Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект на тему "Кейс технология"

Конспект на тему "Кейс технология"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

1. Case-study әдісін менеджмент, экономика, әлеуметтану, маркетинг сияқты ситуациялық білім мен ситуациялық іскерлік басым болатын қазіргі нарықтық мамандықтарды дайындау бағдарламаларына мүмкіндігінше тезірек енгізу керек.

2. Case-study әдісінің қолданылуын қосымша мамандандырылған (профессиональный) білім беру жүйесінде, әсіресе, мамандырылған қайта дайындық бағдарламаларын іске асыруда қолданылуын белсендендіру керек.

3. Case-study әдісін басқа оқыту әдістерімен, оның ішінде студенттердің негізгі нормативті білімінің негізін беретін дәстүрлі оқыту әдісімен бірге қолдану керек. Ситуациялық оқыту динамикалы ситуация жағдайында ізденуге және білімді пайдалануға үйрете отырып әрқилы және диалектикалық түрде ойлауды дамытады; ситуациялық анализді асыра қолданудың нәтижесінде болашақ маман иесі аса қажетті «нормативті қаңқасыз» қалуы мүмкін, оның бар білімі белгілі бір әдіснамалық принципі немесе жүйесі жоқ көптеген ситуациямен ұштасуы мүмкін.

4. Case-study әдісінің қолданылуы әдістемелік негізделіп, қамтамасыз етілуі керек. Бұл жалпы білім беру бағдарламасындағы оқу үрдісін ұйымдастыруда да, оны жеке оқытушылар жоспарлағанда да қамтылуы керек. Оқытудың дәстүрлі технологиясына қарағанда сase-study әдісінің қолданылуы айтарлықтай нәтиже берген мамандықтарды, оқу дисциплиналар мен олардың бөлімдерін эксперттік бағалау қажет. Бұл сұрақтар әдістемелік кеңесте қарастырылып, оқытушылардың біліктілігін жоғарылату мақсаты болып табылу керек.


Кейстердің типтері мен жанрлары, оларды көрсету тәсілдері


Кейстердің жіктемесі әртүрлі белгілерге байланысты жасалуы мүмкін. Кейстердің жіктемесін жүргізудегі кең қолданылатын көзқарастардың (подходы) бірі олардың күрделілігі. Мұнда келесілерді шығарады:

  • иллюстративті оқыту ситуациялар – мақсаты белгілі бір тәжірибелік мысалда студенттерге белгілі бір жағдайда дұрыс шешім қабылдаудың алгоритмін үйрету болып табылатын кейстер;

  • оқыту ситуациялары – проблемалар қалыптастыратын кейстер, мұндай кейстерде нақты бір уақыт ішіндегі ситуациялар сипатталып, проблемалар шығарылады және айқын қалыптасады; мұндай кейстің мақсаты – берілген ситуацияның диагностикасын жасау және сол проблема бойынша шешімді өздігінен қабылдау;

  • оқыту ситуацциялары – проллеманы қалыптастырмайтын кейстер, мұнда жоғарыда сипатталған ситуацияға қарағанда күрделірек ситуация сипатталады, ондағы проблема айқын көрсетілмеген, ал статистикалық мәліметтер арқылы, қоғамдық көзқарас, билік мүшелерінің және т.б. көзқарастары бойынша берілген; мұндай кейстің мақсаты - проблеманы өздігінен анықтау, оны шешудің альтернативті жолдарын табу және оның барысында берілген ресурстардың анализін жасау;

  • қолданбалы жаттығулар, мұнда нақты қалыптасқан ситуация сипатталады, бұл проблемадан шығу жолдарын табу керек; мұндай кейстің мақсаты – проблеманы шешу жолдарын іздеу.

Кейстер оқыту үрдісінің мақсаты мен міндеттеріне байланысты жіктелуі мүмкін. Бұл жағдайда кейстердің келесі типтері анықталуы мүмкін:

  • анализдеу және бағалауды үйрететін;

  • проблемаларды шешуге және шешім қабылдауға үйрететін;

  • тұтас алғанда проблемаларды, шешімдерді немесе концепцияларды иллюстрациялайтын.

Осы ерекшелік (подход) авторларының айтуы бойынша ресейлік жоғары мектепте кейстің үшінші типі жақсы таралған.

Case-study әдісінің шетелдік қолданылу аясында көзге түсетін Н. Федянин мен В. Давиденко жасаған кейстер жіктемесіне назар аударған жөн:

  • құрамдастырылған (highly structured) қосымша мәліметтері аз берілетін «кейстер»; онымен жұмыс істегенде студент белгілі бір модель немесе формула қолдану керек; мұндай типтегі тапсырмалардың оптималды шешімі болады;

  • «кішігірім жобалар (нобайлар-наброски)» (short vignetts), әдетте ол он-он бес бет мәтін және бір-екі бет қосымшадан тұрады; олар тек қана кілт түсініктермен таныстырады және оларды талдағанда студент өзінің біліміне сүйену керек;

  • үлкен құрамдастырылмаған «кейстер» (long unstructured cases) көлемі 50 бетке жетеді – мұндай түрдегі оқу тапсырмалардың ішіндегі ең күрделісі; мұндағы ақпатар өте жетік беріледі, оның ішінде мүлдем қажетсіздері де болады; ал талдауға ең қажетті мәліметтер, керісінше, болмауы мүмкін; студент мұндай «қайшылықтарды» тауып, оларды шешу керек;

  • жаңа ашушы «кейстер» (ground breaking cases), оларды талдағанда студент меңгерген теориялық білімдерін пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар жаңа ұсыныс жасау керек, мұндай жағдайда студенттер мен оқытушылар зерттеушілер ролін атқарады.

Кейбір ғалымдар «өлі» және «тірі» кейстер бар деп есептейді. «Өлі» кейстерге мазмұнында иалдауға қажетті барлық ақпараты бар кейстерді жатқызуға болады. Кейсті «жандандыру» үшін оны студенттерді анализ жасауға қажетті қосымша ақпарат іздеуге талпындыратындай етіп құру керек. Мұндай ерекшелік кейстің дамуына және ұзақ уақыт бойы өзекті болып қалуына жол береді.

Кейстер әртүрлі формада берілуі мүмкін: бір бетте бірнеше сөйлемнен бірнеше бетке дейін ауытқиды. Дегенмен, студенттерге үлкен кейстер кішігірім кейстерге қарағанда, әсіресе кейспен алғаш рет жұмыс істегенде қиын болып көрінуі мүмкін.кейстің мазмұнында бір ұйымның бір оқиғасы сипатталуы мүмкін немесе көптеген ұйымдардың ұзақ жылдар бойғы даму тарихы берілуі мүмкін. Кейске атақты академиялық модельдер енгізілуі немесе олардың ешқайсысына сай келмеуі мүмкін.

Кейстерді жасаудың белгілі бір стандарты жоқ. әдетте, кейстер басылған түрде немесе электронды түрде болады, дегенмен, мәтінге фотографиялардың, диаграммалардың, кестелердің енгізілуі оны студенттер үшін көрнекті етеді. Аудио- немесе видео- түрінде берілген ақпаратқа қарағанда басылған немесе электронды түрдегі ақпараттармен жұмыс істеп, талдаған жеңілдірек болады; алуан түрлі интерактивті түрде қарау мүмкіндігінің шектелуі алғашқы ақпараттың өзгеруіне (бұрмалануына) және қателіктерге әкеп соғады. Соңғы уақытта кейстерді көрсету мультимедиасы кең таралуда. Кейстерді көрсету мультимедиасының мүмкіндіктері жоғарыда аталған қиындықтарға жол бермеуге мүмкіндік береді және оның мәтіндік ақпарат пен интерактивті видео көріністі ұштастыру артықшылығы бар.

Сюжетінің болу-болмауына қарай кейстер сюжетті және сюжетсіз болып бөлінеді. Сюжетті кейстерде әдетте болып кеткен оқиғалар туралы әңгімелер болады, тұлғалар мен ұйымдар әрекеті енгізіледі. Сюжетсіз кейстерде сюжет жасырын болады, өйткені сюжеттің айқын мазмұны айтарлықтай деңгейде проблеманың шешімін көрсетеді. Сырттай олар ситуацияның диагностикасын жасауға, сюжетті қайта құруға көмектесетін статистикалық материалдардың, есептеулердің жиынтығы болып көрінеді.

Материалдың кезеңділігі де кейстің жанрлық ерекшелігін көрсетеді. Өткен уақыттан қазіргі уақытқа өту режиміндегі кейстер оқиғалардың табиғи уақыттық кезеңділігімен сипатталады, себеп-салдар байланыстарын жақсы анықтауға мүмкіндік береді. Яғни мұнда уақыт кері есептеле алады: кейіпкерлер кейбір нәрселерді еске түсіреді, еске түсірілген оқиғалар үзік-үзік, көбінесе жүйесіз, үзінділі болып келеді, бұл уақыт кезеңдерін (тізбектерін) қайта құруда қиындықтар туғызады. Бұл жұмыстың мәні бойынша кейстің анализі (талдауы) ситуацияны қайта құруға, белгілі бір танымдық парадигма аспектісінде мәнге ие болуға әкеледі.

Соңында, болжамалық кейстер жуырда өткен және осы уақыттағы оқиғалардың айтарлықтай толық сипаттамасын береді, «кейіпкердің» болашақтағы әрекеттерінің ең жақсы жолдарын анықтау міндетін қояды.

Кейстің субъектісі ретінде кім болуына қарай оларды шартты түрде бөлуге болады:

  • жекешелік кейстер, мұнда нақты тұлғалар, менеджерлер, саясаткерлер, жетекшілер әрекет етеді;

  • ұйымдастырушылық-институциялық кейстер онда ұйымдар, мекемелер, олардың бөлімшелер әрекет ететіндігімен ерекшеленеді;

  • көпсубъектілі кейстерге әдетте бірнеше әрекет ететін субъектілер енеді.

Кейстің үлкендігі оның мақсатына байланысты болады. Көлемі бір не бірнеше бет болатын мини-кейстер екі сағаттық практикалық жұмысқа арналуы мүмкін. Орташа көлемді кейстер әдетте екі сағаттық уақытқа жасалады, ал бірнеше ондаған беттен тұратын көлемді кейстер бірнеше практикалық сабақтарда пайдаланылуы мүмкін.

Қосымшасы бар және қосымшасыз кейстер де болады; әдетте қосымшасы бар кейстерде статистикалық ақпараттарды есептеу және талдау дағдыларын қалыптастыруды көзделеді.

Әдістемелік бөлігінің типі бойынша сұрақ кейстер болады, оларды шешу барысында студенттер қойылған сұрақтарға жауап беру керек, немесе міндеттер мен тапсырмалар шығаратын тапсырма-кейстер болады.

Тәжірибелер нәтижесі тек қана ғылыми және методикалық емес, сондай-ақ жанрлық жағынан жан-жақты жетілдірілгенде ғана кейс эффективті оқыту- әдістемелік шығармаға айналатынын көрсетті.

Кейстер көздері.

Кейс оқытушының ғылыми-әдістемелік іскерлігінің нәтижесін көрсетеді. Интеллектуалдық өнім ретінде оның өзінің көздері бар, оларды төмендегідей түрде көрсетуге:

  • алуан қырлы қоғамдық өмір кейстің сюжет, проблема және фактологиялық базасының көзі ретінде орын алады;

  • білім беру - сase-study әдісінде түйінделген оқу мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтайды;

  • ғылым – бейнелеу көрсеткіш ретінде кейстің үшінші көзі; ол аналитикалық іскерлікпен және жүйелі көзқараспен (подход) анықталатын кілт әдістемелер, сондай-ақ кейске және оны талдау үрдісіне түйінделген көптеген басқа ғылыми әдістер береді.

Кейстің негізгі көздерінің арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Берілген көзқарас (подход) кейстердің негізгі көздерге әсер ету деңгейі бойынша жіктемесінің негізіне салынған.

Мұнда келесілерді айтуға болады:

  • тәжірибелік кейстер, олар нағыз өмірлік ситуацияларды көрсетеді;

  • оқыту кейстері, олардың негізгі міндеті оқыту;

  • ғылыми-зерттеушілік кейстер, зерттеушілік әрекетке бағытталған кейстер.

Тәжірибелік кейстердің негізгі міндеті өмірлік ситуацияның егжей-тегжейлігін көрсету болып табылады. Мұндай кейстің мәні ситуацияның тәжірибелік, басқаша айтқанда «әрекет етуші (действующую)» моделін жасау. Мұндай кейстің оқытушылық міндеті оқушылардың жаттығуымен, олардың берілген ситуацияда білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын бекітумен ұштасады. Мұндай кейстер максималды түрде көрнекті және детальді болу керек. Олардың негізгі негізгі мәні оптималды іскерлікке өмірді тану және қабілетке мие болу болып табылады.

Әрбір кейс оқыту қызметін атқарғанмен бұл қызметтің айқындылық деңгейі әртүрлі кейстерде айырмашылық жасайды. Оқыту қызметі басым болатын кейстерде өмірді бірдей көрсетпейді:

- біріншіден, ол өмірде жиі болып тұратын типтік ситуацияларды көрсетеді, өзінің профессионалды іскерлік қызметінде ситуациялармен маман бұл ситуациялармен қақтығысатын болады;

- екіншіден, оқыту кейсінде бірінші орында оқу және тәрбие міндеттері тұрады, бұл оның өмірлік көрінісінде жағдайға байланыстылығын алдын ала айтарлықтай анықтайды; мұндағы ситуация, проблема мен сюжет ақиқат, тәжірибелік емес, өміршең болады; олар жасандылығымен, өмірдің аса маңызды және шыншыл детальдардан «жинақтылығымен» сипатталады; мұндай кейстің қоғамның нақты фрагментін түсіну үшін беретіні аз, дегенмен, ол міндетті түрде мұндай фрагментке көзқарасты қалыптастырады, ситуацияның типтілік жағын көрсетеді және ситуацияны аналогияны қолдану арқылы талдау қабілетін анықтайды.

Мұндай сипатқа зерттеушілік кейстер де ие. Оның негізгі мәні ситуация туралы жаңа білім алудың және бұл ситуацияда ірекет жасаудың моделі болып табылуында. Мысалы, мұндай кейсті менеджменттің типтік курсын оқитын қарапайым студенттерді оқытуға пайдалану қиынға соқтырады. Бұл жағдайда кейстің оқыту қызметі модельдеу әдісін қолдану арқылы ғылыми зерттеу дағдыларын үйретумен ұштасады. Сондықтан оны жоғары профессионалды білім берудің негізгі білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді оқыту әдісі ретінде емес, біліктілігін жоғарылату немесе мамандарды профессионалды қайта дайындау әдісі ретінде пайдаланған жөн. Зерттеушілік қызметінің басымдылығы мұндай кейстерді ғылыми-зерттеушілік жұмыстарда ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталып кеткен кейс көздері базалық немесе бірінш реттік болып табылады, өйткені олар кейске әсер етудің аса маңызды факторларын анықтайды. Оған қоса, кейстер қалыптасуының қосалқы (екінші реттік) көздерін атауға болады, олар жоғарыда сипатталған базалық (негізгі) көздерден туындайды:

1. Көркем және публицистикалық (басылым әдебиеті) әдебиеті, ол идеялар беруі мүмкін, ал кейбір жағдайларда гуманитарлық пәндер бойынша кейстердің сюжеттік тізбегін анықтай алады. Публицистика фрагменті, БАҚ-нан алынған ақпараттың енгізілуі кейсті өзекті етеді, студенттердің қызығушылығын арттырады. Көркем әдебиеттің және публицистиканың қолданылуы кейстің мәдени қызметін арттырады, студенттің өзіндік дамуына ықпал етеді.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-072205

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>