Инфоурок Классному руководителю КонспектыКонспект на тему "ХХІ ғасыр көшбасшысы"

Конспект на тему "ХХІ ғасыр көшбасшысы"

Скачать материал

Тақырыбы:  ХХІ ғасыр көшбасшысы./ Интеллектуалды ойын/
Сайыстың мақсаты:

а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.
ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.
б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сайыс түрі: интеллектуалды сайыс сабақ
Сайыстың әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, ой қозғау
Сайыстың көрнекілігі: даналық сөздер, үлестірмелер
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын сыныптар таныстырылады.
ІІ. Кірісе бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар.  8-9 сыныптар арасында  өткізілгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырайын. Сайыскерлер өздерін таныстырып өтсін.
Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық. Алқа мүшелерін сайлау.
Сайысымызды бастамас бұрын сайыс бағдарламасымен таныстырып өтейін
1.Қас қағым сәт /жедел сұрақтар/

2.Біліктілік сауалнамасы

3.  Дода 
4.  Бәйге

- Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер.
Білім –білікті тексеріп,
Қатысып ойынға көріңдер!
«Кім жүйрік ойға, сол алда 
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
          Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.
«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.
- Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,
-дей отырып сайыстың бірінші кезеңін бастаймыз. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Қас қағым сәт» деп аталады. Әр балаға  жедел 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.
1- оқушы.
1. Денені өлшейтін құрал (градусник)
2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
3. Қан соратын жәндік (маса)
4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)
5. Ұзындық өлшем бірлігі (км,м, дм, см, мм)
6. Жер күнді айнала ма, күн жерді айнала ма ?
7. Біздің туда не бейнеленген – (Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт , күн )
8. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері  ( Тоқтар Әубәкіров )
9. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)
10. Қазақтың атақты суретшісі (Ә.Қастеев)
2- оқушы
1. Ұзындығы мен енін көбейту арқылы нені тауып аламыз – ауданды 
2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты жиындарда 
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би 
5. Күйді орындайтын адам кім - күйші 
6. Периметрді қалай табамыз - барлық қабырғаларын қосамыз 
7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин 
8. Балды жақсы көретін аң – аю 
9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе – надандық, еріншектік, залымдық.
10. Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін белгілі балалар жазушысы болған кім? – Б. Соқпақбаев 
3- оқушы 
1. Қ Р - ның әнұранының авторларын ата.
2. Ауданды қалай табамыз – екі қабырғасын көбейтеміз 
3. Біз қай тілде сөйлейміз – қазақ 
4.40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең - 240 
5. Көру мүшесі не - көз 
6. 7 қандай сан – киелі 
7. Аюдың баласы не деп аталады – қонжық 
8. Бие сүтінен не дайындалады қымыз
9. Көкөністерге нелер жатады – сәбіз, картоп, орам жапырақ, қызанақ.
10. Қу аң – түлкі 
4 - оқушы 
1. Елтаңбаның авторы кім - 
2. Қай жануар жылға ілікпей қалды – түйе 
3. салмақтың өлшем бірлігі – кг, гр, тонна, 
4. Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев 
5. Мезгілдерді ата – қыс, жаз, көктем, күз.
6. қосудың компоненттерін ата – қосылғыш , қосындының мәні.
7. Тиін нені жақсы көреді – жаңғақ 
8. Иіс сезу мүшесі – мұрын 
9. Мақта Қазақстанның қай жерінде көп өсіріледі – Оңтүстік Қазақстан 
10.Әлемде неше мұхит бар – 4 

5 - оқушы 
1. ҚР - ның Туының авторы кім?
2. 6 санының квадраты неге тең - 36
3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? А.Құнанбаев
4. Қол не үшін қажет – қызмет ету үшін 
5. Ауданды немен белгілейміз - S
6. «А» қандай дыбыс – дауысты, жуан 
7. Ең алғаш мектеп ашқан кім – Ыбырай Алтынсарин 
8. Адам, жануар, өсімдік өміріне не қажет - ауа, жарық, жылу, су, қорек. 
9. Жыл басы не - тышқан 
10. Су қанша градуста қатады – 0 градуста
6- оқушы.
1.Бір ұшы тұйықталған түзу – сәуле 
2.1 жыл неше ай – 12 ай 
3.360 пен 60 бөліндісінің мәні нешеге тең – 6 
4.Шаршы деген не?-Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш
5.Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз – екі қабырғасын көбейту арқылы
6.1 аптада неше күн бар – 7 күн 
7.321 санын разрядтық қосылғыштарға жікте. 300+20+10
8.Қазақтың киелі саны -  7
9.27 қаламда 3 балаға тең нешеуден бөліп беремін - 9
10.Ауданды қалай белгілейміз.  - S
7- оқушы. 
1.Екі ұшы тұйықталған түзу - кесінді
2.15 ай неше жыл неше ай – 1жыл 3 ай 
3. 420 мен 6  бөліндісінің мәні нешеге тең – 70
4.Периметрді қалай табамыз – барлық қабырғаларын қосамыз 
5.Ұзындығы 3см, ал ені 2см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең -6см
6.988 санында қанша цифр бар.- 2
7.Периметрді қандай әріппен белгілейді – Р 
8.7 күн неше апта - 1 апта 
9.Математикалық амалдарды ата – қосу, азайту, бөлу, көбейту.
10. уақыттың өлшем бірлігі – сағат, минут, секунд.
          Әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің жинаған ұпай сандарын айтуларын сұраймыз.
Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. 
Білім де талпынсаң қонады. Ал тереңге бойлау үшін талап керек.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл –Фараби бабамыз. 
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Өз кезегін сайыскерлерге берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрелік,- деп қазір сайысымыздың екінші кезеңі

«Біліктілік сауалнамасы» Бұндағы сұрақтар қазақтың киелі жеті, бес, үш сандарына байланысты болмақ. Дұрыс жауап 5 баллмен есептеледі

20.Үш арыс                     20.3 дана                   30)   3 арсыз                 
- Сәкен                            -Абай                              Ұйқы                 
- Бейімбет                        Шоқан                            Тамақ                
- Ілияс                              Ыбырай                         Күлкі                  

10)7 ата                               10)    7 қазына
- Ата                                  Ер жігіт
- Бала                                 Сұлу әйел
- Немере                             Білім ғылым
- Шөбере                            Жүйрік ат
- Шөбшек                           Құмай тазы
- Немене                              Берен мылтық
- Туажат                              Қыран бүркіт
    30. Бес «қару»                       40. Бес парыз       

1. Садақ (мылтық)                  Иман

2. Қылыш                                 Намаз оқу

3. Найза                                  Ораза ұстау

4. Айбалта                              Зекет,садақа беру

5. Шоқпар                                Қажыға бару

          Әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің жинаған ұпай сандарын айтуларын сұраймыз.Ең аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.
ҮІІ ғасырда өмір сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім артық па, байлық артық па? »- деген сауал қоятын болып келісті. Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы:
- Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра. 
- Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан білім артық.
- Білім артық оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек.
- Білімің көп болса сені құрметтейді, бай болсаң сені қызғанады. 
- Білімің көп болса да іріп - шіріп бүлінбейді, ал дүние болса бүлінеді.
- Білім артық ол жаныңды байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдену қиын. «Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекерге айтылмаған.қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді
Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Сараланар сайыскерлер білімі 
Алгебра, геометрия, физика, пәндерінен.
Білімділер озар бүгін ілгері,- дей отырып келесі кезекте «Дода » сайысына кезек береміз.
Бұл ойынды ұпайы ең аз ойыншы бастайды. 
10......10.              
20......20.
30…...30
1 – сұрақтар тобы   (Физикалық сұрақтар):

10. Бөлінбейді деген мағынаны білдіретін дененің ең кіші бөлігі? Атом

10. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс?  Дене кез – келген бірдей уақыт аралығында бірдей қашықтық өтетін болса, ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атайды.

20. ХБЖ жылдамдық бірлігі?  [м/с]

20. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді?  v

30. Конвекция дегеніміз не?  Жылудың төменнен жоғарыға берілуі

 30. Тұман қандай буға жатады? Қаныққан бу.

40. Уақыт қандай құралмен өлшенеді?  Сағат

2 – сұрақтар тобы:   (Геометриялық сұрақтар)

10. Геометрияның негізгі екі бөлімі?  Стереометрия және планиметрия

10. Параллель түзулер дегеніміз не? Жазықтықтағы ортақ нүктелері жоқ екі түзуді параллель түзулер деп атаймыз.

20. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле?  Биссектриса

20.  Трапецияның орта сызығы қалай табылады?  Екі табанының қосындысының жартысына тең

30. Сыбайлас бұрыштар...?  Қосындысы 1800.

40. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу? Жанама.

3 – сұрақтар тобы:  (Алгебралық сұрақтар)

10. у=ах2 функциясының графигі?  Парабола

10. Дәреже дегеніміз не?  Бірдей өрнектердің көбейтіндісі

20. Екі өрнектің квадраттарының айырымы? Олардың қосындысының және айырымының көбейтіндісіне тең.

20. 3 санына кері сан?  1/3

30. 625 санының квадтық түбірі?  15

30. ах2+bx+c=0    қандай теңдеу?  Квадрат теңдеу

          Әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің жинаған ұпай сандарын айтуларын сұраймыз. Ең аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.
Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. 
Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек. Ағылшын философы Френсис Бэкон «Кітап оқу адамды - білімді, әңгімелеу – тапқыр, ал жазып отыру әдеті - дәлшіл етеді» дейді. Ендеше жас ұрпақтың білімінің қаншалықты екенін сынау үшін сайысымыздың келесі кезеңі «Бәйгеге» кезек береміз. Бұл кезеңнің шарты бойынша гуманитарлық ғылымдар ,жалпы ғылымдар ,жаратылыстану ғылымдары бойынша сұрақтарға жауап алынады.

Гуманитарлық бағыт бойынша
10. «Көксерек» кімнің шығармасы? М.Әуезов
 10. Абай қай жерде туылды? Семейде
20.. Қазақ тілінде неше септік бар ? Сұрақтарымен айтып бер.
20. Қорықтарды ата.
30.Алғадай туралы әрбір ой»кімнің өлеңі? Жамбыл Жабаев
30. Батырлық, ерлік турасында мақал – мәтел айтып бер.
40. Ас қорыту мүшесін ата.
40. Орыс тілінде неше септік бар ? Сұрақтарымен айтып бер.
50. Есім ханның  қай жылдары ел билеген. /1598-1628 жж/
50.Әйтеке бидің шын аты кім? /Айттық/
Жалпы ғылымдар
50. 1.Қазақстанның жеті кереметтерін атаңыз

1.Таңбалы тас суреттері    2.Алтын адам     3.Киіз үй     4.Домбыра   5.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі   6.Маңғыстау жер асты мешіттері   7.Астана–Бәйтерек монументі

10..Б. Момышұлы кім?
10.Қазақстанның ұлттық волютасы қашан шықты?
20. Қасиетті ай?
20. Ұлттық спорт түрлерін ата 
30. Қазақтың қандай салт – дәстүрлерін білесің?
30. Қазақстанның алғашқы суретшісін кім? 
40. Жеті жарғыны кім шығарған?
40. Қандай  ұлттық мерекелерді білесің?
50. Қазақстанның область орталықтарын ата.
Жаратылыстану бағыты
10.Трапеция дегеніміз не?.
10. Саңырауқұлақтар неше топқа бөлінеді?   / 2 топқа  жеуге жарамды және жеуге жарамсыз/
20. Қысым бірліктерін ата? /Паскаль ,кПа, гПа/
20. Заттың неше күйі бар? /үш күйі Қатты,сұйық газ/.
30.Барометр  деген не?./қысым өлшейтін құрал/
30. Күн жүйесінің құрамында неше планета бар? /9/
40. Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама  /Энергия/
40.  Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай  неше топқа бөлінеді,қалай?   /2 тапқа материктік және мұқиттық болып/
50. Квадрат теңдеудің қандай түрлерін білесің? /толымды және толымсыз /
50. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр).
Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз. Ең аз ұпай жинаған бір оқушы ойыннан шығады.
Ал ортаға келіңдер
Дұрыс жауап беріңдер
Өз сыныбыңның намысын 
Қорғап қазір көріңдер,- дей отырып ортаға соңғы айналымымыз «Шешен тілдер» атты сайысымызға өткен екі оқушымызды шақырамыз.
Бұл сайыстың шартында екі конверттің ішінде тақырыптар берілген оқушылар келіп өздері қалаған конвертті ашып, берілген тақырыптарды оқиды және сол тақырыптар бойынша балалар өз ойларын ортаға салып, өзіне берілген тақырыпты аша білу керек Бұл сайыстың ең жоғарғы бағасы - 10 балл. Оқушыларға ойлануға - 3 минут уақыт беріледі.
          Әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің жинаған ұпай сандарын айтуларын сұраймыз.
Сайыскерлер марапатталып, жеңімпаздар анықталады.

Қортынды
Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.
Жарайсың айналайын, сайыскерім!
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым!
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып,
біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет.
Сол ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!
Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, сынып жетекшілеріне, оқушыларға көп-көп рахмет.
Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект на тему "ХХІ ғасыр көшбасшысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 617 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 532
    • DOCX 30.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергуатова Шолпан Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5896
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 246 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 409 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 527 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 793 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 965 человек

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек