Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Конкурс на тему "Ана тілі Аруы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Конкурс на тему "Ана тілі Аруы"

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ана тили аруы.ppt

библиотека
материалов
Бөкей ордасы колледжі МКҚК “Ана тілі – Аруы!” Өткізген: Қазақ тілі және әдеби...
Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ.
1 - кезең Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады, 2 - кезең «Білгенге маржан...
1 - кезең Таныстыру
2 - кезең
Шілдехана салты.
Бесікке салу салты. 
Қырқынан шығару салты.
Тұсау кесер салты.
 Тілашар дәстүрі.
Базарлық дәстүрі
Байғазы дәстүрі
Жеті жұт Жеті күн Жеті қазына Жеті жетім
Бес дұшпан Бес қару Бес қатер Бес байлық
Төрт қонақ Үш мақсат Үш арсыз. Төрт түлік
Үш би Үш жүз Үш дау Жігіттің үш жұрты
Үш арыс Үш байлық Үш сауап Үш тәтті
 3 - кезең “Он саусағынан бал тамған”
4 – кезең «Өнерлі өрге жүзер»
Назар қойып қарағандарыңызға көп рахмет!!!!!
23 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Бөкей ордасы колледжі МКҚК “Ана тілі – Аруы!” Өткізген: Қазақ тілі және әдеби
Описание слайда:

Бөкей ордасы колледжі МКҚК “Ана тілі – Аруы!” Өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Ботакөз Исағалиқызы Мусағалиева (Сайысы)

№ слайда 2 Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ.
Описание слайда:

Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ.

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 1 - кезең Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады, 2 - кезең «Білгенге маржан
Описание слайда:

1 - кезең Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады, 2 - кезең «Білгенге маржан» (викториналық сұрақтар) 3 - кезең «Он саусағынан бал тамған» тақырыбында қыздардың қолөнер шеберлігін тамашалаймыз 4 – кезең «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету) аруларымыздың әртістік қабілетін, мәнерлеп оқу шеберлігін танып білеміз. Әр бөлім 3- 5 аралығындағы ұпаймен бағаланады. Сайыстың шарттары

№ слайда 5 1 - кезең Таныстыру
Описание слайда:

1 - кезең Таныстыру

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 2 - кезең
Описание слайда:

2 - кезең

№ слайда 8 Шілдехана салты.
Описание слайда:

Шілдехана салты.

№ слайда 9 Бесікке салу салты. 
Описание слайда:

Бесікке салу салты. 

№ слайда 10 Қырқынан шығару салты.
Описание слайда:

Қырқынан шығару салты.

№ слайда 11 Тұсау кесер салты.
Описание слайда:

Тұсау кесер салты.

№ слайда 12  Тілашар дәстүрі.
Описание слайда:

Тілашар дәстүрі.

№ слайда 13 Базарлық дәстүрі
Описание слайда:

Базарлық дәстүрі

№ слайда 14 Байғазы дәстүрі
Описание слайда:

Байғазы дәстүрі

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16 Жеті жұт Жеті күн Жеті қазына Жеті жетім
Описание слайда:

Жеті жұт Жеті күн Жеті қазына Жеті жетім

№ слайда 17 Бес дұшпан Бес қару Бес қатер Бес байлық
Описание слайда:

Бес дұшпан Бес қару Бес қатер Бес байлық

№ слайда 18 Төрт қонақ Үш мақсат Үш арсыз. Төрт түлік
Описание слайда:

Төрт қонақ Үш мақсат Үш арсыз. Төрт түлік

№ слайда 19 Үш би Үш жүз Үш дау Жігіттің үш жұрты
Описание слайда:

Үш би Үш жүз Үш дау Жігіттің үш жұрты

№ слайда 20 Үш арыс Үш байлық Үш сауап Үш тәтті
Описание слайда:

Үш арыс Үш байлық Үш сауап Үш тәтті

№ слайда 21  3 - кезең “Он саусағынан бал тамған”
Описание слайда:

3 - кезең “Он саусағынан бал тамған”

№ слайда 22 4 – кезең «Өнерлі өрге жүзер»
Описание слайда:

4 – кезең «Өнерлі өрге жүзер»

№ слайда 23 Назар қойып қарағандарыңызға көп рахмет!!!!!
Описание слайда:

Назар қойып қарағандарыңызға көп рахмет!!!!!

Выбранный для просмотра документ ана тилим арум.docx

библиотека
материалов



Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының

«Бөкей ордасы колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны













Сайыс





Тақырыбы: «Ана тілі – Аруы!»

(Қорытынды кеш)















Орындаған: Б.И.Мусагалиева















Сайқын - 2015



«Ана тілі аруы» сайысы
1 - жүргізуші:
Армысыздар, қадірлі қонақтар!
Құрметті оқытушылар!
Аяулы студеттер!

2 - жүргізуші:
Тілдер мерекесіне арналған «Ана тілі аруы» байқауына қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші:- Құтты болсын бәріңе
Тілдер үні мереке!
Қазақстан жерінде
Болсын бірлік, береке!

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік – мәніміз
Достық біздің - сәніміз
Мемлекеттік тіл болған
Қазақ тілі – әніміз!

1- жүргізуші:
Қазақ осы айтатұғын елге сыр:
О, ағайын, халық емес, ол кесір.
Қазақ осы аңғал - саңғал жабусыз
Қазақ осы ағыл - тегіл, көл - көсір
Қазақ осы «өнер алды - тіл»- дейтін,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли, қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осы мақсатпен колледжімізде
«Ана тілі аруы» атты сайысы ұйымдастырылып отыр

2 - жүргізуші:
Сайысқа сөзге шебер, он саусағынан бал тамған өнерлі қыздар қатысқалы тұр.

Сайыстыңшарттары

1 - кезең«Таныстыру»Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады,

2 - кезең«Білгенге маржан» (викториналық сұрақтар)

3 - кезең«Он саусағынан бал тамған» тақырыбында қыздардың қолөнер шеберлігін тамашалаймыз

4 - кезең«Адам көркі шүберек» (сән үлгісі)

5 – кезең «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)аруларымыздың әртістік қабілетін, мәнерлеп оқу шеберлігін танып білеміз. Әр бөлім 3- 5 аралығындағы ұпаймен бағаланады.

1 - жүргізуші:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін – деген ұранмен сайысқа келген аруларды ортаға шақырамыз.
1-нөмірлі аруымыз
2........
3..........
4.........

2 - жүргізуші: Аруларымызға әділ бағасын беруші әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар
1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Умарова Н.Ж
2.
Әлеуметтік педагогКдргалиева Н.К
3. Әдіскер Бижанов Д.Ж
4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Құбайтова Р.Ж

5.Оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінің кітапханашысыҚ.Қ.Абуова

1 - жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын арулар өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
Өзін таныстыруға 1 – нөмірлі аруымыз шығады.

2 - жүргізуші:
- Алдарыңызда аруларының қолдау тобын ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші:
Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын таба ма екен арулар
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.


Келесі кезең «Білгенге маржан»деп аталады.
аруларвикториналық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын жеткізеді.Бұл бөлімде арулар 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.
Аруларды Ортаға шақырамыз. Мына жәшіктің ішінен сұрақтарды өздеріңіз таңдап аласыздар. Біртіндеп алып, дауыстап оқып беріңіздер. Егер жауаптарыңыз дайын болса, бірден жауап берулеріңізге болады.


2 - жүргізуші:
- Алдарыңызда аруларының қолдау тобын ортаға шақырамыз.


1- жүргізуші:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы -
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар - деп қазақ тілін құрметтеңдер дегіміз келеді

2 - жүргізуші: 3 - кезең«Он саусағынан бал тамған» тақырыбында аруларымыздың қолөнер шеберлігін тамашалауға шақырамыз.

1 - жүргізуші:
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады деп
4 – кезеңге өтеміз «Адам көркі шүберек» (сән үлгісі)


2 - жүргізуші:- Алдарыңызда аруының қолдау тобын ортаға шақырамыз.


1- жүргізуші:Өнерлінің өнерін
Тағы да байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік
Ән мен жырға кезек берейікСоңғы шешуші
5 – кезеңіміздеаруларымыздың әртістік қабілетін, мәнерлеп оқу шеберлігін танып білеміз.


2 - жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Әділ - қазылар жеңімпазды белгілегенше, ендігі кезекті әнге береміз


1 - жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- дегендей сайысты қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға сөз береміз. Және бүгінгі «Ана тілі аруына» қатысып жеңіске жеткен колледжіміздің«Ана тілі аруы» Аруын ортаға шақырамыз.



2 - жүргізуші:
- Құрметті оқытушылар мен студенттер, Тіл мерекесіне орайластырылған «Ана тілі аруы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы да көз жеткіздік. Отанымыз, еліміз, тіліміз көркейе берсін! Келесі кездескенше сау болыңыздар!




































1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.


1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

 

1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.








1-сұрақ

Он атаны таратып беріңіз.

( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.

3-сұрақ

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.

4-сұрақ

Үш алыс

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

5-сұрақ

Үш биді атаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6-сұрақ

Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

7-сұрақ

Үш даусыз.

Мінез, кәрілік, ажал.

8- сұрақ

Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

9-сұрақ

Үш арыс

Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.

10-сұрақ

Үш сауап

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған.

Жолға ағаш еккен.

11сұрақ

Үш байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

12-сұрақ

Үш тәтті

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.


13- сұрақ

Төрт қонақ

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,

Қылғыма қонақ.

14-сұрақ

Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.


15-сұрақ

Төрт қымбат не

Алтын ұя Отан қымбат,

Құт- береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

16-сұрақ

Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

17-сұрақ

Бес асыл

Талап еңбек, терең ой, қанағат .

18-сұрақ

Бес байлық

Әуелі баайлық- денсаулық.

Екінші байлық-еркіндік.

Үшінші байлық- тіл байлық

Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.

Бесінші байлық-балаңыз.

19-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.

20-сұрақ

Бес қатер

От, жау, борыш,ауру, сөз.

21-сұрақ

Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың.

22-сұрақ

Алты алаш деген кімдер?

Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.

23-сұрақ

Алты қиынды атаңдар.

Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды болса бас миың.


24-сұрақ

Жеті жұт

Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)

25-сұрақ

Жеті күнді атаңдар

Бүгін-дүйсенбі

Ертең –сейсенбі.

Бүрсігүні-сәрсенбі.

 Арғы күні-бейсенбі.

Ауыр күні-жұма.

Соңғы күні-сенбі.

Азына-жексенбі.

26-сұрақ

Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.

27-сұрақ

Жеті атаны таратыңыз.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

28-сұрақ

Жеті жетімге нелер жатады?

Тыңдаусыз қалған сөз жетім.

Киюсіз қалған бөз-жетім.

Иесіз қалған жер-жетім.

Басшысы жоқ ел-жетім.

Аққу-қазсыз көл –жетім.

Елінен айырылған ер -жетім.

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.































Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров247
Номер материала ДВ-228972
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх