Инфоурок Классному руководителю КонспектыКонспект "Ингвистикадағы дискурт типтерін жіктеу мәселесі"

Конспект "Ингвистикадағы дискурт типтерін жіктеу мәселесі"

Скачать материал

ИНГВИСТИКАДАҒЫ ДИСКУРС ТИПТЕРІН ЖІКТЕУ МӘСЕЛЕСІ

 

Қазіргі заманғы лингвистика ғылымының дамуы тілдің құрылымын, тілдің стильдік тармақтарын, қолданылу қызметіне тән ерекшеліктерін жаңа ғылыми бағыттармен байланыстыра қарауды қажет етіп отыр. Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан антропоцентрлік лингвистика, когнитивті лингвистика, мәтін лингвистикасы, дискурс проблемасы сияқты жаңа бағыттар тілдің (речь) жеке, өз бетінше, оқшау тұрған қалпын емес, адамның қабылдау, ойлау, түсіну, өзгеге жеткізу қабілеттерімен байланыстыра қарастырады, яғни тіл, жазылған мәтін бұрынғы түсіндіріліп жүргеніндей өз алдына бөлек формалды дүние емес, сол тілді пайдаланылатын адамның ақпаратты, алынған хабарды қабылдауы мен жеткізуінің белгілі бір жемісі.

Дискурс – экстралингвистикалық факторларды (әлем туралы білім, көзқарас, айтушының мақсаты мен бағыты) қамтитын күрделі коммуникативтік құбылыс. Дискурста коммуникативтік ситуация мен интеракцияға қатысушылар және тілдік материалдар тоғысып жатады. Дискурс – көпдеңгейлі үдеріс, ол айтушының вербалды мінез-құлқы (дауыс ырғағы, интонация, паузаларға бөлуі), кинесикалық мінез-құлқы (ым-ишара) сияқты деңгейлерді қамтиды. 

Бұл жайттардың қазіргі заманғы коммуникативтік актіде елеулі маңызы бар. Өйткені, соңғы, шартты түрде алғанда, ширек ғасыр көлеміндегі коммуникативтік актіге көптеген экстралингвистикалық факторлар әсер етіп отыр. Қоғам мүшелерінің әлемді тануы, ол туралы білім абсолютті емес, ол – әлеуметтік конструкт. Тіл белгілі бір салада жұмыс істейтін адам үшін қызмет етеді. Сондықтан нысанаға алынған объектіні сипаттау үшін тілді білумен қатар, сол объекті (нысана) туралы айту үшін сипаттаудың әдіс-тәсілдерін білу қажет. Егер бұрынғы онтологияда талдау объектісін анықтап, айқындау үшін оның кеңістіктік-уақыттық шекарасын көрсету қажет болса, жаңа онтологияда бір нәрсені кім, кімге, қайда, қашан, қалай, не туралы, қандай мақсатпен айтқанын білу аса маңызды. Сондықтан да дискурс – мәтінді жасап, оны қабылдау үшін синхронды түрде жүзеге асырылатын үдеріс. 

Дискурс тілдік феномен ретінде өзі әртүрлі ауысымдардан (мәтін, интеракцияға қатысушылар) тұрады да,  осы ауысымдардың қатынасы мен бірігуіне байланысты дискурстың түрлері (типтері, топтары) пайда болады. 

Дискурстың өзі әртүрлі ауысымдардан  (коммуникативтік ситуация, интеракцияға қатысушылар және мазмұны мен түрі жағынан әртүрлі болып келетін мәтін) тұратынын ескерсек, дискурстың мәтіндер бірлігін қалыптастыра алатынын айтуға болады. Дискурс типі бірегей тақырыптық бірліктен (единая тематическая общность) тұратын мәтіндерді біріктіреді. Алайда күні бүгінге дейін дискурс типтеріне әсер ететін ауысымдардың толық сипаты да, дискурс типтерінің ортақ классификациясы да берілген жоқ. 

Бүгінгі күні ситуацияға, адамның қызметіне, дискурсқа қатысушыларына, мәтінге, факторлардың мазмұнына қарай жіктелген дискурстың жүздеген типтері бар. 

Коммуникация теориясы үшін дискурс типтерінің маңыздылығы дискурс анализінің неліктен тек оның бөліктерін ғана (мысалы, жеке сөйлемдердің) сипаттаумен шектеле алмайтынына себепкер болады. Дискурс анализі мәтінді де, физикалық пішінімен қоса контексті де қарастыруы тиіс. 

Лингвистика дискурс типтерін жіктеуде әртүрлі негіздерге сүйенеді: кейде жеке жіктеулерге тілдің қызмет ету аясына; кейде стиль мен жанр класификацияларына сүйенеді. Дискурстың кез келген типінің материалы негізінде коммуникативтік стратегиясы қаралатын «прагматикалық дискурс» [1, 35-73] «диалогтік дискурс» [2], [3] «монологтік дискурс» [4] жеке қаралады. Адамның әрекетіне деген сыни қатынас «сыни дискурста» қаралады. Барлық дерлік дискурстың бағалауыштық семантикасы «бағалауыштық дискурста» қарастырылады [5]. «Жалпы» және «жекенің» мәселесі «интердискурс» пен «арнайы дискурста» қаралады.

Дискурс типтерінің мұндай «тізімдік» анықталуы сапалы классификация болып саналмайды. Өйткені мұнда  негізгі критерийлері мен белгілері сараланбаған. Белгілердің араласып келуі байқалады. Сонымен қоса, дискурстың барлық типі кіретін прагматикалық дискурстың неліктен өзге типтермен бір қатарда тұратыны түсініксіз. 

Т.И.Попованың ойынша, дискурс – белгілі бір объект аясына  қатысты ойлаудың тілдік тәжірибесі. Ол екі бастаудан құралады: 

 1. қарым-қатынас аясы мен әрекет формасымен анықталатын мазмұн;

 2. айтушының мазмұндық бастауға қатынасы.

Дискурс мазмұны функционалдық стильдердің негізінде жатқандықтан, олармен тығыз байланыста болады. Айтушының дискурс мазмұнына қатынасы сөйлеу субъектісінің қатынас классификациясында көрініс табады. Бұл қатынас бейтарап, экспрессивтік /эмоционалды боялған болады. Осы екі бастау (оқиғалы-мазмұнды және жекелік (личностный) негізінде Т.И.Попова диктумды және модустық дискурстардың классификациясын береді [6]. 

Диктумдық дискурсқа ғылыми дискурс, кәсіби қарым-қатынас дискурсы

мен  күнделікті қарым-қатынас жағдайында ақпаратты  сұрау (запрос) және алу дискурсын жатқызады. Модустық дискурстарға көркемдік дискурс, аксиологиялық дискурс ( саяси және құқықтық дискурс, адамгершілік құндылықтарының дискурсы, діни дискурс, экзистенциалдық құндылықтар дискурсы), күнделікті қарым-қатынас дискурсын (отбасылық дискурс, достық қарым-қатынас дискурсы) жатқызады.

Кейбір зерттеушілер дискурсқа сипатты кең түрде «кәсіби дискурс» анализі негізінде беруге болатынын айтады. Мұнда «кәсіби дискурс» бизнес, құқық, медицина, ғылым, академиялық әлемде құрылады [7, 127] 

В.Е.Чернявская арнайы дискурс немесе дискурс типтері деп бірдей коммуникативтік ортада қаралатын көптеген мәтіндердің бірлігін айтады. 

Сонымен, қазіргі кезге дейін әртүрлі тілдер материалдарында ғылыми сипат берілген дискурстың төмендегідей түрлерін атап көрсетуге болады. Бұл тізімді (классификацияны) толық немесе аяқталған деуге болмайды. Себебі бұл бағытта әртүрлі тілдер материалдарында, олардың қызмет ету аяларына қатысты көптеген зерттеулер жүргізілуде: 1.әскери дискурс; 2. газеттік дискурс; 3. гастрономиялық дискурс; 4. іскери дискурс; 5. балалық дискурс; 6. өнертану дискурсы; 7. магиялық дискурс; 8. масс-медиа дискурсы; 9. ғылыми (академиялық) дискурс; 10. парфюмерлік дискурс; 11. педагогикалық дискурс; 12. поэтикалық дискурс; 13. публицистикалық дискурс; 14. жарнамалық дискурс; 15. спорттық дискурс; 16. техникалық дискурс; 17.  террористік дискурс; 18. феминистік дискурс; 19. көркемдік дискурс; 20. экономикалық дискурс; 21. электронды дискурс; 22. этикалық дискурс; 23. заңи дискурс және т.б.

Көрсетілген дискурс типтерінің классификациясы қазіргі заман лингвистикасында дискурсқа деген қызығушылықтың артқанын, «дискурс» және «дискурс типі» ұғымдарын анықтауда қатаң қағидалардың (формалды-логикалық) жоқтығын, зерттеушілер арасында «дискурс» ұғымын анықтауда көзқарастарындағы кереғарлықты, дискурс типтерінің бір-бірімен қиылысуы шартты түрде берілгенін көрсетеді. 

Дискурс сияқты күрделі феноменге анықтама беру зерттеудің методологиялық-концептуалдық негізіне және зерттеушінің қаншалықты қатаң логикалық құрылымды ұстанғанына тәуелді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект "Ингвистикадағы дискурт типтерін жіктеу мәселесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 512 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2016 850
    • DOCX 44.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таласова Алмагул Танжарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таласова Алмагул Танжарбаевна
    Таласова Алмагул Танжарбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 104927
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 754 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 971 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе