Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Конспект на тему "Сырласайық, жеңеше"

Конспект на тему "Сырласайық, жеңеше"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сырласайық, жеңеше.

Арқалық қаласы

А. Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін №6 орта мектеп.

Байкенова Қымбат Егінбайқызы

математика пәнінің мұғалімі

Мақсаты:

  1. Ұлттық болмыс ерекшеліктерін айқындайтын тәрбие көзі жеңге мен қайынсіңілі арасындағы сыйластықты насихаттау.

  2. Қыз баланы үлкен өмірге дайындау. Қиындықты жеңе білуге үйрету,әдептілікке,инабаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Өнер байқауы,шығармашылық қойлым,ой толғау.

Түрі: Байқау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Күні бұрын тағайындалған әділ қазылар алқасы өз орындарына орналасады. Күй ойнайды, ұлттық салт-дәстүрлерден үзінділер көрсетіліп жатады (слайд). Бұл уақытта сайыскерлер ұлттық киімде сахнаға шығуға дайындалып тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, өнер сүйер барша қауым! Сіздердің алдарыңызда ару қыздарымыз бен ибалы келіндеріміз «Сырласайық жеңеше» байқауына қатысып,ұлттық өнер мен салт-дәстүр әдебінен үлгі –өнеге көрсетеді.

(Күй жалғасын табады, халық қол соғып қошемет көрсетеді)

Жүргізуші: Сахна төріне қайынсіңілілер-ару қыздарымыз бен аяулы жеңгелерді қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық, ағайын!

(«Қыз сыны» әні баяу орындалады. Осы уақытта ән ырғағымен әдемі киінген сұлу қыздар сахнаға ретімен көтеріледі,халыққа ізетпен сәлемдесіп,көрсетілетін орындарына барып тұрады.)

Жүгізуші:

Арулар әрбір үйдің шаңырағы,

От болып әрбір үйде жағылады.

Таң болып әрбір үйде атты дағы

Сәуле болып әрбір үйде жамырады.

І. Алғашқы сайыс-«Мен қазақтың қызымын» таныстыру рәсімі.

  1. Әйгерім-Шарбану

  2. Гүлжауһар-Гүлшат

  3. Бағдат-Гауһар

  4. Гауһар-Эльмира

  5. Көркем-Салтанат

Бұл сайыста жеңге мен қайынсіңіліөздерін таныстыра отырып, арадағы жақсы сыйластықты көрсете білуі керек. Сайыскерлердің сөйлеу мәдениеті, әдебі ескеріледі.

ІІ. Келесі кезекте-«Сырымды айтсам деп едім»сырласу сәті.

Сахналық қойылым:

1-жұп: «Бойжеткен деген осы»

2-жұп: «Ән құдіреті»

3-жұп: «Демалыста болғанда»

4-жұп: «Кестелі орамал»

5-жұп: «Ай астында алтыбақан»

1. «Бойжеткен деген осы» қойылым.

Қайын сіңілі: Жеңге, сізге бір сыр айтайын деп едім.

Жеңге:Айта ғой Еркежан,қандай сырың бар еді?

Қайын сіңілі:Ана жолы Мәрзия жеңгемнің кішентайының шілдеханасы болып едіғой, сонда сол ауылға жиен жігіт Қайсар келіпті. Әзіліміз жарасып күліп-ойнап отыр едік, Мәрзия жеңгемнен мына орамалды сыйлапты. Мұның сырын қалай түсінемін жеңеше?

Жеңге: Еркежан бой жеткен деген осы. Бұл отырып айтатын әңгіме. Жүр,шәй ішейік. ( Екеуі де шығып кетеді).

  1. «Ән құдіреті» қойылым.

(Сахнада жеңгесі ұршық иіріп отырады. Сырттан қайынсіңілісі келеді).

Қайын сіңілі:Жеңеше сіздің қолыңыздан ұршық түспейді екен. Тағы не істеп отырсыз?

Жеңге:Жасауыңның бір бөлігі ғой. Кел қасыма отыр,мен саған бәрін айтайын. Кеше ағаң екеуміз үлкен қайынағаның үйіне бара жатсақ, алдымыздан бір топ бала амандық сұрасты. Оның ішінде Сауытбай көршінің баласы Төрежан бөлініп шығып амандық сұрасты.Әңгімесінің арасында сен екеуіңніңбір жиында болғандарыңды айтты. Сондай жиын енді қашан болар екен деп қояды. Бізбен қоштасарда саған сәлемін айтты.

Қайын сіңілі: Сәлемет болсын. Сол жиында Абайдың әндері арқылы сырласқандай болып едік. Жақында Айман құрбымның тойы ғой. Сол тойда айдың жарығымен ақсүйек ойынын ойнасақ қой, шіркін!

Жеңге: Сондай кездесу бола қалса, сен өз өміріңе жауапсыз қарама. Төрежан былай жаман жігіт емес сияқты. Ақылды,салмақты.

Қайын сіңілі:Иә, мен де солай ойлаймын. Екеуміздің ойымыз бір жерден шыққанына қуанамын, жеңеше.

Жеңге:Иә, мен де қуанамын, еркем.

  1. «Демалыста болғанда»қойылым.

Жігіт:Есенсіз бе, жеңеше?

Қыз жеңгесі:Қош келіпсіз, Сырымжан. Келмей жатып ауылдан зерігіп-ақ қалғандайсың-ау өзің. Алыстан ат терлетіп келдің. Жол соқты болған шығарсың, жақсылап тынығып ал, Сырымжан. Біздің Көзайым әлі жас қой. Сені алғаш көргеннен бастап өзі есейе бастағандай. Иә, сен Көзайымның көз алдынан кетер емессің. Қыз деген-қызыл гүл ғой. Ішіндегісін сыртқа шығарып айта алмайды. Жігіт пен қыздың біреуі батыл келіп,тізгінді қолына алмаса бола ма? Сендерге мен ат ерттеп берейін, тау аралап, бой жазып қайтсаңдар қалай болар екен, Сырымжан?

Жігіт:Гауһар мақұл көрсе, әрі өзіңіз бірге жүрсеңіз ғой.

Жеңге: Қой Сырымжан, жігіт пен қыздың арасына ақылы кеткен адам жүреді емес пе?

Жігіт:Ол не дегеніңіз, сізсіз көңілсіз болады ғой.

Жеңге: Әне, Көзайым да көрінді, солай қарай жүрейік.

Жігіт: Мақұл,жеңге.(Екеуі ақырын басып Көзайымға қарай жүреді).

  1. «Кестелі орамал»қойылым

Жігіт: Амансың ба, жеңеше?

Жеңге: Жол болсын, жігітім.

Жігіт: Жолымның болу, болмауы сізге байланысты деп, бар салмақты өзіңізге саламын да.

Жеңге:Ендеше,тыңда жас жігіт. Жаратушы құдірет адамды жаратқанда әркімнің маңдайына бір-бір сыңар берсе керек. Онсыз өмір жалғасуына да қауіп төнер еді.«Ұлы сөзде ұяттық жоқ» деген. Ер жігіт пен бойжеткеннің бірігіп өмір құруы оңай жұмыс емес. Ешкім бұйрықтан асып кетпейді дейді үлкендер. Сен де өзіңе серік қылуға менің Еркежанымды қалаған екенсің,байқап жүрмін, жаман жігіт көрінбейсің. Еркежанның жан-дүниесін түсінбесең бұл адымыңды жасамас едің. Еркежан да қабырғасымен кеңесті. Мынау орамалды өзінің епті қолымен тігіп берді. Әрине, бұның арты жаман бола қоймас. (Орамалды ұсынады.)

Жігіт:«Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген осы. Халық айтса,қалт айтпайды ғой. Рахмет жеңеше.

Жеңге:Ауылдың ақылды баласы әдеппен озбайды деп, өзіңе сендім жас жігіт.

  1. «Ай астында алтыбақан» қойылым.

(Сахнада анасы мен қызы отырады).

Қызы:Апа мен қыздармен ойын-суық кешіне барып келейін.

Анасы: Қой қарағым, ол жақта жалғыз өзің не бітіресің? Әкеңнен сұрап келейін. Ертең әкең ренжіп жүрер. (Анасы күйбеңдеп сыртқа шығып кетеді).

Қызы: Не істесем екен? Жеңешемнен көмек сұрап, сырлассам ба екен? (Ойланып қалады). Жеңге, жеңеше.(Дауыстап шақырады, жеңгесі келеді).

Қайын сіңілі:Жеңге, мен қыздармен ойын-сауыққа барып келейін деп едім. Апам ренжіп жібермеді. Абзал күтем деп еді.

Жеңге: Жарайды, ендеше қамдана бер. Апаммен өзім сөйлесіп көрейін. (Қыз кетеді). Апа, ай апа (жеңгесі сыртқа шығып,сәл ғана үнсіз, қайта кіреді).

Жеңге: Шырайлым тезірек барайық. Ойын-сауық ендігі басталып кеткен шығар (Жылдамдатып жүре бастағанда алдарынан Абзал шығады).

Жігіт: Амансыздар ма?

Жеңге: Амансың ба?

Жігіт: Көп күттірдіңіздер ғой, бір жағыдай болып қалды ма?

Жеңге: Сенің сәлеміңді естіп, бүкіл жағдайларды жасап жатырмыз. Жеңгеңнің еңбегін ескерерсің. Шырайлым екеуіңнің де әзілдерің де, әңгімелерің де жарассын. Алтын уақыттарыңды ұқыпты пайдаланыңдар. Ал, мен алтыбақан жаққа барып ән салып көңілімді көтеріп қайтайын.

Жігіт: Енді екеуміз кішкене серуендеп қайтайық. («Алтыбақан» әні айтылып жатады).

Сайыскерлердің сырласу сәтін де дайындалған сахналық көріністердің мазмұны мен тәрбиелік мәні, сол сияқты қайын сіңілі мен жеңгенің шығармашылық келбеті, өнері, сахна мәдениетін меңгере білуі, ұлттық болмыс пен психологиялық ерекшеліктерді бойларына қалыптастыру дағдылары ескеріледі.

Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жайсаң жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


IІІ . Келесі бөлім-«Өнерліге өріс кең»өнер сайысы.

Аталған сайыста сайысқа түсушілер-жеңгелер мен қайын сіңілілер өз өнерлерін көрсетеді.

  1. «Қазақ дәстүрлері» әні.(Орындайтын: Әйгерім, Шарбану).

  2. «Аққу сезім» әні. (Орындайтын: Бағдат,Гауһар).

  3. «Әсем арулар» әні. (Орындайтындар: Гүлжауһар; Гүлшат).

  4. «Сырласу вальсі» әні.(Орындайтындар: Гауһар, Эльмира).

  5. «Жібек аруы» әні.(Орындайтындар: Көркем, Салтанат).

Жүргізуші:

Арулар, аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы болып қалмақ бұлар.

Арулар тіршілікте күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

ІY. Ендігі кезең- «Қыз жасауы» үй тапсырмасы.

Бұл сайыста жеңгесінің күні бұрын қайын сіңілісіне дайындалған жасауының бірі тапсырылады. Аталған қолөнер бұйымының жасалу сапасы және көз тартар әсемдігі ескеріледі. Жеңге мен қайынсіңілісі заттың екі шетінен ұстап, бетін көпшілікке көрсете жүріп әділ қазылар алқасына табыс етеді.

(«Қыз сыны» әні ойнатылады).

  1. Шабадан (Жасаған жеңге: Шарбану).

  2. Сырмақ (Жасаған жеңге:Гауһар).

  3. Қоржын (Жасаған жеңге: Гүлшат).

  4. Көрпеше (Жасаған жеңге: Әльмира).

  5. Түскиіз (Жасаған жеңге: Салтанат).

Жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас ақ жолдың үлгісі бар.

Үлкен сыйлау, ұққанға соның бәрі,

Зерделі ұл, зейінді қызды сындар.

(Күй ойнайды, сайыскерлер сахнаға шығады).

Қорытынды бөлім:

Әділ қазылар алқасы ибалы келіндер мен сұлу бойжеткендердің ақылы мен өнеріне, әдебі мен зейініне риза болды. Салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын сыйлаған сайыскерлерге алғыс айтылып, ата-аналар дайындаған сыйлықтар ұсынылады,жүлделі орындар тағайындалады. Байқау бейнетаспаға түсірілді.

Жүргізуші:

Нелер туған дананы,

Нелер туған алыпты.

Қастерлейік ананы,

Қастерлейік халықты.

-деп қорытындылай отырып, барша халық-қонақтар, оқушылар сіздерді «Асыл мұра»бағдарламасын оқып-үйренуге, шығармашылықпен зерттей білуге, асыл қазынамыз-үлкенді сыйлап құрметтеуге, ата-дәстүрімізді мақтан тұтуға шақырамыз.





C:\Documents and Settings\user\Рабочий стол\сканер\Изображение 041.jpg



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров183
Номер материала ДВ-482291
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх