1137660
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеКонспектыКонспект на тему "Көшбасшы белгілері"

Конспект на тему "Көшбасшы белгілері"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Бірінші қасиет. Мінез-құлық: жартастай берік бол! Өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әрекет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады. Күйзеліс мінез-құлықты қалыптастырмайды, алайда оны айқындап ашады. Үлкен қиыншылық – жолайрыққа апаратын, адамды таңдау үстіне қоятын, өзгерісті сәт: не мінез-құлық көрсету не мәмілеге келу. Жағымсыз салдарға апарса да адам мінез-құлықты таңдаса, өзін шыңдай түседі. Мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылықты қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз. Адам мінез-құлық жайлы не білу керек?
Кез-келген адам өз мінез-құлқымен өзін тұлғамын деп айта алады, бірақ оның қаншалықты рас екенін ісі арқылы білуге болады.
Дарын – сый болса, мінез-құлық сіздің өз таңдауыңыз. Біз таңдау жасаған кезде, мінез-құлықты да қалыптастырамыз – қиыншылықпен күресу не қуысқа тығылу, оңай ақша табу не оның толық құнын төлеу.
Мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке әкеледі. Әр кез көшбасшылық басқа адамдарды тартуды білдіреді. Егер сіз босаң мінезді екеніңізді адамдар білетін болса, ешқашан сіздің артыңыздан ермейді.
Көшбасшылар мінез-құлықтың шегінен ары аса алмайды. Сіз жетістікке жете салып, басын жоғалтқан дарынды адамдарды көріп пе едіңіздер? Оның кілті – мінез-құлықта жатыр.
Өзіңіз айтқан сөздер мен істеріңіз бір-біріне қаншалықты сай келеді? Қандай да бір істі соңына дейін апарамын деген сөзіңізде қаншалықты тұрасыз? Егер балаларыңызға концерттік орындауға дейін немесе футбол басталғанға дейін бір затты істеуге уәде берсеңіз, не істейсіз? Сіздің қол алысуыңызға заң жүзінде рәсімделген келісім шарт ретінде сене алады ма? Нағыз мінез-құлық дегеніміз – ішкі жан-дүниеңіздің кең болуы.

Екінші қасиет. Харизма: бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады!

Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Адамның басқа мінез-құлқы сияқты оны да дамыта алады. Басқаларға өзіңізді тартымды қылу үшін не істеу керек?
Өмірді сүю.
 Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді. Егер адамдарды тартқыңыз келсе, кіммен араласқанды жөн көрсеңіз, соған ұқсас болуға тырысыңыз. Сіз араласқысы келетін адам қандай? Ұрысқақ па? Айтқанынан қайтпайтын қырсық па? Түңіліп жүретіндер ме? Әрине, жоқ. Олар өміріне риза, позитив, наразылық танытпайды. Ең бастысы өмірді сүйеді!
Әр адамға жоғары баға қою.
 Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе, сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы. Бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді. Джак Визельдің айтуы бойынша «Өз күшімен миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады. Іскер кісілердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре алатындығы»
Адамдарды үміттендіру.
 Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.
Тәжірибеңізбен бөлісу.
 Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар тәжірибені айта жүріңіз. Сіздің біліміңіз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне жарасын. 
Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек. Шынайы харизма, өзін ойлау емес, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет! Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға бұру. Бұл – харизма!
Үшінші қасиет. Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: іскерлердің ауызбен орақ оратындардан басты айырмашылығыІске жан-тәнмен берілудің шынайы табиғатын қарастырайық. Іске адалдықтың басы жүректе жатады. Егерде сіз көшбасшылық әрекеттеріңізбен басқалардың өмірін жақсы арнаға бұрғыңыз келсе, мақсатыңызға адал екеніңізді көру үшін жүректің терең түбіне үңіліңіз. Іске адалдық нақты іс-әрекеттермен айқындалады. Іске адалдықтың жалғыз өлшемі – іс-әрекет.
 Артур Гордон айтқандай: «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ». Ал сіз өз алған міндеттерді орындау барысында, іске адал боласыз ба?
Іске адалдық – жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Көшбасшы ретінде сіз – көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап боласыз. Алға жылжытатын жалғыз күш – сіздің ісіңізге деген адал болуыңыз.
Өз мақсаттарыңызға жете аласыз ба? Сіз жүзеге асыра алатын және оған мүмкіндігіңіз жететін нәрсені орындадыңыз ба? Сізге адамдар сеніп, сіздің артыңыздан ілеседі ме? Егер жауабыңыз оң болмаса, онда сіз ісіңізге адал емессіз! Төртінші қасиет. Дұрыс қарым-қатынас жасай білу
Мына төрт негізгі ұстанымдарды орындасаңыз, тиімді коммуникатор боласыз:

  1. Ойыңызды ықшамдаңыз. Қарым-қатынас – сіздің айтатын сөзіңіз ғана емес, оны қалай айту да маңызды. Ең тиімді қарым-қатынас – ол қарапайымдылық. Адамды еліктіріп алу үшін қатты сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ. Егер адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, қарапайымдылыққа ұмтылыңыз. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына: «Ширақ болыңдар, ширақ болыңдыр, ширақ болыңдар!» деп қайталай беретін.

  2. Нақты адамды көре біліңіз. Бір ғана адам болсын, топ болсын, адамдармен араласу барысында өздеріңізге мына сұрақты қойыңыз: менің тыңдаушыларым кімдер? Оларды қандай мәселе алаңдатады? Олардың қай мәселесін көтеру керек? Менің қанша уақытым бар? Коммуникатор болам десеңіз, тыңдаушыларыңызға қарай істі бағыттаңыз.

  3. Адамдарға шындықты көрсетіңіз. Әр бір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялатады. Тыңдаушыларыңыздың сеніміне кірудің екі жолы бар: бірінші – айтып тұрғаныңызға өзіңіз сену, екінші – айтқаныңызды жүзеге асыру.

  • Қарсы реакцияны күтіңіз. Тыңдаушыларыңызға көп мәлімет беру арқылы олармен қарым-қатынастамын деген қате түсінік. Әрдайым олармен сөйлескенде, бірдеңе сезінуіне, есте сақтауына, істеуіне мүмкіндік беріңіз. Бесінші қасиет. Біліктілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді. Әр күн сайын біліктілігіңізді көрсету. Бірдеңені күткенде, жауапты адамдар қол қусырып отырмайды, өздерін көрсете бастайды. Бірақ шынайы құзырлы адамдар бір қадам алда жүреді. Олар өз ниеттерін көрсетіп қана қоймай, кез-келген жағдайға дайын екенін көрсетеді.

  • Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыз. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Мінсіздікке жету үшін «Не себепті?» деген сұраққа жауап іздеп отыру керек. Соңында, нені және қалай істеу керектігін білетін адамның әр кез жұмысы болады. Ал не себепті істеу керек екендігін білетін адам әр кез бастық болады.

  • Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам білікті бола алмайды. Көшбасшы ретінде біз адамдарымыздан істі аяғына дейін істейтінін күтеміз. Ал өз кезегінде олар бізден дәл осыны және бұдан да жоғарғы нәтижені күтеді.

  • Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шындығында, білікті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.

Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады. Алтыншы қасиет. Ерлік: ерлігі бар адам, көп адамға тең. Істеріңіз қиын шешімдерді талап еткенде, шынайы ерлік туралы мынаны білуіңіз керек:

  • Ерлік сіздің ішіңіздегі күрестен басталады. Көшбасшы ретінде кездесетін әрбір сынақ, өзіңізбен күресу арқылы жүреді. Ерлік үрейдің жоқ болуын білдірмейді. Негізінде ол қорқыныш тудыратын нәрсемен күресу болып табылады.

  • Ерлік жай ептілікті ғана емес, дұрыс әрекет етуді де білдіреді. Ерлік бір сәттегі шешім қабылдаумен немесе тамаша ойдың келе қалуымен емес, қағидалармен жұмыс істейді. Егерде сіз өзіңіздің мықтылығыңызды және оған себепші болатын сенімділігіңізді қашан көрсету керектігін білетін қасиетке ие болмасаңыз, ешқашан білкті көшбасшы бола алмайсыз!

  • Көшбасшыға тән ерлік артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем береді. «Ерлік жұқпалы, — дейді Билли Грэм. Батыр адам өзінің мықтылығын көрсеткен кезде, қасындағылардың да омыртқасына салмақ түсіп қатаяды». Кез-келген адам ерлік көрсеткен сайын, басқаларды да мықты қыла бастайды. Ал көшбасшының ерлік көрсетуі қоршағандарға дем беріп, рухын көтереді.

  • Сіздің өміріңіз сіздің ерлігіңізге пропорционалды түрде кеңейіп тереңдей түседі. Бринтандық дін маман Джон Генри Ньюмен айтқандай: «Өмірім соңына жетті ме деп қорықпаңыз, ол әлі басталмады ма деп қорқыңыз». Ерлік өмірді жақсы бастауға ғана емес, жарқын болашағыңызға да зор мүмкіндік береді. Қорқыныш дегенді жеңе біліңіздер.


Общая информация

Номер материала: ДБ-173523

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и Охраны исторических памятников»
Курс повышение квалификации «Информационная этика и право»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.