Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Конспект на тему литосфера.

Конспект на тему литосфера.

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2395c995.gifhello_html_6a32b76f.gifhello_html_763618ee.gifСабақ 46

Күні: 26.02.15

Сынып: 7 А

Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары, Кордильердегі биіктік белдеулер

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Солтүстік Американың табиғат зоналарымен таныстыра  отырып, олардың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталу.

2.Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеті мен икемдігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін күнделікті пайдалана білуге үйрету.

3. Тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың табиғат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Солтүстік Америка табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы сияқты тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға байланысты. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы солтүстігінде Еуразияға көбірек ұқсайды. Бұл материктердің көршілес орналасуы мен геологиялық даму тарихының ортақтығына байланысты.

Арктикалық шөл зонасы материктің солтүстігіндегі Гренландия аралы мен Канаданың Арктикалық архипелагын алып жатыр. Қысқа, әрі суық жаз мезгілінде мұз бен қардан бос батпақты, тасты жерлерде сирек мүк пен қына өседі. Бұл зонада мұз дәірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді. Оның қалың, әрі ұзын қара-қоңыр жүні суықтан жақсы қорғайды. Қой-өгіз ерекше қорғауға алынып, Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген.

Тундра зонасы материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтүстігін, Лабрадор түбегін қамтиды. Табиғат жағдайлары Еуразиядағы тундра зонасымен ұқсас. Солтүстік Американың тундра зонасына солтүстік бұғыларының айрықша түрі – карибу тән. Тундра зонасы батысында Кордильераға қарай таулы тундраға, ал оңтүстігінде ағаштар араласып, орманды тундраға, одан біртіндеп тайгаға ұласады.

Тайга зонасы Кордильераның шығыс беткейінен басталып, Атлант мұхитына дейінгі кең алапты алып жатыр. Топырағы күлгін. Қылқан жапырақты ағаштардан қара және ақ шырша, көгілдір шырша, бальзамды май қарағай, америка бал қарағайы және қарағайлардың бірнеше түрі кездеседі. Жануарлардан қара аю – барибал, гризли аюы, канада сілеусін, америка қара күзені, бұлан, вапити бұғысы мекендейді, қорықтарда орман бизоны сақталған.

Негізінен биік ағаштардан тұратын мұндай ну орман Жер шарының басқа ешбір жерінде кездеспейді. 1500 м биіктікте ормандар сиреп, таулы тундраға ауысады. Қылқан жапырақты ормандар 40ºс.е.-тен оңтүстікке қарай таулы субтропиктік ормандарға ұласады. Мұнда жасы төрт мыңға деін жеткен мәңгі жасыл секвоя, мамонт ағашы деп аталатын алып секвоя және қантты қарағай, мәңгі жасыл емендер өседі.

Аралас және жалпақ жапырақты, ауыспалы ылғалды ормандар материктің климаты анағұрлым ылғалды, жұмсақ болып келетін шығыс бөлігін бойлай, оңтүстікте Мексика шығанағы жағалауына дейін таралған. Аралас ормандарға орманның сұр топырағы, жалпақ жапырақты ормандарға орманның қоңыр топырағы, ал ауыспалы ылғалды ормандарға сары және қызыл топырақтар тән болады. Аралас ормандарға сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай басым өседі.

Жалпақ жапырақты ормандарда емендердің ондаған түрі, каштан, платан, қызғалдақ ағашы, орман жаңғағы, жапырағын түсіретін магнолия, жабайы жеміс ағаштары өседі. Бұл ормандар Аппалач тауының биік бөліктерінде ғана сақталып қалған. Ауыспалы ылғалды ормандар субтропиктік белдеуде таралған. Мұнда қарағайдың субтропиктік түрлері мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін ағаштар: шамшат, емен, магнолия, орман жаңғағы мен аралас өседі. Құрғақ жерлерде қарағай мен ергежейлі сабаль пальмасы, өзен бойларындағы батпақтарда осы жерге ғана тән батпақ кипарисі таралған. Флорида түбегінің оңтүстігінде арнайы қорғауға алынған Эверглейдс батпағы орналасқан.

Шығыстағы ормандардан Кордильераға жүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми беру салдарынан меридиан бағытында орналасқан орманды дала, дала зоналарын қалыптастырады. Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далаларды прерий деп атайды. «Прерий» француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз. Прерийде жылу мен ылғал жеткілікті болғандықтан қара және қара қоңыр топырақтарда биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз шалғын, бидайық, бизон шөбі және т.б. астық тұқымдасты өсімдіктер қалың болып өседі.

Кордильераның ішкі аудандарындағы қара жусан мен алабота басым өсетін шөлейттер Мексика таулы қыратында субтропиктік шөлдерге ауысады. Субтропиктік шөлдерде құрғақшылыққа бейімделген ағаш тәрізді катусалоэ, сүттіген, опунция, юкка сияқты ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер – суккуленттер (латынша «шырынды») көп таралған.

Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарында қызыл топырақта саванна және ылғалды мәңгі жасыл ормандар таралған. Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы жөнінен Оңтүстік Америкаға ұқсас. Ормандар негізінен пальмалардан тұрады, орхидеялар, ағаш тәрізді папортниктер кең таралған. Жануарлар дүниесі кең танаулы маймылдар, ягуар, сауыттылырдан, әр түрлі әдемі құстардан, қан сорғыш жарқанаттардан, скунс, қалталы егеуқұйрық – опоссумдардан, баурымен жорғалаушылардан тұрады.

Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғат жағдайлары күшті өзгеріске ұшыраған. Мұнда табиғи өсімдіктер орнын әр түрлі тропиктік дақылдар: қант құрағы, цитрустар, банан және мақта, күріш, темекі плантациялары алып жатыр.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан?

2. Ендік бағытта орналасқан зоналарды атаңдар.

3. Прерий дегеніміз не, оның Еуразияның дала зонасынан қандай айырмашылығы бар?

Қорытынды: Қорытындылай келе, қазіргі кезде адамдардың қарқынды шаруашылық әрекеті табиғи апаттың жиілігін күшейтетіні белгілі болып отыр. Сондықтан Солтүстік Америка елдерінде табиғатты қорғау бағытында ортақ заңдар қабылданып, елдер арасында өзара келісімдер жасалған. Ұлттық парктер мен қорықтар санының көбеюі осыны дәлелдейді.

Үйге тапсырма: §33-оқу, мазмұндау. Кескін картаға табиғат зонасын салып келу.












Сабақ 47

Күні: 01.03.15

Сынып: 7 А

Сабақтың тақырыбы:  Солтүстік Американың халқы мен елдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік америка елдері мен халқының ерекшеліктері туралы, білім дерін қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Солтүстік Америка материгіндегі АҚШ, Канада, Мексика және т. Б. елдері туралы білім беру.
Дамытушылық: Солтүстік Америка елдері АҚШ, Канада, Мексика және  т. б. елдерінің  орналасу нүктелерімен таныстырып, ойлауға, дамытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, визуалды түрде саяхат жасау қабілеттерін одан әрі дамыту. Түрлі карталарды салыстыру, өздігімен презентациялар жасау қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету және әлем табиғатын үйрене келе, өз отанының табиғатын аялауға, сүюге, экологиялық біліммен біргелікте тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, баяндау
Құрал жабдықтары: Солтүстік Американың саяси картасы, атлас, кескін карта, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме балалар!

2. Сергіту сәті. «Ыммен түсіндіру» ойыны

 

1.      Жаңа тақырыпты меңгеру.
Жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырмалар бөлініп беріледі. Топтар тақырыпты алдымен жеке меңгереді. Белгілі уақыт өткен соң әрбір топта жұптық жұмыс басталады.  Топтық жұмыстан соң елшілер басқа топтарға барады,  топ мүшелері келген елшіге өздерінің меңгерген тақырыптарын толығымен түсіндіріп, сұрақтарына жауап береді. Елшілер барлық топтарды аралап болған соң, өз тобына оралып қай топтан нені үйреніп келгендерінің барлығын ретімен өз тобына түсіндіріп береді, сұрақтарына жауап береді.
Мұғалім жаңа тақырып бойынша  қысқа  анықтама жасайды.
Солтүстік Америкада д.ж-гі ең дамыған ел –
 Америка Құрама Штаттары орналасқан. АҚШ-тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр.Америка Құрама Штаттары. АҚШ-ры жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады. Астанасы Вашингтон қаласы.Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады.  АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала – машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт  қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген.
Канада – д.ж-де жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін 2-ші орын алады. Канада жерінің ауданы 9 млн 970 мың км. Ел материктің солтүстік бөлігі мен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы – Оттава қаласы. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен солтүстік бұғысы – карибу тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық – эскимостар тұрады.
Канада ормандарға бай.  Мұнда америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Ормандарда терісі бағалы аңдардан бұлғын, күзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю – барибал, сілеусін, койот тіршілік етеді.
Елдің оңтүстік-батысындағы прерийді егіс далалары алып жатыр. Канада жылына шамамен 40 млн. тонна бидай өнімін, жинақтайтындықтан, астықты басқа елдерге де сатады.
Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен орындары бар. Ұлы жазықта мұнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзендерінде  арзан қуат көзі, ірі су электр стансалары салынған.
Канаданың табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 ұлттық парк жұмыс істейді. Ең ірілері – Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған ұлттық парктерде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қажетті жағдайлар жасалған.
Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңіздеріндегі Үлкен және Кіші Антиль аралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел – Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады. Бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халықтың тұрмыс-тіршілігі Канада мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.
6. Топтар өздігінше меңгерген тақырыбы бойынша  Венн диаграммасын құрап елдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын плакатқа түсіріп, тақтада қорғайды.
7. Жаңа тықырыпты бекіту
8. Бағалаушылар өз тобындағы оқушыларға жеке-жеке қойылған бағалар туралы мәлімдейді. Бағалау қағазын мұғалімге тапсырады.
9. Үйге тапсырма. Солтүстік американың елдреі тақырыбын оқу, мазмұндау. Кескін картаға материк елдерін түсіріп келу.
























Сабақ № 48

Күні: 05.03.15

Сынып: 7 Ә

Сабақтың тақырыбы:  Мексика және Орталық Америка елдері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік америка елдері мен халқының ерекшеліктері туралы, білім дерін қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Солтүстік Америка материгіндегі Мексика және т. Б. елдері туралы білім беру.
Дамытушылық: Солтүстік Америка елдері Мексика және  т. б. елдерінің  орналасу нүктелерімен таныстырып, ойлауға, дамытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, визуалды түрде саяхат жасау қабілеттерін одан әрі дамыту. Түрлі карталарды салыстыру, өздігімен презентациялар жасау қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету және әлем табиғатын үйрене келе, өз отанының табиғатын аялауға, сүюге, экологиялық біліммен біргелікте тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, баяндау
Құрал жабдықтары: Солтүстік Американың саяси картасы, атлас, кескін карта

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме балалар!

2. Сергіту сәті. «Ыммен түсіндіру» ойыны

 

1.      Жаңа тақырыпты меңгеру.
Мексика – д.ж-де жерінің ауданы жөнінен жақсы орын алады. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен солтүстік бұғысы – карибу тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық – эскимостар тұрады.
Мексика ормандарға бай.  Мұнда америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Ормандарда терісі бағалы аңдардан бұлғын, күзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю – барибал, сілеусін, койот тіршілік етеді.
Елдің оңтүстік-батысындағы прерийді егіс далалары алып жатыр. Канада жылына шамамен 40 млн. тонна бидай өнімін, жинақтайтындықтан, астықты басқа елдерге де сатады.
Мексиканың жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен орындары бар. Ұлы жазықта мұнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзендерінде  арзан қуат көзі, ірі су электр стансалары салынған.
Табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде
 31 ұлттық парк жұмыс істейді. Ең ірілері – Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған ұлттық парктерде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қажетті жағдайлар жасалған.
Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңіздеріндегі Үлкен және Кіші Антиль аралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел – Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады. Бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халықтың тұрмыс-тіршілігі Канада мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.
6. Жаңа тықырыпты бекіту
7. Бағалаушылар өз тобындағы оқушыларға жеке-жеке қойылған бағалар туралы мәлімдейді. Бағалау қағазын мұғалімге тапсырады.
8. Үйге тапсырма. Солтүстік американың елдері тақырыбын оқу, мазмұндау.



Сабақ № 49

Күні: 11.03.15

Сынып: 7 А

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка Қорытындылау

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Солтүстік Америка туралы алған мәліметтерді қайталау.

2.Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеті мен икемдігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін күнделікті пайдалана білуге үйрету.

3. Тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Аралас

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Америка интербелсенді тақтамен жұмыс, слайд.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      



Солтүстік Америка табиғат зоналары




Тайга зонасы  Тундра зонасы  Арктикалық шөл зонасы 




Солтүстік Америкада д.ж-гі ең дамыған ел – Америка Құрама Штаттары орналасқан. АҚШ-тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр.

Америка Құрама Штаттары. АҚШ-ры жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады. Астанасы Вашингтон қаласы.Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады.  АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала – машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт  қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды.

Канада – д.ж-де жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін 2-ші орын алады. Канада жерінің ауданы 9 млн 970 мың км. Ел материктің солтүстік бөлігі мен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы – Оттава қаласы. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген.

Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңіздеріндегі Үлкен және Кіші Антиль аралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел – Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады.




Сабақты бекіту:



Солтүстік Америка материгінің құрамына кіретін ірі арал
A) Бермуд
B) Багам
C) Гренландия
D) Ямайка
E) Гаити
Дұрыс жауап: C 
 
Солтүстік Американың ең биік нүктесі
A) Элберт тауы
B) Робсон тауы
C) Мак-Кинли тауы
D) Аппалачи
E) Митчелл
Дұрыс жауап: C 
 
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп тұратын бұғаз
A) Гибралтар
B) Беринг
C) Дрейка
D) Магеллан
E) Мозамбик
Дұрыс жауап: B 
 
“Өлім аңғары” орналасқан материк
A) Оңтүстік Америка
B) Солтүстік Америка
C) Африка
D) Аустралия
E) Еуразия
Дұрыс жауап: B 
 
Солтүстік Америкада орналасқан, Жердегі ең ұзын тау жүйесі
A) Аппалачи
B) Митчелл
C) Кордильер
D) Мак-Кинли
E) Элберт
Дұрыс жауап: C 
 
Солтүстік Америкадан өтпейтін климаттық белдеу
A) Арктикалық
B) Қоңыржай
C) Экваторлық
D) Тропиктік
E) Субэкваторлық
Дұрыс жауап: C 
 
Солтүстік Америкаға көп апат әкелетін жел
A) Дауыл
B) Торнадо
C) Тайфун
D) Құйын
E) Күшті жел
Дұрыс жауап: B 
 
Ұзындығы бойынша дүние жүзінде үшінші орын алатын өзен
A) Миссури
B) Макензи
C) Миссисипи
D) Колорадо
E) Теннесси
Дұрыс жауап: C 
 
Солтүстік Американың “Үлкен өзен” деген өзені
A) Юкон
B) Макензи
C) Миссури
D) Колорадо
E) Огайо
Дұрыс жауап: B 
 
Дүние жүзіне әйгілі “Үлкен коньон” орналасқан тау жүйесі
A) Анды
B) Аппалачи
C) Кордильер
D) Митчелл
E) Мак-Кинли
Дұрыс жауап: C 
 
Солтүстік Американың Ұлы көлдерінің жүйесіне кіретін көлі
A) Виннипег
B) Онтарио
C) Виктория
D) Чад
E) Маракайбо
Дұрыс жауап: B 
 
Солтүстік Американың биік шөптер өсетін табиғат зонасын ... атайды
A) Шөл
B) Прерий
C) Шөлейт
D) Тоғай
E) Дала
Дұрыс жауап: B 
 
Йеллоустон ұлттық паркінде қорғауға алынған 
A) Өсімдіктер
B) Гейзерлер
C) Жануарлар
D) Құстар
E) Көлдер
Дұрыс жауап: B 
 
АҚШ-ты жер көлемі бойынша дүниежүзінде
A) 1-ші орында
B) 2-ші орында
C) 3-ші орында
D) 4-ші орында
E) 5-ші орында
Дұрыс жауап: D 
 
Солтүстік Американың қатал климатында өмір сүруге бейімделген халқы
A) Үндістер
B) Француздар
C) Эскимостар
D) Негрлер
E) Ацтектер
Дұрыс жауап: C 
 
Канаданың мемлекеттік тілдері 
A) Неміс, ағылшын
B) Ағылшын, француз
C) Испан, португал
D) Португал, ағылшын
E) Француз, неміс
Дұрыс жауап: B 
 
Канаданың мемлекеттік туында бейнеленген ағаштың аты 
A) Қарағай
B) Қайың
C) Шырша
D) Үйеңкі
E) Емен
Дұрыс жауап: D 

 

Үй тапсырмасы: Солтүстік Америка материгін қайталау.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Сабақ № 10

Күні: 18.11.14

Сынып: 5 Ә

Сабақтың тақырыбы: Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жердің кұрылысы (жер қыртысы, мантия, ядро); жер қыртысы (материктік, мұхиттык); тау жыныстары (магмалық, шөгінді, метаморфтық) жыныстарымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: Аралас

Оқыту құралдары: Карта, атлас, оқулық.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру

II Үй жұмысын тексеру

III Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ жаңа материалды оқушыларға мұғалімнің түсіндіруінен басталады. Мұғалім жаңа материалды өтуге окушыларды дайындау және "Дүниетану" курсымен байланыстыру мақсатында: "Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер? Біз тұратын облыста, ауданда қандай кен орындары бар?" деген сияқты сүұактар қояды. Бұл сұрақтар оқушыларға қажетті тірек білімдерді естеріне түсіруге және олардың таным белсенділігін арттыруға көмектеседі. Жер шарының беті қатты қабықпен қапталған деп мұғалім жаңа материалды түсіндіруді бастайды. Осы қатты қабықты литосфера деп атайды (грекше Іііоз - тас, врһаіга - шар). Жер кыртысының көтеріңкі бөліктері материктер мен аралдар болып саналады. Ал жер қыртысының басқа аласа бөліктерінің көпшілігін мұхиттар мен теңіздерді құрайтын су басып жатыр. Сол сияқты су кұрлық бетінің ой жерлерін толтырып, келдерді, езендерді, батпақтарды, сонымен бірге мұздыктарды және жер асты суларын кұрайды. Осы су массаларының бәрі Жер шарының су кабығын немесе гидросфераны құрайды (грекше һусіог - су).

Жер шарының сыртын ауа кабығы немесе атмосфера коршап тұрады (грекше аітов - ауа немесе бу). Оның биіктігі 1000 км-ге дейін барады. Кейінгі кезде зымырандар және жер серіктерінің көмегімен 20000 км биіктікте тығыздыгы планетааралық кеңістіктің тығыздығынан аз-ақ айырмашы-лығы бар ауа белгісі байкалған. Атмосфера Жердің ең сырткы қабығы болғандыктан оған ғарыштың, соның ішінде, әсіресе Күннің әсері өте катты тиеді. (Осы жерде "Литосфераның кұрылысы" таблицасы пайдаланылады).

Жерде тіршілік ететін түрлі ағзалар, яғни микроскоптың бактериялардан бастап адамға дейін Жердің ерекше кабығы - биосфераға жатады (грекше Ьіоз - тіршілік). Тіршілік ауада, суда және Жердің беткі кабығында таралған.

Осыдан кейін мұғалім Жер шарының ішкі кұрылысына токталады. Оқулықтағы суретті, "Жер шарының ішкі құрылысы" кестесін немесе тактаға салынған суретті пайдалана отырып Жер негізінен үш бөліктен тұратынын айтады. Жер кыртысы материктік бөліктерде 30-80 км, ал мүхиттык бөлікте 5-10 км аралығында екенін ғалымдар таяу уақытта аныктады. Одан кейін мұғалім жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдың тау жыныстарынан тұратын қабаты литосфера деп аталатынына окушылардың назарын аударады және ол ірі тақталардан тұратынын айтады.

Мантияның астында Жердің ядросы орналаскан. Ол сырткы және ішкі ядро болып бөлінеді. Осы қазірге дейін оның неден тұратыны жайлы болжамдар әр түрлі болып келеді. Көбінесе кремний мен никель араласып балкыған темірден тұрады деп жорамалданады.

Ал жер қыртысын зерттейтін әдістер және оның қажеттілігі жайлы мұғалім оқушыларға өз беттерімен оқулық мәтінінен тауып оқуды ұсынады. Оқушылар мәтінді оқыған соң, оларга мына мәселелер жайында пікір айту ұсынылады:

Сабақты бекіту: Ертеде Жер туралы кандай мәліметтер болған?

1. Жер кыртысын бұрғылау әдісімен зерттеуге бола ма? Жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және оны өзгерткен кұбылыстар туралы қалай мәлімет алуға болады?

2. Сейсмикалық әдіс жер қыртысы кандай жыныстардан тұратындығын айқындай ма?

3. Жер қойнауын зерттеу ондағы кен байлықтарын игеруге жол аша ма?

4. Жер қойнауындағы үрдістерді біліп және соған қарай адам іс-әрекетін ыңғайлауға мүмкіндігі бар ма немесе апат кұбылыстардың алдын алуға мүмкіншілік бар ма?

Пысықтау мынадай сұрақтар қою арқылы жүреді.

1. Жер шарының сырткы кабықтарын атаңдар.

2. Жер шарының ішкі құрылысы қандай? Олардың қабаттарының қалыңдығы қандай?

3. Жер кыртысын не үшін зерттейді?

Үй тапсырмасы: Оқулықтың §17 "Жердің құрылысы" тақырыбын оқып, соңындағы сұрактар мен тапсырмаларға жауап беру.

Автор
Дата добавления 25.04.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров368
Номер материала 253555
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх