Инфоурок Информатика КонспектыКонспект "Берілгендер қоры туралы түсінік. MS Access бағдарламасы"

Конспект "Берілгендер қоры туралы түсінік. MS Access бағдарламасы"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Берілгендер  қоры туралы  түсінік. MS  Access бағдарламасы. Кесте  және  форма.

 Сабақтың түрі:  аралас  сабақ.

Сабақтың мақсаты:

                          1.Білімділік :Оқушыларды  берілгендер  қорымен  таныстыру және             

                             берілгендер қорын құруды,  файлдарды сақтауды,  MS  Access    

                             бағдарламасымен  жұмыс  жасауды  меңгерту. MS  Access    

                             бағдарламасының  объектілерімен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

                         2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау  қабілетін, танымдық    

                             белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс  істеу 

                             шеберлігін  одан әрі шыңдау және  оны  өмірде қолдана 

                            білуге  ықпал  жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

                         3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге,  

                             жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты

                             болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа 

                             тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Оқытудың компьютерлік технологиясы

Сабаққа  қажетті материалдар: Дербес  компьютерлер, Microsoft Office Access 2003, 2007, 2010 бағдарламасы, интерактивті тақтада  дайындалған слайдтар, Activpen қаламы, Activslate құрылғысы, оқулықтар, жұмыс дәптері, кеспе  қағаздар, үлестірмелі  тапсырмалар, тест  тапсырмалары.

 

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен  сәлемдесу, оқушылардың   сабаққа  қатысуын  тексеру. Оқу-құралдарын  тексеріп, олардың  зейінін  сабаққа  аудару.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1.         Excel бағдарламасының мүмкіндіктері

2.         Диаграмманың түрлері

3.         Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде қалай қолданамыз?

4.         Формулаларды кірістіру

5.        Sinkaz электрондық оқулығынан тапсырмалар орындау

 

Тест жұмысы:

1. MS Excel. Е8 ұяшығының орналасуы:

A) Е бағаны, 8 қатар B) Е қатары, 8 бағаны.

C) Е бағаны, 4 қатар.

D) 8 қатар.

E) А бағаны, 1 қатар.

2. МS Ехсеl-де  пернесінің атқаратын қызметі:

A) Автоқосынды.

B) Функция енгізу.

C) Диаграмма шеберін іске қосу.

D) Көбейту.

E) Бөлу.

3. Microsoft Excel –бұл:

A) Кестелік процессор.

B) Антивирустық программа.

C) Операциялық жүйе.

D) Программалық қабықша.

E) Мәтіндік редактор.

4. MS Excel. Диаграмма дегеніміз не:

A) Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект.

B) Мәтіндік редакторда қолданылатын жазу түрі.

C) Автотолтыру кезінде ағымдағы ұяшық қоршауының төменгі бұрышында орналасқан кішкене қара түсті шаршы.

D) Автотолтыру кезінде ағымдағы ұяшық қоршауының жогарғы бұрышында орналасқан кішкене қара түсті шаршы

E) Бірнеше ұяшықтар тобы.

5. MS Excel-ді жүктеу үшін қандай командалар ретін орындау қажет:

A) Іске қосу-Бағдарлама-MS Excel.

B) Іске қосу-MS Word

C) Іске қосу-MS Access.

D) Іске қосу-Бағдарлама-Стандартты-MS Excel.

E) Іске қосу-MS EXCEL.ПУСК→MS Excel.

6. MS Excel. Келтірілген формулалардың қайсысы 30-жолдағы 1-бағаннан 6-бағанға дейінгі ұяшықтардың қосындысын есептейді:

A) =СУММ(A30:F30).

B) Sum(10,1:4).

C) =Sum(1:6).

D) СУММА(A1:A6).

E) Sum(A30:F30).

8. MS Excel ұяшығына формула енгізу қандай белгіден басталады:

A) =

B) :=.

C) #.

D) ешқандай белгі қажет емес.

E) !.

9. MS Excel. Сандық деректерді графиктік түрде беруде пайдаланылатын элемент:

A) Диаграмма.

B) Құрама кесте.

C) Ауқым.

D) Кесте.

E) Редакция.

10. MS Excel. Сандардың ішіндегі ең үлкенін табу функциясы қайсысы:

A) МАКС.

B) РАНГ.

C) МАХIM.

D) МИН.

E) MIN.

11. MS Excel -дегі формулалар ... көмегімен құрылады:

A) Функция шеберінің.

B) Автоформат командасының.

C) Сортировка командасының.

D) Диаграмма  шеберінің.

E) Данные командасының.

12. MS Excel. Электрoндық кестеде келісім бойынша қанша парақ болады:

A) 3.

B) 2.

C) 4.

D) 5.

E) 6.

12. MS Excel электрондық кестесіндегі бағаналардың саны қанша:

A) 256.

B) 125.

C) 1256.

D) 65536.

E) 452.

13. MS Excel электрондық кестесіндегі жолдардың саны қанша:

A) 65536.

B) 452.

C) 256.

D) 1256.

E) 125.

14. MS Excel. Электрондық кестеде нені еңгізу теңдік (=) белгісінен басталады:

A) Формула.

B) Сурет.

C) Мәтін.

D) Жол.

E) Сан.

15. MS Excel. Электрондық кестенің нeгізгі элементін ата:

A) Ұяшық.

B) Өpic.

C) Берілгендер.

D) Клетка.

E) Мәндер.

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 

Қазіргі  кезде  компьютерлік  техниканы  пайдаланбай  жұмыс  жасайтын  сала  жоқ  деуге  де  болады. Ал, компьютерді  пайдалану  технологиясының  жұмыс  жасауға  өзіне  тән  талаптар  қоятыны  белгілі.  Сондай  талаптардың  бірі- жұмыс  жасауға  қажетті  берілгендер  қорын  құру. Адамның  қызметі  немесе  жеке  басы  жұмыстарында  әр  түрлі  дерек    көздерденалынған  және  олардың  әрқайсысы  қандай  да  бір  қызмет  түрімен  байланыста  болатын  берілгендермен   жұмыс   істеуіне  тура  келеді. Осы  берілгендерді  жинақтап, бір  жүйеге  келтіру  үшін   арнайы  білім  мен  ұйымдастыру  дағдысы  қажет.  Информацияны  сақтау- компьютердің  ең  маңызды  функцияларының  бірі. Оның  ең  көп  тараған   құралы  берілгендер  қоры  болып  табылады. Берілгендер  қоры- берілген  құрылымдағы  информациялардан   тұратын  арнайы  форматтағы  файл. Берілгендер  қорын  басқару  жүйесі- берілгендер   қорымен  жұмыс  жасауға  арналған  программа. Олардың  қатарында  DBASE,FOXPRO,MS Access  бағдарламалары  бар.Көптеген  берілгендер  қоры   кестелік  құрылымда  болады. Кестелік  құрылымда  берілгендердің  адрестері  жол  мен  бағанның  қиылысуымен  анықталады. Берілгендер  қорында  бағандарды  өрістер  деп,  ал  жолдарды  жазбалар  деп  атайды.Өрістер  берілгендер  қорының  құрылымын, ал  жазбалар  ондағы  информацияларды  құрайды.

      Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиім-ді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды.MS Access  ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер.

      Кесте- жазбалар  мен  өрістерден  тұратын  берілгендер  қорының   негізгі  объектісі.Кестелерде  берілгендер  сақталады.

     Сұраныс- берілгендерді  бір  немесе  бірнеше  кестеден  қолданушының  анықтаған  шарты  бойынша   іріктеп  алуға   арналған  құрал.Сұраныстар  көмегімен  берілгендерді   зерттейді,іріктейді,өзгертеді, яғни  өңдейді.

      Форма- кестелер  мен  сұраныстардағы    берілгендерді  ыңғайлы   және  көрнекі  түрде  бейнелейтін  және  оларды  басқаратын  құрал.

      Есеп - кестелер  мен  сұраныстардағы    берілгендерді  ыңғайлы   және  көрнекі  түрде   экран  бетіне  басып  шығару  құралы.

      Макрос- макрокомандалар  жиынтығы.Егер  БҚ- да  қандай  да  бір  операциялар  жиі  орындалатын  болса, онда  олардың  командаларын   бір  макроста  жинап, оған  клавиштер  комбинациясын  сәйкес  қоюға  болады.

       Модуль –Visual   Basic   тілінде  жазылған  прграммалық  процедура.

      Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, сондықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

       MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоры – қазіргі уақытта едәуір кең таралған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қорында барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қорымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі. MS Access-те деректер қоры ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, есеп берулер, сұраныстар жатады.

      MS Access-те деректер қорын құрудың екі тәсілі бар. Бос деректер қорын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді және басқа объектілерді қосуыңызға болады. Мұндай тәсіл едәуір қолайлы, бірақ деректер қорының әрбір элементінен жеке айқындылықты талап етеді. Бұдан басқа, барлық қажетті кестелермен, пішіндерді және есептермен айқын түрдегі деректер қорын шебердің көмегімен құруға болады. MS Access сізге арналған түрлі деректер қорынан тұратындықтан, екінші тәсіл көп жағдайда қолдануға ыңғайлы. Екі жағдайда да кез-келген уақытта өзіңіз құрған деректер қорын өзгертуге және кеңейтуге мүмкіндігіңіз бар

     MS Access  бағдарламасына кіру жолы: Пуск – Все программы – MS Office – MS Access, яғни

Описание: http://infust.kz/wp-content/uploads/2011/12/1-300x224.jpg

     Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

    Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.

     Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз.

Енді MS Access терезелеріне шолу жасап кетейік және олардың мәзірлер қатарын қарас-тырып өтейік.

Бастапқы терезесі:

  Описание: http://infust.kz/wp-content/uploads/2011/12/21-300x237.jpg

Деректер қорын құрастырушы терезесінің түрі:

Описание: http://infust.kz/wp-content/uploads/2011/12/3-300x226.jpg

ІҮ. Сабақты бекіту:

1.         Берілгендер  қоры  деп  нені  түсінесіз?

2.         Берілгендер  қорын  басқару  жүйесі  дегеніміз  не?

3.         Қандай  БҚБЖ  білесіз?

4.         БҚ  қандай  құрылымда  болады?

5.         БҚ- да ғы  информациялар  қайда  сақталады?

Тест  жұмысы:

1. Мәліметтер базасы дегеніміз не?

A) Мәліметтердің реттелген, өзара байланысты жиынтығы

B) Әртүрлі кестелерді сақтайтын файл

C) Ұйымдастырылған өзара логикалық байланыстағы жазбалардың жиынтығы

D) Арнайы бума

E) Ұйымдастырылған өзара логикалық байланыстағы бағаналар мен жолдардың жиынтығы

2. MS Access. 'Обязательное поле' өрісі нені талап етеді?

A) Бұл өрістік мәнді міндетті түрде енгізуді талап етеді

B) Бұл өрісті деректер қорындағы барлық кестеде міндетті түрде қолдануын талап етеді

C) Бұл өріс тек мәтіндік немесе сандық болуын талап етеді

D) Бұл өрісте мәліметтер сәйкес келмеуін талап етеді

E) Бұл өрісте мәліметтер сәйкес келуін талап етеді

3. MS Access. ДҚБЖ MS Access-те сұрыптауға жатпайтын деректер типін көрсетіңіз:

A) Гиперсілтемер, MEMO, OLE

B) Сандық, дыбыстық

C) Ақшалык, мерзім уақыт, мәтіндік

D) Сандық, ақшалық, MEMO, OLE

E) Сандық, дыбыстық, гиперсілтемер

4. MS Access. Алғашқы кілт:

A) Кестелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қайталанбайтын өріс

B) Кестелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қайталанбайтын жазба

C) Кестелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қайталанатын жазба

D) Негізгі кестедегі жазбалар

E) Бірнеше кестелердің өрістері мен жазбаларын байланыстыратын қайталанбайтын кесте

5. MS Access программасы мәліметтер базасының қандай түрлерін қарастырады?

A) Қатынасты (Реляциялық)

B) Компьютерлік

C) Желілік

D) Ағаш тәріздес

E) Құрылымдық

6. Деректер базасын құрудың шебері режимі - бұл:

A) Кесте кұрылымын күруды тездететін бағдарлама

B) Деректерді бірлесе пайдалану үшін кестеге қосылу.

C) ДБ құдрудың ең әмбебап қолдау әдісі.

D) Формалды атаулары бар: поле 1, поле 2, және т.б. барлық ерістер дайындамасы.

E). ДБ-ны қашықтағы серверге импорттауға мүмкіндік беретін режим.

7. Диаграмма дегеніміз не?

A) Жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік объект

B) Автотолтыру кезінде ағымдағы ұяшық қоршауының теменгі бұрышында орналасқан кішкене қара түсті шаршы

C) Автотолтыру кезінде ағымдағы ұяшық қоршауының жоғарғы бұрышында орналасқан кішкене қара түсті шаршы

D) Мәтіндік редакторда қолданылатын жазу түрі

E) Бірнеше ұяшықтар тобы

 

 

 

 

 

V.Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың  білімін  бағалап, тапсырмалар беріп, қорытындылап  сұрау және  үйге  тапсырма  беру.

 

VI.Үйге тапсырма беру:

О. Камардинов 9-тарау, 272- 276 беттер  бойынша дайындалу.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект "Берілгендер қоры туралы түсінік. MS Access бағдарламасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 2155
    • DOCX 76.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Култаева Сандугаш Бегімкулкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92442
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции