Инфоурок / Информатика / Конспекты / Конспект "Мұрағаттаушы бағдарламалар туралы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Конспект "Мұрағаттаушы бағдарламалар туралы"

библиотека
материалов



Мұрағаттаушы бағдарламалар

Кей кездері, тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір мұрағаттық файлда орналастыру мақсатымен мұрағаттау қолданылады. Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан (кездейсоқ не қастықпен, компьютерлік вирустар әсерінен) сақтап қалу мақсатымен ақпаратты дискілер мен дискеттерге сақтық көшірумен де байланысты.


Мұрағат-қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бір мұрағатта (қысылған файлда) бірнеше файл немесе тіпті бірнеше қалта сақтала алады. Бұл дискіде немесе дискетте көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.


Мұрағаттаушылар - мұрағаттық файлдармен жұмыс істеуге, яғни мұрағаттық файлдарды бууға және ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар. Мұрағаттаушылар компьютер жадысындағы ақпаратты арнайы математикалық әдістер көмегімен сығуға мүмкіндік береді. Мұндайда файлдың өлшемі кішірек көшірмесі жасалады.

Недәуір кең тараған мұрағаттаушы бағдарламалардың мүмкіндіктері бірдей деуге болады және барлық параметрлері жағынан бір біріне артықтығы жоқ: бір бағдарламалар жылдамырақ жұмыс істесе, екінші біреуінде файлдарды қысу деңгейі жоғарырақ. Тіпті бағдарламаларды тек қысу деңгейі бойынша ғана салыстырсақ та, олардың ішінде нақты көшбасшысы жоқ: түрлі файлдар түрлі бағдарламаларда ерекше атап көрсетуге болады. Мұрағаттаушы бағдарламаға қарай мұрағаттық файлдардың нақты белгіленген түрі. Недәуір жиі кездесетін мұрағаттар типтері zip,rar, arj болады. Олардан басқа, компьютерлерде cab, lzh,tar,gz,uue,bz2,iso және т.б мұрағаттар қолданылады.



WinZIP,WinRAR мұрағаттаушыларымен тәжірибелік жұмыс

WinRAR бағдарламасын іске қосу үшін Бастау-Барлық бағдарламалар- WinRAR әмірлерін қолдануға немесе Жұмыс үстеліндегі бағдарлама белгішесін екі рет шертуге болады. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін бірден файлдарды басқару режімі

орнатылады.

hello_html_5a4d668f.pngМұрағаттаушы терезесінде амалдық және құралдар үстелдері, сонымен қатар күй жолағы бар. Амалдық мәзірдің негізгі әмірлері құралдар үстеліндегі батырмаларда қайталанады. Терезенің орталығында қандай да бір диск немесе қалтадағы файлдық нысандардың тізімі орналасады. Бұл тізім мұрағатталуы тиіс қалталар мен файлдарды таңдауға арналған. Мұрағат жасау үшін Үстеу батырмасы, мұрағаттан шығару үшін Бөліп алу батырмасы қолданылады. Бұл батырмаларды басқан кезде өзіне сәйкес сұхбат терезелері ашылады.

hello_html_6b8bd0ef.png

Мұрағатты әзірлеу

Мұрағаттық файлды бірнеше тәсілмен жасауға болады. Біз сізге ең оңайын көрсетейік: 1.Жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табыңыз. 2.Оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Мұрағатқа үстеу әмірін таңдаңыз.

3.Мұрағаттаушы бағдарламаның Мұрағаттың аты және параметрлері деген сұхбат терезесі ашылады,онда Жарайды батырмасын басу керек.

4. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады. Қажет болса,мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады. Мұрағаттау барысы Мұрағат жасау терезесінде көрініп тұрады. Жоғарғы айғақтауыш жолағы кезекті файлды қысу процесін көрсетеді. Одан төменірек процесс басталғаннан бері өткен уақыт және мұрағатты түгел әзірлеуге жұмсалады деп мөлшерленген уақыт көрсетіледі. Төменгі айғақтауыш жолағы мұрағат жасалуы барысын түгел көрсетіп тұрады. Болдырмау батырмасының көмегімен мұрағат әзірлеу процесін кез келген увқытта тоқтатуға болады. Әрине,бұндай жағдайда мұрағаттың жасалып қойған бөлігі қолдануға жарамай калады да, оны жою керек болады.

Мұрағат жасаудың кеңейтілген мүмкіндіктері

Егер сізге мұрағатты мұрағаттық файл көлемінен аз сыйымдылығы бар ауыстырылатын тасымалдаушыға,мысалы 3,5А дискіні немесе СD дискіге орналастыру қажет болса,мұрағаттық файл немесе қалтаны томдарға бөлуді қолдануға болады. Мұрағаттық файл не қалтаны томдарға бөлу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1. Мұрағаттағыңыз келетін файлдар бар қалтаны ашыңыз.

2. Өзіңіз таңдаған файлдарды ашыңыз.

3.Файл мәзіріндегі немесе мәтінмәндік мәзірдегі Мұрағатқа үстеу әмірінің көмегімен мұрағаттаушы бағдарлама терезесін ашыңыз. 4.Томдарға бөлу мәзірінің Мұрағаттың аты және параметрлері терезесінде мұрағаттың көлемін( мысалы, CD диск үшін 650m- CD-650 М, дискет үшін 1457664-3,5) көрсетіп, Жарайды батырмасын шертіңіз. Бұл жағдайда CD-дискілерге не дискеттерге көшіруге болатын бірнеше томды бөлінбейтін мұрағат жасалады.

hello_html_m1496b130.png

Бұл недәуір қаттырақ қысуға алып келеді, бірақ бөліп алу кезінде томдардың барлығын бірге жинау керек, өйткені мұрағаттың тек бір томын ғана ашу мүмкін емес.


Мұрағаттан бөліп алу

Қысылған файлды жұмыс үшін пайдаланбастан бұрын, оны ашу қажет. Файлдарлы мұрағаттан бөліп алудың ең оңай тәсілі мынау:

1. Жетектегішті ашып,мұрағаттық файлды тауып алыңыз (түрі- zip,rar және т.б.) 2. Файлды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаңыз.

3. Ағымдағы қалта файлдары тізімнің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайда болады.

Файлдарды мұрағаттан таңдап бөліп алу үшін мұрағаттық файлдың мазмұнын қарап шығу қажет. Бұл үшін мұрағат атауын екі рет шертсеңіз, WinRAR бағдарламасының сұхбат терезесі ашылады. Мұрағаттан бөліп алғыңыз келетін файлдарды бөлектеп,құралдар үстеліндегі Бөлектеп алу батырмасын шерту қажет. Ашылған сұхбат терезесінде файлды орналастыратын орынды көрсетіп, Жарайды батырмасын басу қажет










Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал Алматы-2007

  2. О.Камардинов «Информатика» Шымкент-2005 ж.

  3. Интернет ақпарат көздері.

  4. «Информатиканы оқыту әдістемесі». А-2002 ж.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-090113

Похожие материалы