Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект на тему "Маңғыстау жеріндегі Сұлтан үпі мешіті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Конспект на тему "Маңғыстау жеріндегі Сұлтан үпі мешіті"

библиотека
материалов

Сұлтан үпі.

Маңғыстау жерінде сақталған аңыздар бойынша мұнда жергілікті халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген және жерленген делінеді. Олардың есімдері негізінен Маңғыстаудың кең даласында жоғалып кеткенмен, халық жадында кең тараған Шопан-ата, Масат-ата, Сұлтан-үпі, Қараман-ата, Шақпақ-ата, Қошқар-ата, Бекет-ата… сынды әулие-әмбиелер есімдері сақталған. Жергілікті тұрғындардың осы күнге дейiн олардың аттарын құрмет тұтып, мыңдаған зияратшылар олардың әруақтарына бас июге асығатын киелі орыны болып табылады. Бүгінгі таңда өлкедегі туризмді дамытуда маңызды элементтердің бірі болып табылатын, туристік саяхатшылардың болашақ бағыттары жобасына енгізілген, алдағы уақытта әлемдік қоғаммен мойындалып, жалпы адамзат құндылықтарының жинағына енетін «Сұлтан-үпі» тарихи-мәдени кешені туралы деректер назарларыңызға ұсынылады.
Маңғыстау өлкесінде көптеген тарихи орындар XII ғасырда өмір сүрген қазақ даласының ойшылы, ғұлама, поэзиядағы сопылық ілімнің насихатшысы Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты. Соның бірі Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 30 км солтүстік батыс бағытта, Сарытас шығанағына таяу, сай жиегінде орналасқан Сұлтан-үпі кешені болып саналады. Жердің тастақ қабатынан ойып жасалған Сұлтан-үпі есімімен байланысты жерасты мешіт бірнеше камералық бөліктерден тұрады, оған сайдың саты тәрізді жер бетінің рельефі жағынан көп сатылы жолдар жасалған. Мешіттің төбесінің мықтылығы үшін тас бағандармен бекітілген, бөлмелердің төбесінен жарық түсіру үшін ойықтар қалдырылған. Ескерткiштiң рухани-дiни бағыттағы сипаты Сұлтан-үпі жерасты мешітін 13-15 ғғ. салынған қандай да бір сопылық қауымның ханака-ғибадатханасы болған деген алғашқы болжамды қарастыруға мүмкiндiк бередi.
Жанында орналасқан шағын қорымшылықта сағана тамдар, жәшік тәріздес сандықтастар, құлпытастармен орнатылған қойтастар, тас плиталар көлденеңінен немесе тігінен тұрғызыла қаланған қоршаулар, әр түрлі пішіндегі қабірүсті құрылыстары сақталған.
Қорым аумағында неолит дәуiрiнiң кремний өнеркәсібінің көптеген сынықтары кездеседі.

1873 жылы Тбилиси (Тифлис) қаласында басылып шыққан «Предания адаевцев о святых секты ханафие, живших и умерших на Мангышлаке//Сборник сведений о кавказских горцах» 7-ші шығарылымында жазылған аңыз-деректерде Хакім ата (Сүлеймен Бақырғани) әйелінен Мұхаммед-қожа, Әскер-қожа, Құбби-қожа (қазақтар оны Сұлтан-үпі деп атаған) дейтін үш ұлды болады. Алғашқы екеуі Бақырған қаласынан 15 күн жолдық қашықтықтағы мектепте оқиды, ал соңғысы үй тәрбиесінде болады делінеді. Құбби-қожа киік аулаумен шұғылданып, әкесін қатты құрметтеген, оны киік етімен сыйлап, дәмді тағамдар дайындатқан. Құббидің кереметтері жайлы ел арасында аңыздар кеңінен тараған.



Автор мұнда Сұлтан-үпінің теңізде (Арал немесе Каспий) апатқа ұшыраған кемедегі адамдарды құтқаруы, әкесіне міндетті намазын оқу үшін Меккеге ұшып барып жүрмеуі үшін Қағбаны әкеліп беруі, тері мен сүйектен жануарды қайта тірілтуі тәрізді керемет қасиеттері жайында жазады.
Сүлеймен Бақырғани баласы Сұлтан-үпінің кереметтілігі өзінен асып түсетінін байқағаннан кейін, «Балам, екі қошқардың басы бір қазанға сыймас» деген. Бірде құрбан айт мерекесінде Хакім атаның мүридтері жиналып он өгіз сойып, келесі күні келген Сұлтан-үпіге ештеңе қалдырмастан жеп қойғаны, жалпы әкесінің баласына әр кез сенбестік білдіріп, сын көзбен қарағаны үшін ренжіп, әке-шешесімен қоштаспастан, көрінбей кеткені жайында жазылады.
Хакім ата жоқ болып кеткен ұлын ұзақ іздейді, бірақ таба алмайды. Мұны естіген Қожа Ахмет баласына дөрекі қараған Хакім атаға ренжіп, сенің молаңның үстінен қырық жыл бойы су ақсын деп бата береді. Хакім ата өмірден өткесін оны Бақырған қаласының маңына жерлейді. Көп ұзамай Үргеніш (Әмудария) өзені өз бағытын өзгертіп, Бақырған қаласын қиратып, оның үстімен ағады. Қырық жыл өткеннен кейін ғана қалпына келеді. Сөйтіп, Хакім атаның қабірі ашылып қалады. Хакім атаның үлкен балалары Мұхаммед-қожа мен Әскер-қожа інілерін іздеп Маңғыстауға келеді. Олар да белгілі, қасиетті адамдар болған. Мерет сайы маңында жерленген делінеді.

Cұлтан-епе жоқ боп кеткеннен кейін жүз жыл өткесін Маңғыстауда ноғайлар көшіп жүрді. Осы күнгі Сұлтан-үпі сайының маңында көп үйлер орналасып, соның бірінде бала оқытатын бір молда болыпты. Оның шәкірттері ішінде Хайролла есімді өзі ақсақ, аурушаң бала бар еді. Оны мектепте молда, үйінде тумаластары сабап қорлық беретін болған. Бірге оқыған жолдастары да күн көрсетпейтін. Бір сөзбен айтқанда өмірдегі бар қиындықты көріп жүрген бір мүсәпір еді. Мұндай қайғыға шыдамай ол бір күні дала кезіп кетіп, «бұл өмірде енді менің көрер рахатым жоқ қой» деп ойлап, өзін-өзі өлтіргісі келді. Ұзақ жүрістен шаршаған ол бір тастың үстіне келіп отырады. Кеудесін ұрып жылап отырып, ұйықтап кетеді. Ұйықтап жатқанда оған бір бейтаныс адам түсіне еніп «Жылама ұлым, аузыңды аш» дейді. Хайролла оның айтқанын істейді. Бейтаныс адам оның аузына түкіреді. Сол бойда оған мол ақыл мен білім енеді. Бейтаныс оған: – ұйқыңнан тұр шырағым. Осы даламен жүре бер. Жолыңда тас үстінде отырған бүркітті көрерсің. Сол жерден мешіт сал, – дейді. – Мен әлсізбін, орнымнан тұра алмаймын. Бір тасты да көтеру қолымнан келмейді ғой, – деген Хайроллаға әлгі бейтаныс: – Мен Сұлтан-үпімін. Тасты көтереріңде: «О, Сұлтан-үпі» десең болды, жеңіл көтеріледі, содан кейін керек жеріне қоя берерсің – дейді де көзден ғайып болады. Ұйқысынан оянған Хайролла оның айтқанымен дала кезіп жүре береді. Көп ұзамай бүркітті де көреді. Ол жақындағанда бүркіт «О, Сұлтан-үпі» дейді де ұшып кетеді.

Жерді жақсылап белгілеп алған Хайролла өзінің бұрынғы ұстазына қайтып келеді. Оның сабақты қойып, көптен көрінбей кеткеніне ренжіген ұстазы қолына кітап беріп «Оқы» дейді. Хайролла ешқандай қиындықсыз оқиды.

Оған таң қалған молда тағы да бұрын оқылмаған жаңа сабақтың жеті бетіндегі сұрақты қояды. Бір рет көз жүгіртіп өткен шәкірті әлгі сұрақтарға ғалымның жауап бергеніндей қылып қайтарады. Осылай Хайролла халық арасында кереметтілігімен танылады. Осыдан кейін көп ұзамай баяғы бүркіт көрген жерінен мешіт салады, сұпы атағын алады.

Ташкент қаласының мұрағатында «Туркестанские ведомости» газетінің 1900 жылғы № 97 санында және 1904 жылғы № 37 санында Әбубәкір Диваев Айша бибі туралы деректер беріпті. Онда ғалым Түркістан қаласының оңтүстік жағындағы 20 шақырымдай жердегі ХІІ ғасырда салынған Айша бибі мазары жөнінде айта келіп, оның әке-шешелері туралы да жазыпты. Айша бибінің әкесі Сүлеймен Бақырғани, яғни Хакім ата, шешесі Әнбар бибі. Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы – 1186) – сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, «Түркістан пірі» атанған Қожа Ахмет Яссауидің атақты төрт шәкіртінің бірі. Түркістан қаласында дүниеге келген. Са¬марқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білім алған. Атақты түрколог А. Бо¬ровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін жалғастырып, түркі тілінде діни хикметтер жазған, әулие дәрежесіне жетіп, ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген. Ғұлама кітаптарының түпнұсқасы сақталмаған, көшірме нұсқаларының жазылу мерзімі 15 ғасырға жа¬тады. 17 ғасырда жазылған қолжазба Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапха¬насы қорында сақтаулы. Оның көлемі 652 бет, 119-489 беттері бірыңғай Сүлеймен Бақырғанидің хикметтерінен тұрады. Ғалымның «Ақырзаман», «Бибі Мәриям» кітаптары діни мектептерде оқулық ретінде пайдаланылған. «Ақырзаман» даста¬нының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, мах¬шар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ. с.) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ. с.) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назар¬да ұсталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық кітапханасында «Хакім ата» кітабының 1878 жылы Қазан университеті баспахана¬сында жарық көрген нұсқасының фотокөшірмесі сақталған.

Ақынның имандылықты, ізгілікті жырлаған, білімділікке, сабырға, төзімділікке шақырған, нәпсіқұмарлықты, дүниеқоңыздықты, менмендікті, тәкаппарлықты сынаған өлеңдері мен өмірдің өткіншілігі жайлы ой-пікірлері кейінгі кезең ақындары шығармаларында жалғасын тапты.

Бақырғани кітабындағы қисса-дстандар желісімен 19 ғасырдың 2-ші жартысы мен 20 ғасырдың басында Ж. Шайхы¬сыламұлы, М. Ж. Көпейұлы, А. Сабалұлы, Ш. Жәңгірұлы, Е. Көлдейбекұлы, т. б. қиссашыл ақындар жыр жазды. Біздің заманымызға көшірме қолжазбалар арқылы жеткен ақын мұрасын жариялау ХІХ ғасырдың орта тұсында мықтап қолға алын¬ды. Алғаш рет 1846 жылы Қазан университетінен қадим әліпбиімен басылған Бақырғани шығармалары өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін он ал¬ты рет жарық көрді. Кешегі кеңес заманында түркі халықтарының әдебиет та¬рихына қатысты томдар мен жинақтарда ақын хикметтерінен үзінділер жариялан¬ды. Тек өткен ғасырдың соңына қарай 1991 жылы Ташкентте (Өзбекстан), 2000 жылы Қазанда (Татарстан) бұрын Қазан төңкерісіне дейін жарияланған ли-тографиялар негізінде қайта басылды. Сондай-ақ Бақырғанидың бірнеше хик-меттері Б. Сағындықов, Р. Ахметов және Н. Мәтбек тарапынан қазақшаға тәржімаланып, жарық көрді. Ақынның кітабы 1897 жылы Е. Маловтың «История общества археологи, истории, этнографии» (XIV) атты еңбегінде басылған. 19 ғасырдың соңында Е. Малов, Н. Маллицкий, Ф. Катанов, М. Көпрүлү, т. б. ғалымдар ғұлама еңбектерін зерттеген. Сүлеймен Бақырғани 82 жасында Түркістан қаласында дүние салады. Бұл кісінің еңбектері кейіннен орта және жоғары оқу орындарында еңбектері шыға бастайды, соның ішінде мұсылман ел¬дерінің басылымдарында жарыққа шығады.

Енді бір деректер бойынша, түркістандық ғұлама Қожа Ахмет Яссауи ұстаздарының көшбасшысы Арыстан баптың дарынды шәкірттерінің бірі, Орталық Азияда ислам дінінің орнығуына елеулі ықпал еткен Қарабура (Бурахан) әулиеден Қозы-Тегін, Эмбар бибі және Бегім ана тарайды. Қозы-Тегін туралы нақты дерек жоқ. Эмбар бибі Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Хакім ата Сүлеймен Бақырғаниға ұзатылған. Олардан Мұхаммед қожа, Асқар қожа, Хұбби қожа және Айша бибі тарайды. Эмбар бибі Хакім ата дүние салғаннан кейін түбі араб Зеңгі (арабшадан аударғанда қара түсті, негр деген мағынаны білдіреді) бабаға екінші рет тұрмысқа шығады. Эмбар бибінің сұлулығы, ақылдылығымен бірге көріпкел әулиелігі де болған. Оның кесенесі қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым жерде Асы өзенінің маңында орналасқан. Ал екінші қызы Бегім сұлу Санжар ханға тұрмысқа шығады. Бегім сұлу ақылына көркі сай, парасаты мол қыз болыпты. Бегім ана тазалықтың, адалдықтың символындай биікке көтеріліп, әркімнің-ақ жүрегінде ізгілік табын қалдырған әулие.

Қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист,тарихшы,фольклоршы,этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 1858-1859 жылдардағы Қашғарияға сапары күнделігінде «Айша бибі мен оның ағасы Ерқұбби Сүлеймен Бақырғанидан қалған. Ал Әнбар Зеңгі бабаға тұрмысқа шыққаннан кейін тағы бір балалы болады. Оның аты Әлиасқар» делінеді.
Этнограф Г.П. Снесарев Султан-Хубби (Сұлтан-үпі) есімінің негізінде иранның «об» – «су» деген сөзі жатқанын байқайды. Мысалы, оның негiзiн салушы «Оңтүстiк Қазақстанның тұрғындары арасында айтылатын елес туралы» адам пiшiндi су перiсi Убю рухы болып есептеледi. Екінші жағынан, Ташауыз облысының түрікмендерiнің айтуынша бұл көрінбей кеткен «әулие»: «Әулие Хакiм-атаның ұлы Султан-Уппи тірі кезінде қайда кеткені белгісіз, жоғалып кеткен. Бірақ одан көмек сұрағандарға көмектесетін болған». Алайда, Сұлтан-үпі әулие Каспий теңізінен алыс емес – сулы жерден, Маңғышлақтан табылады. Қазақтар күн күркіреп, найзағай ойнағанда немесе қатты су тасқыны болғанда «Сұлтан епе, сақтай гөр пендеңді су апатынан» деп жалбарынатын болған.
Сұлтан-үпі сайы мен құдығы да назар аударарлықтай. Жардан 6 м жерден ойып салынған Сұлтан-үпі құдығының таза, салқын және өте дәмдi суы бар. 1870 ж. П.Ломакин жазбаларында Сұлтан-үпі бұлағы айтылады, бiрақ құдықтар туралы мәлімет жоқ. Бұдан құдық кейіннен 19 ғасырдың аяғында салынған деп жорамалдауға болады. Архитектуралық стилі – маңғыстаулық кейінгі (19 ғасырдың соңғы ширегi) үлгі. Стилінiң ерекше белгiсi – әйкелі мен айналдыра қойылған тастар бір-бірімен үйлесе, құдықтың ішкі диаметрін дұрыс геометриялық қисық бойынша аузына қарай тарыла, қашалып тегістелуі өте шеберлікпен жасалған, сыртынан қарағанда әсем көрініс береді. Сұлтан-үпі сайы терең және әдемі. Сайдың түбімен жылғалар ағады. Сайдың баурайы мен түбінде бүлдірген, шатқал, мойыл және бабажапырақ, жiбек құрты, баттауықтың қалың бұталарына толы. Жыралы жартастарымен, жиектеріндегі шатқалдарымен үйлесе, қайталанбас әсем көрiнiстердi құрайды. Сай өзіндік көгалдылығымен көптеген жануарлар мен құстарды тартады. Бұл жерде қарсақ-түлкi, ұзын инелі кiрпi мекендейдi, құстардан көптеген қызғылт қара торғай, жасыл және алтын түстес щурка, суқарақұсы және т.б. ұя салады. Сайдың үстінен 3 км қашықтықта теңiз жағалауының ғажайып панорамасын тамашалауға болады.

Сұлтан-үпі жерасты мешітіне 2003 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алдын ала жүргізілген жүргізілген зерттеулер қорытындылары барлық тарихи кезеңдегі археологиялық ескерткіштер мен киелі мағынадағы объекттерді табуға болатынын көрсетеді. Ескерткішке 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Маңғыстауреставрация» әдейі ғылыми-жөндеу шеберханасы мамандарымен ғылыми-реставрациялық жұмыстар өткізілді. Жақында бұл діни-қабірлеу кешені маңынан сопылық жалбарынулар мен медитацияларға арналған болуы мүмкін жаңа жерасты үңгір-қуысы анықталды.

https://pp.vk.me/c408422/v408422255/e5c/Kqi0H5St0vQ.jpg

https://pp.vk.me/c619921/v619921255/1238/oxDbkoacywU.jpg





Сұлтан үпі құдірет күшке ие болған ба?

Қазақ жерінің батыс аймағындағы Маңғыстау өңірінде көрген көзді рухтандыратын, құпиялылығымен таңқалдыратын ХІІ-ХІІІ ғасырлардың ескерткіші саналатын Сұлтан үпі жер төлесі орналасқан. Сұлтан үпі жер асты мешіті Форт-Шевченко қаласының солтүстік –шығысынан 57 км жерде, Сарытас шығанағына таяу, Сұлтан үпі сайының жоғарғы жағында орналасқан. Алғашқы рет мешітті тазалау жұмыстары 1980 жылы жүргізілді. Ал 1993 жылдан мемлекеттік қорғауға алынды.


Сұлтан үпі жер асты мешіті

Сұлтан үпі жер асты мешіті

Жартасты ойып жасалған мешіт бір-біріне жалғасқан 11 бөлмеден тұрады. Мешіттің ішіндегі сырық ағаштары шаншылған екі дөңгелек тас қоршаудың ортасында Сұлтан үпінің зираты орналасқан. Мешіттен 6 метр қашықтықта орналасқан Сұлтан үпі құдығы назар аударарлықтай. 1870 жылы Ломакин жазбаларында ғана айтылған құдық ХІХ ғасырда салынған. Құдықтың архитектуралық стилі – маңғыстаулық ХІХ ғасырлық стильге өте ұқсас. Құдықтың ішіндегі әрбір тас бір формада қашалып, дұрыс қисық бойымен орналасып, аузына қарай тарыла бастайды. Тастардың тегістелуінде мін жоқ.

Сұлтан үпі жер асты мешітіСұлтан үпі жер асты мешіті

Ертеден айтылып келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенетін болсақ, Сұлтан үпі Хакім Сүлеймен Бақырғанидың кенже ұлы. Сұлтан үпінің азан шақырып қойған есімі Құбби қожа екен. Алғашқы екі ұлы Бақырған қаласынан 15 шақырым жердегі мектепке хат тануға кеткен. Ал кіші перзенті Құбби қожа үй шаруашылығында әке-шешесінің көмекшісі болып қалған деседі. Құбби қожаның күштілігін суреттеген халық оның әкесіне Қағбаны әкеліп бергенін айтады. Сондай-ақ, ол керемет аңшы, саятшы болғаны ұмыт қалмаған. Сұлтан үпінің кереметтілігінің ішінде, оның өлгенді тірілтетін қасиеті жайлы да айтылады.

Сұлтан үпі жер асты мешітіСұлтан үпі жер асты мешіті

Әфсана бойынша, әкесін аса құрметтеген және өз күшінен артық күшке ие болған ұлы Құбби қожаны Хакім ата алыс ұстап, жиі сынға ұшыратқан. Бір уақытта Хакім атаның муридтері жиналып он өгіз сойып, Құбби қожаға қалдырмастан өзара бөлісіп жеп қояды. Әкесінің алдыңғы қылықтарына және ағаларына ренжіп Құбби қожа қоштаспастан елінен кетіп қалады. Алайда, ұлын іздеген әкесі ашуланып, молаңның үстінен 40 жыл су ақсын деп қарғаған екен. Хакім ата өмірден озған соң, оны Бақырған қаласының маңына жерлейді. Алайда, Әмудария өзені бағытын өзгертіп, Хакім ата жерленген мекенді 40 жыл бойы су жуады. Сөйтіп әкесінің өз қарғысы, өзіне кері тиген. Бұл кенже ұлы жайлы айтылғанда, оны ешқандай қарғыс алмайтын кереметтілігі туралы да айтылады. Кіші інілерін ұзақ іздеген Құбби қожаның екі ағасы оның Маңғыстаудағы зиратын табады.

Құбби қожаның Сұлтан үпі аталуын халық көптеген аңыздарға негіздейді. Бірі, үпі сөзі – сопы сөзінен шыққандығын алға тартады. Ал оның жертөледе өмір сүруі соған дәлел деп қоя береді. Этнограф Г.П. Снесарев Султан-Хубби есімінің негізінде иранның «об» — «су» сөзі жатыр деп жазады. Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары оны Убю рухы деп есептейді екен. Ал Ташауыз түрікмендерінің айтуынша бұл табылмай кеткен Хакім-атаның Сұлтан Уппи ұлы деседі. Бірақ одан көмек сұраған кезде ол судан шығып, қол ұшын береді деп сенеді. Қатты найзағай ойнап, толастамай жаңбыр құйғанда «Сұлтан үпі, сақтай гөр пендеңді су апатынан» деп жалбарынатын сөз қалған.



«Маңғыстаудың жеті кереметі» 

1.Тамшалы 

2.Сұлтан-үпі 

3.Бекет ата жер асты мешіті. 

4.Бекет ата ескерткіші 

5.Шерқала 

6.Жығылған 

7. Қарақия ойпаты





Автор
Дата добавления 25.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров262
Номер материала ДВ-556034
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх