Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Конспект химия пәнінен "Азоттың периодтық жүйедегі орны" 9 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Химия

Конспект химия пәнінен "Азоттың периодтық жүйедегі орны" 9 класс

библиотека
материалов

Сыныбы:

9

Пәні:

Химия

Күні:

27.11.2015ж

Сабақтың тақырыбы

Азоттың периодтық жүйедегі орны, электрондық құрылысы, қасиеттері. Аммиак, аммоний тұздары. Азот оксидтері.

Мақсаты

Азот, аммиак және азоттың оттекті қосылыстарына сипаттама беру, білім негіздерін

қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің шыңдалуына мүмкіндік беру және оны дамыту. Оқушыларды бірлікке, жолдастыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер


А) теориялық білімді біледі, топтасып жұмыс жасайды, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады;

В) химиялық реакция теңделерін жазады, уақытты тиімді пайдаланады, бірін – бірі әділ бағалайды;

С) есептеулер кезінде химиялық теңдеулерін қолданады, алған білімдерін өмірде қолданады, сабақ барысы бойынша талдау жасап, кері байланыс орнатады,

Керекті жабдықтар

Интерактивтік тақта, слайдтар, мультимедиалық көрсетілім, суреттер, оқулық, қосымша әдебиеттер мен ресурстық қағаздар, постер, бояулар мен маркерлер, бағалау парағы, сабақ жоспары, магнит, скочь т.б.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Баяндау, «Диалогтық әдіс», талқылау, топтық жұмыс, оқулықпен, дәптермен және тақтамен жұмыс, тест тапсырмалары, бейне көрініс, «Блум таксономиясы», «Химиялық диктант», «Сәйкестендіру тесті», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «Эссе», «ББҮ кестесі», «Бағалау», «Жас ерекшелігіне байланысты білім беру», «Өкіл», «Ойлан. Жұптас. Бөліс», «Бағдаршам» т.б.

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру 2минут

Оқушылармен сәлемдесу, класс оқушыларын түгелдеу. Сыныптың оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топ жасақтау. Оқушылардың бар ынта-зейінің сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен, бағалау парағымен таныстырып өтеді. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды таратады.

Мұғаліммен сәлемдесу. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды баяндау, үйге қандай тапсырма берілгенін айту. Сыныптың сабаққа даярлығын баяндау. Сынып үш топқа бөлініп отырады. Топ басшылары тағайындалып, топ мүшелері қызметтерін бөліседі. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен ресурстық парақтарды таратады. Бар зейіндерін сабаққа аудара отырып мұғалімді тыңдайды. Жоспарға сәйкес тапсырмаларды орындауға көшеді.

Білу

«Шағын тест» 4минут



Үй тапырмасын тексеру: Күкірттің қосылыстары тақырыбында 2 нұсқада 10 сұрақтан тұратын шағын тест интерактивтік тақтадан беріледі және оқушыларға жеке-жеке таратылады. Тест тапсырмаларын белгілеуге кеңес береді.

Интерактивтік тақтадан тест тапсырмаларының жауабын көрсетеді.

Үй есептерінің шығарылуын дәптерлерінен, қастарына барып тексеріп шығады. Нәтижелерін топ басшыларына айтып, сәйкес ұпайларын жаздырады.

Оқушылар өткен тақырыптан алған білімдері бойынша таратылған шағын тест тапсырмаларын өзбеттерінше жекелей орындайды, жұбымен ауыстырып, интерактивтік тақтадан көрсетілген тест кілттері бойынша көршілерінің жұмысын тексереді. Топ басшысы бағалау критерийларына сәйкес бағалау парағына ұпайларын жазады.

Үй есептерінің шығарылуын дәптерлерін ашып мұғалімге дайындап қояды.

Негізгі бөлім


«Баян-дау»,


«Көрне-кілік»,


«Оқулық-пен, дәптер-мен жұмыс»,


«Муль-тимедия-лық көрсе-тілім»


6минут



Қызығушылықты ояту мақсатында жұмбақ қойылады: «Бірінші буыны көп сөзінің антонимі,

ал екінші буыны жануға қолданылатын зат».

Сабақтың тақырыбы: §16. Азоттың периодтық жүйедегі орны, электрондық құрылысы, қасиеттері. §17. Аммиак, аммоний тұздары. §18. Азот оксидтері.

Слайд арқылы басты-басты қысқаша ақпараттар беріп өтеді:

hello_html_622d34e6.gif


Көп сөзінің антонимі –аз, тілсіз жау –от, қосып оқысақ жауабы АЗОТ.

Оқулықтан сабақтың тақырыбын жазып алады.





Слайдта берілген мәліметтерді мұқият тыңдай отырып, дәптерлеріне түсіріп отырады.

hello_html_m3a485095.jpghello_html_m4d9870e8.png

hello_html_m2888888f.pnghello_html_42a479bd.jpg

Түсіну

«Ойлан, жұптас, бөліс» 4минут




«Өкіл» 8минут









1минут

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту мақсатында әр топқа тақырыптар бөліп берілінеді:

І топқа. Азоттың алынуы, құрылысы, қасиеттері, қолданылуы

ІІ топқа.Аммиак, аммоний тұздары

ІІІ топқа. Азот оксидтері.

Топтарға нұсқау беріп, жұмыс барысын бақылап өтеді. Топтарды тақырыптарын түсіндіруге ортаға шақырады. Әр топтың қасына арнайы жақындап, баяндау барысын тыңдап, қателіктерін түзетіп жүреді. Топтарға басшылық және нұсқау жасап жүреді.



Баяндау барысын қарсы топтарға «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалатады.

Әр топ берілген тақырыптарды өзара меңгере отырып, топта өзара ой бөлісе отырып, ықшамдап постер парақшасына түсіреді. Топ мүшелер өзара келісе отырып постер қорғайтын оқушыларды анықтайды. Топ басшысы оқушылардың қатысына сәйкес бағалау парағына түсіріп отырады.

Үш топ постерлерін сыныптың үш бұрышына жапсырып, әр топтан бір немесе екі оқушы постерді түсіндіруге қаладыда, қалған топ мүшелері сағат тілі бағытымен келесі топқа барады. Үш топ өз тақырыптарын басқа топтан келген оқушыларға қатар түсіндіреді және келесі топқа ауысып отырады. Қайта өз орындарына келіп тапсырманы топта талқылайды.

Қарсы топтардың баяндау барысын алдарындағы қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелекшелерді көтеру арқылы сәйкесінше бағалайды. Топ басшылары постер қорғау барысындағы белсенділігіне сәйкес бағалау парағына ұпайларын жазады.

Қолдану


«Деңгей-лік тапсыр-ма» 6минут

Оқушылардың біліктілік деңгейлеріне байланысты «А», «В», «С» деңгейіндегі тапсырмалар беріледі. Оқушылардың есептер шығару барысын қадағалап, бақылап жүріп, кеңес беріп отырады.

Есептердің шығарылу жолдарымен шешімі жазылған парақшаны топтарға береді.

Әр бір оқушы өз мүмкіндіктеріне сәйкес деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Топ басшылары топ мүшелерінің тапсырмаларды орындау барысын тексере отырып, сәйкес ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Талдау


5минут

Жаңа материалды бекіту мақсатында әр топқа жеке – жеке тапсырмалар берілді:

І топқа. Химиялық диктант;

ІІ топқа. Венн диаграммасы;

ІІІ топқа.Сәйкестендіру тесті

Әр топ мүшелері берілген тапсырмаларды әуелі жекелей орындап, сосын топта талқылып, үздігі таңдалып, арнайы парақшаға түсіріліп, жалпы класқа баяндалынады. Топ басшылары бағалау критерийлеріне сәйкес ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Жинақ-тау


5минут

Сабақ барысы бойынша кері байланыс орнату мақсатында әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі:

І топқа. «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесі;

ІІ топқа. «Бес жолды өлең»;

ІІІ топқа. «Эссе»;

Әр топ мүшелері берілген тапсырмаларды әуелі жекелей орындап, сосын топта талқылып, үздігі таңдалып, арнайы парақшаға түсіріліп, жалпы класқа баяндалынады. Топ басшылары бағалау критерийлеріне сәйкес ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Бағалау


2минут

Топ басшыларына жалпы сабақ барысын бағалауға кезек береді.

Әр топтың топ басшылары бағалау парағына сәйкес топ мүшелерінің сабақ барысы бойынша жинаған ұпайларын және оны мектеп бағасына аудара отырып алған бағаларын баяндайды.

Қорытынды


2минут

Үйге тапсырма беріліп, оқушылар бағалары журналға түсіріледі. Құрал-жабдықтар мен ресурстық парақтар жинастырылады. Сабақ аяқталады.

Үй тапсырмаларын дәптерлеріне жаздырады. Бағаларын күнделіктеріне қойғызады. Қолданылған құрал-жабдықтар мен ресурстық парақтарды жинастырады. Мұғалімге көмектеседі. Мұғаліммен қоштасады.




















БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Оқушылардың аты-жөні

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Мектеп бағасы

1









2









3









4









5









6










Бағалау критерийлері

Блум

Сабақ әдістері

Критерий

Жоғарғы ұпай

Білу

Тест тапсырмасы 10 сұрақ

8-10 ұпай-3;

5-7 ұпай-2;

2-4 ұпай -1

3

Түсіну

Постер әзірлеу, қорғау

Өз ойын білдірді-1;

Өз ойын білдірді және оны фостерге түсірді -2;

Өз ойын білдірді, оны фостерге түсірді және қорғады -3

3

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар

А-1;

В-2;

С-3;

3

Талдау

Сабақты бекіту

Тапсырма толық дұрыс -3;

Жартылай дұрыс-2;

Тапсырманы орындауға кірісті, бірақ аяқтай алмады-1;

3

Жинақтау

Кері байланыс (рефлекция)

Белсенді-3;

Орташа-2;

Төмен-1;

3

Бағалау

Сабақты бағалау

4-7 ұпай –«3»;

8-11 ұпай-«4»;

12-15 ұпай-«5»;

15


Сәйкестендіру тесті

1

«+3» тотығу дәрежесін көрсетеді

А

NH3

2

Кеңістіктегі пішіне пирамида тәріздес түссіз газ

Ә

NH4OH

3

Табиғатта найзағай отында жүретін реакция нәтижесінде түзіледі

Б

(NH4)2CO3

4

Азот қышқылына алуда қолданылатын оксид

В

NO2

5

Бөлме температурасында айырылып, аммиак және көмірқышқыл газдарын түзетін қосылыс

Г

N2O3

6

Әлсіз, тұрақсыз негіз, фенолфталинді қызартады

Ғ

NO


Жауабы: 1-г, 2-а, 3-ғ, 4-в, 5-б, 6-ә;


ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

Азот (ІІ) оксиді Ұқсастығы Азот (ІҮ) оксиді

hello_html_5b479c6e.gifhello_html_m67f3ff99.gifhello_html_3d933848.gif






«БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ» (СИНКВЕЙН)

  1. Зат есім -1;

  2. Сын есім-2;

  3. Етістік-3;

  4. Тақырыпты ашатын сөйлем -4;

  5. Синоним-1;


«БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ» (СИНКВЕЙН)

  1. Азот

  2. Түссіз, иіссіз;

  3. Суда нашар ериді;

  4. Ағылшын ғалымы Д.Резерфорд ашты;

  5. Тіршіліксіз;

«ББҮ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Химиялық диктант

Азот ( гр. ázōos – тіршіліксіз) — химиялық элемент – ........, ........– суда аз еритін ....... . Азотты ........ жылы ағылшын ғалымы Даниэль Резерфорд ашқан. Қайнау температурасы – ....... °C, қату температурасы – ....... °C. Азоттан басқа ол топшаны, фосфор Р, ........ As, сурьма Sb және ......... Ві элементтері кұрайды. Азот көлемі бойынша ........ 78%-ын құрайды. Топырақта ......... күйінде кездеседі. Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - ....... иісті (мүсәтір спирті иісті) ....... газ. -33,40С температурады ......... айналады. Аммиактық 40%-тік ерітіндісі (.......... спирті) .............. және ............. кеңінен пайдаланылады.


Химиялық диктант

Азот ( гр. ázōos – тіршіліксіз) — химиялық элемент – түссіз, иіссіз, дәмсіз – суда аз еритін газ. Азотты 1772 жылы ағылшын ғалымы Даниэль Резерфорд ашқан. Қайнау температурасы – 196 °C, қату температурасы – 210 °C. Азоттан басқа ол топшаны, фосфор Р, мышьяк As, сурьма Sb және висмут  Ві элементтері кұрайды. Азот көлемі бойынша ауаның 78%-ын құрайды. Топырақта нитраттар күйінде кездеседі. Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ. -33,40С температурады сұйықтыққа айналады. Аммиактық 40%-тік ерітіндісі (мүсәтір спирті) медицинада және тұрмыста кеңінен пайдаланылады.



САБАҚ ЖОСПАРЫ (БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ)

Блум бөлімдері

Сабақ кезеңдері мен әдістері

Уақыты


Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, топ жасақтау т.б.

2 минут

1

Білу

Үй тапсырмасы (шағын тест)

4 минут


Мұғалім сөзі

Слайд арқылы негізгі ұғымдармен таныстыру, мультимедиялық көрсетілім

6 минут

2

Түсіну

Жаңа материалды меңгеру (Постер әзірлеу): «Ойлан. Жұптас. Бөліс», «Өкіл»

13 минут

3

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:«А», «В» және «С» деңгейлері бойынша

6 минут

4

Талдау

Жаңа материалды бекіту: «Химиялық диктант», «Сәйкестендіру тесті», «Венн диаграммамсы»

5 минут

5

Жинақтау

Кері байланыс: «Бес жолды өлең», «Эссе», «ББҮ кестесі»

5 минут

6

Бағалау

Сабақты бағалау

2 минут


Қорытынды

Үйге тапсырма беру, сабақты аяқтау

2 минут


Тест «Күкірттің қосылыстары»

І нұсқа

1. -2 тотығу дәрежесін көрсететін күкірттің қосылысы:

А)SO2 B)H2SO3 C)H2S D) SO3

2.Күкірт қышқылы белсенді металдармен әрекеттескенде түзіледі:

А)O2 B)H2 C)H2S D)S

3.Күкірт ангидридінің физикалық қасиеті:

А)түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ B)өзіне тән иісі бар, түссіз улы газ C)түссіз, иіссіз, ұшпайтын, ауыр май тәрізді сұйықтық D)ұшқыш, түссіз сұйықтық

4.Күкірт қышқылы индикатор түсін бояйды:

А)қызыл B)көк C)түссіз D)сары

5.Күкіртті қышқылдың тұздары аталады:

А)сульфаттарB)гидросульфаттар C)сульфиттер D)сульфидтер

6.Перидті өртеу арқылы алынатын газ:

А)SO2 B)H2SO3 C)H2S D) SO3

7.Су тартқыш қасиет көрсететін күкірттің қосылысы:

А)Н2SO4(сұй) B)H2SO3 C)H2SО4(конц) D) SO3

8.Қорғасын нитратымен қара тұнба түзетін күкірттің қосылысы:

А)SO2 B)H2SO3 C)H2S D) SO3

9.Күкірт (ҮІ) оксиді натрий оксидімен әрекеттескенде .... түзіледі:

А)натрий гидроксиді B)натрий сульфиті C)натрий сульфиді D) натрий сульфаты

10.Күкірт сутектің ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы:

А)11,7 B)1,17 C)17 D) 17,1



ІІ нұсқа

1. +6 тотығу дәрежесін көрсететін күкірттің қосылысы:

А)SO2 B)H2SO3 C)H2S D) SO3

2.Күкіртті сутек белсенді металдармен әрекеттескенде түзіледі:

А)O2 B)H2 C)H2S D)S

3.Күкірт қышқылының физикалық қасиеті:

А)түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ B)өзіне тән иісі бар, түссіз улы газ C)түссіз, иіссіз, ұшпайтын, ауыр май тәрізді сұйықтық D)ұшқыш, түссіз сұйықтық

4.Күкірт қышқылы мен негіздер арасында жүретін химиялық реакция типі: А)қосылу B)алмасу C)айырылу D)орынбасу

5.Күкіртті сутектің тұздары аталады:

А)сульфаттар B)гидросульфаттарC)сульфиттер D)сульфидтер

6.Күкірт (ІҮ) оксидін оттекпен әрекеттестіру арқылы алынатын зат:

А)SO2 B)H2SO3 C)H2S D) SO3

7.Ағартқыш ретінде және зиянды микроағзалардын көкөніс қоймаларын тазарту мақсатында қолданылады:

А)SO2 B)H2SO3 C)H2SО4(конц) D) SO3

8.Барий хлоридімен ақ тұнба түзетін күкірттің қосылысы:

А)Н2SO4 B)H2SO3 C)H2S D) SO3

9.Күкірт (ІҮ) оксиді натрий оксидімен әрекеттескенде .... түзіледі:

А)натрий гидроксиді B)натрий сульфиті C)натрий сульфиді D) натрий сульфаты

10.Күкірт сутектің сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы:

А)11,7 B)1,17 C)17 D) 17,1









Тест жауаптары:

І нұсқа 1-С, 2-В, 3-В, 4-А, 5-С, 6-А, 7-С, 8-С, 9-Д, 10-В;

ІІ нұсқа 1-Д, 2-В, 3-Д, 4-В, 5-Д, 6-Д, 7-А, 8-А, 9-В, 10-С;







Деңгейлік тапсырмалар

І топ

  1. Төмендегі заттардың ішінен азоттың оксидтерін тауып, тотығу дәрежелерін анықтаңыздар:

NO2, NH4Cl, N2O5, HNO3, NO

  1. Азоттың оттегімен, сутегімен және металдармен химиялық реакция теңдеулерін жазып теңестіріңіздер және түзілген өнімдерді атаңыздар:

  2. 4,48 л аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша грамм аммоний хлориді түзіледі.;


ІІ топ

А. Төмендегі заттардың ішінен азоттың қосылыстарын тауып атаңыздар:

SO2, NH4Cl, N2O5, H2SO3, NO

В. Төмендегі қосылыстардағы азоттың массалық үлесін анықтаңыздар:

NaNO3, NH3, N2O3

С. 1 моль азот қышқылын алу үшін неше литр (қ.ж) азот (ІҮ) оксиді қажет;


ІІІ топ

А. Төмендегі заттардың ішінен азоттың оксидтерін тауып, тотығу дәрежелерін анықтаңыздар:

NO, NH4NO3, N2O3, HNO3, N2O

В. Төмендегі қосылыстардағы азоттың массалық үлесін анықтаңыздар:

КNO3, (NH3)2СО3, N2O

С. 12,8г мыс концетрлі азот қышқылымен әрекеттескенде қанша литр азот (ІҮ) оксиді бөлініп шығады;






Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров189
Номер материала ДВ-337131
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх