Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Презентации / "Конситуциялық құқықтар мен міндеттер"

"Конситуциялық құқықтар мен міндеттер"

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

 Конституциялық құқықтар мен міндеттер
Конституция (лат.constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құр...
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫ (ІІ бөлім) 1-бап “адам және адамның өмірі, құқықта...
Ь Жеке құқықтар мен бостандықтар: 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар (Консти...
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құ...
Саяси құқықтар мен бостандықтар тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісі...
“Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты.” 		Н.Ә.Назарбаев Адамның жән...
Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр! Тереңнен созған тамырын,ғасыр...
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Конституциялық құқықтар мен міндеттер
Описание слайда:

Конституциялық құқықтар мен міндеттер

№ слайда 2 Конституция (лат.constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құр
Описание слайда:

Конституция (лат.constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігімен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы Өзімнің ата жұртымда өз заңым Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр!

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫ (ІІ бөлім) 1-бап “адам және адамның өмірі, құқықта
Описание слайда:

АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫ (ІІ бөлім) 1-бап “адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең қымбат қазынасы”

№ слайда 5 Ь Жеке құқықтар мен бостандықтар: 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар (Консти
Описание слайда:

Ь Жеке құқықтар мен бостандықтар: 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар (Конституцияның 15-бабы) 2. Әркім өзінің жекебасының бостандығына құқығы бар (Конституцияның 16-бабы 3. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмау құқығы(Конституцияның 17-бабы) 4. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар (Конституцияның 18-бабы) 5. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы (Конституцияның 19-бабы) 6. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар (Конституцияның 19-бабы) 7. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар (Конституцияның 20-бабы) 8. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар(Конституцияның 21-бабы) 9. Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы(Конституцияның 22-бабы)

№ слайда 6 1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құ
Описание слайда:

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. 2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. 3. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. (24-бабы) 1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. 2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.(25-бабы) 1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. 2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. 3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. 4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.(26-бабы) 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (27-бабы) 1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.(28-бабы) 1.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.(29-бабы) 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.(30-бабы) Тұлғаның әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары:

№ слайда 7 Саяси құқықтар мен бостандықтар тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісі
Описание слайда:

Саяси құқықтар мен бостандықтар тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға құқығы мемлекеттік органдар өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға республикалық референдумға қатысуға құқығы мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бірлесу бостандығына құқығы

№ слайда 8 “Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты.” 		Н.Ә.Назарбаев Адамның жән
Описание слайда:

“Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты.” Н.Ә.Назарбаев Адамның және азаматтың міндеттері 34-бап 1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. 35-бап Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады. 36-бап 1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. 2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. 37-бап Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті. 38-бап Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр! Тереңнен созған тамырын,ғасыр
Описание слайда:

Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр! Тереңнен созған тамырын,ғасырдан тартқан желісін, Тарихтан асқан қастерлі ақиқат жоқ-ау мен үшін, Бабалар жортқан боз дала- аяулы алтын құндағым, Армандай болған Азаттық- алғашқы ұлы жеңісім. Едіге жырдың найзасын егесте қанша сынадық, Айқаста құшсақ ат жалын, намыстан ғана жыладық. Көк бөрі текті түркінің көзіндей өткір билікті, Көкенай менен Майқыдан алып қалғанбыз мұра ғып, Даланың дана заңында қаны бар қайсар қазақтың, Талқан қып теуіп шыққанбыз темір есігін тозақтың. Тұлпардың тұяқ дүбірін тыңдашы, дархан дүние, Сұңқардай зият ғұмырым, Азатпын бүгін, Азатпын! Ақынға құлақ асыңыз, ақтарып жатпай мұрағат, Айбынды ата заңымда билерден қалған ұлағат. Қасиеті мен киесін бір ауыз сөзге сиғызған, Қазақ боп туған сәтімде –ақ қонған ғой маған сірә, бақ. Айбынды Ата Заңымда абырой-күшім, ар құсым, Ұсқыны болып тұр оның ұлтымның ұлы болмысы. Алтын жіп өрген арқауын бекзада біздің халықтың, Бергісі мен арғысы, Тәукенің Жеті Жарғысы... Тамұқта түскен тыртықты тағдырым бүгін ұмыттыр, Жаураған жүрек болса егер, жылы сөзіңмен жылыт бір. Өзегі күйген ерлердің өкінішінің өтеуі, Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр. Әлия Даулетбаева

№ слайда 11
Описание слайда:

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Презентации
Просмотров397
Номер материала ДВ-354023
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх