Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Конспект на казахском языке "Паскаль тілі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Конспект на казахском языке "Паскаль тілі"

библиотека
материалов

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті..

Сабақтың мақсаттары:

а) білімдік: Оқушыларды Паскаль – программалау тілімен, паскаль тілінің негізгі элементтері және тілдің алфавиті таныстыру .

ә) тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты үнемдеуге тәрбиелеу

б) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін және логикасын дамыту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын құрал: кітаппен жұмыс

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, журналды толтыру.

Сабақтың тақырыбын айту.

Үйтапсырмасын тексеру

4-5 жаттуғулар

Өткен тарауды қайталау:

1. Алгоритам дегеніміз не?

а) берілген амалдың шығару жолының реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру

б) берілген амалдардың орындалуы

в) есептердің шығарылуы


2. Алгоритімнің қанша негізгі қасиеті бар?

а) 2 б) 4 в) 5


3. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті ...

а) берілген амалдың қорытындысының болуы.

б) алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын.

в) берілген амалмен бірге басқа амалдарға да қолданылады


4. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті ...

а) берілген амалдың қорытындысының болуы.

б) алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын.

в) берілген амалмен бірге басқа амалдарға да қолданылады


5. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті ...

а) берілген амалдың қорытындысының болуы.

б) алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын.

в) берілген амалмен бірге басқа амалдарға да қолданылады.


6. Алгоритмнің формалды орындалуы ...

а) орындаушының түсінбей алгоритм командыларын орындай отырып белгілі бір нәтиже алуы.

б) алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын.

в) берілген амалмен бірге басқа амалдарға да қолданылады


7. Алгоритмдік процесс ...

а) алгоритмнің әрбір қадамы б) әрекеттер тізбегінің орындалуы

в) әрбір нұсқауы


8. Алгоритмдік қадам ...

а) алгоритмнің әрбір қадамы б) әрекеттер тізбегінің орындалуы

в) әрбір нұсқауы


9. Алгоритмнің командасы ...

а) алгоритмнің әрбір қадамы б) әрекеттер тізбегінің орындалуы

в) әрбір нұсқауы


10. Алгоритмді атқарушы дегеніміз не?

а) компьютер; б) техникалық құрылғы және адам

в) программа.


11. Алгоритмді график арқылы кескіндеу дегеніміз не?

а) есеп шығару б) геометриялық фигуралармен өрнектеу

в) алгоритм жазу


12. Негізгі блок дегеніміз не?

а) өңдеу, шартты тексеру, енгізу, шығару блоктары

б) алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары

в) алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы


13. Көмекші блок дегеніміз не?

а) алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы

б) өңдеу, шартты тексеру, енгізу, шығару блоктары

в) алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары


14. Программалау тілі дегеніміз не?

а) алгоритмге түсініктеме беру; б) алгоритмдік командалар тізбегі;

в) программаны машина тіліне автоматты түрде аудару.


15. Транслятор дегеніміз не?

а) алгоритмдік командалар тізбегі; б) программаны машина тіліне автоматты түрде аудару.

в) алгоритмге түсініктеме беру.


16. Серия дегеніміз не?

а) белгілі бір нәтиже беретін бірнеше командылар тізбегі;

б) бірінен кейін бірі орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін бірнеше командылар тізбегі;

в) командылар тізбегі;


17. Алгоритм командыларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін қандай түйінді сөздер қолданылады?

а) алг, арг, нәт б) басы жіне соңы в) алг, арг


18. Алгоритм қандай командылардан тұрады?

а) меншіктеу; б) сызықтық, тармақталған; в) жай, құрама.


19. Жай командаларға қандай команда жатады?

а) меншіктеу, мәлімет енгізу, нәтиже алу; б) сызықтық, тармақталған;

в) жай, құрама.


20. Құрама командаларға қандай команда жатады?

а) сызықтық, тармақталу, цикл; б) меншіктеу, мәлімет енгізу, нәтиже алу;

в) жай, құрама.


21 Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

а) белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанып орындалады;

б) шартты блок арқылы тексеріліп, орындалатын; амалдар екіге тармақталады және біреуі ғана орындалады;

в) әрекеттердің тізбектей орындалуын.


22 Тармақталу алгоритмдері дегеніміз не?

а) шартты блок арқылы тексеріліп, орындалатын амалдар екіге тармақталады және біреуі ғана орындалады;

б) шартты блок арқылы тексеріліп, орындалатын;

в) белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанып орындалады.


23 Циклдық алгоритм дегеніміз не?

а) шартты блок арқылы тексеріліп, орындалатын;

б) белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанып орындалады;

в) шартты блок арқылы тексеріліп, орындалатын амалдар екіге тармақталады және біреуі ғана орындалады;


24 Цикл алгоритмнің түрлерін ата.

а) тармақталу; б) арифметикалық, қадамдық в) сызықтық, тізбекті.


25 Тармақталу алгоритмінде қандай түйінді сөздер қолданылады?

а) басы, соңы: б) егер, онда, әйтпесе, бітті: в) алг, арг, нәт.


26 Күрделі тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

а) сызықтық алгоритм; б) үштен көп тармақтары бар алгоритм;

в) тармақталу алгоритм.


27 Қарапайым шарттарды біріктіру үшін қандай түйінді сөздер қолданылады?

а) әзірше(әзір), цикл басы(цб), цикл соңы(цс); б) ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС;

в) цикл басы(цб), цикл соңы(цс), емес.


28 Логикалық айнымалылар ретінде қандай белгілер қолданылады?

а) >, <, =, <> б) : = в) =


29 Цикл алгоритмінде қандай түйінді сөздер қолданылады?

а) әзірше(әзір), ЖӘНЕ; б) ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС;

в) әзірше(әзір), цикл басы(цб), цикл соңы(цс).

30 Қадамдық цикл дегеніміз не?

а) бірнеше рет қайталанып келетін;

б) Циклдың белгілі қадаммен орындалуы;

в) белгілі бір тізбекте орындалаты.


Жаңа сабақ

Паскаль тілі 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып –үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде үсынған. АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуі ыңғайлы тіл, қарапайымдылығының арқасында дүние жүзіне тез тараған.

Бұл тілде жазылған программа алдымен трансляцияланады(машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Компьютерде осы уақытта екі нұсқасы болады:

  1. алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы;

  2. объектік кодтағы жазылған программа.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

Белгілі бір мәселені және есептер шығаруға арналған.Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, олардың қалай өңделетінлігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.

Программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Олар теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Бір жолда бір-бірнеше команда немесе оператар орналаса алады, олардың арасы нүкте үтір(;) арқылы ажыратылады. Бірақ бір жолда бір оператардың түрғаны дұрыс, себебі түзетуге жеңіл және ыңғайлы.

Паскаль тіліндігі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Кез келген программа PROGRAM сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Одан кейін сипаттау бөлімі жазылады, онда программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі. Осы бөлімде іс-әрекет, командолар бөлімі орындалады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, end түйінді сөзімен аяқталады.

Операторлар: шартқа, қайталанатын цикл немесе қосымша программа(подпрограмма, процедура) түрінде орындалады.

Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.

Нәтиже алу (шығару) - аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.

Шартты түрде атқарылу - белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.

Цикл - белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

Көмекші программа – алдын ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Тіл алфавиті

Программаның элементтерін құруда тілдің алфавиті символдар жиынынан тұрады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын бірнеше топқа бөлуге болады: атаулар(идентификатор); цифрлар; айыру белгілері; арнайы символдар.

Атаулар символдары: 26 латын алфавиті(бас және кіші әріптері).

Цифрлар: ондық цифр(1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) және оналтылық цифрлар(ондық цифр және A-дан F-қа дейінгі латын әріптері).

Айыру белгілері: бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілер, ENTER және түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілермен қоршалып, ішіне жазылады, олар бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін.

Айыру белгілері: _(бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте);(нүкте үтір); ‘ (апостроф); (,); [,]; {,}.

Пунктуация белгілерінің атқаратын қызметі


Операторларды бір-бірінен ажырату белгісі

: (қос нүкте)

Объектілерді типтерге ажырату және операторларға белгі салу таңбасы

= (теңдік)

Тұрақтылардың мәнін көрсету және салыстыру белгісі

, (үтір)

Тізімдегі элементтерді бір-бірінен бөліп көрсету

.. (екі нүкте)

Диапазонның шекарасын көрсету

. (нүкте)

Программаның соңын белгілеу, санның бүтін және бөлшек бөліктерін ажырату белгісі

@

Айнымалылардың, типі көрсетілген тұрақтылардың адрестерін белгілеу

# (нөмір белгісі)

Символды коды бойынша белгілеу

$ (ақша белгісі)

Компилятор директивасын немесе он алтылық сан белгісін көрсету

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция(амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амалдар: (+)қосу, (-)алу, (*)көбейту, (/)бөлу

DIV – бүтін бөлу(мыс: 10 DIV 3 – нәтиже 3);

MOD – қалдықты табу(мыс: 10 MOD 3 – нәтиже 1).

Логикалық амалдар:

AND – және(логикалық көбейту);

OR – немесе( логикалық қосу);

NOT – емес(терістеу немесе жоққа шығару);

XOR –арифметикалықнемесе;

SHL – биттер(1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;

SHR - биттер(1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:

=(тең), <>(тең емес), <(кіші), >(үлкен), < =(үлкен емес, таңбасының орнына), > =(кіші емес, ≥ таңбасының орнына).

Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген.

Паскаль тіліндегі түйінді сөздер үш топқа бөлуге болады: қордағы(резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар, бейстандарт идентификаторлар.

Паскаль тілінің дербес компьютерге арналған нұсқасының қордағы сөздері

div

бүтін бөлу

packed

тығыздалған

go to

ауысу (көшу)

Procedure

процедура

do

орындау, атқару

program

программа

downto

кішірейту

record

жзазба

destructor

деструктор (бұзушы)

repeat

қайталау

else

әйтпесе

set

жиын

end

блок соңы

shl

биттерді солға ығыстыру

exports

экспорт (жіберу)

shr

биттерді оңға ығыстыру

external

сыртқы

string

қатар (жол)

file

файл

then

онда

for

үшін

to

үлкейту

forward

алдындағы

type

тип (түр)

function

функция

unit

модуль

if

егер

until

дйін (шейін)

implementation

жүзеге (іске) асыру

uses

пйдалану

in

ішіндегі (ішіне ену)

var

анымалы

inline

негізгі

while

әзірше, болмайынша

interrupt

кідірту (үзу)

with

-дан, -ден, -тан, -тен

interface

интерфейс

xor

аып тасталынған

inherited

мұралау (қабылдау)




Келтірілген түйінді сөздерді айнымалы атаулар немесе тұтынушы қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға болмайды.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиындар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады. Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшелер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.

Тіл обьектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.

Компьютер орындай алатын программа жазу үшін программалау тілінің синтаксисі (оның элементтерін жазу ережелері) мен семантикасын (оларды пайдаланудың мағыналық ережесін) білу қажет.


  1. Сабақты бекіту

  1. Паскаль тілінің негізгі элементтері.

  2. Тіл алфавитінің түрлері.

  1. Үйге тапсырма 4, 5 есеп


  1. Оқушылардың білімін бағалау






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.11.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров62
Номер материала ДБ-307066
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх