Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Конспект Ана 5 класс

Конспект Ана 5 класс



  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_5c5dbea5.jpg17 «Алақай» санаториялық ясли-бақшасы






hello_html_1d1759fe.gif

Меркелелік ертеңгілік










Тәрбиеші

Ерниязова Рая Айжігітқызы


Ана – бақыт, ана – жыр

Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі

Тәрбиеші:Ана - өмір қолдаушысы әлемнің,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың,

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың,

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, Ана – қасиетті жан, ендеше 8 Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар! Бүгінгі мереке сіздерге арналады.

Сергітетін сәбилердің санасын,

Бізді көрсең бір марқайып қаласың.

Халықаралық 8 Наурыз,

Мерекеңіз құтты болсын, анашым!

Балалар: Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Аяулы біздің аналар!

Хор: «Құттықтаймын, мама»

Тәрбиеші: Ана деген баланың арман әні,

Баламенен ана өмірі жалғанады.

Аяулым шырқаған асыл әні,

Аналар құрметіне арналады.

Ән: «Анашым» орындайтын Аяулым

Тәрбиеші: Шалқып-тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз!

Аналарды құттықтап,

Ән айтамыз бәріміз!

Ән: «Қошақаным» орындайтын Нұрәлі, Айым

Тәрбиеші: Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз, бағамыз.

Сіздер үшін аналар,

Біздер тақпақ айтамыз.

(Балалардың тақпақтары)

Тәрбиеші: Ән де шырқап, би де билеп жатырмыз,

Асыл ана сіздің ғана арқаңыз.

Би: «Қазақ биі» орындайтын Балзия

Тәрбиеші: Тілінің көрсетеді шекерлігін,

Тыңдаған оны мақтан етер бүгін.

Айымның салған әні көрсетеді,

Қазақтың қызы ғажап екендігін.

Ән: «Қазақ қызы» орындайтын Айым

Тәрбиеші: Азамат қуат алар ақ сүтінен,

Мәпелеп әлдилеген, пейілі кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

(Балалардың тақпақтары)

Тәрбиеші: Шомылған қасиетті таң нұрына,

Сіздер үшін шырқады әнді мына.

Ән салып би билейді сіздер үшін,

Өнерлі бүлдіршіннің барлығы да.

Ән: «Ертегілер» орындайтын Асылым, Аяулым, Балзия.

Тәрбиеші: Дегендей биіктерді бетке аламын,

Ақ сүтінен нәр алған текті ананың

Аналар мейрамына дайындаған,

Билегенін көріңіздер ұл-қыздардың

Би: «Балдырғандар» орындайтындар Нұрәлі, Аянат, Ерасыл, Айым

Тәрбиеші: Ана деген өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе, анадай-ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны,

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Хор: «Апатайым анашым»

Тәрбиеші: Көрген жан мейірі қанатындай,

Ән шырқаса, нұрланып жанатындай.

Испан биін билесе, біздің ару

Испанның қызы жолда қалатындай

Би: «Испан биі» орындайтын Айым

Тәрбиеші: Қадір Мырзалиевтің өлеңі «Ана»

Бәрі де ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба? өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба? Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де ана бір өзіңнен басталды,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді.

Отанымның өзі сенен басталып,

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Тәрбиеші: «Анаға арнау» орындайтын Рая

Тәрбиеші: Қадірлі аналар көңілі,

Көктемдей жайнап гүл ашсын.

Бақытқа толы өмірі,

Шаттыққа шаттық ұлассын.

«Анамызға гүл сыйлаймыз» (балалар аналарына гүл береді)

Тәрбиеші: Ана деген – азаматтың данасы,

Ана деген – сәбилердің панасы.

Ана деген - өмірдегі қарқоршың,

Ана деген – сүйенерің, ақылшың.

Бүлдіршіндердің әжесі, ортамыздағы ақылшы анамыз, балабақша меңгерушісі Қанымша апайға сөз береміз.

Тәрбиеші: Аналар, әжелер, апайлар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын! Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін. Ана мен баланың мерейі үстем болсын.

Жетелер білім, өнер алға бүгін,

Ұрпақсыз қияларға самғады кім?

«Ана – бақыт, ана – жыр» ертеңгілік,

Қанаты бүгінгі ұрпақ арманының.

Әрқашан аналары аман болсын,

Жабықпауын тілейді жандарының,

Осымен бүгінгі кеш аяқталды,

Ертеңгілік ясли-бақша балдарының.









Автор
Дата добавления 10.10.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров241
Номер материала ДВ-048635
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх