Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект на тему " Астана -Еуразия жүрегі"

Конспект на тему " Астана -Еуразия жүрегі"

Скачать материал

   Тақырыбы:           «Астана-Еуразия жүрегі.»             

Мақсаты:Білімділік:Оқушыларға Астана-жаңа Елорданың саяси,мәдени дамудың орталығы екенін түсіндіру.

 Дамытушылық:Астана жылнамасын құру,жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту,Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын,ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік:Астананың мәдени,даму жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке,әсемдікке,салауаттылыққа баулу.

Көрнекілігі:Астана қаласы туралы  көрініс-слайд,оқушылар шығармашылығынан сурет,шығармалар.

Мұғалім:-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?    (Қазақстан Республикасы)

        -Жеріміз,табиғатымыз қандай?(Картадан көрсету)

       -Еліміздің әр өңірлерінің  ерекшеліктерін көрсетейікші(Алматы-апорт алмасымен,Атырау-мұнайымен,Қарағанды-көмірімен,Қызылорда-күрішімен,Оңтүстік-мақтасымен,т.б.картаға орналастыру)

Мұғалім: -Осындай  кең байтақ еліміздің бас қаласы,елордасы-Астана қаласы.

   Ән: «Жаса Қазақстан»

 Ділназ:    Сарыарқаның керімсал даласында,

                  Әйгілі Қараөткелдің  сағасында.

                  Ертегідей бір қала бой көтерді,

                  Мөп-мөлдір көк Есілдің жағасында.

Мұғалім:-Қазақстан мемлекеті осы уақытқа дейін астанасын неше рет ауыстырды?(4рет).Тарихқа көз жүгіртейік:

Ернар:  Орынбор .Қазіргі таңда Ресей  жерінде қалған Орынбор қаласы 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР-нің әкімшілік орталығы болды.Бүгінгі таңда Орынбор облысын 120 мыңдай қазақ мекен етеді.

 Жантілеу:   Қызылорда.1925 ж.ел астанасы жаңа қалаға көшетін болып шешім қабылданды.Қаланың сол кездегі атауы Ақмешіт еді.Сырдың жағасындағы шаһар Қызылорда атауына ие болды да ,1925-1929 жылдары астана  мәртебесін атқарды.

 

 

 Руслан:    Алматы.1927 жылдың 2-наурызында IV Бүкілқазақстандық съезінде елдің бас қаласын Қызылордадан Алматы қаласына көшіруге шешім қабылдады.Бұл заң жүзінде 1927 жылы,іс жүзінде1929 жылы жүзеге асты.Алатау бөктеріндегі әсем қала 1997 жылға дейін қазақ елінің бас қаласы болды.

   Алтынай:    Астана .Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола,қазіргі Астана  қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие.              

     2011жылдың 6-шілдесінде мемлекетіміздің рәмізі,асқақ абыройымыздың айғағы болған әсем Астанамыздың он үшінші мерейлі тойы аталып өтілді.Астананың мерейтойы-ел өміріндегі аса ірі оқиға,Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.Ғасырлар тоғысында тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып,байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз-Астана салынды.  Ертедегі ер бабамыз Едігеден бастап, айбынды Абылайға дейінгі хандарымыздың бәрі осы Есіл бойында орда тіккендері тегін болмаса керек.

  Аслан:    Ғұмыр бойы күресіп қайран бабам,

                     Осы күнді аңсаған ,армандаған .

                     Сарыарқаның төсінде бой көтерді

                     Қазақтың Астанасы-Арман қалам!

  Жәнібек Ж.: Осы уақыт ішінде Астана әлемдегі ең жас та танымал астаналардың бірі ретінде нақты елордалық ауқымға ие болды. Астана елорда атына ие болған осы жылдары қандай  маңызды оқиғалар болды,соған шолу жасап өтейік:

Абылай: 1997ж.20 қазан.Президент жарлығымен Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға ауыстырылды.Ақмола-елімізің астанасы болып жарияланды.

Тамерлан:1998ж.6 мамыр.Қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар қала атауын Ақмоладан Астанаға ауыстыру туралы бір жақты шешім қабылдады.

Абдул Ахад:1999ж. шілде айы.елордамыз ЮНЕКО-ның  «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.Осы жылы Еуразия ұлттық университетінің оқу корпусы,Ұлттық мұражай,т.б. пайдалануға берілді.

Райымбек:2000жыл.Жаңа әкімшілік орталықтың құрылысы басталған сол жақ жағалауды кеңінен игеру жылы болып есте қалды.

Әмина:2001ж.Елбасының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған«Астананың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» мемлекеттік  бағдарламасы қабылданды.2001ж.қыркүйегінде ең маңызды халықаралық оқиға Рим Папасы Иоанн Павел II Астанамызға келуі болды.

 

Әлихан:2002ж.еліміздің бас қаласы үшін маңызы оқиғаларға толы жыл болды.Осы жылы Астанаға БҰҰ хатшысы Кофи Аннан келіп,жас елордамызға таң қалып,жақсы  тілектерін айтқан.Сол жылы спорттағы  ірі іс шаралардың бірі-Бокстан әлем кубогының мерейлік жарыстары да Астанада өтті. Есілдің сол жағалауында бірінен кейін бірі жаңа объектілер іске қосыла бастады.

Руслан:2003 ж.Тұрақты даму жолын таңдаған Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы Кеңістігінде дамыған мемлекет атағына ие болды.Біздің көпұлтты және көпконфессиялы елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезі өтті.

 Бағжан:2004 ж.24 желтоқсандаАстанада еліміздің басты ғимараты- «Ақорда» атауына ие болған Президент резиденциясының  ашылу салтанаты болды.

Жібек:2005 ж.Елорданың халықаралық әуежайында жаңа жолаушылар терминалының ашылымен есте қалды.Сол жылыАстананы көгалдандырудың 2030 жылға дейінгікешенді бағдарламасы қабылданды.

 Төремұрат:2006 ж.Астанада өткен Дәстүрлі және Әлемдік  діндердің II съезі болды.

1-қыркүйек.Елбасының қатысуымен жасанды төбеде орналасқан 77 метрлік пирамида түріндегі Бейбітшілік және келісім сарайының салтанатты ашылуы болды.

Назерке:2007 ж.28 ақпан. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасының халыққа жолдауымен тарихта қалды.

Ділназ:2008 ж.Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы тойланды.

Абылай:2009 ж.Халық санағы.Астана қаласының саны 684 мыңға жетті.1998 ж. бұл қалада 225 мың адам тұрған.Ал,2011 жылы қала халқының саны 1 миллионға жетеді деп күтілуде.

Жәнібек Ж:2010 ж.56 мемлекеттің басшысын қосқан «Астаналық САММИТ» өтті.

Жәнібек Е: 2011ж.VII Қысқы Азия олимпиада ойындары өтті.Осы жылы  қаншама сәулетті ғимараттар салынды десеңізші!

Көрініс: «Тілшімен сұхбат.»

Алуа:Қымбатты да қадірлі шет ел қонақтары!Біздің сүйікті де сұлу қаламызға қош келдіңіздер!Астана қаласына саяхатымызды бастаймыз.

    Астананың қала құрылысының Бас Жоспарының авторы белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава болып табылады.

 

 «Астана-Бәйтерек»монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі.Бәйтеректің негізгі идеясы-Бейбітшілік Ағашы.Диаметрі 22 метрлік,салмағы 300 тонналық күн сәулесімен құбылып тұратын шыныдан жасалған шар. Әлемде тұңғыш рет 97 метрлік биіктікке көтерілді.Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған  «Астана Бәйтерек» -сәулет өнерінің жаңару белгісі,Астана символы,Қазақстан символына айналды.

   «Атамекен-Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені.Қазақстан кең байтақ.Бірақ оны алақанында тұрғандай көруге,оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысуға болады.Балалық арманынды жерде тұрып этномемориалдық кешенде бейне бір өзіңді ертегінің алыбындай сезінуге болады.Картада 14 облыс пен бірге республикалық маңызға ие Астана мен Алматы қалаларының кішірейтілген нұсқасы орналасқан.Биылғы жылы осы кешеніміз өзінің 10 жылдық мерейтойын атап отыр.

 «Қазақ елі»монументі». «Қазақ елі»  деп аталатын  жаңа алаңның дәл ортасынан бой көтерді,ол Астананың символдық мәнге ие нысандары-Бейбітшілік пен келісім сарайы,Тәуелсіздік сарайы,Өнер академиясымен бірегей ансамбль құрып тұр.Ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған 1991 жылдың символы ретінде 91метрді құрайды.

    «Президент Резиденциясы-Ақорда»,Астананың түңгі келбеті,Есілдің сол жағалауы,Астаналық цирк,т.б... қаламызға таңғажайып өзіндік көрік беріп тұр.

Шетелдік қонақтармен сұхбат.

Тілші:1)Қымбатты Англиядан келген Джонн мырза!Астана сізге ұнады ма?

               -Do you  like  Astana?

     -Oh,yes! I like it so much.Astana is one of  the beautiful cities  which I saw   in my life.

Тілші:-О,әрине,Астана ең әдемі қалалардың біріне жатады.Маған өте ұнады.

2)Тілші:-Құрметті Түркия елінен келген елші мырза!Астанаға тағы сапармен келгіңіз келе ме? Астаная текрар гелмек истермиидыныз?

 -Элбетте,бу кадар гузел шехре херзаман дөнмек истердим.

Тілші:Әрине,Әдемі жерге әрқашанда оралғың келеді ғой.

3)Күн шығыс Қытай елінен келген Чан Лунь мырза!Астанаға қандай тілегіңіз бар?

-Дуи  а сы та на иоу шынмы жу фу?

 

Руслан:-Жу нин юе фыи юе гау,хы пиң фа жан,гың жия ми хау.

Тілші:-Әрқашан биікке самғап,бейбіт өмірде дамып,ертеңгі күні арайлы нұр шұғылалы күн болуын тілеймін-дейді.

     Осымен Астана қаласына жасалған шағын саяхатымыз аяқталды,көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

    Әмина:Жүзі басқа жүрегі бір,түрі басқа тілегі бір көпұлтты халқымның ұл-қыздары Астанамызда білім теңізінен сусындап,терең мұхит түбінің інжу-маржандарын теруде.

    Би. Әртүрлі ұлттар биі.            

   Алтынай :                    Достық пейіл-татулықтың тірегі,

                                          Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

                                          Бар әлемді бір өзіне қаратқан

                                          Елордамыз-Еуразия жүрегі!

 Ернар:    Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге,

                  Жайнаған Еуразия жүрегінде.

                  Өзіңсің ерке Есіл аялаған

                  Әлемнің сегізінші ғаламаты!

    Балалардың шығармашылығымен таныстыру.(сурет,шығарма,өлеңдері) 

                           «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы.

А-    Астана –жастардың,болашақтың қаласы.(Әмина)

С-    Символы-Бәйтерек.(Бағжан)

Т-    Тәуелсіздігімізді асқақтатып,егемендігімізді көрсететін бас қала.(Алуа)

А-    Арман қала.(Райымбек)

Н-   «Нұр-Астана» зәулім күмбезді мешіті Астанаға тура кіре берісте орналасқан.

А-   Алтыншы шілде- Астананымыздың туған күні.(Абылай)

 

Е-  Елбасымымыздың Астана өмірі,тарихы жайлы «Еуразия жүрегінде»атты кітабы  бар.(Жібек)

У- Уақытпен жарысып,самғап өсіп келе жатқан ертегі қала-Астана.(Алихан)

Р- Республикамыздың жүрегі-Астана.(Жәнібек Е.)

А- Аңыз болып ұрпақтан-ұрпаққа айтылатын ардақты Астана!(Төре)

З-   Заманауи ғимараттары қаланы көркімен тамсандырады.(Аслан)

И-  Инфрақұрылымы дамыған Астана.(Ернар)

Я-  яғни, Дүниежүзімен ынтымақ байланыс орнатып тұрған қала.(Алтынай)

 

Ж-  Жайнаған гүлге толы әсем қала.(Жантілеу)

Ү-  Үкілі сәукелеге келтіріп салынған «Хан шатыр» ғимараты- қала мақтанышы.

Р- Республикамыздың  тірегі,елдігіміздің жүрегі-Астана.(Ділназ)

Е- Есілдің лебі ескен Ару қала.(Абдул Ахад)

Г-  Гуілдеген,толассыз жүретін автомобиль,әуе және темір жолдар торабы бар.

І – Ілгері даму қарқыны бойынша 1 орында тұрған қала-Астана.(Руслан)

   Төремұрат:     О,Астанам,Астанам!

                             Жарқыра күндей жас қалам!

                             Қарыштай бер,қанат қақ,

                             Ғасырларға бас қадам!

      Әмина: Есілдің жағасында қонған қалам,

                    Жүрегі қазағымның болған қалам.

                    Күн санап ертегідей өскен қалам,

                   Жайнашы,жасай берші,нұрлы Астанам!

Ән: «Астана»

 Мұғалім:                                           

   Тәуелсіздігіміздің тірегі,елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!                      

                 

                      

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект на тему " Астана -Еуразия жүрегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2015 1478
    • DOCX 28.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абденова Карлыгаш Казизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абденова Карлыгаш Казизовна
    Абденова Карлыгаш Казизовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2752
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек