Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / " Математикалық сайыс -2016 "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

" Математикалық сайыс -2016 "

библиотека
материалов

«Математикалық сайыс-2016» математикалық ойыны.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. «Математикалық сайыс-2016» деген лента, оқушылардың тобының аты жазылған қағаздар.

Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде

Жоспары:

1.Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Тәжірибелік есеп
4.
Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер);
5.
Сиқырлы әріптер

6. Жұмбақтар;

7. Топ басшылар сайысы // жанкүйерлер сайысы.
Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”

Н.Ә.Назарбаев

2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

Р.Бэкон

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайық: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерін күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады




1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау

үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып

қойылған.Әділқазылар мүшесі:

1...........................................

2...........................................

3 .........................................

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Командаларға кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1.Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Тәжірибелік есеп
4.
Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер);
5.
Сиқырлы әріптер

6. Жұмбақтар;

7. Топ басшылар сайысы // жанкүйерлер сайысы.

- 1 жүргізуші:

1. Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай

- 1 жүргізуші:
2. Логикалық сұрақтар.

Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Алғашқы жүрісті қосындыны дұрыс тапқан топ бастайды.

- 2 жүргізуші:

Әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.

Қосынды:

330:15+20=42

- 1 жүргізуші:

           1-топқа
1.Ең  кіші  натурал  сан.(1)
2. 41 - жай сан ба? ?(жай сан)
3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта, бәрін бірге саламыз).

4. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей).

5.Тек өзіне және бірге  бөлінетін сан  қалай аталады?(жай сан)
6.Аралас сан  деген  не?(Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сандар)
7. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

8.5-ке  бөлінгіштік  белгілері  қандай?( сан нөлге немесе беске аяқталуы керек)
9.Тік бұрыштың шамасы  қандай?(900)
10.1 метрде  қанша  см  бар?(100см)

11. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
  2 жүргізуші:

   2-топқа
1.Натурал сандар дегеніміз не? (Заттарды санауға қолданылатын сандар)
2.Бұрыс бөлшек дегеніміз не?( Алымы бөлімінен үлкен бөлшек )
3. Жанұяда 3ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше кісі бар? ( 4)
4.Құрама сан дегеніміз не?(Екіден көп бөлгіші бар сан)
5.Қандай  санға   бөлуге  болмайды? (0)
6.1 кг-да  қанша гр  бар?(1000г)
7. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).
8.3-ке  бөлінгіштік  белгілері  қандай?( Құрамындағы цифрлардың қосындысы үшке бөлінсе, сол сан үшке бөлінеді)
9. Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).

10. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті). 
11. Үш түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атып алдым. Неше түйеқұс қалды?

- 1 жүргізуші:

3.Тәжірибелік есеп 5 ұпай

Әр команданың алдында түрлі түсті лента берілген. Сендердің мақсаттарың топ болып лентадан 12 см ұзындықтағы лентаны кесіп алу. Қайсы топ дәлірек кессе, сол топ 5 ұпайды еншілейді. Сызғыш сияқты өлшеу құралдарын қолдануға болмайды.Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт беріледі.

/музыкалық үзінді/

4. Ойымды жалғастыр. (мақал-мәтелдер);

1 – жүргізуші: Топтар кезекпен жауап береді.

2 – жүргізуші: Әр дұрыс жауабы топка 1 ұпай әкеледі.

1 – жүргізуші:

  1. топқа:


1.Жеті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)

5. Бір қарын майды (бір құмалақ бүлдіреді)

-2 жүргізуші:

2 топқа:
1. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
2. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
3. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
4. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
5. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді)
- 1 жүргізуші:

5. «Сиқырлы әріптер» ( жеңген топқа -3 ұпай, кейінгі топқа 2 немесе бір ұпай)
Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар.

(2 минут)




С


І


Р


К


Б


Ы


И


Т


Ұ


Ш


Ү


Н


Е


- 2 жүргізуші:


6. Жұмбақтар;

1 – жүргізуші:

Бұл кезеңде сендерге жұмбақтар жасырамыз. Сендер қолдыңдағы белгішемен белгі бересіңдер.Егер жауабы дұрыс болса 1 ұпай .Ендеше бастайық:

1.Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер)

2 – жүргізуші

2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш )

1 – жүргізуші

3.Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді

Шықан тегін білсе де.

(түзу )

2 – жүргізуші

4.Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.

(циркуль)

1 – жүргізуші

5.Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай?

(натурал сан )

2 – жүргізуші

6.Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

(цифрлар )

2 – жүргізуші

7. Топ басшылар сайысы. // сонымен қатар жанкүйерлер сайысы.

Ереже бойынша әр топбасшысы өзінің тобына 1 минут уақыт ішінде берілген терминдерді іс-қимылдармен түсіндіру қажет. Әр дұрыс табылған сөз 1 ұпайға тең. Ендеше бастайық......
Пантомима / циркуль, аралас сан, бөлшек,процент,шеңбер, қосу,азайту, көбейту және бөлу амалдары, сызғыш ұғымдарын іс-қимылмен көрсету/

1– жүргізуші

Жанкүйерлерге сұрақтар:

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

2 – жүргізуші

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

5. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаздарын тапсырады.

Қорытынды.

Әділқазылар алқасы ойынға қатысқан топтарға алғыс хаттарды тапсырады, белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.





















6



Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров113
Номер материала ДВ-513149
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх