Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Конспект на тему Әкелер жиналысы

Конспект на тему Әкелер жиналысы


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Ата-аналар отырысы

Шараның жүру барысы: 
І бөлім Баяндама «
Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» 
ІІ бөлім Пікірлесу «Әкелердің балаларымен қарым – қатынас жасау ерекшеліктері»
 
Жүргізуші: Сәлематсыздар ма құрметті ата – аналар
. Бүгінгі отырысымыз «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» - деген тақырыпта өткелі отыр. Мұндағы негізгі мақсат: «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле - өлгенше соны таныр қиядан» - дегендей бала тәрбиесінің отбасынан бастау алатындығын түсіндіру. Баланың бас ұстазы ата – ана десек, соның ішінде қазіргі уақыттағы әкелердің тәрбиелік ролі туралы әңгімелесу, кеңесу болып отыр. «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» - дей отыра ата – ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман болғанын қалайды. Олай болса әрбір бала ата – ананың еңбегін бағалай білуге тиісті. 

Бүгінгі әкелеріміз қонаққа келіп отыр.
 
Олар: 1
Жүргізуші: Тренинг: «Амандасу»
 

Күлкі бейнеленсе, онда бір – бірімізге күлімдей қараймыз.
 
Алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз.
 
Жүрек бейнеленсе төс қағысамыз
 

Баланы жастан бақпасаң,
 
Жамандықтан қақпасаң –
 
Қадірден жұрдай қасқа боп
 
Кешкенің өмір босқа тек – дегендей әкелерге алғашқы сұрақ.
 

Сұрақ: Сіз үшін бала деген кім?
 
/болашағым, көмекшім, қамқоршым, қымбаттым/
 

2. Ситуациялық сұрақтар:
 
1. Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз сіздің өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істейсіз?
 
2. Балаларыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?
 
3. Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз?
 
4. Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді. Соған оқушылар жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болады. Cіздің ұлыңыз машинамен шықпақшы болып уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрайды. Сіз не істер едіңіз?
 
5.деңгейі төмен оқушы нашар баға алса, ол өзін басқалардан төмен санайды. «Мен бәрібір ол екіні жоя алмаймын» деген ойда қалады. Баланың осы кемшілігін жою үшін не істеу керек?
 
6.Сіз балаңызды жақсы тамақтандырып, киіндіріп, ел қатарлы тәрбиелеп отырмын деп есептейсіз.
 
Бірақ балаңыздың сынып жетекшісі үйге келіп, балаңыздың тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен, мектеппен байланысыңыз жоқ екендігін айтады.
 
Сіз бұл туралы не айтар едіңіз?
 

 Аналар мен әкелердің ойын бақылау.Алдын ала сарапшы тағайындау
Нұсқау: Бұл сұрақтарға қолдарыңыздағы тақтайшаларыңды көтеру арқылы жауап бересіз. Қызыл түс – иә деген жауапты, көк түс – жоқ деген жауапты білдіреді.
 
1. Әке қатал болу керек пе?
 
2.Үйдегі ер бала тәрбиесіне әкенің жауапкершілігі жоғары болу керек пе,

3.әлде ата – ананың екеуі де бірдей жауап беруі тиіс пе? 
4. Отбасының алтын – қазығы әйел адам ба? 
5. Отбасының тірегі әке ме?
 
6. Әкеге қарап ұл өсер,
 
Шешеге қарап қыз өсер дегенмен келісесіз бе?
 
7. Мектеп баланың тәрбиесіне қатысты деп ойлайсыз ба?
 
8. Бала сіз үшін болашағымды құрушы деп санайсыз ба?
 
9. Балаңыз басқа балалармен келісе алмай жүргендігін білсеңіз, оған мектеп кінәлі деп есептейсіз бе?

Ата –аналарға жадынама
 
1. Баланың оқуына, тәрбиеленуіне мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатындығын түсініңіз. Мұғалім сіздің отбасыңыздың досы.
 
2. Міндетті түрде ата – аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.
 
3. Балаңыздың күнделікті оқудағы табысымен ой бөлісіңіз.Бүгін нені үйренді, қандай жаңа ұғым алды? Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз.
 
4. Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналса көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындап бермеңіз.
 
5.Өз балаңыздың қайда баратының,қашан келетінін,егер күтпеген жағдайда жоспар өзгерсе,телефоннан хабарлауға үйретіңіз.

6.Бейтаныс адамның көлігіне ешқашан отырмауын,өзгелерге жол көрсету мақсатымен ешқайда бармауын үйретіңіз.

7.Үй және көмек көрсету телефондарын жатқа білуін

8.Жылына кем дегенде бір рет болсада суретке түсуін қадағалаңыз

9.Теледидардағы зорлық зомбылықты үндемей сөндіріп тастамай, оның салдарын түсіндіріп айтыңыз.

10.Балаңызды әркез тыңдай алатын,кеңес бере алатын сенімді ата ана екендігіңізге сендіре біліңіз.

11. Жақсы көретініңізді жиі айтыңыз.

Бала тәрбиесіндегі негізгі қағидалар: 
1. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір – қасиетін, ар – намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым – қатынас жасаған абзал.
 
2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді. Соған орай дөрекілікке бой алдырады.
 
3. Өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
 
4. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін тыңдап ақыл – кеңес беру керек.
 
Ер адамның жақсы әке болуы үшін өзіне мақсат қою керек- отбасындағы баланы тәрбиелеуге қажетті жағдайларды жасау, олар:
 
*отбасындағы жайлылықтың атмосферасы;
 

-Отбасында жайлы атмосфераны өздеріңіз қалай орнатасыздар?

Қорытынды: Жүргізуші: Әкелерім бақытымсың, барымсың 
Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың
 
Жалғасындай әкелердің барында,
 
Жақсы атымен бар әлемге танылсын – деген тілекпен аяқтай отырып, келіп ой бөліскен әкелерімізге алғысымызды айтамыз және ән жолдаймыз.


Автор
Дата добавления 20.05.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДБ-091521
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх