Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыКонспект на тему "Oқытy мeн oқyда өзгepic eнгiзілгeндiгi тypaлы peфлeкcивтiк eceп"

Конспект на тему "Oқытy мeн oқyда өзгepic eнгiзілгeндiгi тypaлы peфлeкcивтiк eceп"

Скачать материал

Oқытy мeн oқyда өзгepic eнгiзілгeндiгi тypaлы peфлeкcивтiк eceп

Мен осы есебімді жақында ғаламтор бетінен тамашалаған Үнді фильмімен бастағым келіп отыр. Фильм өмірден үміті үзілген үндіс баласының тағдырын 180 градусқа түбегейлі өзгерткен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі жайлы болды. Мен бұл фильмнен үлкен әсер алғаным соншалық, компьютер алдында отырып, байқаусызда клавиатураларға тамған көз жастарыма бөгет бола алмадым. Бұл фильм менің жылауыммен қоса қуануыма да себеп болды. Өйткені фильмнің ұстаздарға көрсетер үлгісі көп, мәні терең. Әлемде әрқашан да өзгерістер бой алады, бірақ ол жақсы жаққа немесе жаман жаққа болуы мүмкін. Дегенмен, сол өзгерістерге кейде бір күтпеген оқиға, кейде бір тұлға, кейде тіпті бір мақлұқ иесі себепкер болуы мүмкін. Ал менің өзгеруіме осы деңгейлік курстардың әсері мол болды.

Расында да курс барысында үйренген көптеген жаңа технологиялар мен әдістердің арқасында мұғалім ретінде өзімнің біршама өзгергенімді байқадым. Әрине, жақсы жаққа. Оқу үрдісін жаңашылдыққа толтырып, балаларға әрбір сабағымды ерекше әрі қызықты етіп өтуге талпынғанымды тек мектеп басшылығы мен әріптестерім емес, сонымен қатар ең бастысы оқушыларым да байқаған сыңайлы. Бірінші сабақтан соң ақ балаларымның жүздері балбұл жанып, келесі кезекте әрбір сабақтың дәл осындай күйде өткенін қалайтындықтарын қайта-қайта айтып жатты. Мен үшін бұл біріншіден үлкен бақыт. Ендігі кезекте, жоғарыдағы айтылған фильмдегі мұғалім сияқты мен де өзіме мақсат қойдым: өз мектебімдегі, өз аулымдағы, өз елімдегі оқу үрдісін оңды жаққа өзгерту, жаңашылдық енгізу. Курс барысында үйренген әрбір әдісімді сабақ үстінде қолдану өз мақсатыма жетудегі алғашқы қадамдарым деп санаймын.

Мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімнің және іс-әрекеттің негізі. Ұстанымы мықты мұғалімнің өзі де мықты. Ұстаным мұғалімнің әрбір әрекетіне ерекше ықпал етеді. Мысалы, мен өзіме оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өзім қызмет етіп отырған мектебімдегі оқу үрдісіне ендіре аламын деген ұстаным қойдым. Жұмысымды да осыған байланысты бағыттадым. Әріптестерімнің ішінде «қаланың баласы» мен «ауылдың баласын» салыстыруға келмейді деп, балаларды бөле-жара қарағандары да болды. Олардың пікірінше, деңгейлік курс барысында үйренген әдіс тәсілдерді көргені дала болған ауыл балалары бәрібір түсінбейді, дұрыс қабылдай алмайды. Мен бұл пікірге толығымен қарсымын. Бала барлық жерде бала. Қазіргі таңда, алып мемлекетімізді басқарып отырған теңдесі жоқ елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та ауылдан шыққан балалардың бірі болған. Сондықтан, мен бұл әріптестеріме, барлығы өзімізге байланысты және өзіміздің қолымызда екенін түсіндірдім. Егер оқушыға біз сенімсіздік танытсақ, ол оқушыда өзіне-өзі  деген сенім қайдан пайда болсын!

Сабақ барысында «диалогты оқытуды» пайдаланудың өзі оқушыларға үлкен сенім мен серпілістер сыйлады. Шет тілінде диалог арқылы пікір алмасу толығымен орын алмаса да, екі баланың бір-бірімен ағылшынша шүбірлесуі оларға үлкен әсер етті. Бірақ бұл жаңа тәсілді толығымен енгізе алған жоқпын. Әлде де диалог төңірегінде көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс. Өйткені сыныптағы Надияр, Абуталіп, Айгүл сынды әлсіз топқа жататын оқушылар үшін өз беттерінше диалог құру өкінішке орай әлі алыстағы арман. Алдағы уақытта мұндай оқушылармен қосымша жұмыс жүргіземін.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Қазіргі таңда оқу үрдісінде «тест тапсырмаларының» рөлін ерекше атап өтуге болады. Оқушыларды аттестациялау үшін тоғызыншы және он бірінші сыныпта тест тапсыру дағдысы тек біздің еліміздегі жағдай емес. Көптеген елдерде тесттік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімі айқындалады. Осы орайда көптеген қарама-қайшы пікірлер орын алып жатады. Біреулер тесттік тапсырмалар балалардың ойлау дағдысын кемітеді деп жатады. Мұндай қарама-қайшылықтар өз мектебімде де кездесуде. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындықтың қызу жүріп жатқан бұл тұсында көптеген әріптестер балаларды бағалауда қиындықтарға ұшырауда. Сабақ үстінде жоғары белсенділік танытып, «төрттік» немесе «бестік» алып жүрген кейбір оқушылар тест барысында аз ұпай санын жинап, «үштік» баға алып жатқан жайы бар. Осының себебі сұралғанда, мұғалімдер жауап таппай кідіріп жатады. Ал менің ойымша, бұл сыни тұрғыдан ойлаудың сабақ барысында көрініс таппауынан. Яғни, оқушылардың білімі тек жаттанды түрде. Оқушы өтілген сабаққа немесе тақырыпқа терең талдау жасамайды, оны жан-жақты сараламайды, ол тек сол күнгі өтілген сабақтың терминдерін, тақырыптарын терең түсінбестен, жатқа айтудың арқасында жақсы бағаға ие болады. Ал сол сабақ біткеннен соң баға үшін алынған жаттанды білім ұмытылып кетеді.Бұл жағдайда басты кезекте, мұғалімнің өзі кінәлі.Егер мұғалім әрбір сабағына сыни тұрғыдан ойлау әдісінің элементтерін қосса, онда оқушы кез-келген тақырып жайлы өз бетінше ойланып, өз бетінше талдау жасар еді. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушының сабақ барысында да белсенділігі арта түсіп, ол өздігінен сұрақ қоюға бейім болады.

Мектептегі іс-тәжірибем барысында оқушылардай мынадай сауалнама алдым: «Сіз не үшін білім алудасыз?» Ондағы мақсатым оқушыларды психологиялық тұрғыдан тану болды. Қуанышқа орай, менің алған жауаптарым толығымен көңілімнен шықты. Өйткені сауалнамаға қатысқан 60 оқушының  95 пайызы өз болашақтарын ойлағандықтарынан, болашақта бай, ауқатты өмір сүргілері келетіндіктерінен, атақты болғысы келетіндіктерінен, бала шағасын асырау үшін білім алуда екендіктерін жазыпты. Ал 5 пайызы ғана, яғни 3 оқушы қанағатсыз жауап қайтарған:

Тулумбаев Нурсултан: «білмеймін»

Саттыбай Жадыра: жауапсыз бос парақ

Құдайберген Айгүл: «білім алғым келмейді»

Жоғарыдағы үш оқушы психологиялық тұрғыдан алып қарағанда өте ауыр мінезге ие балалар. Жауаптарының да қырсық болуы осыған байланысты болса керек. Олардың жауаптарын мектеп психологтарына өткізіп, осы үш оқушыдан хабардар еттім. Өйткені олармен мектеп психологы көбірек әңгіме жүргізуі тиіс деп ойлаймын. Ал қалған балалардың барлығының болашақтан күтер үміті зор. Біреу байлықты қаласа, біреу атақты қалайды, енді біреулері ата ананың абыройын. Бұл психологиялық сауалнама маған көп нәрсені үйретті. Шынында да көп нәрсе мұғалімге байланысты. Егер жаңа өзгерістерге мұғалім дайын болса, шәкірттер әрдайым дайын екендіктерін аңғартты.

Сауалнамадан соң балалармен кішігірім тренинг өткізгенді жөн көрдім. Тренинг басында балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін тексеру үшін оларға оңай бір тапсырма беріп көруге шешім қабылдадым. Парта үстіне аузы тарлау келген қарапайым банканы әкелдім. Оқушылардың көзінше олардың алдында тұрған тар ауызды банкаға қағаздан жасалған раушан гүлді салдым да, осы раушан гүлді банкадан шығарған оқушыға арнайы сыйлық тағайындайтынымды мәлімдедім. Оқушылар бұл тапсырмаға таңырқай қарағандарымен, мен ұсынған сыйлыққа ие болу үшін тақтаға жүгіре жөнелді. Ең алғашқы болып жүгіріп шыққан Марат банкаға қолын тыға салып, одан қолын шығара алмай әлек болды. Басқа оқушылар да осы жолды таңдағанымен ешкім ондағы қағаз раушан гүлін шығара алған жоқ. Сол кезде жай ғана банканы төңкерген мен, жерге домалап түскен раушан гүлін қолыма алдым да, оқушыларға мынаны түсіндірдім.

«Кейде бір күрделі мәселенің түйінін табу көрінетіні сияқты қатты қиын емес. Ол үшін сіз мсол туындаған мәселенің картасын сызуыңыз қажет. Қолында картасы бар жолаушы кез келген сәтте қалаған жеріне ең қысқа әрі ең оңай жолмен жетеді, осы сияқты сіздер де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріңізді оятып, жетістік шыңына шығуларыңыз қажет». Шынында да деңгейлік курстарда өтілген модульдердің ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау модулі қазңргң таңда біздің мемлекетімізге қажетті ең маңызды модульдердің бірі. Бұл баланың ойлануына ғана жол ашпай, балаға мәселе түйінін өзі шешуге мүмкіндік береді.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайтын тренингтің келесі тапсырмасы «қиындықтар себеті» деп аталынды. Бұл қиындықтар себетінің ерекшелігі балалар өздері құрастырған қиындықтарға өздері шешім табады. Балаларға көбіне өз құрдастарының сөзі жеңілірек, яғни ұғынықты болып келеді. Осы тапсырманы алуымның себебі де осы. Балалар қағаз бөліктеріне өздерінің ағылшын тілі пәнін оқу барысында жиі кездестіретін қиындықтарын жазды. Сонда бірі оқудан қиналса, бірі жазудан, бірі аударудан, бірі сөйлем құрудан, біреу сұрақ құрастырудан, біреулері мәтінді талдаудан қиналатындықтарын жазған. Содан соң мен олардан қағаздарын бүктеп себетке салуларын сұрадым. Қағаздар себетке салынғаннан соң, қағаздарды жақсылап тұрып қозғадым. Содан соң балаларға бүктелінген қағаздарды себет ішінен бір біреулеп алуын тапсырдым. Ешкімге өзі жазған қиындық түскен жоқ, әркім басқа оқушының қиындықтарын алып оқыды. Содан соң сынып бойынша талқыға салдық. Мен бұл жолы басқаша бағалайтынымды айттым. Яғни, себеттен өзі таңдап алған қағаздағы қиындықтың жолын айтқан оқушы шоколад сыйлығына ие болады. Барлығы бір бірімен пікір алмасты. Дұрыс оқи білетін бала қалай бұл деңгейге жеткенін дұрыс оқи білмейтін балаға түсіндірумен болды. Бұл жеңістің жеңісі, өйткені мен бұл әдіс арқылы оқушылардың тепе теңдігін қамтамасыз еттім. Ең жақсы оқимын деген оқушылардың өзі яғни Алина, Дананың да өзцндік қиналатын тұстары бар екендігін көрсетіп, оған және басқа оқушыларға да тренингке қатысқан барлық балалар болып қолұшын создық. Меніңше, бұл әдіс үнемі жасалынып тұру қажет, сонда балалар үнемі ізденіс үстінде болады. Бұл олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, өйткені ұстаз тек бағыттаушы, ал оқушы ізденуші тұлға ретінде қалыптасты. Осы арқылы олар қиындықты жеңетін әдістерді де өздері ойлап табуға ұмтылды. Тренинг сауалнамадан кейінгі осы бір екі тапсырмадан ғана тұрса да, бұл тренинг балаларда өте жақсы әсер қалдырды. Жазылған кері байланыс парақшаларына «Тәтей, осындай тренинг тағы көптеп өткізіңіз», «Тәтей тренинг сөз жоқ күштіііі», «Балаларға осындай тренингтерге көп қатысуын тілеймін» деген сияқты көптеген өздерінің ой пікірін жазып қалдырды. Бұл әрине менің көңіліме демеу сыйлап, едәйір қуантып тастады.

Сондай ақ деңгейлік курстардың арқасында ойыма түйіп, осы тұста да оңды өзгеріс жасауға бет бұрған тағы бір нәрсем – ұстаздардың жиі жіберетін бір қателігі. Біз ұстаздар көбіне қатені көп жасайтын баланы ұната бермейміз. Көбіне табиғатынан зерек балалар ұнайды да, қатесі көп балалар көлеңкеде қалып қояды немесе оларға үнемі «үштік» баға қою арқылы пәнге деген қызығушылығын емес, керісінше қорқынышын оятып болмаса жалықтырып алатын кездер де жиі көрініс тауып жатады. Ал шын мәнінде мұндай жағдайларда формативті бағалаудың мәні ерекше. Өте көп қате жасайтын баланың да бір ерекше қабілеті болады. Мұғалім баланың сол қабілетін мадақтағанының өзі балаға үлкен демеу сыйлайды. Ал ешқандай қабілетін байқап тұрмаған жағдайда да, баланы мадақтаған артықшылық етпейді. Мүмкін баланың пәнге қызығуына, ашылуына жетпей тұрған нәрсе де дәл осы шығар. Мадақтайтын ешқандай да бір қасиетін таппасақ, ешнарсе істемегеніне қарағанда қателік істегені үшін де басынан сипау орынды іс. Оған өз қателіктерінен сабақ алу жолдарын үйретуіміз тиіс. Өйткені жарықты ойлап тапқан әлемге танымал Томас Эдисонның өзі журналистке берген сұхбатында былай деген:

-         Осыншама үлкен жетістігіңіздің сыры неде?

-         Екі сөз!

-         Ол қандай сөз?

-         Дұрыс шешім.

-         Ал дұрыс шешім  жасаудың сыры неде?

-         Бір сөз!

-         Ол қандай сөз?

-         Тәжірибе

-         Онда тәжірибелі болудың сыры неде?

-         Бұрыс шешім.... немесе .... қателіктеріміз.

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Сабақ өту барысында бағалауға аса қатты мән бердім, өйткені бағалау арқылы оқушының сыныптағы іс-әрекеті сараптала келе, оларға белгілі бір деңгейлік талдау жасалынады. Сабақтарымда бағалаудың өте әділ болуына назар аудардым. Әрбір оқушының сыныптағы іс-әрекетіне жеке-жеке талдау жасадым. Мысалы, Алина топтық жұмысқа жақсы болса, Хамид сөздік жаттығуларға жақсы. Қаламқас грамматикалық тапсырмаларды белсене орындайды. Ал Ұлданай сөздік және грамматикалық жаттығуларда да өзін жақсы жағынан көрсете білді. Балалардың осы қабілеттеріне байланысты оларды әртүрлі жолмен бағалау критерийлерін ұсындым. Оқушылар сабақта топтық жұмысына бөлек баға, жеке жұмысқа бөлек баға, сабақты қаншалықты меңгере алғанына бөлек баға қойып отырды. Содан соң топтар бір-бірімен өз жұмыстарын алмастырып, бір-бірлерінің қателерін тауып отырды. Осы тұста психологиялық тұрғыдан мен үшін көптеген қиындықтар болды. Олар бұл жүйені толығымен түсіне алмады. Сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі Айгүл Жадыранынің оғани «төрттік» баға қойғанына ренжіп, сыныптан шығып кетті. Осыған байланысты көптеген жұмыстар істелінуі тиіс. Сабақ барысында түсінгенім өзін-өзі бағалаудың көптеген тиімді жақтары бар. Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы өзінің білім алудағы мақсатын айқындайды. Яғни ол сабақты не үшін оқитынын, не үшін бағаланатынын терең түрде ойлана бастайды. Осы арқылы бала болашақта одан да жақсырақ бағалар алуға талпынатын болады.

Әрине әрбір сабақтың соңында жасалынған кері байланыс менің әрекетіме көптеген өзгерістер енгізді. Оқушыларымның маған сенетіндігін көру әрине менің еңбегімнің одан әрі жандана түсу қажет екендігін ұғындым. Алдағы уақытта үнемі ізденісте болып, әрбір сабағыма жаңашылдық қосуым қажет. Кері байланыс жасау балаларым үшін де өте пайдалы болды. Сабақтың ең маңызды тұсы оның соңы болса, балалар әр сабақтың соңында кері байланыс жасау арқылы өздерінің сабақтан не алғанын, не үйренгенін, не ұнағанын, не ұнамағанын өз қолымен жазып отырды. Мұғалімнің мақсаты да осы емес пе? Яғни сабағының басында қойған мақсатына жетуі. Ал балалардың жасаған кері байланысына қарап ақ кез келген мұғалім өз еңбегін жан жақты талдап саралай алатыны айқын.

Деңгейлік курстарға қатысып, өзін жаңашылдықтармен толтыру әр мұғалім үшін үлкен жетістік болып табылатыны сөзсіз. Дегенмен бұл жаңашылдықтар тек бір адамның бойында қалып қоймай, ол үнемі жаңартылып, басқа тұлғалармен де бөлісіп отырылуы қажет. Курс барысында үйренген «жақын аймақтағы даму» міне, осының нағыз дәлелі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді қазақ ұлты. Олай болса елбасымыздың осы қажырлы саясатын біз де қолдап, атқарылып жатқан ерен еңбектерді бағалап, еліміздің болашағының жарқын болуына септігімізді тигізуіміз қажет. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – осы деңгейлік курстың алғашқы айының арқасында мен өне бойыма тек жақсы әріпайдалы қасиеттерді толықтыра алдым.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық.

2.     Әлімов А.Қ. (2014) «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер».

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект на тему "Oқытy мeн oқyда өзгepic eнгiзілгeндiгi тypaлы peфлeкcивтiк eceп""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 252 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.10.2015 523
    • DOCX 31.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжекулова Гулжан Мамасалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13145
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (французский язык)

Учитель французского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов