Инфоурок Другое КонспектыКонспект «Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық»

Конспект «Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық»

Скачать материал

Атырау  облысы

Құрманғазы  ауданы

Абай  атындағы  жалпы  орта  мектебі

Молдағалиева Гулжазира

  Жұмажанқызы

Мектеп  кітапханашысы

«Ана деген  - теңдесі жоқ ұлылық»

Тақырыптық кеш.

Мақсаты: Оқырмандардың анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Балаларды адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

 

1-Жүргізуші: Жер анаға тіршілік нәрін себер көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбатты мейрам – аналар мерекесі келіп жетті.Баршаңызға мерекелік көңілімізді білдіре отырып бүгінгі «Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық» атты тақырыптық кешімізге қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші: Армысыздар асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, ару қыздар. Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, жемісті еңбек, мерекелік көңіл күй тілейміз.

 

Ән: Анаға сәлем.

 

1-жүргізуші: «Ана» осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, терең мағына жатыр. Ананың балаға деген махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі шексіз.

 

1-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

                 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттық

                 Өмірлік нәрін берді ақ сүтің,

                 Кең құшағың аясындай гүл бақтың

                 Ер жеткізіп, елге берген баласын

                 Ақылдысың, ардақтысың данасың!

                 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

                 Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

 

2-оқушы: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

                 Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

                 Ана деген бәйтерегі өмірдің.

                 Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

                 Ана десем сезім билер тым ыстық,

                 Жарасымды адамдарға тым ыстық.

                 Бар адамға берсе ананың мейірін,

                 Орнар еді бар әлемде тыныштық.

 

3-оқушы: Ана деген жарық жұлдыз шырағың,

                 Ана деген қайнар ыстық бұлағың,

                 Ана деген өмірдегі қамқорың.

                 Ана деген сүйенерің жан құрбың.

                 Ана деген өмірдің кәусар бұлағы.

                Ана деген тіршіліктің шұғылалы шуағы.

                Ана деген теңдесі жоқ ұлылық.

                Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

4-оқушы: Адам бар ма ақ сүтін татпаған,

                Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

                Адалдықты, ар намысты сақтаған,

                Мен анамның сонысына мақтанам

               Анам менің жасыл бағым жайнаған.

               Сол бағымда асыр салып ойнаған.

               Пәк жүрекпен жыр айтады перзентің

               Бар бақытты өзіңізге арнаған.

 

Ән: «Ана туралы жыр»

 

1-Жүргізуші: Әр балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан халық даналығында ананы ардақтайтын, дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тауда аласа», «Ананы меккеге үш рет арқалап апарса да қарызынан құтыла алмайды».

 

2-жүргізуші: Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының қажеті жоқ. Ақ тілеулі, кең пейілді аналарамыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен татулықтың болуын да тілейтін ана.

 

5-оқушы: Дүниедегі ең ардақты, асыл жан.

                 Ана бізді мәпейлейді жасынан,

                 Мен қуансам қуанады ол бірге.

                 Мен қиналсам табылады қасымнан

                 Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

                 Ана тұрса құшаққа алып баласын.

                Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым,

                Қабағыңды кірбің шалмай өмірде

                Қуанышқа кенеле бер анашым.

 

6-оқушы: Өмірде ана бақыт, ана пана,

                 Өмірді өркендетер ана ғана.

                 Өсірген талай көсем, талай шешен.

                 Талай ер, талай ақын, талай дана.

                 Жасынан сүйіп өсер балақанын

                 Бір саған сенім артар балапаның,

                 Бір сәтке ұмытамын қиындықты

                 Сипаса маңдайымнан алақаның.

 

7-оқушы: Орасақ та жанат ішік, құндызға

                 Баласақта айға, күнге, жұлдызға.

                 Ана соның бәрінен де ардақты

                 Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға.

                Ана деген бұл өмірдің тірегі.

                 Аналардың мөп-мөлдір ғой жүрегі.

                 Құлыным деп ешбір тыным таппаған

                 Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі.

 

8-оқушы: Аяулы ана, күнім де ана, ай да ана,

                 Жетеді саған қай дана!

                Асылым өзің!

                Айбының биік, айдының тұнық,

                Теңізім терең өзіңсің!

               

Әң  «Асыл ана»

 

1-жүргізуші: Аналардың қоғам өміріндегі алатын орны ерекше. Ана – перзент тәрбиешісі, ана – ғалым, ана – қызметкер, ана – ғарышкер, ұстаз. Сондықтан да әркім өз анасы жөнінде ойланады, толғанады, сағынады. Біздің екінші анамыз – ұстаздарымыз. Мерекелеріңіз құтты болсын Мына өлең жолдары сіздерге арналады ұстаз аналар.

 

9-оқушы: Мынау менің сезгенім,

                 Өзіңнің де өзгенің

                 Баласы оның баласы

                 Қай кезде де өзгеріп,

                 Қайғырмайды өзі үшін.

                 Біздер үшін қуанып,

                 Қызарады біз үшін.

                 Күнде бестік алсаң сен

                 Онда басқа жоқ арман

                Ал оқымай барсаң сен

                Бір тал шашы ағарған.

 

10-оқушы: Үйретіп білім нәрін жаныма құйып менің,

                   Сен нұсқадың арманның биіктерін.

                   Мен табынып ой тұнған жанарына

                  Сабағыңды тыңдадым ұйып керім.

                  Көңілінен кей шақта шыға алсам

                  Сезімді адам сезініп биіктерден.

                  Мейірімің, ақылды сөзіңменен

                  Кейде қаталдығыңның өзі менен.

 

Жүргізуші: Өскелең болса дағы өз тұлғам, өз биігім әрдайым сені еске алып сезінемін – деп ақындар жырлағандай шәкірт жүрегінен ұмытылмас орын алар ұстаздарға мың алғыс!

 

Ән: «Ұстазым»

 

11-оқушы: Ана! Ол дүниедегі ең ардақты адам,

                  Кіші де, үлкен де оны ардақтаған

                   Өзінің аяулысы Отанында

                   Ана деп біздің халық текке айтпаған.

 

Жүргізуші: Ақыл мен нақыл ананың тілінен төгіледі. Қазақ тілін ата тілі, әке тілі демей ана тілі дегені де сондықтан. Себебі ұлттың таралуы мен жоғалуы да анаға байланысты.

 

Ән: «Ананың тілі»

 

Жүргізуші: Ұлттық салт-сана, дәстүр бәрі де нәзік қыздарымыздың жүрек қазынасы. Қыз ең алдымен ана тілінің көзі, бастауы, мөлдір бұлағы.Аруларымыздың әрдайым сұлу, ақылды, ізетті болуларына тілектеспіз.

 

12-оқушы: Оқуды да ойлаймыз

                   Бірге күліп ойнаймыз.

                   Қыздарды да аялап

                   Мерекесін тойлаймыз.

                   Мерекеде көктемгі,

                   Құттықтаймыз сіздерді.

                   Жайнап өскен қызғалдақ

                   Қыздар әсем ел гүлі.

                   Қыздарды біз сыйлаймыз.

                   Мерекеде қыздарға

                   Әнімізді арнаймыз.

 

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам».

 

Жүргізуші: Арулар, аяулылар, ардақтылар,

                    Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

                    Арулар тіршілікке күре тамыр.

                    Өмірді бір-біріне жалғап тұрар – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай «Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен, аналарымыздың еңбектерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Аналары бақытты елдің ұрпағы да бақытты өмір сүреді.

 

Жүргізуші: Олай болса:

            Құтты болсын, ардақты ана

            Асыл ана мерекең.

           Құтты болсын теңдік алған, қуанышты берекең.

           Бақытты ғой шынында да анасы мен балалар,

           Құтты болсын мереке

           Аман болсын аналар! – деп бүгін аналар мерекесіне арналған «Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық» тақырыбындағы мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект «Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 828 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 920
    • DOCX 16.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдагалиева Гулжазира Жумажановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7992
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции