Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Дүние тану
Сабақ тақырыбы:Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы.
Сабақ мақсаты:1.Қазақ батыры-Қаракерей Қабанбайдың өмірі,саяси қызметі,ерлік істері т туралы мәлімет беру және қазақ тарихындағы батырдың алатын орнын
анықтау.
2.Тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық ойлауды дамыту және
бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру
танымдық қабілеттерін анықтау.
3.Ерлікке отан сүйгіштікке тәрбиелеу,қазақ батырларының ерлігін үлгі
етуге,құрметтеуге үйрету.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі: Тарихи танымдық сабақ.
Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,әңгімелеу,талдау,сөйлесу,іздендіру,дәлелдеу,тірек
сызбамен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Қ.Р картасы,батырлар суреттері,слайдтар.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
-Қарасай батырдың неше баласы бар?
-6 баласы бар.
Қарасай батыр шежіресі.
Көмек
Қарасай Айдыр
Мырзатай
Еділ
Сапақой
Назарбай
Әбіш
Нұрсұлтан
Тапсырмалар
Көмек Қарасай батыр туралы мәлімет.
Айдыр Есім хан басшылық еткен ұрыс.
Қарасай кімдерді қолға түсірді?
Мырзатай Мәтінде қандай мақал кездеседі?Мәнін аш.
Еділ Қалмақтар қандай айлаға көшті?
Сапақой Қарасайда кернеген ыза мен кек туралы айт.
Назарбай Олых қандай адам?Олыхтың жеңілісі туралы айт.
Әбіш Қарасайдың досы Ағынтай батыр туралы айт.
Нұрсұлтан Батырға мінездеме бер.
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту.
-Осы мәтіннен көкейлеріңе не түйдіңдер?
ІV Жаңа сабақ
«Кім шапшаң ойыны?»ойыны.
Екі таңбалы сандарды өсу ретімен санау арқылы жасырылған есімді тап.
Дұрыс,бүгін біз Қаракерей Қабанбай туралы оның ерлігі,қазақ тарихындағы алатын орын туралы хабардар боламыз.
Қабанбай батыр 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында дүниеге келген.Қабанбай батыр тұлғалық жағынан мықты батыр,ержүрек 1769 жылы қайтыс болды.Қабанбай батырдың шежіресіне келсек Найман руынан тарайды.Найман руы-тоғыз таңбалы болып тарайды.Олар
Қаракерей,Садыр,Матай,Төртуыл,Бағаналы,Ергенекті,Кетбұға,Келбұға.
Мәмбет-Қожақұл,одан Қабанбай батыр туылған.Әкесі Қожағұл сонау Жалаңтөс бахадүр дәуіріндегі,аса көрнектіде аты әйгілі батырлардың бірі болған.
Сен білесің бе? Батыр бабамыз өзінің ұзақ ғұмырында бірнеше есімдермен аталғаны белгілі .
Ерасыл
Хан батыры Нарбала
Дарабоз Қаракерей Қабанбай Кеке атануы
Қабан Ізбасар
Ерасыл-Азан шақырып қойған есімі.
Нар бала-Батыр бабамыздың жеңгелері еркелетіп қойған есімі.
Ізбасар-Ерасыл жездесінің қасында жылқыға көмектесіп,тазы жүгіртіп серуен құрады.Тауып алған сұр күшігі өте жүйрік,ізшіл,қыран тазы болып жетіледі.Өте шебер болғандықтан тазы «Ізбасар»деп аталады.
Кеке атануы-Жоңғарлар жылқы бағып жүрген Ерасылдың ағасы Есенбайды өлтіреді.Ерасыл алғашқы ерлігін жасап ағасының кегін алады.Оны жұрт кекшіл Кеке атап кеткен.
Қабан-қабан көшінен ауылды аман-есен алып қалады.Бала жиенінің батырлығына сүйсінген нағашысы батасын беріп, “ай қарағым-ай,Қабаным-ай” деп атайды содан
Қабанбай атанып кеткен.
Дарабоз-Қазақ жерін жоңғарлардан босату үшін болған соғыста асқан ерлік көрсеткені үшін Абылай ханның қойған аты.
Хан батыры-Жұртшылық батыр бабамызды Хан батыры деп атаған.Ханнан кейінгі екінші,маңызды тұлға.
6 662 946 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Өскімбаева Гүлжаһан Болатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36/72 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.