Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект на тему "Зат есім"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Конспект на тему "Зат есім"

библиотека
материалов

Сынып: 2 "А"

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
1: Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру.
2: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.

3: Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа , денелерін шынықтыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс, өзі-өзін бағалау әдісі. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Ұғып алып, білім алып,
5 - ке қолды жеткізу

Көркем жазу: жұмбақ жауаптарын көркем жазу

Мiнсем,

Төменге зу етем,

Өрлесем,

Оны өзiм сүйретем.   (Шана)


Табанға қанжар байладым,

Бетiнде айна ойнадым.    (Коньки)


Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
                                   (Аққала)


Қыстай жегіп қос атты,

Көктем шыға босаттым.

(шаңғы)


-Балалар, қазір қыстың қай мезгілі? Қыс қызықтары жайлы не айта аласыңдар? Бүгін сабағымызда осы құралдар арқылы жарысамыз.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Шанамен жарыс: Сөзжұмбақ шешу.



hello_html_m19475e33.gif

Зат есім ережесімен таныстыру.

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.

Аққала құрастыру жарысы:

1-жаттығу. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерден аққала құрастыру.

Биік, ұқыпты, ұшқыш, алмұрт, күшті, қызғалдақ, әдемі, әкелді, қайшы, келді, суретші.

Конькимен жарыс: " Кімге не керек ? " ойыны

Сурет бойынша сөйлем құрастыру.

hello_html_4a9442e.gif

Сергіту сәті:

Қолға шаңғы аламыз,

Биік тауға барамыз.

Таудан төмен зырылдап,

Тез-ақ  жетіп қаламыз.

Сырғанаймыз, шаршаймыз,

Құлап қалсақ , жыламаймыз.

Шаңғымен жарыс: Айгүл мен Жанарға көмектесу

Айгүл мен Жанар Кім ? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтарға бөліп жазыпты, бірақ олардың әр түрлі болып шықты . Кімдікі дұрыс екенін білу үшін олардың парақшаларын тексеріп, қатесі болса түзетіп жазайық

Ойын: "Қар атысу"

4-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп, зат есімдерді тауып, сұрақ қою.

Азамат компьютерді үйренді. Дариға домбыра тартты. Айнұр ертең келді. Тамақ пісіп тұр. Жаңа туған сәбиге Мағжан деп ат қойды.

Қорытынды: - Балалар , бүгінгі сабағымызды қорыта келгенде, нәтижесінде оған бәрің де өз үлестеріңді қостыңдар. Олай болса, бір-бірімізді бағалап өтейік.

























































Тест
Математика 2 – сынып
(III тоқсан)

1. Сексен санының дұрыс жазылуын көрсет
А) 88
Ә) 80
Б) 8

2. 3 ондығы бар санды көрсет
А) 300
Ә) 3
Б) 30

3. 7+3=10 теңдігіндегі 7 қалай аталады?
А) қосылғыш
Ә) қосынды
Б) айырма

4. Х - тың мәні қаншаға тең? Х+20=70
А) 50
Ә) 90
Б) 60

5. Үшбұрыштың қабырғалары қандай фигуралардан тұрады?
А) сәулелер
Ә) кесінділер
Б) сызықтар

6. Көп нүктенің орнына қажет таңбаны орналастыр 8... 1 = 7
А) –
Ә) +
Б) =

7. Жоқ санды жаз 30, 40, 50, 60,... 80
А) 90
Ә) 70
Б) 100

8. Заттың салмағы қалай өлшенеді?
А) см
Ә) кг
Б) м

9. Есептің дұрыс жауабын көрсет:
Ілгіште 5 пальто болып еді, оның 4 - еуін алып кетті, ілгіште қанша пальто қалды?
А) 1
Ә) 5
Б) 13

10. Азайғышты белгіле 7 - 2=5
А) 7
Ә) 2
Б) 5

11. Екінші қосылғышты белгіле 2+4=6
А) 2 Ә) 4 Б) 6

12. Екі үлкен екі таңбалы санды тап
А) 85
Ә) 72
Б) 99

13. Суреттегі бұрыштардың қайсысы тік?

А) Ә) Б)
14. Екі таңбалы санды тап
А) 7
Ә) 11
Б) 9

15. Белгісіз санды тап 30 -...... =20
А) 10
Ә) 20
Б) 40

16. Жоғалған санды тап 50см+50см =
А) 10см
Ә) 1см
Б) 100см

17. Әріпті өрнекті көрсет
А) А+8
Ә) 4+6
Б) 10 - 6

18. 98 санында неше ондық бар?
А) 7
Ә) 8
Б) 9

19. Тік төртбұрыштың периметрін тап Ұзындығы - 6см, ені - 3см
А) 18см
Ә) 12см
Б) 9см

20. Өрнектің мәнін тап 70 - 47=
А) 37
Ә) 23
Б) 97









Математика 3 - сынып Тест
1. Асханаға 300 кг күріш және одан 3есе кем қант әкелінді. Асханада неше кг қант әкелінді.
А) 200 С) 100
В) 150 Д) 300
2. Есептеңіз: 884: 4+696 - 400
А) 517 С) 157
В) 688 Д) 167
3. Есептеңіз:(747+156): 3+346
А) 674 С) 647
В) 747 Д) 947 4. Ботаның салмағы 35кг, ал қаздың салмағы одан 7 есе кем. Қаздың салмағы неше кг.
А) 3кг С) 4кг
В) 7кг Д) 5кг 5. Мектепте 30 мұғалім, 450 оқушы бар. Оқушылардың мұғалімдерден нешеуі артық?
А) 350 С) 300
В) 420 Д) 480
6. Амалдарды орында: 560:(10. 7)
А) 619 С) 199
В) 791 Д) 339
7. Есептеңіз: 189: 9 - 75: 25
А) 18 С) 17
В) 15 Д) 19
8. Бірдей екі костюм 720 тг тұрады. Егер пальто костюмнен 2 есе қымбат тұрса, 1польто неше теңге тұрады?
А) 144 С) 672
В ) 360 Д) 720
9. Тиімді тәсілмен есептеңіз; 560+(10*7)
А) 5 С) 6
В) 7 Д) 8
10. Центнермен өрнектеңіз: 3 т 100кг.
А) 31ц С) 3, 1ц
В) 301ц Д) 310ц
11 Алматыдан Астанаға поезд 14 сағат 25 мин жүреді, ал ұшақ 1сағат 55 минутта ұшады. Астанаға ұшақпен поездға қарағанда қанша уақыт тез жетуге болады?
А) 13 сағ. 20 мин. В) 12 сағ. 30мин
С) 12 сағ. 35 мин. Д) 13 сағ. 25 мин.
12. Есептеңіз; 900 -(25+15)*3
А) 870 С) 780
В) 807 Д) 708
13) Есептеңіз; 4м 52+39м37см А) 33м 98 см С) 33м 79см
В) 43м 79см Д) 43м 89см.
14. Таразының бір табағына әрқайсысы 3 кг бірнеше қапшық ұн қойылған. Таразыны теңестіру үшін, оның екінші табағына 10 кг және2кг кір
Тастары салынды. Таразы табағына неше қапшық ұн қойылған?
А) 5 С) 6
В) 4 Д) 7
15. Дүкенге 180л әкәлінді. Оның 30л балабақшаға жіберілді және 3л 18 құмыра сүт
сатылды. Дүкенде неше л сүт қалды.
А) 89л С) 96л
В) 87л Д) 97л
16. Суретте қанша үшбұрыш бар.

А ) 5 В ) 9
С ) 10 Д ) 8
17. Салыстыр: 30 сағ * 1 тәу 4 сағ.
А ) > С)+
В) < Д ) =

18. Теңдеуді шешіңіз:
687 - х=200+ 98
А ) 968 В ) 398
С ) 389 Д) 986
19. Суреттегі үшбұрыштың периметрі қанша см - ге тең? А) 900 см В) 850 см
С ) 845 см Д ) 800см
20. Бүркіт 30 жыл жасайды. Бұл тасбақаның жасынан 10 есе кем. Тасбақа неше жыл жасайды?
А ) 200 В ) 320
С ) 300 Д ) 400





Өрнектің мәнін тап:
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9 - ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр: 88 - 36, 88 - 31, 88 - 35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 30 бен 13 - тің айырмасынан 8 - ді азайт.
2) 7 мен 6 - ның қосындысына 9 - ды қос.
3) 8 бен 4 - тің қосындысы 11 мен 6 - ның айырмасынан қаншаға көп.
4) 33 - ке 16 мен 9 - дың айырмасын қос.
5) 16 мен 8 - дің айырмасын 7 - ге арттыр.
6) 21 мен 29 - дың қосындысын 22 мен 12 - нің айырмасынан кеміт.

№2 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. Қандай үш таңбалы санға бірлікті қосқанда төрт таңбалы сан шығады?
2. Қандай үш таңбалы саннан бірлікті алып тастағанда екі таңбалы сан шығады?
3. 170 пен 182 - нің арасындағы натурал сандарды жаз.
4. Цифрларын қосқанда 3 - ке тең болатын барлық төрт таңбалы сандарды жаз.
5. Цифрларын қосқанда екіге тең болатын бес таңбалы сандарды жаз.
6. Екі бір таңбалы сандарды қосқанда 15 болатын сандарды жаз. Неше есеп құрастырдың?
7. 47 шығу үшін 52 санын қаншаға кемітуге болады? Ал 51 шығу үшін 71 - ді қалай өзгертуге болады?
8. Қайсысы көп және қаншаға көп: 26 - сыз 64 пе, әлде 45 - ке азайған 81 ме?
9. Азайғыштары бірдей, азайтқыштары бірінен бірі бір санға үлкен үлкен үш айырма құрастыр. Айырмалардың бір - бірінен қандай айырмашылықтары бар? Айырмалар қалай өзгерді? Неге?
10. Бірінші қосылғышы - 27, екіншісі - 9, үшіншісі - 8, ал төртіншісі - 6 болатын қосындыны тап.
11.
Өрнекті жаз және есептеп шығар:
28 - ден 12 мен 14 - тің қосындысын шегер.
65 пен 43 - тің айырмасын 2 - ге кеміт.
40 пен 30 - дың қосындысын 20 - ға арттыр.
64 санын 76 мен 40 - тың айырмасына арттыр.
95 пен 40 - тың айырмасынан 12 мен 13 - тің қосындысын азайт.
90 саны 11 мен 9 - дың қосындысынан қаншаға артық?

№3 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 37 мен 6 - ның қосындысын тап.
2. Азайғышы - 27, азайтқышы - 8 болатын айырманы тап.
3. 6 ондық 8 бірліктен қаншаға көп?
4. 53 - тен 9 - ы артық болатын санды тап.
5. Ондығы - 7, бірлігі одан 2 - ге көп болатын санды жаз.
6. 43 шығу үшін 5 - ті қандай саннан алу қажет?
7. 80 мен 3 - тің айырмасын тап.
8. 51 болу үшін 7 - ні қандай санға қосу керек?
9. Бірінші қосылғыш - 20, қосындысы - 38. Екінші қосылғышты тап.
10. Азайтқышы - 12, айырнмасы - 14 болатын азайғышты тап.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 18 - ден 13 пен 4 - тің айрмасын азайт.
2) 7 санын 11 мен 5 - тің айырмасына қос.
3) 15 пен 7 сандарының айырмасын 9 - ға арттыр.
4) 6 мен 8 - дің қосындысынан 7 - ні азайт.
5) 60 - тан 27 мен 3 - тің қосындысын азайт.
6) 27 мен 9 - дың айырмасын 18 бен 17 - нің қосындысына арттыр.

№4 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. Бірінші қосылғыш – 60, қосынды – 98. Екінші қосылғышты тап.
2. Азайғышы – 11, айырмасы – 3 болғандағы азайтқышты тап.
3. 12 - нің 5 - тен нешеуі артық?
4. 34 пен 7 - дің айырмасын тап?
5. 16 санын 9 - ға кеміт.
6. 5 санын 9 - ға арттыр.
7. Азайтқышы – 25, айырмасы – 30 болғандағы айырманы тап.
8. 43 саны шығу үшін 5 - ке нені қосу керек?
9. Қандай саннан 45 - ті алса, 30 шығады?
10. 1 дм - ден 1 м неше дециметрге артық?
11. 1 дм 8 см - ден 4 дм неше сантиметрге артық?
12. 14 см қалуы үшін неше дециметрден 5 дм 6 см - ді азайту керек?

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 18 бен 7 - нің қосындысынан 5 - ті азайт.
2) 13 саны 4 пен 3 - тің қосындысынан нешеге артық?
3) 19 бен 15 - тің айырмасын 20 - ға арттыр.
4) 19 санынан 8 бен 6 - ның айырмасын кеміт.
5) 23 санын 16 мен 9 - дың қосындысына арттыр.
6) 35 пен 5 сандарының қосындысын 48 бен 28 - дің айырмасына арттыр.

№5 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 67 - ден қанша алғанда 9 қалады?
2. Бірінші қосылғыш - 29, қосынды – 73. Екінші қосылғыш нешеге тең?
3. Белгісіз сан 17 мен 8 - дің айырмасына тең.
4. 5 ондықтан, одан 3 - і кем бірліктен тұратын санды жаз.
5. 4 бірлік пен 8 ондық жетіспейтін сан, ол қандай сан?
6. Азайтқышы – 15, айырмасы – 13 болғандағы азайғышты тап.
7. Азайғышы 23 - ке тең, ал айырмасы 17 - ге тең болса, азайтқыш қанша болмақ?
8. 985 санын разрядты қосылғыштарға жікте.
9. Разрядты бірлігі 2, разрядты ондығы 6, разрядты жүздігі 4 болатын санды жаз.
10. 8 жүздіктің 5 ондықтан қаншасы артық?

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 93 санынан 18 бен 17 - нің қосындысын азайт.
2) 72 мен 49 - дың айырмасын 27 - ге арттыр.
3) 12 санын 45 пен 27 - нің айырмасына арттыр.
4) 36 мен 25 санының қосындысын 31 - ге кеміт.
5) 43 пен 29 - дың қосындысынан 62 мен 37 - нің айырмасын азайт.
6) 35 пен 18 - дің айырмасына 15 пен 18 - дің қосындысын қос.

№6 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 64 пен 28 сандарының айырмасын тап.
2. 27 мен 43 - тің қосындысын тап.
3. 45 санының 27 - ден нешеуі артық?
4. 91 шығу үшін 53 - ті нешеге арттыру қажет?
5. 46 - дан 19 - ы артық болатын санды тап.
6. 25 санын 57 - ге арттыр.
7. 74 санын 37 - ге кеміт
8. Азайтқышы – 16, айырмасы – 25 болатын азайғышты тап.
9. Азайғышы – 73, айырмасы – 48 болатын азайтқышты тап.
10. Екінші қосылғышы – 52, қосындысы – 91 болатын бірінші қосылғышты тап.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 70 санынан 26 мен 29 - дың қосындысын азайт.
2) 17 мен 19 - дың қосындысына 14 - ті қос.
3) 37 санын 53 пен 18 - дің айырмасына арттыр.
4) 81 мен 57 - нің айырмасын 27 - ге арттыр.
5) 81 мен 30 - дың айырмасынан 26 мен 25 - тің қосындысын азайт.
6) 49 бен 37 - нің қосындысын 56 мен 20 - ның айырмасына кеміт.

№7 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 9 - ға 27 болу үшін қандай санды қосу керек?
2. 29 бен 31 - дің қосындысын тап.
3. 70 пен 18 - дің айырмасын тап.
4. 100 саны 46 - сыз қанша болар еді?
5. Бірінші қосылғышы – 45, қосындысы – 93 болғанда екінші қосылғыш қанша болмақ?
6. Азайғышы – 52, айырмасы – 27 болғанда азайтқыш қанша болмақ?
7. Азайтқышы – 19, айырмасы – 25 болғанда азайғыш қанша болмақ?
8. 34 саны шығу үшін қандай саннан 17 - ні алу керек?
9. 46 - ның 38 - ден нешеуі артық?
10. 15 - тен 31 - ге дейін неше сан жетпейді?

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 18 бен 23 - тің қосындысына 39 - ды қос.
2) 61 мен 15 - тің айырмасынан 27 - ні шегер.
3) 70 санын 31 мен 18 - дің айырмасына кеміт.
4) 3 пен 4 - тің көбейтіндісінен 14 - ті кеміт.
5) 8 бен 3 - тің көбейтіндісін 65 пен 49 - дың айырмасына арттыр.
6) 26 мен 37 - нің қосындысын 5 пен 3 - тің көбейтіндісіне кеміт.

№8 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 38 санын 4 бірлікке арттыр.
2. 85 санын 5 ондыққа кеміт.
3. 73 санының 42 санынан қаншасы артық?
4. Бір сан ойлаған. Ол санды 17 - ге кеміткеде 65 саны шыққан. Ойланған сан қандай сан болуы мүмкін?
5. 15 санының ішінде неше 5 бар?
6. 12 - ден 6 есе кем санды тап.
7. 27 - нің 3 - ке бөліндісі нешеге тең?
8. Азайғышы – 45, айырмасы – 17. Азайтқышы нешеге тең болады?
9. Азайтқышы – 28, айырмасы – 37 болса азайғышы қанша болуы тиіс?
10. Көбейтіндісі – 24 - ке тең, екінші көбейткіші – 8 - ге тең болғанда бірінші көбейткіш неше болуы керек?

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 50 мен 33 - тің айырмасын 18 - ге арттыр.
2) 46 мен 19 - дың қосындысын 27 - ге кеміт.
3) 38 санын 24 пен 15 - тің айырмасына қос.
4) 90 санынан 27 мен 14 - тің қосындысын кеміт.
5) 5 пен 3 - тің көбейтіндісіне 84 пен 46 - ның айырмасын қос.
6) 18 бен 2 - нің бөліндісін 7 мен 3 - тің көбейтіндісіне қос.

№9 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 284 санын разрядты қосылғыштарға жікте.
2. 935 санын разрядты бірліктерге жікте.
3. 7 жүздіктің 7 ондықтан қаншасы артық?
4. Бірінші қосылғышы – 19, екінші қосылғыштың бірінші қосылғыштан 3 - і артық болса, қосынды нешеге тең болады?
5. Азайғышы – 94, айырмасы – 56 болған есептің азайтқышы нешеге тең болады?
6. Азайтқышы – 25, ал айырмасы – 19 - ға тең болса, азайғыш қаншаға тең болады?
7. Көбейтіндісі – 20, бірінші көбейткіші 5 болғандағы екінші көбейткішті тап.
8. Бөлгіші - 7 - ге тең, ал бөліндісі – 3 - ке тең болғандағы бөлінгіш санды тап.
9. 32 санына 2 ондықты қос.
10. 95 саны ойланған сан мен 5 бірліктің айырмасына тең. Ойланған санды тап.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 48 бен 32 - нің қосындысынан 2 мен 8 - дің көбейтіндісін кеміт.
2) 14 пен 2 - нің бөліндісіне 80 мен 64 - тің айырмасын қос.
3) 54 пен 49 - дың айырмасын 3 есе арттыр.
4) 18 бен 6 - ның қосындысын 8 есе кеміт.
5) 91 санын 43 пен 15 - тің айырмасының мәніне кеміт.
6) 15 санын 27 мен 38 - дің қосындысына арттыр.

№10 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. Егер 27 қалған болса, 53 санының нешеуін алып тастаған?
2. Белгісіз сан 36 мен 9 - дың айырмасынан кіші. Белгісіз сан нешеге тең?
3. Белгісіз сан 36 - дан 9 есе кем. Белгісіз сан нешеге тең болуы мүмкін?
4. 9 ондық 3 жүздіктен қаншаға кіші?
5. 276 санын разрядты қосылғыштарға ауыстыр.
6. 479 санын разрядты бірліктерге жікте.
7. Азайғышы – 72, айырмасы – 39 болатын есептің азайтқышы қаншаға тең?
8. Бөлгіші 3 - ке тең, ал бөліндісі 5 - ке тең өрнектің бөлінгішін анықта.
9. 34 саны ойлаған саннан 5 ондыққа кем. Ойлаған санды тап.
10. Көбейтіндісі – 27, ал бірінші көбейткіші 3 - ке тең болатын өрнектің екінші көбейткішін тап.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 74 - тен 26 мен 39 - дың қосындысын кеміт.
2) 42 мен 39 - дың айырмасын 4 есе арттыр.
3) 85 пен 57 - нің айырмасына 19 бен 23 сандарының қосындысын қос.
4) 13 пен 8 сандарының қосындысын 7 есе кеміт.
5) 91 санынан 38 бен 39 сандарының қосындысын кеміт.
6) 18 бен 2 - нің бөліндісіне 7 мен 2 - нің көбейтіндісін қос.

№11 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 18 санының ішінде неше 9 бар болуы мүмкін?
2. 50 саны шығу үшін неше 10 санын алу керек.
3. 8 ондықтың ішінде 2 ондықтардың нешеуі бар?
4. 7 - ні 5 есе арттыр.
5. 32 - ні 4 - ке кеміт.
6. 27 санында 56 - ға дейін неше сан жетпейді?
7. 395 санын разрядты қосылғыштарға ауыстырып жаз.
8. 283 санын разрядты бірліктерге жіктеп жаз.
9. Бөлінгіші – 81, бөліндісі – 9. Бөлгішті тап.
10. Азайтқышы – 17, айырмасы – 38. Азайғышты тап.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 25 пен 6 - ның қосындысынан 9 - ды азайт.
2) 34 саны 14 пен 12 - нің қосындысынан қаншаға үлкен?
3) 45 пен 29 - дың айырмасын 27 - ге арттыр.
4) 91 санынан 83 пен 65 - тің айырмасын кеміт.
5) 53 санын 18 бен 9 - дың қосындысына арттыр.
6) 37 мен 5 - тің қосындысын 43 пен 28 - дің айырмасына арттыр.

№12 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 56 мен 8 сандарының бөліндісін тап.
2. Көбейтінді 72 - ге тең. Көбейткіштердің біреуі 8 - ге тең. Ал, екінші көбейткіш ше, ол нешеге тең?
3. 48 саны 6 - дан неше есе үлкен?
4. 29 бен 37 - нің айырмасы нешеге тең?
5. 20 санының ішінде неше 4 бар болуы мүмкін?
6. 54 пен 27 - нің айырмасы болатын санды жаз.
7. 3 бірліктен, 9 ондықтан тұратын санды жаз.
8. 28 - ден 9 - ды азайтқанда шығатын санды жаз.
9. Азайғышы – 42, айырмасы – 17. Азайтқышты тап.
10. Бөлгіші – 8, бөліндісі – 9. Бөлінгішті тап.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 28 санын 18 бен 9 - дың айырмасына кеміт.
2) 71 санын 31 мен 22 - нің айырмасына арттыр.
3) 42 мен 7 - нің айырмасын 19 - ға арттыр.
4) 26 мен 35 - тің қосындысынан 47 - ні азайт.
5) 90 санынан 15 пен 19 - дың қосындысын азайт.
6) 55 пен 9 - дың айырмасын 29 бен 28 - дің қосындысына арттыр.

№13 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 49 шығу үшін 7 - ні қандай санға көбейту керек?
2. 24 пен 6 - ның айырмасын тап.
3. Қандай саннан 18 - ді азайтқанда айырма 13 болады?
4. 4 ондық 5 - тен неше есе үлкен?
5. 100 - ді 1 ондыққа кеміт.
6. Қандай санды 9 есе кемітіп, 6 шығаруға болады?
7. 60 санының ішінде неше 3 бар деп ойлайсың?
8. 37 метрді 24 дециметрге арттырғанда қанша болады?
9. 49 күнде неше апта бар екенін есептеп шығар.
10. 28 - ді қандай санға бөлгенде 7 шығады?

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 81 мен 43 - тің айырмасын 27 - ге арттыр.
2) 25 пен 18 - дің қосындысын 34 - ке кеміт.
3) 46 санын 94 пен 57 - нің айырмасына қос.
4) 60 санынан 24 пен 18 - дің қосындысын азайт.
5) 9 бен 4 - тің көбейтіндісіне 73 пен 35 - тің айырмасын қос.
6) 28 бен 4 - тің бөліндісіне 8 бен 7 - нің көбейтіндісін қос.

№14 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 7 санын 5 есе арттырғанда не шығады?
2. 73 - ке қандай санды қосқанда қосынды 82 болады?
3. 4 бірлігі бар, 5 ондығы бар санды жаз.
4. 24 ондықтың ішінде 3 ондықтан нешеу болуы мүмкін екенін тап.
5. 635 санын разрядты қосылғыштармен ауыстырып жаз.
6. 712 санын разрядты бірліктерге жікте.
7. 72 саны 9 - дан неше есе кем болса, белгісіз сан да сонша.
8. Бөлгіші – 8 - ге тең, бөліндісі – 4 - ке тең. Бөлінгішті тап.
9. 52 санына 3 ондықты қос.
10. 48 саны ойланған саннан 5 бірлікке кіші. Ойланған санды тап.

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 24 пен 19 - дың қосындысына 48 - ді қос.
2) 51 мен 17 - нің айырмасынан 9 - ды азайт.
3) 80 санын 42 мен 16 сандарының айырмасына кеміт.
4) 4 пен 7 - нің көбейтіндісінен 19 - ды кеміт.
5) 5 пен 9 - дың көбейтіндісін 74 пен 38 - дің айырмасына арттыр.
6) 37 мен 28 сандарының қосындысын 5 пен 6 - ның көбейтіндісіне кеміт.

№15 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 12 санын 3 есе арттырғанда не шығады?
2. 8 жүздікті 7 ондыққа кеміт.
3. 61 санынан 35 шығуы үшін қандай санды шегеру керек?
4. Белгісіз сан 40 - тың 17 - сі кем санға тең. Ол қандай сан?
5. Ойланған санға 8 ондық пен 7 жүздік жетіспей тұр. Ойланған санды санды табу керек.
6. 374 санын разрядты қосылғыштарға жікте.
7. Разрядты бірлігі – 4, разрядты ондығы – 9, разрядты жүздігі – 5 болатын санды жаз.
8. Азайтқышы – 27, ал айырмасы – 19 болатын өрнектің азайғышын тап.
9. Азайғышы – 47, ал айырмасы – 28 болатын өрнектің азайтқышын тап.
10. 600 саны 270 санынсыз неше болар еді?

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 46 санынан 18 бен 19 - дың қосындысын кеміт.
2) 53 пен 32 сандарының айырмасын 4 есе кеміт.
3) 58 бен 39 сандарының айырмасына 27 мен 16 сандарының қосындысын қос.
4) 37 мен 33 сандарының қосындысын 7 есе кеміт.
5) 85 санын 29 бен 37 сандарының қосындысына кеміт.
6) 54 пен 6 - ның бөліндісіне 8 бен 8 - дің көбейтіндісін қос.

№16 тапсырма

Өрнектің мәнін тап:
1. 6 ондықтан, 3 - і артық бірліктен құралған санды жаз.
2. Қандай саннан 8 - ді кеміткенде 25 саны шығады?
3. 2 дм 4 см - ден 7 дм - дің қаншасы артық? Сантиметрмен есепте.
4. Белгісіз сан 71 - дің 8 - ге кем санымен тең. Белгісіз сан қандай сан болуы мүмкін?
5. Ойланған санға 5 бірлік пен 5 ондық жетпейді. Ойланған санды тап.
6. 5 жүздік 5 ондықтан қаншаға көп?
7. Азайғышы – 35, ал айырмасы – 28 болған жағдайда азайтқыш нешеге тең болады?
8. Көбейтіндісі – 64, ал екінші көбейткіші – 8 болған жағдайда бірінші көбейткіш нешеге тең болады?
9. 72 санының ішінде неше 9 бар деп ойлайсың?
10. Бөлгіші – 7, бөліндісі – 6 болған кезде бөлінгіш неше болады?

Өрнекті жаз және есептеп шығар:
1) 36 мен 54 сандарының қосындысынан 9 бен 8 сандарының көбейтіндісін кеміт.
2) 36 мен 4 сандарының бөліндісіне 61 мен 46 сандарының айырмасын қос.
3) 49 бен 27 - нің айырмасын 3 есе арттыр.
4) 35 пен 45 - тің қосындысын 8 есе кеміт.
5) 72 санын 67 мен 29 - дың айырмасына кеміт.
6) 18 санын 44 пен 29 - дың қосындысына арттыр.







2 сынып логика
№1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Арман Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Арманды 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе - тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?
4. Әсет тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жегенде, онда қорап қанша болса, сонша ғана конфет қалды. Мұны көрген Дариға да екінші қораптан сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі - екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Ал әрбір екі шабақтың арасында неше аралық болуы мүмкін?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Сұңғаттың ағасы, ал Сұңғат Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?

№2 тапсырма
1. Пойыздың 10 вагоны бар. Бауыржан басынан санағанда бесінші вагонға отырды, ал Ұлан аяғынан санағанда бесінші вагонға отырды. Екеуі бір вагонда отыруы мүмкін бе?
2. Тақта шоколад 6 шаршыдан тұрады. Шоколадты жеке бөліктерге бөлу үшін неше рет сындыру керек?
3. Жарас Ақылбектің баласы, ал Ақылбек Кәрімнің баласы. Жарас Кәрімге кім болады?
4. Алмажан мен Айнұр дүкеннен киімдер сатып алды. Олардың біреуі куртка, біреуі пальто алды. Айнұр пальто алған жоқ. Алмажан не алды?
5. Данияр мен Әлішер жүгіруден жарысты. Олардың біреуі 1 минутта мәреге жетті, екіншісі 2 минутта жетті. Арман 3 минутта жетті. Бауыржан 5 минутта жетті. Бақыт 4 минутта, Әлішер 2 минутта жетті. Ал Данияр неше минутта жетті?
6. Үш қаланың әрқайсысында екі қаламен байланыс жолы салынған. Сонда барлығы неше жол бар?
7. Ұлу өзі тұрған А нүктесінен солтүстікке қарай 2 см жүрді, сосын 3 см шығысқа қарай жүрді, содан кейін оңтүстікке 2 см жүрсе, тағы 3 см батысқа жүрген. Нәтижесінде ол қай жерге келді?
8. Сәлима кешке 4 алма жеді, ал оның досы Берік таңертең 3 алма артық жеді. Балалар барлығы неше алма жеген?
9. Анасы Алмасқа алма, алмұрт, жүзімнің біреуін таңдауын сұрады. Алмас олардың ішінен екі ұқсасын алмақшы болды. Ол нені таңдап алды?
10. Бір пиаланың ішінде қоңыздар мен өрмекшілер отыр. Олардың денелерінің саны 10, аяқтар 68. Пиалада неше қоңыз бен неше өрмекші отыр? (қоңызда 6 аяқ, өрмекшіде 8 аяқ болады)

№3 тапсырма
1. Жігер Күдердің немересі. Мирас Күдердің немересі емес. Жалғас Жігердің атасы емес. Мирастың атасы кім?
2. Әлішер мен Мұхтар құшақтасты, сосын біріне - бірі бір - бірден фотосуреттерін берді. Неше фотосурет керек болды деп ойлайсың?
3. Екі бала мен бір үлкен кісіге өзеннің бір жағасынан екінші жағасына бір қайықпен жету керек. Ал қайыққа бір үлкен кісі немесе екі кішкентай бала ғана сыяды.
4. Алыпсоқ атты ит пен Марғау деген мысыққа 5 жас толды. Екі жылдан кейін олар неше жасқа толады?
5. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан:
1 4 7 10 10 7 4 1
6. Бір парақ қағазды екіге бүктеп, содан соң тағы да екіге бүктеу керек. Бүктелген жерлерді қиғанда қағаз неше бөлікке бөлінді?
7. Даниярда қанша белгі болса, тағы да сонша белгі сыйлады. Енді барлығы 10 белгі болды. Әуелде Даниярда қанша белгі болған?
8. Ұзын жіпке үш жерден аяқ жағын бос қалдырып, түйін түйілді. Сонда бұл түйіндер жіпті неше бөлікке бөліп тұр?
9. Бір қорапқа 10 қызыл моншақ, немесе 6 жасыл моншақ сияды. Қандай моншақтар кішкентай, қандай моншақтар үлкен?
10. Бақ ішінде 4 жасыл және қоңыр орындықтар тұр. Жасыл орындықтар қоңыр орындықтардан артық. Жасыл орындық нешеу, қоңыр орындық нешеу?

№4 тапсырма
1. Ғалияның сүйікті ойыншықтары – қуыршақ, доп, қонжық, ал оның ағасының сүйікті ойыншықтары – паровоз, барабан және сол аюдың қонжығы. Екеуінің барлық жақсы көретін ойыншықтарының саны нешеу?
2. Әлия 4 жаста, Данияр одан 2 жас кіші, ал Санжар мектепке барады. Балалардың ең үлкені қайсы? Ең кішісі ше?
3. Майра, Камила және Сәния үшеуі көк, сары, ақ түсті көйлектер киген. Майраның көйлегі ақ емес, Камиланың көйлегі ақ та, сары да емес. Қыздардың көйлектерінің түстері қандай?
4. Кәмпитті екіге бөлу үшін бір - ақ рет сындыру керек. Ал білезік нанды екіге бөлу үшін неше рет сындыруға болады?
5. Қайраттың екі ағасы мен бір әпкесі бар. Отбасында неше ұл мен неше қыз бар? Ал барлық баланың саны қанша?
6. Бір топ қаздар ұшып келе жатты. Оларға бір аталық қаз кездесті.
- Сәлеметсіңдер ме, он қаз!
- Жоқ, біз он емеспіз. Егер сен бізбен бірге болсаң және тағы екі қаз болса ғана он боламыз.
Қаздар әуелде қанша болған?
7. Шортан, алабұға және табан балықтарды сатып алды. Шортан табан балықтан ауыр, ал табан алабұғадан ауыр. Қай балық ең ауыр және қай балық ең жеңіл?
8. Үш ұл мен төрт қыз киноға бармақшы болды. Бірақ билет бәріне жетпеді. Дастан, Әйгерім және Даурия үйлеріне қайтты. Кино көруге неше ұл мен неше қыз қалған?
9. Сілеусіннің алдында не бар, ал жолбарыстың артында не бар?
10. Мұраттың бойы Серіктен ұзын, бірақ Абайдан қысқа. Абай ұзын ба, Серік ұзын ба?

№5 тапсырма
1. Апта күндерінің қайсысы «ма» буынымен аяқталады? Ондай күндер нешеу? Реттік санмен санағанда олар нешінші күндер?
2. Бүгін жұма, ал бүрсүгүні қандай күн болады?
3. Аптаның неше күні бірдей әріптермен басталады? Қай күндер бірдей әріптермен аяқталады?
4. Апта күндерін буындарға бөліп жаз.
5. Сенбіден кейінгі күннің басталатын әрпімен үш қыздың атын жаз. Сәрсенбінің алдындағы күннің басталатын әрпімен бес ұлдың атын жаз.
6. Анасы бір қағаз қалта айран сатып алды. Оның тең жартысын балалар бір - бір стақаннан құйып ішті. Қағаз қалтада екі стақан айран қалды. Қағаз қалтада әуелде қанша стақан айран болған? Балалардың саны қанша?
7. Секен мен Толғанай тоғыз қабатты үйде тұрады. Секен Толғанайдан жоғары тұрады. Толғанай жетінші қабатта тұрады. Сонда Секен қай қабатта тұруы мүмкін?
8. Бүгін Анар нешеде болса, үш жылдан кейін Мәдинаға да сонша жас болады. Екі қыздың қайсысы үлкен?
9. Балалар еңбек сабағында орындыққа 12 аяқ дайындады. Бұл үш орындыққа жете ме?
10. Болаттың әжесі дүкеннен 3кг алма, 6 кг картоп, 2 л сүт және 1 кг қияр мен 1 кг қант сатып алды. Болат 6 кг - нан артық көтере алмайды. Ол әжесіне көмектесу үшін қайсысын көтереді? (Жауаптары бірнеше болуы мүмкін)

№6 тапсырма
1. Алмұрттардың жартысынан компот қайнатылды. Компотқа 3 алмұрт жеткен болса, әуелде қанша алмұрт болған?
2. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұған. Барлығы қанша?
3. Вазада шие, лимон, алма және алмұрт тұрған. Олардың біреуін басқа жеміспен ауыстырғанда вазада алма, алмұрт, апельсин, лимон қалды. Қандай жемісті ауыстырды?
4. Анасы базардан қияр, қызамық және қызылша сатып алды. Қызылшалар қиярға қарағанда біреуі кем, ал қиярлар қызамықтан біреуі кем болды. Сонда қызылшалардың қызамыққа қарағанда қаншасы кем болады?
5. Себетте 5 алма жатыр. Себетте төрттен біреуі артық алма қалуы үшін неше алманы алу қажет?
6. Екі бала домбырамен, ал біреуі сыбызғымен ойнап отыр. Ұлан мен Серік әртүрлі аспаппен ойнаса және Мұрат пен Серік бірге болса, Ұлан немен ойнады?
7. Темір ұстасына 3 құлыпқа кілттер жасауға бұйрық берілген. Әр құлыпқа 3 кілттен – алтыннан, күмістен, жезден жасау керек. Сонда ұста неше кілт жасайды?
8. Қоянның үйінен құдыққа дейінгі жер 30 метр. Ол бір шелек су әкелу үшін неше метр жерді жүріп өтуі керек?
9. Сенбіден кейін үш күннен соң аптаның нешінші күні болады?
10. Қандай себептерге байланысты ақпан жылдың ең қысқа айы? Ал қандай себептерге байланысты мамыр жылдың ең қысқа айы?

№7 тапсырма
1. Таразының бір табағында қауын мен 3 кг гир жатыр, ал екінші табағында 5 кг - дық екі гир жатыр. Сонда таразының екі басы тепе - тең болып тұр. Демек қауынның салмағы қанша болғаны?
2. Түлкінің үйшігінен қасқырдың үйшігіне дейін 3 жол бар. Ал қасқырдың үйшігінен аюдың апанына дейін 2 жол бар. Түлкі аюдың апанына жету үшін неше әдіспен жетуі мүмкін?
3. 12 адам екі қайыққа сыйды. Бірақ бірінші қайықта екінші қайыққа қарағанда 2 есе көп адам бар. Әр қайықта қанша адам бар?
4. Кесе стақаннан 3 см аласа, ал стақан кофе шәйнегінен 8 см аласа. Кофе шәйнегінің биіктігі 16 см. Сонда кесенің биіктігі қанша деп ойлайсыңдар?
5. Парасаттың бірнеше иті бар. Даладан қыдырып келген соң Парасат иттерінің 12 аяқтарын жуды. Сонда парасатта неше ит болғаны?
6. Театрға әдемі киінген бес бала келе жатыр. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестірді. Енді театрға неше адам келе жатыр деп ойлайсыңдар?
7. Екі әке мен екі бала таңғы астарын ішіп отыр. Оларға 4 жұмыртқа берілді. Бәрі бір бірден жұмыртқа жегенде 1 жұмыртқа қалып қойды. Сонда бұл қалай болғаны?
8. Камиланың қуыршақтары төрттен көп және жетіден аз. Сонда Камилада қанша қуыршақ бар деп ойлайсыңдар?
9. Гимнастикадан жарыс болғанда Маржан, Самал, Нұргүл және Карина мынандай нәтижелер көрсетті: 6 ұпай, 5 ұпай, 5 ұпай, 4 ұпай. Нұргүл Самалға қарағанда көп ұпай алды. Ал Маржан Карина қанша ұпай алса, сонша алды. Сонда Самал қанша ұпай алды?
10. Жәшікте ақша бар. Осы ақшаға екі бірдей орындық немесе кресло сатып алуға болады? Кресло қымбат па, орындық қымбат па?

№8 тапсырма
1. Жасыл лента қызыл лентадан 3 метрге ұзын. Жасыл лентадан 5 м, қызыл лентадан 2 м кесіп алды. Енді екі лентаның ұзындықтары қандай болды?
2. Екі қорапшаның әрқайсысында 10 жұмыртқадан салынған. Бір қорапшадан екіншісіне 4 жұмыртқаны ауыстырғанда әр қорапшада неше жұмыртқа болады?
3. Стақанға, кесеге және құмыраға кофе, шырын және шай құйылды. Стақанда кофе емес. Кеседе шырын емес, шай емес. Құмырада шай емес. Қай ыдыста не бар екенін тап.
4. Екі бірдей пакетке қарағанда вазада 20 конфетке көп. Вазада 30 конфет бар. Ал бір пакетте қанша конфет бар болуы мүмкін?
5. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан:
1 5 9 13 17 17 13 9 5 1
6. Айғаным қанша ағаш суарса, Аслан да сонша алма ағашын суарды. Аслан тағы бір алмұрт ағашын суарған кезде екеуі бірге 9 ағашты суарған болып шықты. Демек, Аслан неше ағаш суарды екен?
7. Екі вазада бірдей конфеттер тұр. Бірінші вазадан 5 конфетті алып, екінші вазаға 5 конфет салғанда екі вазаны қосқанда 20 конфет болды. Әуелде екі вазада қанша конфеттен болған?
8. Үш баланың әрқайсысы жәшіктегі абрикостардан 4 - ден алғанда жәшікте 1 абрикос қалады. Жәшікте қанша абрикос болған?
9. Жанболат Нұрболаттан үлкен, ал Нұрболат Бекболаттан үлкен. Үйдегі ең кішісі кім?
10. Айгүлдің жасы екі жыл бұрын 5 - те болған. Қазір ол неше жаста? Ал 7 жылдан кейін неше жаста болады?

№9 тапсырма
1. Қорапта 5 ақ доп, 3 қара доп жатыр. Қорапқа қарамай ішінде бір қара доп болу үшін неше допты алып шығуға болады?
2. Ойынға үш футбол командасы қатысады. Әрбір команда қалған екі командалармен бір - бір ойыннан өткізеді. Сонда барлығы неше ойын өтуі тиіс?
3. Аулада тауықтар мен иттер жүр. Бала олардың аяқтарын санағанда 10 аяқ болды. Аулада неше тауық пен неше ит жүр. (екі нұсқа болуы мүмкін)
4. Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4 - тен артық бөрене сыймайды. Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет?
5. Үстелде 4 алма тұр. Бір алманы екіге бөлсе, үстелде неше алма бар деп саналады?
6. Нейля 28 - ді азайтудың орнына 28 - ді қосты. Қосқанда шыққан сан мен азайтқанда шығатын санның айырмасы қандай?
7. Әйгерім 2 ондық түймелер сатып алды. 3 жұп түймелерді ол көйлекке тікті. Неше түйме қалды деп ойлайсың?
8. Пакет қалтадағы қызамыққа қарағанда себеттегі қызамықтың 8 - і артық. Пакет қалтадағы қызамық пен себеттегі қызамықтың саны бірдей болуы үшін нешеуін ауыстыру қажет?
9. Мотоциклші 90 км жолды жүріп өтіп және жолдың қалған жартысын жүрген соң баратын жеріне жеткен. Мотоциклші барлығы неше км жолды жүріп өткен?
10. Лаура, Ғалия, Назгүл үшеуі әр түрлі үйде тұрады. №1 үй – биік, тастан салынған, №2 үй – биік, ағаштан салынған, №3 үй – биік емес тас үй. Ғалия мен Назгүл биік үйлерде тұрады, ал Назгүл мен Лаура тас үйде тұрады. Енді кім қайда тұратынын тап.

№10 тапсырма
1. Ақ мысық сары мысықтан ақырын мияулайды, бірақ ала мысықтан қаттырақ мияулайды. Кім бәрінен қатты мияулайды?
2. Қоймада 5 цистерна тұр. Олардың әрқайсысында 6 тоннадан бензин бар. Екі цистернаның бензинін беріп жібергенде неше цистерна қалуы мүмкін?
3. Назымның 4 қарындашы бар, ал Оспанда осынша қарындаш және тағы да сонша және тағы да соншаның жартысындай қарындаш бар. Оспанда қанша қарындаш бар екенін тап.
4. Әлішер 2 балық ұстап алғанда Мирас 1 балық ұстайды. Екеуі қосылып 12 балық ауласа, Әлішер неше балық, Мирас неше балық ұстаған?
5. Екі балада 10 алмұрт бар. Олардың біреуі бір алмұрт жеді, ал екіншісі 3 алмұрт жеді. Сонда олардың қолдарында сандары бірдей алмұрттар қалды. Әуелде екеуінде қаншадан болған?
6. Жазылу әріптерінің саны санның таңбасына сәйкес келетін бір сан жаз.
7. Ұстаханада бір айдың ішінде 40 машина жөнделіп шықты. Олар автомобильдер мен екі аяқты мотоциклдер. Жөндеуден шыққан барлық дөңгелектер саны 100. Мотоциклдер нешеу, автомобильдер нешеу?
8. Таяқшаның ұзындығы 4 см, ал қарындаштың ұзындығы 20см. Қарындашпен 6 рет өлшеген үстелді таяқшамен неше рет өлшеу керек?
9. Мына сандар қандай тәртіппен жазылған:
12 1 22 21 11 2 45 4 55 54 44 5
10. Арғын, Бақтияр, Ғасыр – үшеуі келе жатыр. Оларды бойларымен тұрғыз. Бақтияр ең ұзыны емес, бірақ ол Арғыннан ұзын. Ал Арғын Ғасырдан ұзын емес.

№11 тапсырма
1. Салтанат, Ләззат, Арайлым, Диана - төртеуі 2 ақпанда, 10 қазанда, 2 маусымда, 28 ақпанда туған. Ләззат пен Арайлым бір айда туған. Ал Салтанат пен Ләззат бір күнде, бірақ әр айда туған. Енді кім қашан туғанын тап.
2. Мәди бағдаршамды біраз уақыт бақылады. Сонда бағдаршамның қызыл шамы 6 рет жанды. Демек, осы уақытта сары шам неше рет жанады?
3. Әкесі 36 жаста, ал ұлы 6 жаста. Ұлы туғанда әкесі неше жаста болған?
4. Қоймадағы жәшіктердің кейбіреуінде 16 кг - дық шегелер, кейбіреуінде 17 кг - дық, ал қалғанында 40 кг - дық шегелер салынған. Жәшіктерді ашпай 130 кг шегені қалай беруге болады?
5. Көйлекке қарағанда жейде тігуге аз ғана мата кетеді, ал халат тігуге көйлекке қарағанда көбірек мата кетеді. Қайсысын тіккенде көп мата кетеді?
6. Бір бөлке нан мен бір қорап конфетті өлшегенге қарағанда бір бөлке нан мен бір қорап қантты өлшеу ауыр болды. Кант ауыр ма, конфет ауыр ма?
7. Саматтан «Сенің сыныбыңда неше қыз бар?» деп сұрады. Ол «қыздардың санын ең кішкентай екі таңбалы санға азайтса, шыққан нәтиже - 9 болса, оған тағы да сондай санды қосса сыныптағы қыздардың саны шығады» деп жауап берді. Сыныпта неше қыз бар деп ойлайсыңдар?
8. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болса, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды, немересі нешеге толды?
9. Таяқшаның екі шеті бар. Бір шетін кескенде таяқшаның шеті нешеу болды?
10. Бесінші қабаттан түсіп келе жатып Алина 100 баспалдақ санады. Егер ол екінші этаждан түсіп келе жатса ше, неше баспалдақ санауы мүмкін?

№12 тапсырма
1. Әбуева Гүлнар үйіне өзінің дос қызын шақырып, үйінің есігін қалай табуды үйретті. Дәлізде үш бірдей есік бар. Кенжалиндердің үйі, Ағысхандардың үйі, Әбуевтердің үйі. Гүлнардың есігі сол жақтағы емес, Ағысхандардың сол жағында да емес. Әбуева Гүлнардың үйі қай есік болуы мүмкін?
2. Геологтарға 4 иыққапқа 8 тастарды бірдей етіп екіге бөлу керек. Тастар бірдей емес, әр түрлі: 1кг, 2кг, 3 кг, 4кг, 5кг, 6кг, 7кг, 8кг тастар. Қалай бірдей бөлуге болады?
3. Сөмкеде алма, алмұрт, өріктер жатыр. Олардың бәрін санағанда 10 дана. Өріктің алмадан 7 - і артық болса, сөмкеде неше алма, неше өрік, неше алмұрт бар болады?
4. 8 қапты бір қатарға қойды. Бірінші қаптың салмағы 88 кг, қалған қаптардың салмағы 8 кг - ға кем. Барлық қаптардың салмағы қанша?
5. Егер менің алмама 3 алма қосып, 5 балаға бөліп берсе, әр бала 2 алмадан алады. Сонда менің қолымда неше алма болып еді?
6. Тереңдігі 7 метр сутоғанның түбінде 1 метр ғана су бар. Әлі қанша су керек екенін тап.
7. Көптен күткен мамыр айы да келді. Алдымен қос алма ағашы гүлдеді, сосын үш өрік ағашы гүлдеді. Барлық гүлдеген ағаштар саны қанша?
8. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы, екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар?
9. Мәди құмнан 3 илеу жасады, ал Ақерке 4 илеу жасады. Неше илеу пайда болды?
10. 4 минуттың ішінде бөренені кесті. Әр метрге 1 минут кетсе, бөрененің ұзындығы қанша метр болған?

№13 тапсырма
1. Мотоциклші 4 сағат жүрген. Бірінші сағатта ол 20 километр жол жүрді. Ал келесі әр сағатқа 10 километр артығымен жүрсе, мотоциклші барлығы неше километр жол жүрді?
2. Егер менің ақшама 160 теңгені қосса, менің ақшам ағамның ақшасымен бірдей болады. Ал ағам екеуміздің ақшамызды қосқанда 900 теңгені құрайды.
3. Жермай құйылған үш бірдей пиала 17 кг тартты. Пиалалар жермайсыз 2 кг тартады. Пиалалардағы жермайлардың барлық салмағын тап.
4. Бірінші бөшкеде 18 шелек су, ал екіншісінде 12 шелек су бар. Екеуіндегі судың мөлшері бірдей болуы үшін біріншісінен екіншісіне қанша литр су қую керек?
5. Бір ыдыста салмағы бірдей 5 алма мен 3 алмұрт бар. Екінші ыдыста 4 алма мен 4 алмұрт бар. Екі ыдыстың салмақтары бірдей. Бір алма жеңіл ме, әлде бір алмұрт жеңіл ме?
6. Бір ұл бала мен оның екі әпкесі 10 өрік алды. Әпкелері үш - үштен өрік алды, ал бала қалғанын алды. Сонда қалғаны қанша болып еді?
7. Әйнекшіде 10 әйнек болған. Ол үш терезенің әрқайсысына екі - екіден әйнек салды. Басқа терезеге 3 әйнек салды. Енді әйнекшіде неше әйнек қалды деп ойлайсыңдар?
8. Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды. Ал ол 30 теңгеден ғана жұмсады. Сонда 6 күнде Арман неше теңгені үнемдеген?
9. 17 жаңғақты екі ыдысқа бөліп салғанда бірінші ыдыста екінші ыдыстан 5 жаңғақ артық болу үшін қалай екіге бөлуге болады?
10. 2 себетке себет қанша болса, сонша қауын сыяды. Ал 8 қауынға қанша себет керек?

№14 тапсырма
1. Ағайынды екі балада 15 қарындаш болған. Олардың біреуі 3 қарындашын досына бергенде екі балада да бірдей қарындаштар қалды. Әуелде ағайындылардың әрқайсысында қанша қарындаштан болған?
2. Әкесі мен баласы 4 күнде 200 доллар ақша тапты. Әкесі күніне 30 доллар тапса, ұлы күніне қанша доллардан тапқан?
3. Оқушы 10 теңгеге бір қалам мен әрқайсысы 3 теңгеден тұратын бірнеше қарындаш сатып алды. Ол барлық алған заттарына 34 теңге төледі. Оқушы неше қарындаш сатып алды?
4. Қауынның салмағы 2 кг, бұл қарбыздың салмағына қарағанда 3 кг - ға жеңіл. Сонда 4 қарбыздың салмағы қанша болуы мүмкін?
5. Арман мен Дәурен ақшаларын қосып 8 теңге тұратын 2 батон нан алды. Егер Дәуренде 9 теңге болса, Арманда қанша ақша болды?
6. Көшенің екі жағында 100 ағаш өсіп тұр. Оң жақта 60 ағаш, ал сол жақта неше ағаш өсіп тұр? Оң жақтағы ағаштар сол жақтағы ағаштарға қарағанда қаншаға көп?
7. Серік 3 теңгеден 6 ашықхат сатып алды. Ол кассаға ақша төлегенде оған 2 теңге қайтарып берді. Саша кассаға неше теңгелік тиын берген?
8. Аллея бойына ағаштарды мынандай ретпен отырғызып жатыр: терек, қайың, тал. Оныншы ағаш болып қандай ағаш отырғызылады?
9. Қорапта 20 конфет. Онда 5 - тен кем конфет қалуы үшін нешеуін алу керек?
10. Айдында Маратқа қарағанда 4 конфеті кем. Анасы Айдынға тағы 5 конфет берді. Кімнің конфеті көп? Қаншаға көбейді?

№15 тапсырма
1. Қазір таңғы сегіз жарым. Бұл неше сағат, неше минут деген сөз?
2. Екі санның қосындысы қосылғыштардың біреуіне тең. Екінші қосылғыш қандай сан?
3. Бақтан алғашында 12 кг алмұрт әкелінді, екінші рет одан 4 кг кем әкелінген. Барлық әкелінген алмұрттарды әр пакет қалтаға 2 кг - нан салғанда неше пакет қалта қажет болды?
4. Екі сөреде барлығы 17 кг кітап бар еді. Бір сөреден 4 кітапты, ал екінші сөреден біреуін алғанда екі сөреде де бірдей кітаптар қалды. Әуелде әр сөреде қанша кітаптан болған?
5. Вазада 3 алма мен 7 мандарин жатты. Кешкі тамақта барлық алма және сонша мандарин желінді. Демек, қанша мандарин қалуы керек?
6. Дәптер қаламнан 20 теңгеге арзан. Қалам фломастерден 30 теңгеге арзан. Егер фломастер 54 теңге тұрса, дәптер мен қалам қанша тұрады?
7. Мысықтың 6 мысықайлары бар. Олардың жартысынан көбі шикіл сары, қалғандарының түсі ақ. Сонда шикіл сары мысықайлар нешеу, ақ мысықайлар нешеу?
8. Айдос 10 есепті шығарды. Соның ішінде 3 есеп қате болды. Ал неше есеп дұрыс болды?
9. 5 кеудеше мен 8 белдемшеден бірнеше костюм құрастыру керек болды. 1 кеудеше ешбір белдемшеге өлшемі келмеді. Сонда неше костюм шықты?
10. Егер Саянның жасын 3 есе үлкейтсе, сосын 16 - ға азайтса, оның жасы 17 - де болады. Демек, Саян қазір нешеде?

№16 тапсырма
1. Сағат 2 минутқа алда, қазір ол таңғы сағат 1000 - ды көрсетіп тұр. Шын мәнінде сағат неше?
2. Әлияның 8 ойыншығы бар. Олардың ішінде алтауы қуыршақтар, қалғандары қояндар мен қонжықтар. Әлияда неше қоян мен неше қонжық бар екенін тап.
3. Екі санның айырмасы азайғышқа тең. Ал азайтқыш нешеге тең?
4. Себеттегі алмалардың 20 - сын алып, қайтадан 5 алма салсақ, себеттегі алмалар саны қалай өзгереді?
5. Үлкен адамның бойы 1680 милиметр бола ма? Жауабын тап.
6. Мараттың айтуынша оның жасы 10 - нан көп емес, және 10 - нан аз емес. Мараттың жасы нешеде?
7. Саябақта 5 ана балаларымен қыдырып жүр. Олардың үшеуінде бір - бір баладан, ал қалғандарында екі - екіден бала бар. Саябақтағы балалардың саны қанша?
8. Егер Дастан бір шоколад сатып алса, оның қалтасында 1 теңге қалады. Ал, екі шоколад алуға оның 3 теңгесі жетпейді. Сонда шоколад қанша тұрады?
9. Автобуста 28 жолаушы келе жатыр. Әр аялдамада 4 адам шығып, 6 адам кірсе, үш аялдамадан соң автобуста неше адам болады?
10. Қасқыр, түлкі және аю үш үйде тұрыпты. Біріншісі – үлкен терезесі бар ақ үйде тұрады, екіншісі – үлкен терезесі бар сұр үйде тұрады, ал үшіншісі – кішкентай терезесі бар сұр үйде тұрады. Қасқыр мен түлкі үлкен терезесі бар үйде тұрады, ал қасқыр мен аю сұр үйде тұрады. Кім қандай үйде тұратынын тап

4 сынып логика

1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, менде 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелерден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы сан қосса, 680 тенге болар еді. әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6 - ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?

№2 тапсырма

1. Дүкендегі жүзімдер 2 кг - нан 40 пакет қалтаға салынған. 15 пакет қалта сатылған болса, дүкенде неше кг және неше пакет жүзім қалған?
2. 6 тәрелкеге бауырсақтар салынды. Біріншісіне 1 бауырсақ, екіншісіне 2 бауырсақ, солай әрбір келесіге бір - бірден артық салынды. Бауырсақтарды тәрелкелерден алмай үш жаққа бірдей етіп қалай бөлуге болады?
3. Егер әр қайыққа 3 адамнан алса, жағада 6 адам қалады. Ал егер 4 адамнан алса, жағада 3 адам қалады. Сонда қайық нешеу, адам саны нешеу?
4. 95 шелек сыятын суқоймаға 2 құбырмен су құйылады. Бір құбырдан минутына 12 шелек, ал екіншісінен минутына 7 шелек су ағады. Егер екі құбырды да қосып қойса, суқойма неше минутта толар еді?
5. Саудагер 7600 теңгеге 38 метр мата сатып алды. Тез арада ол алған матасының екіден бір бөлігін 5700 теңгеге сатты. Саудагер 1 метр матадан қанша пайда түсірді?
6. Баспадан кітап басылып шықты. Әрбір бетте 32 жол болса, 90 беттік кітаптың неше жолы бар?
7. Бала кітап оқып отыр. Дүйсенбі күні 15 бет оқыған бала сейсенбі күні екі есе көп оқыды. Осыдан соң кітаптың әлі оқылмаған төрттен бір бөлігі қалды. Бұл кітапта неше бет бар екенін тап.
8. Әжесі қалтаға салуға маржандар сатып алды. 6 маржанның 7 тасы бар, 4 маржанның 12 тасы бар, 1 маржанның 10 тасы бар. Бірде бір маржанды үзбей осыларды тең етіп екіге қалай бөлуге болады.

№3 тапсырма

1. Мектептегі викторина кешінде оқушыларға 30 сұрақ берілді. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 7 ұпайдан берілді. 77 ұпай жинаған оқушы неше сұраққа жауап берді, нешеуіне жауап бере алмады?
2. Ағасы мен қарындасы аманатқа 90 000 теңге алған. Егер қарындасы өз аманатынан 10 000 теңгесін ағасына берген болса, ағасы қарындасынан екі есе бай болады. Аманат екеуіне қалай бөлініп беріліп еді?
3. Бірінші вазада 9 қияр, екінші вазада біріншісінен 2 қияр артық, үшінші вазада бірінші мен екінші вазаны қосқаннан 4 есе кем. Егер барлық қиярдың саны 32 болса, төртінші вазада және әр вазада неше қиярдан болған?
4. Мәрден балық аулауға барды. Ол өзенге дейін жаяу барды да, келерінде велосипедпен келді. Барлық жолға 40 минут кетті. Келесі күні ол өзенге барғанда да, келгенде де велосипедпен жүріп жолға 20 минут қана кетірді. Сонда жаяу жүрген жолға неше минут кетуі мүмкін?
5. Саудагер жәрмеңкеде сиырдың бағасы иттен төрт есе қымбат, жылқыдан төрт есе арзан тұратынын білді. Ол жәрмеңкеге 200 000 теңге алып барды. Осы ақшаның бәріне 1 ит, 2 сиыр және 1 ат сатып алды. Қайсысы қанша тұрады?
6. Мына санды 6 - ға бөлгенде 14 шығады, 4 - ке бөлгенде 21 шығады, 2 - ге бөлгенде 42 шығады. Ол қандай сан?
7. Шұжықтың жартысының бағасы оның жартысының жартысынан қымбат па, арзан ба?
8. Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе?

№4 тапсырма

1. Әлиасқар бір санды 127 - ге бөлді, ал Нұржан 72 - ге бөлді. Нұржанның жауабы 508 шықты, ал Әлиасқардың жауабы қанша?
2. Тоғыз адам тоғыз минутта тоғыз балмұздақ жеді. Он адам он минутта неше балмұздақ жеуі мүмкін? Ал сегіз адам сегіз балмұздақты неше минутта жейді?
3. Имаштың бойы 98 см. Бір жылдың ішінде ол шамамен 4 см - ге өседі. Ал оның інісі Азамат 3 см - ге ғана өседі. Екеуінің бойының өсуін қосқанда 42 см болса, олардың әрқайсысының бойлары қанша болады?
4. Зообақта 9 тордың ішіне 45 қоянды отырғызу керек. Торлардың ішіндегі қояндар саны әр түрлі болуы тиіс.
5. Он күшік пен мысыққа 56 котлет берілді. Әр мысыққа 5 котлеттен, әр күшікке 6 котлеттен келді. Неше мысық пен неше күшік тамақ жегенін тап.
6. Игілік өзінің інісі Ақаннан 4 жас үлкен, ал әпкесі Мерейден 5 жасқа кіші. Үшеуінің жасын қосқанда 31 болса, Игілік неше жаста деп ойлайсыңдар?
7. Баланың жинаған коллекциясында 8 қоңыз бен өрмекші бар. Коллекциядағы барлық жәндіктің аяқтарының саны 54. Қоңыздың 6 аяғы, өрмекшінің 8 аяғы бар десек, коллекцияда неше қоңыз бен неше өрмекші бар?
8. Отбасында 3 бала бар: Дәурен, Әсет және Сұлу. Дәурен Сұлудан екі есе үлкен, ал Әсет Сұлудан 6 жас үлкен. Үшеуінің жасын қоссақ 22 болады. Балалардың жасы нешеде?
9. Сарымсақ пен пияздың салмағы 180 г. 1 сарымсақ пен 4 пияз 300г. Сонда бір пияз бен бір сарымсақтың салмағы қанша?

№5 тапсырма

1. Асханада таңертеңгі асқа бірнеше кг нан берілді, түскі тамаққа одан 7 есе көп, ал кешкі асқа түскіден 69 кг кем берілді. Яғни, кешкі асқа 22 кг берілген болса, таңертеңгі асқа қанша нан берілген?
2. Ерте өткен заманда бір хан «Кімде кім 840 метр жүгіріп озып келсе, хандығымның жартысын және сұлу қызымды беремін» деп жар салыпты. Сонда тазша бала атына мініп жарысқа қатысып, 1 минутта 210 метр жүгіріпті. Ал 840 метрді жүгіріп өту үшін неше минут керек еді?
3. Дәптердің тысы 4 теңге тұрады, ал дәптер 16 теңге тұрады. Меңтай 56 теңгеге дәптерлер мен одан үш есе көп дәптердің тыстарын сатып алды. Дәптер нешеу және дәптердің тысы нешеу екенін тап.
4. Алдар көсе байдың қызына үйленбекші болыпты, ал қыз оған мынандай жұмбақ айтыпты: «Бөшкеге суды толтырғанда 3170 кг болды, ал судың жартысы 1870 кг болады. Сонда бөшкенің өз салмағы қанша?» Алдар көсеге есеп шығаруға көмектесейік.
5. Екі үлкен ыдыста бал бар еді. Біреуінде 20 кг болған, аю оның 2 кг алды. Енді екінші ыдысқа қарағанда мұнда 4 кг кем бал қалды. Екі ыдыстағы балдың салмағы қанша?
6. Жеті рет кір жуғаннан кейін сабынның көлемі ұзындығы жағынан да, ені жағынан да, қалыңдығы жағынан да екі есе кішірейді. Қалған сабын неше рет кір жууға жетеді деп ойлайсыңдар?
7. Бір түлкі ауылға кіріп әтеш ұрлап қашыпты. Қуғыншыдан қатты қорыққан түлкі сағатына 18 км жолды жүгіріпті. Ал ит түлкінің соңына 2 сағаттан кейін түседі. Түлкіні қуып жету үшін сағатына 24 км жүгіру қажет болса, ит оны неше сағаттан кейін қуып жетеді?

№6 тапсырма

1. 37 л су екі шелекке құйылған. Біраздан соң бір шелектен 2 л суды, екінші шелектен 5 л суды құйып алып кетті. Енді екі шелектегі су бірдей болды. Әуелде олар неше литрден болып еді?
2. Қосаяқ минутына 70 рет секіріп, әр секірістің жылдамдығы 10 м/сек болған. Ал қосаяқты қуып келе жатқан адам 10 м/сек жылдамдықпен жүгірсе, ол қосаяқты қуып жете ме, әлде қуып жете алмай ма?
3. Үй иесі көкөніс алуға базарға келді. Ол ақшасының 5/8 бөлігіне орамжапырақ алды, 1/8 бөлігіне сарымсақ алды, ал қалған 20 теңгесіне сәбіз алды. Үй иесінің барлық ақшасы қанша болған?
4. Досан Асаннан үш күнге кітап сұрап алды. Бірінші күні ол кітаптың жартысын оқыды. Екінші күні қалған жартысының үшінші бөлігін оқыды. Үшінші күні алғашқы екі күнде оқығанының жартысын оқыды. Сонда Досан үш күнде кітапты оқып үлгерді ме?
5. Пенал мен бір қорап фломастер 520 теңге тұрады. Фломастерлер пеналға қарағанда 100 теңгеге арзан. Пенал мен фломастерлердің бағасын тап.
6. Мәдина Асқардан «Сенің жасың нешеде?» деп сұрады. Асқар: «Егер менің жасымды 3 есе көбейтіп, сосын 16 - ға азайтсаң, менің жасым 17 - де болар еді», - деп жауап берді. Демек Асқардың жасы қаншада екен?
7. 4 қой қойлардың алдында келе жатыр, 4 қой артында келе жатыр, 1 қой ортасында келе жатыр. Барлық қойдың саны қанша?
8. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда бірінші қапта қанша, екінші қапта қанша килограмм картоп бар болуы тиіс?

№7 тапсырма

1. Бір сапфир мен екі асылтас зүбаржатқа қарағанда 3 есе бағалы. Ал жеті сапфир мен бір асылтас 8 есе бағалы. Сапфир бағалы ма, әлде асылтас бағалы ма соны тауып, есеп құрастырыңдар.
2. Тас жолдың бойындағы көрсеткіш тақта екі ауылға - Балталы мен Бағаналы ауылдарына баратын жолдың қашықтықтарын көрсетіп тұр. Бір жолаушы дұрыстап қарап екі жақтағы сандардың бірдей 13 екенін байқады. Енді Балталы ауылы мен Бағаналы ауылының арақашықтығы қанша екенін тап.
3. Қыздар үш - қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр. Қыздардың есімдері мынандай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұр?
4. Екі таңбалы сандардың айырмасы екі ондыққа тең. Ал азайғыш сан айырмадан 4 есе үлкен. Ол қандай сан екенін табыңдар.
5. Үш дос жүгіруден жарысты. Біріншісі 15 сек. келсе, екіншісі 20 сек. келді, ал үшіншісі 13 сек. жүгірді. Темірлан Асанәліден тез келді, ал Асанәлі Рүстемнен бірінші келді. Кім неше секунд жүгіргенін тап.
6. Малшы үш түрлі мал бағып жүр: қой, сиыр және жылқы. Барлық малдардың саны 3936. Осы санның 123 бөлігі сиырлар, ал жылқылар сиырлардан 54 есе көп. Сонда малшының алдында неше қой бар?
7. Мына сандар қатары қандай тәртіппен орналасқан: 4 8 32 256 8192

№8 тапсырма

1. Сүт екі шелекке бөліп құйылған. Бірінші шелектегі сүт екінші шелекке қарағанда екі есе көп. Енді екі шелектен де 10 литрден сүт құйып алғанда, бірінші шелекте екіншіге қарағанда 3 есе көп сүт қалды. Әуелде әр шелекте неше литр сүт болған?
2. Ермек 4 кітап сатып алды. Бірінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 420 теңге тұрады, екінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 400 теңге тұрады, үшінші кітапты санамасы 380 теңге, төртіншіні санамаса 360 теңге тұрады. Енді әр кітаптың бағасын табыңдар.
3. Құмырсқа көрші илеуге барғанда жаяу барған, қайтарында көбелек құртына мініп келген. Жолдың бірінші жартысын көбелек құртына мініп өте ақырын жүрген. Бұл жаяу жүргенге қарағанда екі есе ақырын еді. Ал екінші жартысын ол шегірткеге мініп келді. Бұл жолы ол жаяу жүргеннен 5 есе жылдам жүрді. Құмырсқа қонаққа бара жатқанда аз уақыт кетті ме, келе жатқанда аз уақыт кетті ме?
4. Абаттандыру кезінде әр үйге 9 көшет отырғызса, онда 100 көшет жетпейді. Егер әр үйдің қасына 5 көшеттен отырғызса, онда 20 көшет тал артық қалып қояды. Демек, үй нешеу, көшет нешеу болғаны?
5. Дүкенде 1 қап қант (салмағы 50 кг) 2600 теңге тұрады, ал базарда (салмағы 45 кг) 2520 теңге тұрады. Қантты қай жерден сатып алған ыңғайлы?
6. Ұлу биіктігі 10 метр бағанаға шықпақшы болды. Күндіз ол 4 метр өрмелейді, ал түнде 3 метр төмен сырғанайды. Сөйтіп ұлу бағананың төбесіне неше күнде жетеді екен?
7. Үлескелік жердің ені 25м, ал ұзындығы 15 метрге көп. Егер осы жердің енін 7 метрге ұлғайтса, ұзындығын 5 метрге кішірейтсе жер көлемі қалай өзгерер еді?

№9 тапсырма

1. Бір ұзақ өмір сүрген қария мен оның шөбересінің жастарын қосқанда 117 жыл екен. Шөбересінің туғанына неше ай болса, қарияның жасы сонша жыл. Сонымен қарияның жасы нешеде, шөбересінің жасы нешеде екенін тап.
2. Ағасы қарындасына 5 дәптер бергенде екеуінде де 12 дәптерден болды. Әуелде екеуінің дәптерлері қанша болған?
3. Бір мая шөпті ат 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Ал үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді?
4. Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар?
5. Екі санның қосындысы 462. Бір қосылғыш нөлмен аяқталады. Егер нөлді алып тастаса екінші қосылғыш шығады. Бұл қандай сандар?
6. Ұзындығы 156 см лентаны 3 - ке бөлгенде бірінші бөлік екінші бөліктен 18 см ұзын, ал екінші бөлік үшінші бөліктен 15 см қысқа. Енді әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
7. Райымбек екі таңбалы сан ойлады. Сол санды қосындының мәніне бөлгенде бөлгішке тең сан шықты. Ойлаған сан неше?
8. Екі санның қосындысы 111 - ге тең. Екі қосылғыштың біреуі екіншісінен 2 есе көп. Ол қандай сан?
9. Саят кітаптың 24 бетін оқығанда Торғын кітап оқуды жаңа бастады. Торғын бір күнде 18 бет оқи алады, ал Саят 12 бет оқи алады. Бес күннен кейін Торғын Саятты қуып жете ме?
10. Марат пен Мұраттың жасын қосқанда 14 жас, Мұрат пен Медеттікі 20 жас, Марат пен Медетке 16 жас. Әркімнің жасын тап. Бәрінің жасын қосқанда неше?

3 сынып логика
№1 тапсырма

1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17 - сі ағылшын тілін кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне - 4, екіншісіне - 5, үшіншісіне - 2, ал төртіншісіне - 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен - үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра, және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?

№2 тапсырма

1. Арман мен Темірханда 15 марка бар. Арман Темірханға 3 марканы сыйға берді, сонда оларда неше марка қалды?
2. Ғани атты темір шебері су құбырын жөндеуге асығып, баспалдақпен жоғары жүгірді. Екі баспалдақтан аттап келе жатып, ол бір, екі, үш, төрт деп санап келе жатты. Ол «бес» деп айтайын дегенде тек бір ғана баспалдақ қалыпты. Сонда барлығы қанша баспалдақ бар екен?
3. Себет пен пакетте 6 апельсин болды. 1 апельсинді себеттен пакетке салды. Себеттегі апельсин пакеттегі апельсиннен қанша есеге кеміді?
4. Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста: ҚРАЫБЗ, АУЫҚН, МААЛ, ЛАМАҚ, МҰТРЛА.
5. Бір қария 34 балмұздақ алған. Ол өзінде 4 балмұздақ қалдырып, әр біреуіне 6 балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді. Қарияда қанша немере бар?
6. Үстелге 3 ваза қойды: қызыл, көк және жасыл. Бұл вазаларға 6 алмұртты салу керек. Әр вазада кем дегенде 1 алмұрт болу керек. Қанша амал бар?
7. 114 табақша қанша тартса, екі кесе мен бір құмыра да сонша тартады. Бір құмыра кесе мен табақшаның салмағымен бірдей. Сонда неше табақшаның салмағы бір құмыраға тең келеді?
8. Артық санда табыңыз: 30, 28, 24, 21, 18, 15.
9. Мамасы қызынан 12 см - ге ұзын, ал ұлынан 8 см - ге қысқа. Сонда кімнің бойы қысқа, ағасының ба, әлде әпкесінің бе, және аралары қанша сантиметр?
10. Өзеннің жағасында 4 қозы оттап жүр. Ақ қозылары қарасынан үшеуі көп. Қанша қара қозы, және қанша ақ қозы бар екен?

№3 тапсырма

1. Назгүл мен Бақыт апалы - сіңлілі қыздар. Бақыт өзінде 2 ағасы барын айтты. Назгүл де өзінде 2 ағасы барын айтты. Сонда Бақыт пен Назгүлдің жанұясында қанша адам бар?
2. Шәйнектен гөрі құмырада су үш есе көп. Ал шәйнектегі судың көлемі құмыраға қарағанда 12 стақаны кем. Құмырада неше стақан су бар?
3. Фермада балапандар мен көжектер өсіріледі. Барлығын қосқанда 15, ал олардың аяқтарының саны 36. Фермада неше балапан мен неше көжек бар екенін тап.
4. Абай 11 жаста, ал ағасы Адай одан 4 жасқа үлкен. Екеуі де спорт мектебінде бес жылдан бері жаттығып жүр. Абай мен Адайдың спорт мектебіне ең алғаш барғандағы жасын тап.
5. Балалар екі шелек және жарты шелек жаңғақ жинады. Балалардың саны бесеу болса, осы жинаған жаңғақты бірдей етіп қалай бөлуге болады?
6. Бөрененің ұзындығы 5 метр. 1 минутта бөрененің 1 метрі кесілсе, бөренені кесіп бітіруге неше минут керек?
7. Шешесі 41 - ге толғанда, қызы 11 - ге толады. Ал қазір шешесі 33 жаста. Сонда қызы нешеде?
8. Артық санды тап: 4 8 12 16 20 24 28 29 32 36
9. Майгүл Сырғадан ек есе ақылды, ал Сырға Күләштан үш есе ақылды. Күләш Майгүлден неше есе ақылсыз болғаны?
10. Отбасында 4 бала – Тілектес, Үміт, Саягүл, Ләйлә бар. Олардың жастары 5, 8, 13, 15 - те. Олардың ең кішкентайы балабақшаға барады, ал қалғандары мектепте. Тілектес Үміттен үлкен, ал Тілектес пен Саягүлдің жасын бір - біріне қосып, 3 - ке бөлуге бола ма?

№4 тапсырма

1. Мысықтың аяғында 5 тырнақ болады, ал балапанда 4 тырнақ. Фермада 10 мысық пен балапандар бар. Бәрінің тырнақтарын қосқанда – 104. Фермада неше балапан бар?
2. Оқушылар мұражайға бару үшін олар үш - үштен сапқа тұрды. Айғаным, Дүйсен, Айқын – үшеуі өздерінің алдыңғы жақтан санағанда 7 - ші, арттан санағанда 5 - ші қатарда тұрғандарын байқады. Мұражайға неше бала барған?
3. Мерекенің бірнеше солдат ойыншықтары бар. Ал Сапардың ойыншықтары одан екі есе көп. Екеуінің солдаттарын қосқанда 9 болып шықты. Олардың әрқайсысында қанша ойыншық бар екенін табыңдар.
4. Мақсаттың әкесі 35 жаста. Мақсат әкесінен 7 есе кіші, ал әпкесінен 2 есе кіші. Сонда Мақсат пен оның әпкесі нешеде болуы мүмкін?
5. Сатушы базарда «Егер менің алмаларыма солардың жарты - сын және тағы 10 алма қосса, онда менде 100 алма болар еді» деп ойланып отыр. Сонда сатушының алмасы қанша?
6. Дүкенші өзінің алғашқы тұтынушысына алмұрттарының жартысын және тағы 5 алмұрт сатты. Ал екінші тұтынушыға сатылғанның жартысы мен 5 алмұртты сатты. Дүкеншіде қанша алмұрт қалды?
7. Алмас пен Камила машинамен ауылға барды. Машинаның әрбір дөңгелегі 50 км - ден жол жүрді десек, олар барлығы неше км жолды жүріп өтті деп ойлайсыңдар?
8. Жайын балықтың жарты етінің салмағы оның төрттен бір бөлігінен 1 кг - ға көп. Жайын балықтың салмағы қанша?
9. Сайрауық сиырқұйрық құс ұясынан 4 метр алысқа ұшып шықты. Сосын қарама - қарсы бағытқа қарай 6 метр ұшты. Енді ол ұясынан неше метр алыста деп ойлайсыңдар?
10. Бозторғайлар 9 болса, сарышымшықтардың олардан 3 - і артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті?

№5 тапсырма

1. Жарасқа таңертең сағат 9 - да тұру керек. Сондықтан ол кешкі 6 - да сағаттың қоңырауын қосты да, ұйықтап қалды. Қоңырау неше сағат өткен соң шырылдайды?
2. 1 тышқан мен 2 бала бақаның салмағы бірдей, ал 1 бақа мен 2 бала тышқанның салмағы бірдей. Бақа ауыр ма, тышқан ауыр ма?
3. Золушкаға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп сал, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Золушка бұршақтарды қалай бөледі деп ойлайсыңдар?
4. Дымбілмес бір кафеге кіріп балмұздақ алмақшы болды. Жаймадағы бағада: «Балмұздақ пен самса 7 теңге тұрады, ал 5 балмұздақ пен 2 самса 23 теңге тұрады» деп жазылған. Дымбілмес 1 балмұздақ неше теңге тұратынын есептеп шығара алмай жатыр, көмектесеміз бе? 
5. Шынар 18 тұшпараны ағасы Еркін мен оның екі досына тең бөліп салып берді. Әр адамға неше тұшпарадан келеді?
6. Үш дос шахмат ойнап отыр. Олардың әрқайсысы 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналған?
7. Тортты 12 бөлікке бөлген, бірақ біраз торт желінген соң қалғаны әуелгіден 6 есе аз болған. Сонда торттың нешеуі желініп, нешеуі қалды?
8. 18 метрлік бауды 3 бөлікке бөлу үшін неше рет кесуге болады?
9. Сыныпта 13 оқушы бар. Олардың барлық тістерінің саны 416. Яғни әр оқушыда неше тіс бар?
10. Екі тарелкеде 9 алма тұр. Бір тарелкеден 1 алманы алып тастағанда бұл тарелкеде екінші тарелкеге қарағанда 3 есе артық алма қалды. Әуелде әр тарелкеде қанша алмадан болған?

№6 тапсырма

1. Үйеңкі мен қайың ағашында 26 құс қонып отыр. Қайыңнан 6 құс ұшып кетті, ал 4 құс үйеңкіден қайыңға келіп қонды. Осыдан соң екі ағашта да құстар саны бірдей болды. Ең басында қай ағашта қанша құс отырды, соны табыңдар.
2. Бір оқу аптасында Имаш 28 сағат 20 минут уақытын мектепте өткізеді. Аптадағы оқу күндері алтау десек, Имаш күніне неше сағат мектепте болады?
3. Әкесі бақтан 25 алма, алмұрт және өріктерді жинап әкелді. Алма мен алмұрт 15, ал алмұрт пен өрік 16. Қайсысы қанша?
4. Шешесі ұлынан 3 есе үлкен. 15 жылдан кейін ұлынан 2 есе үлкен болады. Шешесінің жасын тап.
5. 13 жылдан кейін әкесі ұлынан 3 есе үлкен болады. Қазір ұлы 7 - де болса, әкесі нешеде?
6. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Ол 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өмірін өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді. Неше ай, неше жыл екенін тап.
7. Тор ішінде 10 бас қырғауыл мен көжектер отыр. Олардың барлық аяқтарының саны 28. Қырғауыл 6 болса, көжектер нешеу?
8. Айбек пен Торғын әрқайсысы 10 жаңғақтан теріп жеді. Айбек Торғынға өзінің жаңғақтарынан 4 - ін берді. Торғынның жаңғақтары қанша болды?
9. Спорт залында арқан ілулі тұр. Бала сол арқанмен 3 м. биіктікке көтерілді. Бұл арқанның төрттен бір бөлігі деген сөз. Сонда арқанның ұзындығы неше метр болғаны?
10. Аспаз самауыр сатып алып қонақ шақырыпты. Ол шай ішуге 60 қалаш (бұрама нан) пісіріпті. Қонақтардың әрқайсысына 1 қалаш және жарты қалаштан келген, ал 3 қалаш артық қалған. Сонда қонақтардың саны қанша?

№7 тапсырма

1. Үш семіз арықтағандарын тексеру үшін өлшенуге келген екен. Олардың үшеуінің салмақтарын қосқанда 750 кг болыпты. Бірінші мен екіншісінікі – 450 кг, ал екінші мен үшіншісінікі – 550 кг. Кімнің салмағы қанша болған?
2. Егер бөшкені құммен толтырса, ол 89 кг болады. Ал сол бөшкеге су құйса құмнан 4 есе жеңіл болады. Бөшкенің өз салмағы 5 кг. Сонда су неше кг болуы мүмкін?
3. Жазушы кітап жазып баспаханаға әкелді. Артынан ол тағы 80 бет қосты да, 120 бетті алып тастады. Ақырында кітаптың 340 беті қалды. Әуелде кітапта неше бет болды?
4. Еріктің шелегінде алабұға, теңгебалық, таутан – барлығы 14 балық жатыр. Теңгебалықтан таутанның 10 - ы артық. Шелектегі балықтардың әрқайсысы қаншадан?
5. Бірнеше машинаға тең етіп 18 тонна темірді артты. Бір машина үлкен болғандықтан, оған 2 тонна артық артылды. Осыдан соң бұл машинада 5 тонна темір болды. Барлық машиналар саны қанша?
6. 5 сәбіз бен 3 қияр 84 теңге тұрады. Ал 3 қияр мен 2 сәбіз 39 теңге тұрады. Демек, бір қияр мен бір сәбіз қанша тұрады деп ойлайсыңдар?
7. Бір сазбалшықта Бақылдауық бақа мен мамасы тұрыпты. Бақылдауық бақа түскі тамаққа 16 шыбын жеді, ал шешесі 7 - і кем шыбын жеді. Кешкі тамаққа Бақылдауық бақа 15 шыбын, шешесі одан 5 - і кем шыбын жеді. Бір күнде барлығы неше шыбын қажет болғанын тап.
8. Сыныпта 36 оқушы бар. Әрбір 4 қызға 5 ұлдан келеді. Сонда неше қыз бен неше ұл бар?


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-273941

Похожие материалы