Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Логопедия / Другие методич. материалы / Конспект "Дизартрия - тіл кемшілігін түзеудің жолдары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

Конспект "Дизартрия - тіл кемшілігін түзеудің жолдары"

библиотека
материалов

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Мұқанова Ләззаттың мақаласы

Дизартрия

Дизартрия – адамның дауысы біресе қатты біресе ақырын шығуы.

Ең алдымен дизартрия – ол сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігінен болатын сөйлеу тіліндегі дыбыстарды айту кемістігін айтамыз. Дизартрия гректің артрон – мүшелеу және бөлшектену дегенді, диас – бұзылу мағынасын береді.

Дизартрияның шығу себебі: баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әр түрлі келеңсіз жайттардың тигізетін зиянының нәтижесінде орталық жүйке жүйеінің органикалық зақымдануынан болады.

  • Толғақ кезіндегі келеңсіздіктен бала организміне түрлі әсердің болуы.

Оған – қатты инфекция, оттегі жетіспеушілікғ интоксикация, т. б.

  • Екіқабат кезіндегі токсикоздық және жатырдағы зақымданулар.

  • Резус-фактордың қосылмаушылығынан да пайда болады.

  • Бала өмірінің алғашқы кезеңдеріндегі жүйке жүйесінің инфекциялық ауруға шалдығуынан да болады, бірақ бұл сирек кездеседі.

  • Сал ауруына шалдыққан балаларда жиі болады. Е. М. Мастюкованың мәліметтері бойынша 65-85% дизартрияға ұшырайды екен.

Сондықтан, дизартрияны сипаттаудың өзі қиын, ол жеке ауру тұрғысынан гөрі, белгілі бір аурулардың неврологиялық синдромы сияқты көрінеді. Бізәдістерді сипаттауда логопедиялық тұрғыдан емес, нейропсихологиялық тұрғыдан ғана ми құрылымына қатысты тұстарына, артикуляциялық органдардың иннервациясына, сонымен бірге оның психологиялық тұстары дефектілік күйзелісті бойынан өткізуі және оның айнадағылармен қатынас жасауына шектеушілік болуы сияқты мәселелерге назар аударамыз.

Дизартрия психологиялық – логопедиялық әсер ету – тілдік коммуникациялық акттерге байланысты болуы керек. Дизартриямен ауыратындардың үлкені де, кішісі де білуге тиістісі ол дұрыс интеллект, оның толыққанды қатынас жасауына қабілеті бар, оған қол жетерлік коммуникациялық тәсілдерді демонстрациялау қажет. Мысалы, қылық-бет-қимыл пиктограммалық, инновациялық.

Бульбарлық және псевдобульбарлы дизартриядағы коррекциялық жұмыстарда мыналар қамтылады:

  • Артикуляциялық органдарды массаждау;

  • Артикуляциялық гимнастика;

  • Тілдік дыбыстардың айтылуын түзету;

  • Тілдік тыныс алу мен дауысты дұрыстау;

  • Мәнерлік тілдік жұмыстары.

Ең жиі пайдаланбайтын массаждың түрлері: белсендіруші және босандырушы.

Белсендіруші массаж – бульбарлы дизартрияда артикуляциялық еттердің әлсіздігіне пайдаланылады.

Бульбарлы дизартрия – ол сопақша ми дизартриясы дегенді білдіреді. Бульбарлы дизартрия артқы мидың құрамына енетін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққанда байқалады. Сопақша мида орналақан бас сүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл, жұтқыншақ, кейде үш жақты кезбе нервтерінің маңызды бөліктері (ядролары) бұзылады.

Сопақша ми дизартриясы – жұтқыншақ, көмейдің, тілдің, жұмсақ таңдайдың бұлшықеттерінің сал болып немесе әлсіз болып қалуымен сипатталады. бұл сияқты ақаулығы бар балалардың тамақты жұтынуында (сұйық және қою) және шайнауында қиындықтар туындайды. Дауыстың жатықтылық және жұмсақ таңдай болып бұзылады да, әлсізденіп ыңылдап естіледі. Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды.

Жұмсақ таңдайдың әлсізденуінің салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны мұрын жолы арқылы еркін өтеді де, айтылатын барлықдыбыстар мұрын жолы арқылы ыңылдап естіледі.

Босандырушы массаж – бұл псевдобульбарлы дизартрияда ет тонусының көтеріліңкілігінде пайдаланылады. Артикуляциялық гимнастика кәдімгі гимнастикалық жаттығуларға ұқсайды.

Бульбарлық және псевдобульбарлы дизартрияда дауысты қалпына келтіру тәсіліне Е. С. Алмазова және т. б. дисфония және афония жеңіп шығуда пайдаланылатын нұсқаулар мен вокалдық техникте алынған жаттығулар пайдаланылады. Мысалы, ауруға дауысын «маскіге» бағыттауға міндеттейді. Мұнда дауысты беру, жоғарғы резонатор деп аталатын бөлікті іске қосу болып табылады. Дисфония мен афониядан айырмашылығы дизартрияда «мұрындық оттекке» күшейтіледі. Дизартриядағы бірден-бір кемшілік – бұл мұрыннан ауаның шығып кетуі болып табылады.

Мұндай жағдайда тәжірибе көрсетіп отырғандай дауысты қосуға астыңғы-қабырғалы арқы резонаторларын күшейту болып табылады. Бұл мақсаттарды жеңілдету үшін кеудені, арқаны шапалақтауды пайдалану керек. Ол бұлшық еттерінің босаңсуына алып келеді. Сонымен бірге қолды кеудеге қойған кезде вибрация сезілуі тиіс.

Ең бір қиын мақсаттардың бірі – жаттығу дозировкасын (мөлшерін) ұлғайту, яғни псевдобульбарлы дизартрияда ет тонусының коррекциясына бағытталған, артикуляциялық гимнастика қатарына жататын жаттығуларды күрделендіру (ұлғайту) едәуір қиындықтар тудырады. Әдістемелік күрделіліктің туындауы артикуляциялық орындалуға арналған кез-келген түзету жаттығулары. Ет тонусының үдеуіне әкеледі.

Псевдобульбарлы дизартрия ауруларында артикуляциялық еттер гипертонусы – ол осы аурудың ең негізгі патологиялық синдромы болып табылады. Сондықтан, оны үдетуге тыйым салынады. Тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – жаттығуды берудегі дефектологиялық тәсіл.

Ми қыртысы асты дизартриясының сипаттамасы – ол бас ми қыртысының астындағы тораптардың зақымдануынан пайда болады. Дизартрияның бұл түрінде бұлшық еттер күш қуатының ширығуының әсер етуінен және гиперкинезбен сипатталады. Гиперкинез – ол баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз қимылдауы. Бұл тыныш тұрған жағдайда байқалады, бірақ әдетте бұл қимылдар сөйлеген кезде күшейеді.

Қорыта келгенде, дизартрия – ол сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігінен болатын сөйлеу тіліндегі дыбыстарды айту кемістігі. Бұлшық еттердің өзгеріп тұратын ерекшелігі мен гиперкинездің бар болуы сөйлеу тілі мүшелерінің және дыбыстардың айтылуындағы кемістіктермен байланысты. Түрлі көңіл күйдегі жағдайына байланысты әсерлілікпен дыбыстарды дұрыс айтуы мүмкін, бірақ қалыпты жағдайда сол дыбыстарды айта алмай қалады. Сөйлеу мүшелері құрысады, тілі тартылады, дауысы үзілмелі болады. Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып-жарып шығарындығы да байқалады. Балалар сөзді, сөйлемді жылдамдатып, тез-тез сөйлейді немесе керісінше сөздерді бөліп-бөліп айтады. Сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты қимылдай алмауынан сөздер бірқалып шықпайды, сонымен бірге дауысының күші мен саздылығының бұзылуынан да болады. Сонымен ми қыртысы асты дизартриясының ырғағы, сарыны жағынан ұйқастығының бұзылуымен сипатталады.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.12.2015
Раздел Логопедия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров761
Номер материала ДВ-296726
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх