Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Конкурс Длинная коса - девичья краса по технологии 9 класс

Конкурс Длинная коса - девичья краса по технологии 9 класс



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қыз сыны» сайысы

Сайыстың мақсаты:Қазақ қызына тән әсемдік пен әдеміліктің, әдептілік пен инабаттылықтың, сұлулықтың символы болған-шаш күтімі туралы мағлұмат беру, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамын арттыру,талғаммен шаш үлгісін жасай білуге, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, көрермендер.Қазақ қызы десе ашық,бірақ жүзінде ұяңдық бар,қос бұрымды,шашы ұзын,басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Қыз өссе- елдің көркі.Ал қызға көрік беретін-арқада тулап жүрген қос бұрым.Шолпысының күміс сыңғырын ғана естіртіп,сонымен қоса қазақ қызына тән әсемдікті,әдемілікті,әдептілік пен инабаттылықты сездірген.Көптен күткен «Бұрымды қыз»сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.Бүгінгі сайысымызға 8-9-10 сынып арулары, бұрымды қыздар қатысады.

Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін,- ұлы ақын Абай атамыз жырлағандай,сайысымызға қатысушы ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді,міне, ортаға толқып тасып,

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші:10 «А» сыныбының бұрымды ару қызы

10 «Б» сыныбының бұрымды ару қызы Нұрмахан Құттықыз

10 «Ә» сыныбының бұрымды ару қызы Камалова.Дармина

9 «А» сыныбының бұрымды ару қызы Қожабекова Айнұр



9 «Ә» сыныбының бұрымды аруы Оразбай Альмира

9 «Б» сыныбының бұрымды аруы Жарасбаева Айбарша

8 «А» сыныбының бұрымды аруы Әлімхан Нұрай

8 «Ә» сыныбының бұрымды аруы Ыдырысова Айдана

8 «Б»сыныбының бұрымды аруы Асанова Гүлбақыт

Жүргізуші:Құрметті көрермендер,сайысқа қатысушы арулар

Сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейін.Сайыс 6кезеңнен тұрады:

1.Сәлем-сөздің анасы.Таныстыру

2. Ойлы болсаң-озып көр.сұрақ-жауап

3. Өз өнерін көрсету.(ән,би,өлең,жыр оқу,шеберлік)

4.Сән үлгісін көрсету.(өзі жасаған киім үлгісін таныстырады)

5. «Кім тапқыр,кім білгір»(мақал-мәтел айту,жұмбақ шешу)

6. Шаш үлгісін сәндеу.(шаш үлгісін жасап,шаш күтіміне жарнама жасайды)

Жақсы істі әрқашанда саралаған

Әділдік туын төрге қадап алған

Осындай жарыстарға төре болып

Қашанда әділқазы бағалаған,-дей келе,бүгінгі «Бұрымды қыз» сайысына қатысушы аруларымыздың білімін,өнерін,тапқырлығын бағалап,саралау үшін әділқазыларымызды таныстырып өтейін:

Әділқазылар алқасының төрағасы-Әмзеев Қанат ағай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

1.Байқонысова Қадиша-технология пәні мұғалімі

2.Андронова Наталья Михайловна-орыс тілі пәні мұғалімі, «Күзгі бал» мерекесін ұйымдастырушы

3.Сүйіндікова Айгүл-мектеп психологы

4.Бегайдарова.Ақмарал –қазақ тілі және әдеп пәні мұғалімі

Сайысымызды бастау үшін аруларымыз өздерінің рет санын білу үшін

Қоржыннан асық алсын.Аруларымыз рет санын анықтады,сайыстың 1-ші кезеңіне дайындалу үшін шығарып салайық.

Жүргізуші: «Болар елдің баласын сәнімен емес,сәлемінен танисың»-демекші,

алғашқы сайысымыз «Сәлем-сөздің анасы» .Аруларымыз өздерін таныстырады.

Жүргізуші:Қазылар алқасы ұпай санын көрсетулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.-дей келе,келесі сайысымыз

«Ойлы болсаң-озып көр» Бұл кезеңде аруларымыз ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.Әр ұяшықта 3 сұрақ болады,1-ші сұрақ салт-дәстүрге байланысты,2-ші сұрақ технология пәні бойынша,3-ші сұрақ жалпы сұрақ болып табылады.Рет саны бойынша шыққан аруымыз қоржыннан асық алып,ұяшық санын анықтайды.Аруларымызға сәттілік тілеп,сайыстың екінші кезеңін бастайық.

Жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын көрсетеді.Қазақ қызының қандай екенін 9 «А»сыныбының оқушысы Аманбеков Нұржігіт «Қазақтың қыздары»өлеңімен жеткізеді,қарсы алайық.

Қазақтың қыздары

Желкілдеген тұлым менен бұрымды

Кие тұтқан ата-бабам бұрынғы

Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың

Жас ұрпаққа бүгінгі таңда білімді.

Ұзын шаштың әр талына бақ қонған

Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан



Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп

«Алтын,Қара,Сұлушаш»деп ат қойған

Ерліктерін әнге қосып жыр қылған,

Қару ұстап жауға қарсы жұлқынған

Сүйген жарын жау қолынан, зынданнан

Арқан қылып бұрымын,тартып алған құрдымнан

Міне осындай қолаң шаштар ерлігі,

Кейінгі ұрпақ ұмытпағын сен мұны.

Арқасында қыздарының жауынгер

Сақталған ғой қазағымның елдігі

Жүргізуші: Алқа думан, той-думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді шалқытып

Інжу-маржан шашайық

Жиналған халық таң қалсын

Өнерден күмбез жасайық

Келесі кезекте аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.

Жүргізуші:Қазылар алқасы аруларымыздың өнерінің бағасын беріңіздер

Жүргізуші: Модельер болу оңай ма?

Қиналып тұрсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше

Өз мәнінде болмай ма?

«Ағаш көркі –жапырақ,

Адам көркі –шүберек»-демекші,келесі кезеңде аруларымыз өз қолдарынан жасаған киім үлгісін көрсетеді.

Сәнгер қыздарымызға сәттілік тілеп,сән үүлгілерін тамашалайық

Жүргізуші:Қазылар алқасы сәнгер аруларымыздың ұпайын көрсетіңіздер.

«Ән –көңілдің ажары»-Исраил Сапарбай ағамыздын сөзіне жазылған

«Қазатың қыздары» әнін 9 «А»сыныбының оқушысы Аманбеков Нұржігіт

Орындайды.

Жүргізуші: Шешендікті құрметтеген бар елде,

Сөз тапқанға қолқа жоқ әрбір жерде.

Сөз мәйегі-мақал деп босқа айтпаған

Қалып па екен арулардың сол есінде?



Білімге салған қармақты

Ой-өрісі салмақты

Барлығы да жауапты

Кәнекей,кім шешер екен жұмбақты?

« Кім тапқыр,кім жылдам» сайысына кезек берейік.Арулар рет саны бойынша сахнаға шығып,қоржыннан асық алып,ұяшық санын анықтайдыБір ұяшықта 2 сұрақ болады.1-сұрақ Мақал-мәтел айту

2-сұрақ Жұмбақ шешу

Жүргізуші:Қазылар алқасы ұпай санын көрсетіңіздер

Жүргізуші: Бұрымы ұзын қарындас

Жан бар ма саған табынбас

Қылықты қыздар болса да,

Бұрымды қыздар табылмас



Әдемілік- ұраным

Қайшы,тарақ –құралым

Шашыңды алып,әйбаттап

Әсемдеп әркез тұрамын

Шаш үлгісін сәндеу кезеңі.Аруларымыз сахнаға 1 қызды алып шығып,шашын сәндейді.,түсіндіріп береді.Шаш күтімі жайлы жарнама жасайды

Жүргізуші:Қазылар алқасы ұпай санын көрсетіңіздер

«Бұрымды қыз»-2013 сайысы өз мәресіне жетті.Сайыстың 6 кезеңі бойынша аруларымыз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.Қазылар алқасы бабы мен бағы жанған аруларды даралап болғанша өнерге кезек берейік



.







.

 Қазақтың қыздары

Желкілдеген тұлым менен бұрымды

Кие тұтқан ата-бабам бұрынғы.

Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың

Жас ұрпаққа бүгін таңда білімді.

 

Ұзын шаштың әр талына бақ қонған,

Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан.

Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп,

«Алтын, Қара, Сұлушаш» деп ат қойған.

 

 

Ерліктерін әнге қосып жыр қылған,

Қару ұстап, жауға қарсы жұлқынған.

Сүйген жарын жау қолынан, зынданнан

Арқан қылып бұрымын, тартып алған құрдымнан.

 

Міне осындай қолаң шаштар ерлігі,

Кейінгі ұрпақ ұмытпағын сен мұны.

Арқасында қыздарының жауынгер

Қазағымның сақталған ғой елдігі.

 

2-жүргізуші:  Бұрымды қыз сайысы,

                        Тәрбиелі, мәнді де.

                        Шашты күтіп өсіру,

                        Қыз баланың сәні де,-дегендей бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, ұзын шашты өсірудің құпиясын ашады және сусабындарына жарнама жасайды.

1-жүргізуші: Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,

Шашты кеспей оны күтіп қараңдар.

Қыздың көркі шаш екенін түсініп,

Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, -дей отыра аналар қыздарына өрім түрлерін көрсете отырып, шаш үлгісін жасайды және қорғайды.









hello_html_50f4599f.gif

Шашты күту:көпшілік адамдардың шаштары табиғи әдемі болады, олар көп күтімді қажет етпейді.Сау шаш жұмсақ, майысқақ болып келеді де, жалтыраған табиғи түсі болады.Олардың табиғи қасиеттерін сақтау өте маңызды.Шашты жуу мерзімі:оның түріне байланысты болады.Құрғақ шашқа қарағанда майлы шаш жиі жуылады, ал құрғақ шаш сирегірек 7-8 рет.Бас қатты суықтаған жағдайда,оның қан тамырлары тарылады.Соның салдарынан шаштың қоректенуі мен өсуі бұзылады.Сондықтан қысты күні міндетті түрде бас киім киіп жүру керек, ал жаз күндері шашты күн сәулесінен қорғаған жөн.Тарақ пен массаж щеткасы әр кімде жеке болуы керек және оларды сабынды сумен жуып тұру қажет.

Шаштың түсуі

Адамның шаштары үнемі жаңарып тұрады.Шаштың бірі түсіп, екіншісі өсіп жатады.Күн сайын 30-120-ға дейін шаш түседі.әрбір шаш тәулік бойы 0,4 миллиметр өсіп, орта есеппен төрт жылға дейін өмір сүреді.

Шащтардың жаңаруымен өсуі нерв жүйесінің күйіне, ішкі секреция бездерінің бірқалыпты қызметін, тамақтануға байланысты болады.Шаштың түсуінің негізгі себебі-бастың шаш түбі терісінің май бөліп шығаруының бірқалыпты болмай, қан айналымының бұзылуы.Сондай-ақ шаштың түуі С дәруменін көп тұтынудан болуы да мүмкін.Егерде шаш маңдайдан бастап түсетін болса, тәттіні, шырындарды, сүтті, алкогольдік ішімдіктерді ішуді азайту қажет.Бұл сонымен бірге жүректің жұмысында кінәрат барын білдіреді.Егерде шаш төбеден түсе бастаса, малдан алынатын өнімдерді азайтқан дұрыс.Шаштың түсуі-мінездің шапшаңдығынан да болуы ғажап емес.

Сонымен қатар адамдар қартая бастағанда шаштарының пигменті жоғалып, ағара бастайтыны анық.Кейбір адамның шашы 20-30 жасқа келгенде ағара бастайды.Ал ағарған шаш жіңішкере түседі.Сондықтан оны дер кезінде күтімге алып, қажетті дәрумендерді қабылдай бастамасаңыз, шашыңыз сирей бастайды.

Шаштың түсіп, сиреуі көбінесе шашты дұрыс күте білмеуден де болады.кейбір қыз-келіншектер шаштарын жиі бояйтыны белгілі.Содан ол түссізденеді.Ал шашты үнемі қатты байлап немесе өріп қою, сондай-ақ шаш бұйралағыш пен фенді күнде қолдану да шаштың түсуіне себепкер.Негізінен шаштың бос тұрғаны дұрыс.Солай жасағанда шаш еркін өсіп, жетіледі.Жасанды шашты (парикті) басқа ұзақ кию де зиян.Жасанды шашты ұзақ кисе шаш түбіндегі май бездерінің қызметі бұзыла бастайды.Сол себепті парикті 5-6 сағаттан кейін шешіп қою қажет.Оның астындағы шашты жиі жуып тұру қажет.

Қайызғақ көбейгенде де адамның шашы түсе бастайды.Сондықтан қалақай шөбінің тұндырмасын пайдалану арқылы оны күтімге алуға болады.

Қалақайдың ұнтақталған 1ас қасық кепкен жапырағының үстіне бір стакан қайнап тұрған суды құйып, бір сағат бойына қараңғы жерге қояды.Сүзіп алғаннан кейін шашқа немесе оның түбіне жағады.Осы тұнбамен 8-10 күн сайын басты шайып отырса, қайызғақ тез жоғалады.Аталмыш тұндырма шаштың түбін нығайтады және оның өсуін жақсартып, қайызғақты кетіреді.

Қырмызгүл шаш түскенде қолданылатын сусабындар құрамына енеді.Оның тұндырмасымен 1-2 күн сайын шашты шайып тұрса, шаштың табиғи түсі кіріп, әр жуған сайын жылтырай түседі.Бастың терісі майлы, қайызғақ болғанда да қырмызгүл тұндырмасын пайдаланса, керемет нәтиже береді.

Шаш күтуді үйреніңіз

Шаш тарау:

Жанұядағы әр адамның өзінің тарағы болғаны абзал .Қысқа шашты-түбінен, ұзын шашты ұшынан бастап тарайды.Тарақ шашты тарап, жазып қана қоймай, оны тазартады.Сондықтан ұзын шашты қыз-келіншектер оны мұқият тарағандары жөн.Тарақпен тараған соң шашты массаж щеткасымен жазған хақсы, бұл қан айналымның дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік ту

ғызады.Айырық шығатын жерді ауыстырып тұру қажет.Бұрымды қатты өруге болмайды.

Массаж жасау:

Басқа массаж жасау құрғақ шашқа да, майлы шашқада падалы.Массаж шаштың түбіне қанның келтіруін күшейтеді және оның өсуін жақсартады.Теріні қатты қыспай, екі қолдың да бес саусағының ұшымен күн сайын 5 минут бойына массаждайды.

Құрғақ шаш:

Егер шашыңыз құрғақ болса, 1-1,5 аптада бір рет жуған дұрыс.Оны сабынмен жууға болады.Бұл үшін екі жұмырқаның сарысын бір стакан жылы суға араластырып, содан кейін сүзіп, бір литр жылы суға қосады.Кейін оны жақсылап шайған дұрыс.Сабынның орнына ашыған сүт қолдануға болады.Ол үшін шаш пен бастың терісіне ашыған сүтті немесе айранды мол етіп жағып, 5-10 минуттан соң жылы сумен шаяды.Осылай жуылған шаш жұмсақ, жібек тәрізді жылтыр болады.Ал шашты тірілту үшін бір литр суға 1 шай қасық сірке суын қосып жуады .Кейін бас терісінің құрысқаны сезілсе, ол жерге сұйық майды мақтаға сіңіріп алып жағады.

Майлы шаш:

Майлы шашты жуу үшін глицеринді, монша сабындарын, ал қыста және күзде борлы-тимолды, қарамайлы немесе карболды сабындарды қолданған жақсы.Майлы шашты аптасына 2рет ыстық сумен жуады.

Егер қайызғақ майлы болса шашты жуудың алдында мақта томпонымен теріге ас содасының ерітіндісін қосуға болады.Сондай-ақ басты жуғанға дейін 20-30минут бұрын айран жағып қойған пайдалы.

Майлы шашты ашытылған қара нанмен жууға болады.ОЛ үшін 1кг қара бидай нанының үстіне ыстық су құяды (1литр), 12сағаттан соң нанды езіп, оған 1 литр ыстық су құяды.Қоспаны жақсылап араластырып, шашты сонымен жуады.Содан соң шашты алдымен тісі сирек, соңынан тісі жиі тарақтармен тарайды.Кейін таза сумен жуады.

hello_html_55fa35f0.gif

Жирен шаштың иелері-жігерлі, өткір, ешкімге бас имейтін, мақсатына жету жолында тәуекелшіл.Соның арқасында қызметте жоғары жетістіктерге жетеді.Достыққа мейлінше адал әрі сенімді.Туысқандарына жақсылап жасауға әрдайым дайын тұрады.сатқындық пен алаяқтықты ешқашан кешірмейді.

Қара шаш-қайырымдылық пен ақкөңілділіктің белгісі.Әр нәрсенің парқын біледі.Бойында сезімталдық қасиет өте жоғары.Өте еңбекқор, қолқусырып бос жүргенді ұнатпайды .

Сары шаштың әр талы өте жеңішке әрі нәзік.Сары шашты әйелдердің сиқырлы да жұмбақ қырлары көп.Сырттай байсалды, жұмбақ болып көрінгенімен қызуқанды сезімнің адамы.Мінезі қызба, еліктіргіш, үнемі биік өкшелі туфли киіп жүргенді ұнатады.













1-ұяшық

1.»Тұсаукесер» салты жайлы не білесің?

2.Стиль дегеніміз не?Неше түрі бар?

3.Қ.Р.Төл теңгесі қашан қолданысқа ие болды?

2-ұяшық

1.Жеті қазынаны ата?

2.Машина тігістері нешеге бөлінеді?Атап бер?

3.Қазақстанда ең алғаш рет «Қызыл кітап» қашан енгізілді?

3-ұяшық

1.Төрт түліктің пірін ата?

2. Икебано қандай өнер?

3.Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтануы

Тиіс?

4-ұяшық

1.Діни әдет-ғұрыптарға не жатады?

2.Модельдеу дегеніміз не?Неше түрі бар?

3.»Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп,көріп,ұстап,жақсы-жаманды таниды,білгені,көргені көп болғандықтан білімді болады.

Абайдың нешінші сөзі?(19-ыншы сөзі)

5-ұяшық

1.Үш арсызды атап бер?

2.Мата қиындыларынан тігілетін бұйым қалай аталады?


3.Тиімді тамақтануды қалай түсінесің?

6-ұяшық

1.Жеті жоқ туралы не білесің?

2.Матаға сурет салу қалай аталады?

3.Мемлекеттік нышандар туралы заң қай жылы қабылдан

ды?

7-ұяшық

1.Қазақтың ертедегі кәсібін атап бер?

2.Геометриялық фигура және сұлба қалай аталады?

3.17-желтоқсан қандай күн?

8-ұяшық

1.Ертеде тұрмысқа шыққан қыздар үйлеріне құс бейнесіндегі оюмен сәлемдеме жіберсе ата-анасы қуанып той жасаған.неге?

2.Оригами қандай өнер?

3.Қазақтан тұңғыш шыққан әнші қыз кім?

9-ұяшық

1.Қазақтың ұлттық асық ойындарын атап бер?

2.Түйіндеп тоқу өнері қалай аталады?

3.Адам-табиғатқа жататын мамандық түрін атап бер?









































«Бұрымды қыз» сайысы


Сайыстың мақсаты:



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров148
Номер материала ДВ-100969
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх