Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Конспект к уроку на тему " Қына- ерекше ағза (6 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

Конспект к уроку на тему " Қына- ерекше ағза (6 сынып)

библиотека
материалов

Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: "Қына-ерекше тірі ағза"

Сабақтың мақсаты: 

Қыналардың ерекша тірі ағза екендігін түсініп, олардың құрылысы мен маңызымен танысады.

Сабақтың міндеті:

Білімділігі:Қыналардың құрылысымен  таныса отырып, білімдерін
кеңейтеді;

Дамытушылығы:Оқушылардың ізденімпаздылық,ұйымшылдық.тапқырлық қасиеттері дамиды; ой-өрісі мен зейінін қалыптастырады шығармашылық жұмыс істеуге баулиды;

Тәрбиелілігі: Қыналардың тек ауасы таза жерлерде өсетінін айта отырып, қоршаған ортаны таза ұстау керектігін ұғындыру

Күтілетін нәтиже:Қыналардың құрылысы мен түрлері және маңызымен    танысады;2.Берілген тапсырмалар арқылы өз ойларын айтып үйренеді;

Түйінді идея: Қыналардың құрылысы ерекше ағзалар екенін дәлелдеу, табиғи индикатор деп аталуын түсіну.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: интертақта, флепчартпен, микроскоп, оқулық, видео материал, плакаттар, маркер, стикер, тестер

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру, жұппен жұмыс, миға шабуыл,топпен жұмыс;

Пайдаланылатын әдебиеттер: биология 6-7 сынып, қызықты ботаника, биологияны оқыту әдістемесі

Пәнаралық байланыс: экология, қазақ тілі, география, химия

I Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды сабаққа назарларын аударту)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

(оқушылар үйден жазып келген шағын шығармаларын оқиды)

  • Саңырауқұлақтың құрылысын интертақтада жазып түсіндіру

  • Биологиялық диктант

Саңырауқұлақтар дүниесін зерттейтін ғылым.......

Саңырауқұлақтарда қор заты ретінде ..... жиналады.

Симбиоз дегеніміз.......

Конидий дегеніміз......

Зигота......

Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер ағзаларды...... атайды.

Адамның , жануарлардың өсімдіктердің денесінде мекендеп, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сіңіріп қоректенетін бактериялар........ атайды.

ІІI «Миға шабуыл»

Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Солайша сабақтың тақырыбы ашылады.

Тасқа шығар көк,
Бірақ тамыры жоқ. (қына)

1.Қына туралы не білесіңдер?

2.Табиғаттан қынаны кездестірдіңдер ме?

3.Қынаны қалай сипаттауға болады?

4.Қыналар қандай жерде өседі деп ойлайсындар?

5.Қына туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер ?

Жаңа сабақты түсіндіру. Электрондық оқулықтан жаңа сабақты түсіндіру

Қыналардың iшкi құрылысы. Қыналардың iшкi құрылысы ерекше. Оның денесi –қабаттама. Ол бiр-бiрiмен тығыз байланысып бiр ағзаны беретiн балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады. Қынаның кесiндiсiн микроскоп арқылы қарасақ, саңырауқұлақ жiпшелерiне ұқсас бiр-бiрмен шырматылған түссiз жiпшелер көремiз. Осы шырматылған жiпше арасынан ақшыл жасыл түстi дөңгелек тәрiздi хлорелла балдырының жасушаларына ұқсас жасушалар көремiз. Бұл жасушалар тығыздалып, қатарға орналасқан. Ұзақ уақыт бойы қыналардың жалаңаш таста қалай тiршiлiк етiп, қалай қоректенетiнi белгiсiз болды. 1867 жылы қыналардың осы құпясын орыс ғалымдары ашты. Олар, қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бiрiгiп тiршiлiк етуiнен құралған, деген қорытындыға келдi. Осы құбылыс ғылымда бiрлесiп тiршiлiк ету немесе симбиоз деп аталады. Қыналардың осындай құрылысы оларға басқа өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайтын аса қолайсыз жағдайларда тiршiлiк етуге мүмкiндiк бередi.Саңырауқұлақ жiпшелерi су, минералдық тұздар мен органикалық заттарды ауадан бiрге түскен тозаңмен қоса сiңiредi. Балдырлар жасушалары көмiрқышқыл газын сiңiрiп крахмал мен қант жинайды (қорға) . Саңырауқұлақтың жiпшелерi балдырлардың бiраз бөлiгiн сiңiредi. Қынадағы саңырауқұлақ балдырдың паразитi. Ал балдыр су мен минералдық тұздарды саңырауқұлақ жiпшесiнен алып сiңiредi. Қыналар өте шыдамды, қатты аяздар мен 600 С – дейiнгi ыстыққа төзедi. Олар барлық жерде таралған, мұзды мұхит жағалауынан Африка шөлдерiне дейiн. Құрғақ ауада олар кеуiп кетедi де ылғалды ауада тiрiледi. Жаңбардан соң, тiптi бұлыңғыр ауа-райында жұмсарып, жасылданып-саңырауқұлақ жiпшелерi арасынан балдырдың жасушасының жасылы байқалады. Қыналар ылғалды бiрнеше секундта сiңiрiп, күн көзiнде сағат бойы кебедi. Олар ылғалды кезiнде өседi. Өсуi аса баяу, жылына 3-5 мм. Үлкен қалаларда, зауыт, фабрикалар маңайларында қыналар өспейдi, себебi, оларға таза ауа қажет.

Қыналардың көбеюi. Қыналардың симбиоздық ағзалар ретiнде өте ертеде шыққандығына күмән келтiруге болмайды. Қыналардың құрамына кiретiн көпшiлiк балдырлар мен саңырауқұлақтар табиғатта өз бетiнше жеке кездеспейдi. Көптеген миллион жылдар iшiнде қыналарда өздерiнiң көбею жолдары пайда болған. Мысалы, олар саңырауқұлақ жiпшелерiмен шырмалған балдырдың бiр-екi жасушасынан тұратын бөлшекпен көбейедi. Осындай бөлшектер қыналар қабаттамалары iшiнде көптеп түзiледi. Олардың көбейiп өсуiнен қына деңесi жарылып бұл бөлшектер желмен таралып кетедi. Қыналар қабаттамаларының бiр сынған бөлiгiмен де көбейе алады. Бұдан басқа, саңырауқұлақтар мен балдырлар әрқайсысы өзiнiң көбею әдiстерiн де сақтаған. Саңырауқұлақтар өз спораларын түзедi, балдырлар вегетативтiк жолмен көбейедi.

Қыналардың маңызы. Қыналардың өте көне тарихы бар: олар Жерде жүз миллион жылдар бұрын пайда болған. Көбiнесе қыналар, ешқандай өсiмдiктер өспеген жерлерге бiрiншi болып мекен етедi. Осындай қунарсыз жерлердi мекендеген қыналар-пионер (алғашқы , алдыңғы) деп аталады. Қыналар өлген соң осы жерлердегi олардың шiрiндiлерiне басқа өсiмдiктер өсе алады. Қыналар қалың тұманды ұнатады. Бiрақ ыстықта да, суықта да, олар таза ауасыз тiршiлiк ете алмайды. Тек атмосфера ластанса болды, қыналар өле бастайды. Осы аса төзiмдi өсiмдiктер ауа тазалығының көрсеткiшi (индикатор) болып табылады. Қына бөлшектерi, қабаттамалары шаң тұтады (ұстайды).Қыналар 44% крахмал және 4% қанттан тұрады. Қынадан қант, спирт, сiрне және қызыл мен күлгiн бояулар алады. Иiс су шығарғанда олардың жағымды иiстерi ұзақ сақталу үшiн қыналарды қолданады. Солтүстiк облыстарда қыналар малға азық болады. Бұл өсiмдiктi тек қана жануарлар (бұғы) ғана емес солтүстiк елдерде адамдар да тағамға пайдаланады.Эстония жағалауларында бiр кiшкене арал бар, ол картада бiр қара нүктедей ғана, аты-Ворман – көк толқындарда орналасқан. Онда 1982 жылы қыналарды қорғайтын заказник орналасқан.Көне аңыз бойынша бiр топ адам шөл далада сырғымалы құмды кешiп келе жатады. Барлық азық қоры таусылған. Адамдар аштықтан қалжырап, қажып жүруге шамалары келмей ыстық құмға құлай бастайды.Таңертең күн құмды ендi қыздыра бастағанда, аяқ астынан жел тұрады. Осы сәтте алыстан құм бетiмен желден домалап келе жатқан сұр түстi кесектердi көрiп, саяхатшылар таң қалады. Жел оларды биiкке көтерiп тап бiр аспаннан жауғандай еттi.Ұнтақ, ұнтақ. Аспаннан ұнтақ жауды, жарма жауды. Барлығы жүгiрiп осы «жарманы» жинай бастады. Осы кесектердi құрғақтай жедi, ботқа етiп пiсiрдi, таба нан етiп пiсiрдi.Аңызда аспаннан «жарма», ұнтақ жауды деп айтады. Көпшiлiк бұл «жарманы», ұнтақты – ұнтақ жарма деп ойлайды. Ол ұсақталған қатты бидайдан алынады. Ал, бұл «жарма» 1772 жылы орыс ботанигi Паллас дәлелдегендей –қына, Африка мен Кiшi Азия шөлдерiнде желмен домалап ұшып жүрген. Бұл қына-лихэн эскулентус –жеуге жарамды қына. Осы қыналар қазiрде Қырғыз, түркмен далаларында кездеседi.

Жеуге жарамды қына шөл далада 700 С – қа дейiн қызады, бiрақ өлмейдi. Ол қатты кеуiп қалады, ауадан ылғал сорып, қайта тiрiледi.

Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар алдарында тұрған дайын препаратты микроскоп астында қарап, суретті салып алады.

Қынаның құрылысы мен пішіндері

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы

Постер қорғау

Қорытынды. Тест жұмысы

1. Қыналарды зерттейтін ғылым

А) микология С) бриология

Б) лихенология Д) альгеология

2. Қынаның денесі:

А) саңырауқұлақ пен мүктің денесінен;

Б) балдыр мен мүктің денесінен

С) балдыр мен саңырауқұлақтың денесінен;

Д) саңырауқұлақ пен плаунның денесінен;

3. Қыналар денесінің пішініне қарай бөлінеді:

А) 4 С) 3

Б) 5 Д) 2

4. Антарктидада қынаның неше түрі белгілі ?

А) 250 түрі С) 200 түрі

Б) 150 түрі Д) 350 түрі

5.Саңырауқұлақ пен балдырдың селбесіп тіршілік етуі:

А) серіктестік С) симбиоз

Б) бәсекелестік Д) пәтерлестік

6. Саңырауқұлақ жіпшелері балдырға:

А) су және минералды заттарды; С) органикалық заттарды

Б) ешнәрсе бермейді; Д) майлар

7.Дизентерия ауруын емдеуге қолданатын қына:

А) құрттәрізді қына; С) жерқына;

Б) цетрария; Д) кладония

Жауаптары:

1.Б 2.С 3. С. 4. Д. 5. С. 6 А. 7. С.

Рефлексия

Бағалау

Үй жұмысы: 12 параграф 43 беттегі 27 сурет салу;

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы ( эссе әзірлеу)

 

































Тест жұмысы

1. Қыналарды зерттейтін ғылым

А) микология С) бриология

Б) лихенология Д) альгеология

2. Қынаның денесі:

А) саңырауқұлақ пен мүктің денесінен;

Б) балдыр мен мүктің денесінен

С) балдыр мен саңырауқұлақтың денесінен;

Д) саңырауқұлақ пен плаунның денесінен;

3. Қыналар денесінің пішініне қарай бөлінеді:

А) 4 С) 3

Б) 5 Д) 2

4. Антарктидада қынаның неше түрі белгілі ?

А) 250 түрі С) 200 түрі

Б) 150 түрі Д) 350 түрі

5.Саңырауқұлақ пен балдырдың селбесіп тіршілік етуі:

А) серіктестік С) симбиоз

Б) бәсекелестік Д) пәтерлестік

6. Саңырауқұлақ жіпшелері балдырға:

А) су және минералды заттарды; С) органикалық заттарды

Б) ешнәрсе бермейді; Д) майлар

7.Дизентерия ауруын емдеуге қолданатын қына:

А) құрттәрізді қына; С) жерқына;

Б) цетрария; Д) кладония



Бағалау парағы 6 сынып

Медет

Тест жұмысы

Биологиялық диктант





Бағалау парағы 6 сынып

Динара

Тест жұмысы

Биологиялық диктант





Бағалау парағы 6 сынып

Есімхан

Тест жұмысы

Биологиялық диктант





Бағалау парағы 6 сынып

Дамир

Тест жұмысы

Биологиялық диктант





Бағалау парағы 6 сынып

Мадияр

Тест жұмысы

Биологиялық диктант





Бағалау парағы 6 сынып

Әсия

Тест жұмысы

Биологиялық диктант





Бағалау парағы 6 сынып

Эльмира

Тест жұмысы

Биологиялық диктант






Ақжүніс

Тест жұмысы

Биологиялық диктант











Автор
Дата добавления 11.10.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров928
Номер материала ДВ-050658
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх