тулеубаева Санибаш апайдың конференция жұмыстарын қорытындылауына рұқсат етіңіздер.

Тарих пәні мұғалімі Тулеубаева Санибаш: Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Отпан тау туралы жақсы тағылымдық мәліметтерді таныстырып өттіңдер.Осы жерде айтқандарыңызды Отпан таудың басына барып, өз көздеріңмен көріп келіп үлкен жұмыс атқарып тұрсыңдар. Бұл ғылыми жұмысқа деген алғашқы талпынысы болмақ. Сіздерді туған жерді сүюге, Отанға деген зор сүйіспеншілікті сақтауға, ұлтажанды болуға шақырамын. Осы атқарған жұмытар арқылы Ата бабаларымыздың өткен өмір тарихымен рухына деген сүйіспеншілігін ояту, түптің түбінде Қазақстанның ұлттық идеологиясын дамытуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Халқымыздың тарихын зерделеу арқылы өздеріңізге шамшырақ болар мағлұмат алды деп есептеймін. Еңсесі биік еліміз дүниежүзі елдерімен терезесі тең тәуелсіз ел болып, жылдан жылға дами берсін. Халқымыздың көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың соңынан ере берейік.Біздің конференциямызға қонақ болып қатысқан Times журналының тілшісі Мақсатова Ақнұрға рахмет. Сау- саламатта болыңыздар.

C:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1393.JPGC:\Users\user4\Desktop\5\IMG_1357.JPG







































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конференция сабақ" Отпан тау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 087 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2016 1136
    • DOCX 4.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулеубаева Санибаш Киясовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулеубаева Санибаш Киясовна
    Тулеубаева Санибаш Киясовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57327
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек