Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Конкурс "Ен үздік тарбиеші"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Конкурс "Ен үздік тарбиеші"

библиотека
материалов

«Ең үздік тәрбиеші-2015»


Мақсаты: тәрбиешілердің жыл бойындағы еңбектерін,шығармашылықтарын,өткізген ашық сабақтарын,, өткізген ашық сабақтарын, жаңашылдықтарын бақылай келе балабақшаның «Ең үздік тәрбиеші-2015» анықтау.


Жүргізуші :

Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер!


«Үздік тәрбиеші-2015» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер! Тәрбиешінің міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қуыныш пен жеңістен гөрі қобалжу мен қиындықтарға толы. Мектепке дейінгі мекемелерде баланы даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісінің балалармен қарым-қатынасы тұлғалық бағдар негізіне құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым-қатынас жасауды көздейді. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір-біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін-өзі емін-еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды, дамытуды мақсат етеді. Тәрбиеші болу-бұл педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге ысыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жетістіктер қуанышы.


Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- деп бүгінгі «Үздік тәрбиеші-2015» байқауына қатысқалы тұрған сынып жетекшілерін ортаға шақырайық..Қол
соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға тәрбиешілер кіреді).
1. Қайралапова Қарлығаш
2. Бейсенова Айгүл

3. Исмагулова Гуляим
4. Мауленова Гульвира
5. Базарова Мөлдір

6.Ибраева Сақыпжамал

7.Алмағанбет Гүлдана

8.Казтаева Айдана

9.Төлегенова Гүлбану



Тәрбиешілер өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып. 
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.

Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар. (таныстыру).
1.Нуралина Майра Серікқызы
2.Сарманова Көркем Ғаббасқызы
3.Оспанова Күлдірген Толеубайқызы




Байқаудың бөлімдерімен таныстырайын.

  1. Өзін –өзі таныстыру

  2. Педагогикалық жағдаяттарды шешу.

  3. Менің портфолиом-педагогикалық бейнем. /тәрбиешінің іс-қағаздары/

  4. Педагогика және психологиялық теориясы мен әдістемесі білімдерін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу

  5. «Тәрбие туралы монолог» аяқталмаған қысқа үзінділер (фраза) /аяқтау/

  6. Өз өнерін көрсету

Жүргізуші сөзі:


Ақыл, көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршңызға
Тәрбиешілер өздерін таныстырып өтеді.

1. Ал, қанекей танысайық! 1-ші бөлімінде тәрбиешілер өздерін таныстырады.


Рахмет тәрбиешілер! Енді келесі сайысқа дайындала берулеріңізге болады.



Жүргізуші сөзі:
Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әліде көп сын бар.
Асығыңды ал қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап айтсаң сұраққа жарайсыздар, - дей отырып сайысымыздың 3 бөлімі бойынша «Кім тапқыр» (сұрақ-жауап және педагогикалық жағдаяттар) сайысын бастаймыз.
2. «Кім тапқыр» (сұрақ - жауап, педагогикалық ситуация).





Құрметті тәрбиешілер сіздерге арнайы дайындалған педагогикалық жағдаяттар беріледі. Сіздер нақты әрі нұсқа жауап берулеріңіз керек.
Педагогикалық жағдаяттарды шешудің мақсаты:
Тәрбиеші мен ата-аналар, балалар арасында туындаған жағдаятарды шешу кезінде педагогтың әрекетінің түрлеріне ойын тұрғысынан қарау.

1. Кезекті серуенге дайындалып жатқанда бір тәрбиеленушінің қалтасынан хат шығады. Бұл хатта баланың анасы тәрбиешіге баласын түскі ұйқыдан кейін шынықтыру шараларына қатыстырмауын өтініпті. Себебі көрсетілмеген. Сіз ата-ананың өтінішін орындайсыз ба? Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
2. Тәрбиеші топқа хабарландыру ілу арқылы барлық ата-аналарды сенбілікке шақырады. Екі ата-ана ғана келеді. Тәрбиешінің көңілі толмайды. Сенбілікті басқа күнге ауыстыруға тура келеді. Осы істі қалай түсіндіруге болады? Алдағы уақытта қалай әрекет етер едіңіз?
3. Күндіз балабақшаға құм таситын көлік құм әкеледі. Құмды қақпаның алдына түсіреді.
Меңгеруші: «Ата-аналарға кешкісін құмды тасытып алыңыздар» деген ұсыныс айтады. Сіз ата-анадан қалай көмек сұрар едіңіз? Егер олар келісім бермесе сіз не істер едіңіз?
4. .Балаңыз танертен жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал балабақшада мерекелік ертенгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.
5. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспегендіктен бала жылап қалды. Сіздің шешіміңіз.

6.Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

7. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істередіңіз?

8. Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын ,апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

9.Балабақшадан келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін балабақшада ..... деп әңгімесін баста жатыр еді. Мамасы : «Сенің де, , басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.



3.Портфолиода жинақталар мұғалімнің еңбегі,

Ұқыптылық талап етер ертеңі,

Жетістік пен нәтижелер қоры бұл,

Мұғалімнің жұмысынан сыр шертеді – демекші, ендігі кезек «Менің портфолиом-педагогикалық бейнем.» сайысына кезек берейік.




4.Педагогика және психологиялық теориясы мен әдістемесі білімдерін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу Сайыскерлерге тест сұрақтары беріледі.










5.«Тәрбие туралы монолог» аяқталмаған қысқа үзінділер (фраза) /аяқтау/


1. Балабақша керек, себебі ............................................................................................
.................................................................................................................................
2. Менің тобымда бәрінен де бағалысы .................................................................
.................................................................................................................................
3. Менің тобымда бәрінен де көп талқыға салынатын .........................................
.................................................................................................................................
4. Менің жұмысымда мені шамдандыратыны, ол .................................................
.................................................................................................................................
5. Жақсы топ жетекші болу үшін, ............................................................................
......................................................................................................................................
6. Менің тобымдағы оқушыларды ерекшелейтін, ол ...........................................
......................................................................................................................................
7. Студенттер қабілеттерін дамытуға қажетті ......................................................
.......................................................................................................................................
8. Табысқа жету үшін, .................................................................................... қажет ......................................................................................................................................
9. Өмірдегі ең маңызды ............................................................................................
....................................................................................................................................









Жүргізуші:.

5.Қашаннан қазыналы халқым менің,
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып, 
Танытып көпшілікке өз өнерін, - дей отыра бөлімі бойынша «Өнерлі өрге жүзер» сайысын бастаймыз.
«Өнерлі өрге жүзеді» бөлімінде тәрбиешілер өз өнерлерін көрсетеді. 


Кімдер жүйрік,
Өнерпаз білейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдікті,
Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші, - деп келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Жеңімпаздарды анықтап, құттықтап , сыйлықтар табыстайды.
Тәрбиешілерді мадақтау грамотасы беріледі.

Қорытынды: Тәрбиеші ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.
Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан тәрбиешіні қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі мерекелік сайысымызды тәмәмдаймыз.



Барлығына риза болсын көрермендер,
Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ,
Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде! – дей келе баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
Қош! Сау болыңыздар


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала ДВ-281069
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх