Инфоурок Другое КонспектыКонспект " Лексикология "

Конспект " Лексикология "

Скачать материал

Сөздің формалары. Оморфондар. Омографтар. Варианттар мен дублеттер. Қос сөздер. Біріккен сөздер. Фразалық тіркестер. Сөздің мазмұны; Көп мағыналылық. Омонимдер. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура /номинативті/ мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына. Синонимдер. Антонимдер;

Тіл-тілде формалардың 2 түрі бар: оның бірі -сөздің синтетикалық формалары, екіншісі- сөздің аналитикалық формалары.

Сөздің синтетикалық формалары 2 түрлі жолмен, атап айтқанда,

1)аффиксация арқылы

2) дыбыстың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.

1. Сөзге әртүрлі аффиксациялардың жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздердің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады.  Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз, орыс тілінде: стол-столы, ағылшын тілінде: table-tables Сөздердің синтетикалық формаларының жасалудың афиксация жолы тіл-тілде суффиксация және префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі-суффиксация түрі қолданылады.

2. Сөздің  синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Мысалы, ағылшын тілінде man  зат есімнің жекеше түрін («ер», «еркек») білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі men («ерлер», «еркектер») зат есімінің көпше түрін білдіреді. Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия тәсілі мен аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, неміс тілінде  Gast «қонақ» дегенді білдірсе, аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тәсілі арқылы жасалған формасы Gaste  «қонақтар» дегенді білдіреді.

Сөздің аналитикалық формалары негізгі (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін атауыш сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, келе жатыр дегенді негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесіндегі компоненттер мағыналық жағынан алғанда, дербестігі сақталған екі сөз емес, бір сөздің күрделі (аналитикалық) формасы ретінде ұғынылады. [1; 428-430]

Тілімізде айтылуы бірдей, бірақ жазылуында айырма бар сөздер кездеседі; оларды омофон деп атайды. Мысалы, 1. ащы– дəмі ащы,  2. асшы– жұмысшыларға ас тасушы адам, 3. ашшы– есікті аш деген сөздердің айтылуында ешқандай айырмашылық жоқ.  Бірақ олардың жазылуы əртүрлі. Сонымен қатар, бұл сөздердің əрқайсысының  жаңа  сөз  жасауда  өздеріне 

Жазылуы  бірдей,  бірақ  əртүрлі  айтылатын  сөздерді  омографтар немесе омограммалар дейді. Алайда қазақ тілі лекси-касында олар жоқтың қасы. Мұндай сөздердің пайда болуына, ал-дымен, тілдегі дауыс екпіні əсерін тигізеді. Қазақ тіліндегі дауыс екпіні сөздерді айыру үшін жұмсалмайды, орыс тіліндегі«замок и замок» типтес сөздер сияқты жаңа сөз жасай алмайды. Соның салдарынан қазақ тілінде омографтарды кездестірмейміз. [2;184-185]

Морфемдік құрамы ұқсас құрылымдарды сөз варианттары деп атайды. Мысалы, риза – ырза, разы, дәнеме-дәнеңе, ештемке, ештеңе, бәле-пәле, дайын – даяр, ары-әрі, т.б.

Сөз варианттарының негізгі белгілері:

-Сөздің түбірінде ортақ ұқсастық болуы қажет;

-Лексикалық немесе семантикалық жалпылығы сақталу қажет;

-Дыбыстық өзгешелігі басқа өзгеоіс мағына тудыруы керек. [3;69]

Сөз варианттарының бірнеше түрлері бар: фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық, лексикалық варианттар.

1.Фонетикалық варианттар дегеніміз дыбыстық құрылымы әр түрлі болып келетін сөздер: ештеме-ештеңе-ештеңке, сөйтіп-сүйтіп.

2.Морфологиялық варианттарға түбірлері сақталып, тек қосымшалары ғана әр түрлі болып келетін сөз варианттары жатады: даяр-дайын, тырыспа-тырысқақ,т.б.

3.Грамматикалық вариантқа түбір сөзге қосымша қосылу арқылы екі түбір сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы жасалған сөз варианттарын жатқызамыз. Мысалы, інжу-інжугүл, боз-бозаң-бозшөп,т.б.

4.Лексикалық мағынасы бірдей, бірақ тұлғалары мүлде бөлек сөздерді лексикалық вариант дейміз, олар әр түрлі түбірдерден жасалады. Мысалы, құлақшын-малақай,т.б. [4;41]

Айта кетерлік жағдай, кейбір ғылыми еңбектерде сөз варианттарын дублеттар деп көрсеткен. Дәлел ретінде Ш.Сарыбаевтың еңбегін айтуға болады. «В казахском языке имеются фонетические, лексические, семантические и грамматические дублеты...Например, бәле-пәле, ыспат-сипат, ғашық-асық, и др.» [5;200-201Сарыбаев]

Күрделі сөздер:  күрделі біріккен сөздер, күрделі кіріккен сөздер,  күрделі қос сөздер,  күрделі қысқарған сөздер  және  тіркескен  болып бөлінеді.Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, биыл, бүгін, тоқсан, қарлығаш тәрізді сөздер жатады. Тіл мамандарының қай-қайсысы   болмасын кіріккен сөздерге компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау   салдарынан бастапқы  тұр-тұрпатынан өзгерген сөздерді  жатқызады. Мысалы:  бәйшешек, бәйтерек сөздерінің  құрамындағы  бәй деген  элемент әуел баста  бай  формасында болғаны, кейін соңғы компоненттердегі жіңішке дауысты  дыбыстың  ықпалынан «а» фонемасы, «ә» фонемасына айналып,  бәйшешек,  бәйтерек болып   қалыптасып  кеткені мәлім. 

Біріккен сөздерге: қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке, итмұрын,  қарақұс, аққу  тәрізді сөздер жатады. Біріккен сөздер біріншіден кейбір  жұрнақтар  арқылы  туынды сөздің  жасалуына негіз болады. Мысалы, ақсақалды,  аққудай  т.б. Екіншіден, кейбір  терминдік  атаулардың құрылымын  жасауға  қатысады. Мысалы:  тасбақа,  өнеркәсіп,  құндыз [6;7].

Күрделі  сөздердің бір түрі — қос сөздер.  Қазақ   тілін   зерттеуші   мамандар  қос   сөздерді  қайталама  қос  сөздер және  қосарлама  қос  сөздер  деп,  екі  үлкен  топқа  бөліп қарайды.  Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздер екі рет  қайталануы  немесе сол сөздің  бір  дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады.  Мысалы,  тау-тау, үй-үйге,  шай- пай  т .б.

Ал, қосарлама қос сөздер  әр  басқа  екі сөздің   қосарлануынан    жасалады.    Мысалы ,  әке-шеше,  дәм-тұз,   тау-тас  т.б. [7;93-94]

Профессор М.Балақаев пен профессор Т.Қордабаев тұрақты тіркестерді идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлген. Профессор А.Ысқақов та күрделі сөздерді топтастыру мәселесіне қатысты айтқандарында тұрақты тіркесті идиомалық тіркес, фразалық тіркес деп екіге бөледі.

Бүгінде академик В.В Виноградовтың сөздік лексикалық мағыналарына жасаған классификация кең түрде қолданылып жүр.  В. В Виноградов сөздердің лексикалық мағыналарының 3 түрлі типін көрсетеді. Оның біріншісі- тура немесе номинативті  мағына, екіншісі- фразеологиялық байлаулы мағына, үшіншісі- синтаксистік шартты мағына. Сөздің лексикалық мағыналарының осы аталған түрлерін бір-бірінен ажырата білудің сөздерге мағыналық жақтан талдау жасау жұмысында, әсіресе лексикографиялық жұмыста маңызы айрықша зор.

I.                   Сөздің тура немесе номинативті мағынасы. Тілдегі көптеген сөздер заттар мен қүбылыстардың және олардың әр түрлі белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты болады. Сөздің заттар мен қүбылыстардың және олардың белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы тура мағына немесе номинативті магына деп аталады.

II.                2. Фразеологиялық байлаулы мағына. Сөздің тұрақты сөз тіркестерінде көрінетін (жүзеге асатын) лексикалық мағынасы фразеологияльқ байлаулы мағына деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаның табиғаты сөздің тура немесе номинативті мағынасынан басқаша болады. Сөз өзінің номинативті мағынасында заттар мен қүбылыстарға тікелей бағытталып, көптеген сөздермен тіркесіп жүмсалуға икем болса, фразеологиялық байлаулы мағынасында тек белгілі бір сөздермен ғана тіркесіп, санаулы ғана тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылады.

III.             3. Синтаксистік шартты мағына. Сөз жеке дара күйінде емес, әдетте, сөйлемде қолданылады. Сөз сөйлемде қолданылу ыңғайына қарай дағдылы (негізгі немесе туынды номинативті) мағынасынан өзгеше, басқа бір мағынаға ие болуы мүмкін.

Сонымен сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруына байланысты туған лексикалық мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады. Мысалы, қазақ тілінде түлкі деген сөз негізгі номинативті мағынасынан («аңның бір түрі») басқа мағына - «қу, алаяқ» деген мағынаны (мысалы: Ол бір түлкі) білдірсе, орыс тілінде голова деген сөз "бас" деген негізгі номинативті мағынасымен бірге "өте ақылды адам" деген мағынаны да білдіреді.  [1;128-134]

Синоним  дегеніміз кемінде екі не одан да көп сөздердің бір ұғымды аңғартуы.  Синоним сөздер бір-бірінен мағыналық реңктерімен, эмоциональды- экспрессивті бояуымен, белгілі жанрға тән стильдік белгісімен, қолдану өзгешеліктерімен, басқа сөздермен мағыналық байланысымен өзгешеленеді. [8;19]

Тілдегі    синонимдер    әр    түрлі    жолдармен    пайда    болады.    Қазақ  тіліндегі    синонимдердің    келіп    шығуының    мынадай    жолдары    бар:

    1.  Синонимдер    көп    мағыналы    сөздердің   есебінен    жасалған.  Мысалы:    көз – жанар,    көз – әйнек,    көз – жасу,    көз – бұлақ – бастау – қайнар,    арту – асу – озу,    арту – көбею,    моаю    т. б.

    2.  Синонимдер    сөз    тудыру    тәсілдері    арқылы    пайда    болған: 

а)  аффикстер    арқылы:     ауыздық – сулық,    жемтік – өлімтік,    басшы – жетекші,    жемқор – парақор,    өнім – түсім    т. б.    ә)  біріктіру  арқылы:  ақсақал – отағасы,    еңбекақы – жалақы,    қанішер – қанқұйлы – қаныпезер  т. б.    б)    қосарлау    арқылы:    ат-тұрман – ер-тоқым – ер-тұрман,    жоқ-жітік – кедей-кепшік – жарлы-жақыбай  т. б.   в)  тіркесу    арқылы:    иіс   су – иіс    май,   іш    мезер,   жылым    құрт,   көк    ет – бауыр   ет;

г)  омонимдер    арқылы:    тартпа – суырма,    тартпа – төс   айыл – алдыңғы    айыл,    табандау – ұлтандау    т.б.

    3.  Синонимдер    кірме    сөздер    арқылы    пайда    болған:    а)  араб  сөздері    арқылы:     азамат    (ғәзәмәт) – жігіт,    тағдыр    (тәғдир) – жазмыш,    отан     (уәтан) – ел,    туған    жер,   т. б.   ә)  парсы    сөздері  арқылы:    батыр    (бәһадор) – ер,    дихан    (деһан) – егінші,    шәкірт  (шагерд) – оқушы,    т. б.    б)  монғол    сөздері    арқылы:    аймақ      (аймаг) – өңір – атрап – төңірек – маңай   жасақ (жасаг) – әскер – қол   т. б.

в)  орыс    сөздері    арқылы:    бөтелке    (бутылка) – шыны – шөлмек,    шен  (чин) – атақ – дәреже – лауазым    т. б.

    4.  Синонимдер    диалектизмдердің    есебінен    жасалған.    Диалектілік    синонимдер    әдеби    тілдегі    сөздермен    мағыналас,    мәндес    келуіне    қарай    екі    топқа    бөлінеді:    а)  сыртқы    тұлғасы    (дыбысталуы)    бөтен    (әдеби    тілде    кездеспейді),    бірақ    әйтеуір    бір    сөзбен   мағынасы    үйлес    келетін    сөздер.    Мысалы:    аданас – аталас,    ағайындас;    атайман – өте,    тым,    аса;    атымды – құнарлы,    шығымды;    башалау – салалау,    жіктеу,    жекелеу;    дәйіс – ұятсыз,    арсыз   т. б.

    ә)  сыртқы    тұлғасы   таныс    (әдеби    тілде    кездесетін),  бірақ    білдіретін    ұғымы    басқа    сөздер.  Мысалы:    астана – табалдырық;    жар – қабырға;   жедел – ерегіс,  жанжал;    көң – қыстау;    сым – шалбар;    талап – жұмыс,    іс;    таға – нағашы;    тонау – сонау,  анау;    ұрпақ – кебек  т. б.

    5.  Синонимдер    фразалық   тіркестердің    есебінен    көбейген.    Мысалы:    ат    ұстар – ұл,    еркек,    бала;    ауыз  бастырық – пара;    қара    халық – бұқара,    еңбекші;    қара    мал – сиыр;    о   дүние – махшар;    от    басы – семья;    туған    жер – отан;    ұзын    құлақ – сыбыс,    өсек;   шикі    өкпе – бала,    нәресте  және  т. б.

    6.  Синонимдер    табу    мен    эвфемизмдердің    есесінен    молайған.    Мысалы:  әулие – шешек,    ит    құс – қасқыр;  жасыл – жай;    қолды  болу – ұрлану,    жоғалу  т. б.  [9;40]

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен оның тіл-тілде синонимия, полисемия құбылыстарына қарағанда өрісі тар болады. Антонимдік сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. [1;174]

Антонимдердің өзіндік ерекшеліктері бар:

      -Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антлнимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама-қарсы бағасының атауы болып табылады;

      -Антонимдер кез-келген сөзбен тіркесе бермейді;

      -Антоним сөздер көп мағыналы болып келуі мүмкін, антонимнің бірнеше синонимі бола алады;

      -Антонимдер лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен астарласып жатады. [4;48]

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Аханов К. «Тіл білімінің негіздері» -Алматы, «Кітап», 2002ж.

2.Мұсабаев Ғ. «Қазақ тіл білімінің мәселелері» -Алматы, «Абзал-ай»,2014ж.

3.Жүнісова М. «Қазіргі қазақ тілі» -Алматы,  «Дарын», 2008ж.

4.Ф.Оразбаева, Г.Сағидолда «Қазіргі қазақ тілі»-Алматы, «Print-S», 2005ж.

5.Сарыбаев  Ш. «Қазақ тіл білімінің мәселелері» Алматы, «Абзал-ай», 2014ж.

6. Шәкенов Ж. «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар» -Алматы,  «Ана тілі» 1991 ж.

7.Аханов К. «Грамматика теориясының негіздері» -Алматы, «Мектеп» 1972 ж.

8.А.Айғабылұлы «Қазақ тілінің лексикологиясы» -Алматы: «Зият Пресс», 2004ж.

9.Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясына кіріспе» - Алматы, «Мектеп», 1988ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект " Лексикология ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 953 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2016 2709
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерғалиқызы Әйгерім Ерғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ерғалиқызы Әйгерім Ерғалиқызы
    Ерғалиқызы Әйгерім Ерғалиқызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46372
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции