Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект на казахском языке на тему " Әбіш Кекілбайұлының "Бір шөкім бұлт" повесіндегі "бұлт" сөзін интербелсенді тәсіл арқылы талдау"

Конспект на казахском языке на тему " Әбіш Кекілбайұлының "Бір шөкім бұлт" повесіндегі "бұлт" сөзін интербелсенді тәсіл арқылы талдау"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Білім – инемен құдық қазғандай» деп бекер айтылмаған. Әрбір ұстаз оқушыға әр сабақ сайын жаңа ақпарат беруге ізденуі керек және сол ақпаратты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіре білуі шарт. Осы мақсатта жақында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы, Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ф.ғ.д. Дүйсенбаева Жанбибі Сембайқызы, тренер Әбішова Зәуре Сүндетқызы жетекшілік етіп, «Қазақ тілі мен әдебиетін интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» атты 1 апталық курс өтті. Бұл курс аясында тыңдаушы-ұстаздарға интербелсенді әдістерді бірнеше қадамдар арқылы жүзеге асыруды үйретті. Жетекшіміз Ж. Сембайқызы Әбіш Кекілбаев шығармаларын интербелсенді тәсілдер арқылы жете түсіндірді. Апта соңында интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы әрбір тыңдаушы өзіндік жұмысын, ғылыми жұмыстар жазып, өз ойларын ортаға салды. Бұған дәлел, мен тыңдаушы-ұстаздарға интербелсенді әдіс-тәсілдердің барлығын қамти отырып, «Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» повесіндегі негізгі тірек сөз «бұлт» сөзін талдау» атты сұхбат сабақ өткіздім.

Сабақтың мақсаты:

Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу

Ә.Кекілбайұлының замандасы, шежіреші Төлесін Көшекұлымен өткізген видео-таспадағы сұхбатты тыңдау.

Төлесін Көшекұлының ең қызықты сөзін топқа бөлініп, интербелсенді тәсіл арқылы талдау.

Интербелсенді тәсіл арқылы «бұлт» сөзін талдай отырып, повестен үзінді жаттау

Көрнекілік құралдар: Ә.Кекілбайұлының кітаптары, интерактивті тақта (Ә.Кекілбайұлының замандасы, шежіреші Төлесін Көшекұлымен өткізген видео-таспадағы сұхбат)

Сабақтың жүрісі. Мұғалім:

Салеметсіздер ме, құрметті әріптестер, ұстаздар!

Сұхбат сабағымыздыды бастаймыз.

Бүгінгі сұхбат сабағымыздың тақырыбы: Интербелсенді тәсіл арқылы Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» повесіндегі негізгі тірек сөз «бұлт» сөзін талдау.

Жоспар:

1. Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы

2. Төлесін Көшекұлымен өткізген видео-таспадағы сұхбатты тыңдау.

3. Төлесін Көшекұлының сөзін топқа бөлініп, интербелсенді тәсіл арқылы талдау

4. Интербелсенді тәсіл арқылы «бұлт» сөзін талдай отырып, повестен үзінді жаттау

5. Интербелсенді тәсіл арқылы жүзеге асқан бұл сабақтың тиімділі туралы қорыту және ұсыныстар арқылы ой бөлісу

Мұғалім: Интерактивтік тақтаның комегімен төмендегі мәліметтерге назар аударамыз:

1. Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

2. Романдар

«Шандоз»

«Аңыздың ақыры»

«Үркер»

«Елең-Алаң»

«Конец легенды»

«Плеяды – созвездие надежды»

«Всполохи»

ПовестерҚазақ тілінде

* «Бір шөкім бұлт»

«Күй»

«Бәйгеторы»

«Шыңырау»

«Бәсеке»

«Ханша дария хикаясы»

«Құс қанаты»

«Бір шоқ жиде»

«Шеткері үй»


Әңгімелер

* «Аш бөрі»

«Ең бақытты күн»

«Ажар»

«Жүнді барақ»

«Ақ қайың»

«Ор теке»

«Ауыз» «Көлденең көк атты»

«Есболай»

«Тасбақаның шөбі»

«Керек адам»

«Міне, керемет!»

«Ақырғы аялдама»

«Галстук сатушы қыз»

«Абылай хан» «Белая береза»

«Встречный-поперечный»

«Есболай» (рус.)

«Ну и чудеса!»

«После встречи»


Аудармалар

К.Гоцци – «Туранбике ханшайым»

А.П.Чехов – «Ваня ағай»

Вальехо Антонио Буэро- «Бүгін мейрам, бүгін той»

Генрик Ибсен- «Үрей»

Л.Дарко – «Сүйіктім менің, Электра!»

У.Шекспир – «Ромео мен Джульетта»

У.Шекспир -«Кориолан»

У.Шекспир – «Король Лир»

М.Фриш – «Ғылым қуған Дон-Жуан»

Міне, осындай шығармаларының ішінен заңғар жазушы - Әбіш Кеілбаевтің балалық шағынан бастап, ержеткен күніне дейінгі кезің суреттейтін « Бір шөкім бұлт» повесін алып отырмыз.

Қазір Әбіш ағамыз бала күнінен етене араласқан Көшеков Төлесін атамызбен жүргізген сұхбатымызға кезек береміз, назарларыңызды экранға аударуларыңыз сұралады.

(Видео – таспа көрсетіледі)

Мұғалім:

Әбіш Кекілбаев: «Көшеков Толесін ағам – Әуезов Мұхтарым болса, Науқанов Аңшыбай ағам – Мұқанов Сабитім» - деген екен. Енді видео-таспа бойынша интербелсенді тәсіл арқылы топтық жұмыс жүргіземіз. Ойлануға 30 секунд беріеді.

1 топқа сұрақ: Осы сұхбатағы ең қызықты сөйлемдер және Әбіш ағаның мектеп шағындағы портреті қандай?

2 топқа сұрақ: Осы сұхбатағы ең қызықты сөйлемдер және аты өзгертілген шығармасы қандай ?

Тыңдаушы-ұстаздар: «Алатауға балапан қылып жіберіп, кейін қыран болғанын көрдік», «Мырзайыр жері қандай кең болса, Әбіш те сол сияқты кең еді» - деп өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім: Төлесін Көшеков атамызбен тілдескеде «Бір шөкім бұлт» шығармасын ерекше атап өткенініне куә болдық. Енді осы жоғарыда аталған шығармадағы негізгі тірек сөз

«бұлт» сөзіне интербелсенді тәсіл арқылы талдау жасаймыз. (Диалогтық қарым - қатынас жүзеге асады)

Мұғалім :1-қадам:Бұлт дегеніміз не? Неге бұл сөз шығармаға тірек болды? Бұлт сөзімен тіркесіп тұрған «шөкім» сөзінің мағынасы?

Тыңдаушы-ұстаздардың жауаптары:

  • Бұлт – аспан әлемінің бір бөлшегі.

  • Әбіш Кекілбайұлының «Бір шөкім бұлт» повесі бұлтты суреттеуден басталып, оқиға бұлт сөзі арқылы әрі қарай өрбей түседі.

  • «Шөкім» сөзі Маңғыстау жерінде ғана қолданылатын диалект сөз, «кішкентай» дегенді білдіреді, бұл сөздің синонимі: шым-шым. Мысалы: Шым-шым тұз. (саналмайтын заттарға қолданылады.)

Мұғалім: 2 қадам: Интербелсенді тәсілмен тек поэзиялық шығармаларды жаттап қана қоймай, прозалық шығармаларды жаттауда тиімді әдіс. Жаттататын сөйлем саны нешеу болса сонша оқушы шығарамыз. Прозалық шығарманы жаттатқанда сынып деңгейіне байланысты жаттатамыз. Мысалы 5 сыныпқа 3-4 сөйлем, 6 сыныпқа 5-6 сөйлем, осылай сынып жоғарылаған сайын 1,2 сойлемнен қосып тұрамыз.

Біріншіден мұғалім жаттататын мәтінді өзі тыныс белгілеріне назар аударып, мәнерлеп оқуы шарт.

Шығармадан үзінді:(Интерактивті тақтадан көрсетіледі)

Тыңдаушы-ұстаз:

Қарғын жүріп, жол бойын тіліп тастапты. Аспанның да жақында ғана ашылған түрі

бар. Манадан бері шоқы-шоқының арасынан шеті қылтиып тұрған шөкім-шөкім бұлттар

түс ауа ыдырап кеше бастады. Алдарындағы шидің ішіндегі төрт-бес үйлі кішкене

ауылдың үстінен де бір көлеңке бері жылжып келеді

Әлгі жылжып келе жатқан көлеңке бұған да жетті. Айнала ап-ашық. Тек бұның үстінде ғана бір шөкім бұлт тұр

Мұғалім: Соңғы үш сөйлемді интербелсенді тәсіл арқылы жаттаймыз, ортаға 3 тыңдаушы-ұстазды шақырамыз. Бұл 3тыңдаушы-ұстаз бастаушы топ , ал отырған топтар қостаушы топтар болады.

1-ші бастаушы топ: Әлгі жылжып келе жатқан көлеңке бұған да жетті.

қостаушы топ: Әлгі жылжып келе жатқан көлеңке бұған да жетті. (қайталайды)

2-ші бастаушы топ: Айнала ап-ашық.

2-ші қостаушы топ: Айнала ап-ашық. (қайталайды)

3-ші бастаушы топ: Тек бұның үстінде ғана бір шөкім бұлт тұр.

3-ші қостаушы топ: Тек бұның үстінде ғана бір шөкім бұлт тұр. (қайталайды)

Үш топ бір-бірден өз тобының сөйлемдерін айтады, қалған екі топ қайталайды.

Үш топ бірге орындарынан тұрып, тақтаға қарамай, артқа қарап, қайталайды.

Мұғалім: Құрметті, тыңдаушы-ұстаздар!

Бұл жерден мынандай қорытынды шығарамыз: Интербелсенді тәсіл арқылы оқушыларға тек поэзиялық шығармаларды ғана емес, сонымен қатар прозалық шығармаларды та жаттату өте ыңғайлы, тиімді және өте қызықты.

Сабағымызды қорытатын болсақ, интербелсенді тәсіл арқылы Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» повесіндегі негізгі тірек сөз «бұлт» сөзін талдау жасау арқылы өмірі мен шығармашылығымен таныстық, Көшеков Төлесін атамыздың видео-таспасын тамашаладық, интербелсенді тәсіл арқылы «бұлт» сөзін талдадық.

Енді интербелсенді тәсіл арқылы жүзеге асқан бұл сабақтың тиімділі туралы қорытып, ұсыныстар арқылы ой бөлісулеріңіз сұралады.

Жетекші ф.ғ.д Ж.С.Дүйсенбаева: «Бүгінгі Сафиева Гульфайруздың өзіндік жұмысқа дайындаған бұл сұхбат сабағын жоғарғы деңдейде өткізіп, интербелсенді әдіс-тәсілді өте тиімді қолдана білді»

Тренер З. К. Әбішова: «Г. СафиеваИнтербелсенді әдіс-тәсілді толық меңгеріп, барлық тыңдаушы-ұстазбен қызықты жұмыс жүргізіп, тың тақырыптарды ұсынған ең дарынды, алғыр тыңдаушы деп санаймын!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы, Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының

Ақмаржан: «Г.Сафиева «Қазақ тілі мен әдебиетін интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында логикалық тапсырмаларды құрастырудағы белсенділігімен, тапқырлығымен көзге түсті бірден-бір тыңдаушы. Бұл сабақ «Ең үздік сабақ» деп білемін».

Мұғалім: Пікірлеріңізге рахмет, осымен «Интербелсенді тәсіл арқылы Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» повесіндегі негізгі тірек сөз «бұлт» сөзін талдау» атты сұхбат сабағымыз аяқталды.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров382
Номер материала ДВ-421237
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх